Қазақ тілі | Қазақ тіліндегі сын есім компонентті фразеологизмдер
Мазмұны
Кіріспе
1 Фразеологизмдердің зерттелуі
1.1 Сын есімдердің зерттелуі
1.2 Фразеологизмдердің сөз табына қатысы
1.3 Фразеологиялық тіркестердің мағына белгісі
1.4 Есімді фразеологиялық тіркестердің күрделі сөздерден айырмашылықтары
2 Сын есім канпонентті фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтары
Сын есім кампонентті фразеологизмдеді мағыналық топқа жіктеу
Сапалық сын есім кампонентті фразеологизмдер түр – түсті білдіретін фразеологизмдер
Сапалық мағынаны білдіретін фразеологизмдер
Көлемі мен аумағын білдіретін фразеологизмдер
Дәмі мен исін білдіретін фразеологизмдер
Қатыстық сын есім кампонентті фразеологизмдер
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тіл мен халық – біртұтас. Тіліне қарай ұлтын тану – ежелгі дағды. Ұлттық ерекшеліктің бастысы да тіл. Халқымыздың ұлттық санасын, сапалық белгілерін айқындай түсетін неше алуан әдет – ғұрып, салт – сана, мінез – құлық, қасиет – қалыбы тілдік танымында тікелей көрініс тапқан. Өмірдің барлық саласын қамтитын ішкі мазмұн бай мағынамен көзге түсетін, тілімзге бейнеліде мәнерлі рең үстейтін, күрделі құрылым – құрылысы бар фрозеологизімдер – ана тіліміздің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін тұлғалар. Олар тіл элементтері ілімде өзінің ұлттық нақышы мен көзге түседі.
Фрозеологизмдер сөйлеу тілінде де, жазу тілінде де көп қолданылатын құбылыс материалы. Фрозеологиялық тіркестер қай – қайсысын болмасын бәрі де алғаш халықтың сөйлеу тілі негізінде қолданылған. Сондықтан олар өмірдің барлық саласын қамтып, ішкі мазмұны жағынан өте бай болады.
Зеріттеудің өзектілігі. Қазақ халқының даналығын, дүниетаным - көзқарасын тілінде түйіндеген сыйғыза білген, сөзді үнеммен дәл де нақты қолдануды дағды еткен. Осы орайда өзінің оброздылығымен, эксперментті – эмоционалды баянаду мен көзге түсетін фрозеологизмдерді қолданып ұрпақтан – ұрпаққа мұра еткен. Тіл – ғасырлар жемісі, халық мұрасы, ұлттық құбылыс халық тілінің басқа эксперменттерімен байланысты біте қайнасып келе жатқан фрозеологизмдерді оқып, танымайынша тіл байлығын, тіл ерекшелігін толық түсіну мүмкін емес.
Қазақ тілінде есім мағыналы прозеологизмдер, оның ішінде сын есім компонентті фрозеологизмдер тілімізде түрлі мақсатта қолданылады, бірақ олар өз алдына зерттіеу нысаны болған емес. Сын есім компонентті фрозеологизмдердің морфологиялық құрлысын, синтаксистік қызыметін, семантикалық категориясын анықтап, мағыналық жағынан топтастыру, яғни олардың табиғатын ашу бүгінгі күн талабы болып отыр. Жұмысымыздың өзекті мәселесі осыдан келіп шығады.
Зерттеудің нысаны – қазақ тіліндегі сын есім конпонентті фрозелогизмдер, олардың семантикасын, мағыналық тақырыптық топтарын.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Сын есім компонентті прозеологизмдердің грамматикалық, лексикасемантикалық сипатын ашу мақсатында зерттеу жұмысы алдына төмендегідей міндеттер қояды:
Фрозеологизмдерді мағына белгісі жағынан талдау;
Есімді фрозеологизмдерді күрделі сөздерден айыру мәселесін саралау;
Сын есім компонентті фрозеологизмдерді лексикасемантикалық топтарға жіктеу, әр мағыналық топқа сипаттама беру.
Зерттеу материялдары. І. Кеңесбаевтің «Қазақ тілінің фрозеологиялық сөздігінен» (1977), он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен» (1974-1986), сондай – ақ көркем әдебиет пен халық ауыз әдебиеті туындыларынан, баспа сөз материялдарынан жиналды.
Зерттеудің жаңалығы қазақ тіліндегі сын есіим компонентті фрозеологизмдердің жеке зерттеу нысаны болуымен байланысты:
Компонет құрамына талданды
Көп мағыналылық, синоним, антоним категориялары ажыратылды
Мағыналық – тақырыптық тұрғыдан топтастырылды
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
Қазақ тіліндегі сын есім компонетті фрозеологизмдерді теориялық тұрғыдан қарастырудың нәтижелері тіліміздегі фрозеологизмдерді сөз тобына қатысты жіктеп, олардың семантикалық категорияларын, мағыналық топтарын ажыратып, саралауға септігін тигізеді.
Зерттеу нәтижелерін қазақ тіл білімінің лексикология және фрозеология, грамматика салалры бойынша жүргізілетін практикалық сабақтарда пайдалануға болады.
Зерттудің әдістері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат – міндеттерді шешу үшін мынандай әдістер басшылыққа аланжды яғни жұмыста сипаттамалы әдіс, семантикалық – структуралық әдіс пайдаланылды. Бұл әдіс бойынша сын есім компонентті фрозеологизмдер мағыналық топтарға ажырытылды.
Зарттеудің методологиялық және теориялық негізі. Қазақ тіл білімінің К. Аханов, С. Аманжолов, Х. Қожахметова, І. Кеңесбаев, С. Сәтеннова, Ә. Болғанбаев, Б. Қалиев, Г. Смағұлова сынды ғалымдарының ғылыми еңбектері мен тұжырымдары басшылыққа ашылды.
Зерттеудің құрылысы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Сілтеме көрсетілген, пайдаланылған әдебиеттер мен мысалдар алынған көркем шығармалар тізімі берілген.
1. Фразеологизмдердің зерттелуі
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді арнайы теориялық тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың ортасынан баталып, бүгінгі күнге дейін зерттеушілер назарына ілігіп, зерттеу обьектісіне айналып, әлі толастамай келеді. Осы уақыттағы зерттеулерді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болды:
- ХХ ғасырдың ортасы мен 60 жылдар арасы – қазақ фразеологиясын теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
- 60 – 70 жылдар – қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еңбектеріндегі фразеологизмдер жайы.
- ХХ ғасырдың соңғы он жылы – фразеологизмдерді, этнолингвистикалық, этномәдени тұрғыдан зерттеу және салыстырмалы фразеология.
Қырықыншы жылдардан бері қазақ тілінің фразеологизмдері әр қырынан зерттеліп, мақалалар көлемінен шығып, диссертциялық зерттеулер обьектісіне айналды. Қазақ фразеологиясын тілдік тұрғыдан зеттеуге алғашқа кезеңде ұлттық тіл білімін қалыптастырудағы аса көрнекті тілші ғалымдар дені түгел назар аударды. Фразеологизмдердің теориялық – практикалық мәселелерін І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Н. Сауранбаев, С. Аманжолов, К. Аханов, Р. Сәрсенбаев және кейінгі буын зерттеушілер А. Байталиев, Қ. Қалыбаева, Н. Қашанова, С. Сәтенова т.б. фразеологизмдердің тақырыптық – мағыналық топтарын, синтаксистік қызметін арнайы зерттеп, тұжырымдар жасады.
Фразеологияны дербес пән ретінде қарастыру туралы ой тастап, түркі тілдес халықтар тіл білімінде осы мәселеге байланысты зерттеудің тууына игі әсер еткен, қазақ фразеологиясының мәселесімен шқұғылданып, арнайы зерттеу жүргізген, сол жайында еңбек жазған І. Кеңесбаев болды. Академик І. Кеңесбаев фразеологизмдерді танып білуде мағыан тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, қолдану тиянақтылығы сияқты «үш бергіге немесе үш критерийге сүйене, яғни табан трей отырып, бүкіл қазақ тілі құүрамындағы құбылыстарды ең негізгі үлен арнаға бөлеміз. Оның біріншісі – фразеологиялық түйдектер, екіншісі – фразеологиялық тіркестер деп аталады. Фразеологиялық тіркестер өз ішінен екіге бөлінеді: а) түйін тіркес; ә) түйіс тіркес» деп тұжырымдады.(1.591)
С. Аманжолов фразеологизмдерді зерттеуді қолға алу керектілігін атап өтті, бағыт – бағдарын көрсетді және фразеологиялық тіркестердің сөйлем мүшесіне қатысы жайлы айтып өтеді. (2.53-59)
Н. Сауранбаев фразеологияға не жатады дегенге көңіл аударады. «қазіргі қазақ тілі» оқулығына (1954 ж) фразеология бөлімін енгізген Ғ. Мұсабаев та фразеологиялық ерекшеліктерге көп көңіл бөлген. К. Аханов мәтелдер мен шектеулі тіркестерді фразеологиялық тіркестер құрамында қарастырып, өзінің «Тіл біліміне кіріспе» атты (3.22) жоғары оқу орындарына арналған оқу құралының лексикология тарауында қазақ тілі фразеологиясына В. В. Виноградовтың классификациясы бойынша жіктеу берсе, Р. Сәрсенбаев «мақал – мәтелдер мен нақыл сөздердің фразеологияға қатысы, бұлардың тұрақтылығы мен эвфониялық құбылыста қолдану сипатына байланысты, осы сипаттар арқылы бұларды фразеологиялық единицалар тобына қосып қараймыз деп атап өтеді. Сонымен қатар тіркестердің бір түріне жататын мақал – мәтелдердің тілік ерекшеліктеріне тоқталады». (4.29)
Қазақ фразеологизмдерін зерттеудің екінші кезеңінде 60 – жылдары ғалымдар фразеологизмдер мен тұрақты тіркестер бір ме, олраға не жатады дегенге көңіл бөлді. Р.Сәрсенбаевтың «қазақ мақал – мәтелдерінің лексика – стелистикалық ерекшеліктері» атты кандидаттық диссертциясында, С.Исаевтың «қазақ тілінің тұрақты сөз тіркестерінің бір типі жөнінде» мақаласында осы ерекшеліктерге назар аударған. Осы жылдарда жеке авторлар шығармаларындағы фразеологизмдердің қолдануына да көңіл аударып, сөз таптарын жүйеледі, сөйлемдегі беретін мағынасына қарай топтады. Ә. Болғанбаевтың «қазақ тіліндегі алғыс және қарғыс мәнді тұрақты сөз тіркестері», М. Белбаеваның «Сұлтанмахмұт шығармаларындағы фразолық тіркестер» мақалалры мен осы жылдары қорғалған Х.Қожахметовтың «Ғ.Мустафин шығармаларындағы фразеологиялық орамдар», Е.Бектұрғановтың «М.Әуезовтың «Абай жолы» роман – эпопеясындағы тұрақты сөз тіркестері» кандидаттық диссертациялары сол кезеңнің ізденіс нәтижелері еді.
Жетпісінші жылдарда фразеологизмдерді өзге құбылыстардан айыру жөнінде А.Байтелиев кандидаттық диссертация қорғап , Ә.Қайдаров пен Р.Жайсақова, А.Елешова қазақ фразеологизмдерін классификациялау мәселесіне көңіл аударды. Осы кезеңде қазақ фразеологизмдерінің өзге тілделде берілуі және өзге тілдердегі шығармаларды қазақ тіліне аударғандағы фразеологизмнің берілуі жайлі тілші ғалымдар назарын аударды. Ө.Айтбаев пен К.Дұйсетаеваның еңбектерін атауға болады.
Академик І.Кеңесбаевтың көп жылдық еңбегінің нәтижесі он мыңнан аса фрозаны қамтыған «қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» шықты.
Үшінші кезең – қазақ фразеологиясын жан – жақты зерттеу кезеңі. 80 – жылдар алдыңғы кезеңдегі жұмыстардың заңды жалғасы болды. Қазақ фразеологизмдерін өзге тілдердегі тұрақты тіркестермен салыстыра зерттеу, аударма мәселесі жайында кандидаттық диссертациялар қорғалды.
Ж.Қонақбаева антоним фразеологизмдерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде салыстыра зерттесе, Д.Алтайбаева фразеологизмдердің аудармадағы біргу жолдарына (колькалау жолымен, дәл баламасының берілуіне) назар аударды.
Осы жылдарда қазақ фразеологиясын зерттеуде М.М.Копленко мен З.Д.Попованың жаңа әдісін (семейный анализ) қолдану тәжрибелері жүзеге асты. Р.М.Таев пен Ф.Р.Ахметжанованың ғылыми еңбектерінде фразеологизмдердің семантикалық табиғатына талдау жасағанда сол әдіс – компоненттердің денотатив және конотатив мағынасын айқындау әдісі қолданылған.
Осы кезеңде қазақ және орыс фразеологизмдерін салыстыра зерттеу нәтижесінде «Қазақша – Орысша фразеологиялық сөздік» жасалды.
Бұл кезеңдегі тағы бір ерекшелік – тұрақты тіркестің тарихи қалпын зерттеуге көңіл бөлінді. Р.Сыздықованың «Қадырғали Жалайрдің «Жами-ат-тауарих» атты шығармасындағы тұрақты тіркестер» (5.) еңбегі – диахронды фразеологиялық зерттеу.
Қазақ фразеологиясын зерттеудің төртінші кезеңі 90 – жылдардан бастап бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді. Бұл кезеңде тіл білімінің осы саласында жан – жақты әрі өте көп ізденістер болып жатыр. Фразеологизмдердің этимологиясына көңіл аударылып, олардың шығу төркініне талдау жасалды. Фразеологизмдердің этимологиясы мен жасалу көздерімен тығыз байланыста жатқан этимопсихологиялық және мәдени – танымдық аспектідегі кейінгі он жылдықта академик Ә.Қайдаров пен оның шәкірттерінің еңбектерінде көрініс табады.
С.Тәтенова қазақ тілінде мал шаруашылығана байланысты қалыптасқан тұрақты тіркестердің табиғатын зерттесе, Ш.Сейітова өсімдікке байлалысты тұрақты тіркестерге этнолингвистикалық сипаттама берді, ал Қ.Ғабитханұлы наным – сенімге байланысты тұрақты тіркестерге талдау жасайды. Б.Қызбайева саматикалық етістік фразеологизмдерді зерттейді.
Фразеологизмдердің тұлғалық сипаты мен мағыналық сырына үңіле – зерттеу – қазақ фразеологизмдеррін ұлттық тіл табиғатын ашуға қосылған үлкен үлес. Осыдай еңбектердің қатарына С.Сәтенованың «Қос тағанды фразеологизмдердің тілдік поэтикалық табиғаты», Г.Смағұлованың «Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық – мәдени аспектілері» докторлық диссертацияларын атауға болады.
Уақытында орыс ғалымдары А.А.Шахматов, Ф.Ф.Фортунатов, А.А.Потғебня тұрақты сөз тіркестерін синтаксистік тұрғыдан зерттеп, фразеологияға үлкен үлес қосты. Академик Ф.Ф.Фортунатов және оның мектебі тұрақты тіркестерді, олардың сыңарларын сематикалық және грамматикалық белгілері жағынан зерттеу проблеммаларын қойды (6.173-174.) Академик А.А.Шахматов өзінің «Синтакис руского языка» /л.,1941/ атты еңбегінде тілде кездесетін құрамындағы сөздер бір – бірінен ажырамай тұтас күйінде қолданылатын тіркестердің зор маңызы тек лексикология үшін емес, грамматика үшін де аса маңызды деген пікір айтады.
Қазіргі қазақ фразеологизмдерін зерттеу І.Кеңесбаев көрсеткен барлық бағытта жүріп жатыр. Олар мынандай тағыттар: фразеологизмдердің басқа құбылыстардан айырмашылығы, фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, олардың ішкі құрлымы, фразеологизм және синонимия, фразеологизмнің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдерді жеке автродың қолдануы т.б.
1.1 Сын есімдердің зерттелуі
Қазақ тіл білімінде сын есімдер жеке – жеке еңбектер, мақалалар, мектеп, жоғары оқу орындарына арналған еңбектерде айтылғаны белгілі.
Осы уақытқа дейін қазақ тіл білімінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, шырай категориясы, семантикалық топтары, субстантивтенуі, синтаксистік қызыметі, олардың синтаксистік тіркесу қабілітіне біршама көңіл бөлінді.
Жалпы сын есім категориясының зерттелуі ХІХ ғасырдан басталады. Оның өзінде де сын есім жеке зерттелген емес. Сын есімнің зерттелуін М.А.Казембектің «Түркі – татар тілінің жалпы грамматиаксы» еңбегінен бастау керек. Профессор Н.К.Дмитриев сын есімнің морфологиялық жақтарын сөз етеді, түркі тілдеріндегі сын есімді тұлға жағынан негізгі және туынды деп бөлген.
Қазақ тіліндегі сын есімді алғаш сөз еткендердің бірі – М.Терентьев. Ол сын есімді жан – жақты қамтымағанымен, оның кейбір жеке мәселелері турасында дұрыс пікір айтады, мәселен, сын есімді ол өз алды сөз табы деп, оның салыстырмалы, таңдаулы шырайына, олардың жасалу жолына тоқтайды. (7.91)
Қазақ тіліндегі сын есімді сөз еткенде өз алдына тоқтауды керек ететін - Ғ.Мұсабайевтың «Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары» деген тақырыпта жазған еңбегі. Бұл қазақ тіл білімі мәселесінде сын есімнің ең бір басты мәселесін алғаш сөз еткен еңбек. Автор мұнда тек шырайды ғана түсіндіріп қоймай, сонымен қатар сын есімнің жалпы мәселелерін де сөз еткен.
Осы еңбеогінде тарихи кезеңдерге байланысты сөздердің мағынасы өзгеретін сияқты жұрнақтар да бірден пайда болмаған, бұлар да тілдің өсу, даму жолында қалыптасып, грамматикалық құрлымының ерекшеліктеріне ылайық болғанына тоқталып, туында сын есім жасайтын жұрнақтардың кейбіреуіне тоқталған. (8.26.)
Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі сын есімді жеке сөз табы деуімізге екі түрлі дәлелі бар екендігі, бірі – сын есімде форманттың жоқтығы, бұл оны зат есімнен бөліп алуға керекті белгі екендігін, екіншісі – сын есімнің синтаксистік қызыметі, негізінен, анықтауыш екендігін айтқан. Автор сын есімнің өз алдына сөз табы екеніне бұдан басқа да бірнеше дәлел келтіреді. Мәселен, жоғарыда аталған еңбекте сын есімде төрт түрлі сипаттың барлығы:
1) Лексикалық мағынасының болуы;
2) Шрай жұрнағының -рақ, -рек, - ті жалғай алуы;
3) Зат есімге тән жұрнақ – жалғаудың тіекелей қосылмайтындығы;
4) Сөйлемде анықтауыш мүше қызыметін атқаруын, егер осы төрт түрлі белгісі бір жерде түйсіп шықса, онда сын есім болатынын, егер бұл сипаттары үйлеспесе, онда сын есім болмайтынын, сын есімге қоятынөлшемдердің осы екендігін айтқан. (8.10)
1945 жылы Қазақ ССР академиясының Тіл мен әдебиет институты дайындап берген қазақ тілінің жоғарғы оқу орындарына арналған кітабі басылып шықты. Мұнда да сын есім өз алдына сөз табы ретінде қаралады. Оның сын есім тарауын жазған А.Ысқақов қазақ тіліндегі сын есімнің негізгі мәселелерін қамтып, оны дұрыс түсіндірген.
Кейінгі шыққан «Қазіргі қазақ тілі» морфологиялық еңбектерде де А.Ысқақов сол көзқарасты ұстанады. Ғалым сн есімнің жалпы сипатына, семантиаклық топтарына, морфологиялқ құрлымына, жасалу жолдарына, шырац категориясына тоқталады.
Ахмеди Ысқақовтың «қазіргі қазақ тілі» морфология еңбегі қазақ тіл білімінің дамуындағы үлкен жетістік. Алғаш рет жүйелі түрде сөз таптарына тән сөз тудырушы тұлғалар сарапталып, афффикетердің мағыналарымен түбірлердің мағыналары бөлек сипатталады. (9)
Сын есім туралы жазылған келесі бір еңбек – Ж.Шакеновтың «Қазіргі қазақ тіліндегі сын енсім категориясы» атты зерттеуі. Еңбекте сын есім мәселесінде айтылған бұрын – соңды пікірлерді қамти отырып, бүтіндей қазіргі қазақ тіліндегі сын еісм категориясын белгілі жүйеге түсіріп айту мақсаты көзделген.
Автор түркі тіліндегі сын есім категориясының зерттелу тарихынан қысқаша мәлімет береді. Түркі тілінде сын есім категориясының ХІХ ғасырдан бастап зерттеліп келе жатқаны айтылады. Яғни М.Қазембек, Н.Гигамов, С.Б.Астремский, А.К.Боровков, И.А.Батманов, Н.П.Дыренкова, А.Н.Кононов, Н.А.Баскаков, Н.К.Дмитриев, т.б. ғалымдар еңбектерінде берілген сын есімдердің ерекшеліктеріне тоқталады ондағы қайшылықтарға сын көзбен қарайды. (10.28)
Автор сын есімді категория ретінде танып, оның белгілерін көрсетеді. «Сөз табы дегеніміз беретін мағынасы, грамматикалық категориялары, сөйлемде атқаратын қызыметі жағынан жекелеген сөздердің лексика – грамматикалық тобы». (10.16)
1) Сын есімнің мағынасы – заттың алуан білдіру
2) Сын есімнің морфологиялық белгісі – шырай формаларымен өзгеруі
3) Сын есім зат есім мен анықтауыштың, етістікпен қабысып пысықтауыштың қызыметін атқарады
Ж.Шакенов сын есімнің шырайларына, жасалу жолдарын көрсетеді. Синтаксистік қызыметін талдайды. Тіпті сын есімнің қызыметінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркестері жайында сөз етеді.
Қазқ тілін зерттеуші ғалымдар А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбановтан бастап, тіл білімімен айналысқан ғалымдардың бәрі дерлік әр түрлі дәрежеде сын есімдердің мағынасын, басқа сөз табына жасалуы, сапалық және қатыстық сыны туралы сөз қозғаған.
Қ.Жұбановтың 1936 ж жарыққа шыққан «Қазақ тілінің грамматикасы» морфологияға арналған, онда сөздің жалпы құрылысы әңгіме болады. Сөз тұлға, түп мүше, жамау мүше, түбір, туынды негіз қосымша терминдеріне ғылыми негіздейді. «-қы, -кі, -ғы, -гі» үстеуін ертетін күн, жаз, жыл, мезгіл – мекен есімдеріне жалғанса, сын есімденеді. (11.151) Автор сөздің сыртқы мен ішкі мазмұнына терең мән беріп, сыртқы тұлғасының өзгеруі ішкі мағынасының да өзгеруіне әкелетінін түсіндіреді.
Профессор С.Аманжолов сын есімді мағынасына қарай екіге бөледі: белгі сыны (көк, күрең, жаман, кіші) және қатыстық сын (кешегі, блалы). Қатыстық сыны жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалады. Туынды сын есімдер зат есімнен, сын есімнен, сан есімнен, сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалады деп көрсетіп кеткен. Зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -лы, -лі, -ды, -ді, -сыз, -сіз, -шыл, -шіл. Сын есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: -шыл, -шіл (ақшыл, көкшіл). (12.61)
Профессор Н.Сауранбаев сын есімді өнер сыны, сыр сыны, қатыстық сыны, салыстырмалы сыны деп төрке бөлген. Сыр сыныа түбір сөздерді жатқызады, қатыстық снына заттың текін, мекендік – мезгілдік белгісін, өзгешелік, ерекшелік қасиетін білдіретін туынды сын есімді, ал өнер сынына –ғыш, -шыл, -паз жұрнақтары арқылы жасалған сындарды салыстырмалы сынына –дай, -дей, -тай, тей қосымшаларфы арқылы жасалған туынды сын есімдерді топтастырады. (13.93)
Сонымен сын есімнің өз алдына сөз тобы болатынын қазақ тілі мамандары арасында пікір тудырған емес. Бірақ бұдан сын есімнің барлық мәселесінің барлық сыры ашылды, демек онда сөз етерлік ештеме қалмады деп түсінуге болмайды. Сондай мәселенің бірі, сын есімнің фразеологиялық тіркестердің компонентінде қолану ерекшелігі.
1.2 Фразеологизімдердің сөз табына қатысы
Фрозеологиялық тіркестердің мағына белгілеріне тоқталмас бұрын, фрозеологизмдердің сөз табына қатысы жайлы бір – екі ауыз сөз қозғай кетсек.
Фрозеологизмдерді сөз таптарына қарай жүйелеу жайлы пікірлер тілді зерттеушілер тарапынан айтылып жүр. Бұл мәселе қазақ лингвистері назарын да тыс қалмаған мәселен Кеңесбаев Г. (1977), Қайдаров А., Жайсақова Р. (1979), Болғанбаев Ә. (1988), Қожахметова Х. (1972), Смағұлова Г. (1993) сынды зерттеушілер фрозеологизмдердің белгілі бір сөз табына қатысын тілге тиек етеді.
І.Кеңесбаев фрозеологизмдерді сөз таптарының орнына жүреді деп шартты түрде ғана айтуға болмайтынын айтты./14,27/
Фрозеологизмдердің сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысқа түсіп, өз мәнін нақтыландыратындығын, сөйлемнің бір мүшесі болатындығын, алсөйлем мүшесі белгілі бір сөз табына қатысты екендігін Х.Қожахыметова еңбектерінде атап көрсетті. /15.26/
Фрозеологизмдерді сөз табына қарай шартты түрде болса да жіктеуге болатындығы анық, оларды топтастыруда қазақ тілшілері бір – бірімен алшақ кете қоймады.
Ә.Болғанбаев «фрозеологизмдерді етістік мағыналы фрозеологизмдер, сындық мағыналы фрозеологизмдер, заттық мағыналы фрозеологизмдер, үстеу мағыналы фрозеологизмдер» деп төрт топқа бөледі /16,11/ фрозеологизмдердің белгілі бір сөз табына жатқызу мәселесінде компоненттер құрамының беретін мағынасына, морфологиялық табиғатына синтаксистік қызыметіне көңіл бөлу керектігін айта келіп Г.Смағұлова алты топқа бөледі: 1. Етістік мағыналы фрозеологизмдер. 2. Есім мағыналы фрозеологизмдер. 3. Үстеу мағыналы фрозеологизмдер. 4. одағай тұлғалы фрозеологизмдер. 5. Әр тарпты (модаль) сөздерден жасалған фрозеологизмдер. 6. Сөйлеу дағдысына қолданылатын. /17.25-26/
Фрозеологизмдерді белгілі бір сөз табына жіктеуде бұрын – соңды айитылған пікірлерді ескере отырып, төмендегідей топтарды айтуымызға болады: 1. Етістік мәнді фрозеологизмдер. 2. Есімді фрозеологизмдер. 3. Үстеу мәнді фрозеологизмдер. 4. Әртүрлі сөз таптарынан жасалған дер.
Фрозеологизмдерді сөз табына жіктеу арқылы оның ішкі мазмұны мен лексика – семантикалық мағынасын айқындай түсуге болады.
Фрозеологизмдер сөйлемде басқа сөздермен байланысу процесінде өзі қатысты «сөз табының» категориялық байланысу формаларына тікесу ерекшеліктеріне сай қызымет атқарады. Мысалы: «көк ми» /милау/ «адам» сөзімен бірге келіп, оның /адам/ анықтауыш қызыметін атқарып тұр. Енді фрозеологиялық тіркестердің мағына беолгісіне тоқталып өтсек.
1.3 Фрозеологиялық тіркестердің мағына белгісі
Тілдердің негізгі тұлғасы сөз және сонымен қатар синтаксистік саланың басты единицасы сөз тіркестері – міне осылармен сын есімді фрозеологизмдіқатар қойып зерттеу оның нақты белгілерін анықтауға көмектеседі. Есімді фрозеологизмдердің мағынасы жеке өзіне тән, тұтас мағына да, құраушы сыңарлардың мағынасымен және сөздердің тіркесу қабілеті туралы міселемен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан сөздерге арақатысты, олармен кейбір белгілерімен жақындасса, енді бір белгілерімен олардан алшақтайды. Есімді фрозеологизмдер мен сөздер атқаратын қызыметі, мағыанлық байланыстары /синонимне, көп мағыналық антонимне т.б./ тұрғысынан арақатымты, бірақ мұндай арақатыстылық белгілі мөлшерде шектеулі болып келеді. Сөздердің фонкциональдық өмірінің кеңдігі – олардың тілдегі жан – жақты қабілеті, бір жағынан, қолдану процесінде морфема қызыметін екінші жағынан камуникативтік единица, яғни сөйлем қызыметін атқаруға қаблеттідігі. Сөздің осындай көп қызымет атқаруға икемділігі тіл құрлысында орталық тұлға болуын да. Бұлардың мағынасының ерекшелігі сол, оның мағынасы, біріншіден, құраушы сыңарлар мағынасымен тікелей немесе жанамалай байланыста болады, мысалы: қалың ой, ірі қара, қызыл көз, қиғаш қас т.б. Бұлар үшін фразеологиялық мағынаға топастырылады, екі сыңардың мағынасы бүтін мағынамен тоғысады. Мұндай тіркестер бір сыңарының фразеологиялық мағынаға өрістеуімен қалыптасады. Сыңарлардың жеке мағыналарының , тура немесе астарлы мағыналарының тоғысуы үлкен қызымет атқарады. Екіншіден, бір бүтіннің мағынасының дәлелдемесі бар болып, сыңарлардың лексикалық мағыналарына таралып бөлшектенбей тұтас күйінде ұғынылады, мысалы: қара дүрсін – нақты емес, қара жаяу – кедей, тірі аруақ – ілініп жүрген адам. Мұнда да бүтін тіркестің мағынасы сөз тіркесінің астарлы түрде ұғынылатын ішкі түсінігімен байланысып жатыр......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Қазақ тіліндегі сын есім компонентті фразеологизмдер дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак тили жобалар дипломдық жұмыстар