Қазақ тілі | Адам жасына қатысты сын есімдерге семантикалық талдау
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 АДАМ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН СЫН ЕСІМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Қазақ тіліндегі адам жасын білдіретін сын есімдердің зерттелу тарихы
1.2 Жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын сын есімдердің жасалу жолдары
2 АДАМ ЖАСЫНА ҚАТЫСТЫ СЫН ЕСІМДЕРГЕ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2.1 Жас, ересек, қарт сөздерімен келген адам жасын білдіретін сын есімдер
2.2 Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімді диалектизмдер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ
КІРІСПЕ
Дыбыстық тілдің қыр-сыры мол. Ол адамдардың қатынас құралы ретінде қолданылғанда сол қасиеттерінің кейбіреулері ғана жарыққа шағыратыны, сөйлеуші не жазушы адамның мақсатына, сөз қолдану шеберлігіне байланысты олардың құбылып, түрленіп отыратыны мәлім.
Тілдің бұл қасиетін ғалымдар ерте кезден-ақ біліп, тілдің осы тәрізді қолданылу жағын көп зерттеген. Дегенмен, сонау көне үнді, грек тіл білімі өкілдерінен бастап күні бүгінге дейін тілдің көп мәселелері талданып, өз шешімдерін тапқандай болса да тіл білімінде әлі де талдану, анықталуы қажетті мәселелер орасан көп. Заттарға, құбылыстарға ең қарапайым көрінетін ат берудің өзі тек грек тіл білімі өкілдері арасында ғана емес, қазіргі дәуір тілшілері арасындағы пікір алысуға себепші болып жүргені анық.
Сөз мағынасы өте күрделі құбылыс. Ол бірнеше элементтерден тұрады, оның құрамында грамматикалық мағыналармен қатар сыртқы ортамен байланысып жатқан мағыналық элементтер де бар. Айналамыздағы қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың атаулары адамның санасында белгілі бір тәртіппен, жүйелі түрде орналасқан. Ендеше лексиканы жүйелі құбылыс деп тану қажет.
Тіл – бірнеше элементтердің жиынтығынан тұратын жүйелі құбылыс. Оның жүйелілігі оның құрамына енетін элементтердің бір-бірімен байланысып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, біртұтастықты құрайтындығынан көрінеді. Тілдің жүйелілік сипаты тілдің ішкі заңдылықтарын, мүмкіндіктерін ашып сипаттауды тіл ғылымында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бұл тілдің кіші жүйелерінің өз алдына алынып қарастырылуымен де байланысты. Сондай кіші жүйелердің біріне тілдің лексикалық қабаты жатады.
Лексика – бірліктері бір-бірімен тығыз байланыста болатын сөздердің бірнеше топтарынан тұратын, өзіндік құрылымы бар, элементтері белгілі бір тәртіппен байланысқан жүйе. Кез келген тілдің лексикасындағы сан мыңдаған сөздердің мән-мағынасын анықтап, олардың өзара байланысын тану үшін, екінші басқа тілден өзіндік белгілері мен айырмашылықтарын, ұқсас тұстарын айқындау үшін сөздік құрамның өзін бірнеше кіші жүйелерге бөліп, зерттеу тиімді.
Тіл негізінен қарым-қатынас құралы. Оны сан қырынан қарастыру лингвистиканың еншісінде. Қазіргі тіл білімінде тілдің қолдану аясын, сонымен қатар жан-жақты қырларын ашып көрсетіп, зерттеу кең түрде қолға алынып келеді. Дегенмен де тілді зерттеудің кейбір салалары мен қырлары кенже дамып та келеді. Жеткілікті зерттелмегенімен лингвистер тарапынан көзден таса қалып жатыр деуге болмайды. Солардың бірі тілдегі жиі пайдаланылатын сөздерді семантикалық тұрғыдан талдау болып табылады.
Қазақ – ат қойғыш халық. Өзі тіршілік ететін кең даласына, оның аңдары мен өсімдіктеріне, күнделікті бағып жүрген төрт түлік малына байланысты қойылған сан мың атауларды былай қойғанда адамның өзіне қатысты атаулардың саны қаншама көп.
Адамның өзіне қатысты атаулардың өзі өте мол. Оған адамның нәсілінен, есімінен бастап дене мүшелері, ағзалары, киімі, тамағы, ұйқысы, денсаулығы, түрлі қажеттіліктері т.б. атауларының бәрі жатады. Бұларды бір адамның түгел қамтуы мүмкін емес.
Сондықтан біз өзімізге тағы да шектеу қойып, тек адамның жас ерекшелігіне қатысты сын есімді атауларды ғана сөз етуді алдымызға міндет етіп қойдық.
Адамның жасына байланысты атаулар мен сол арқылы жасалған тұрақты тіркестер – тіліміздің ең байырғы бірліктері ретінде лексикалық қорымызды байытып қана қойған жоқ, сонымен бірге, олар халқымыздың тарихын, мәдениетін, рухани өмірін, дүние танымын, философиясын, психологиясын өз бойына жинақтап жүрген құнды да құнарлы лексикалық бірліктер. Оларды жан-жақты зерттеу – сол байлықты оны халқымыздың игілігіне жарату деген сөз болып шығады.
Қазақ тіліндегі сын есімдер жеткілікті зерттелген десек, қателескеніміз емес. Адамның жасына байланысты сын есімдер тіліміздің сөздік қорының қомақты бір саласы. Ал осы сөз таптарын (адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер) семантика тұрғысынан зерттеу енді қолға алынып келе жатыр. Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер әрбір халықтың жанына жақын, рухани мәдениетінің сипатын дәл көрсететін лексика-семантикалық топ. Дәл осындай сын есімдер күнделікті тұрмыста жиі қолданылатыны белгілі.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Қазіргі тіл білімінде адам жасына қатысты сын есімдер азды-көпті еңбектерде кездеспесе ғана, арнайы зерттеу нысаны болып, ғылыми тұрғыдан нақытырақ қарастырылмаған. Осыған байланысты қажетті теориялық еңбектердің болмауы зерттеу жұмысын жазуға кедергі жасайтыны аян. Қай халықта болмасын олардың тілдік қолданысында адамның жасына байланысты қолданылатын сын есімдердің болатыны мәлім. Түрлі халықтардың қарым-қатынасындағы адам жасына қатысты сын есімдерді зерттеген ғалымдар да баршылық. Зерттеулерде нысан ретінде белгілі бір тіл алынып, олар салыстырмалы және салғастырмалы түрде қарастырылады. Л.Т. Костина орыс және ағылшын тілдеріндегі адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдерді салғастырмалы түрде қарастырады. Ал А.Д. Кирьян адам сипатын білдіретін сапалық сын есімдерді тек орыс тілі тұрғысынан, К.А. Власова «молодой – старый» сын есімдерін сөзжасамдық тұрғыдан, ал қазақ тіл білімінде С. Қасиманов адам жасын білдіретін сөздерді зат есім тарапынан, Қ.Ә. Жаңатаев адамның жас ерекшелігіне және жынысына қатысты атауларды, С.С. Сағатова адам жасына байланысты атауларды қазақ және орыс тілдерімен салғастырмалы тұрғыдан зерттеп, зерделеген. Л.О. Жолдасбек қазақ сөйленістеріндегі туыстық атауларын лексика-семкнтикалық тұрғыдан саралаған. Бітіру жұмысында қарым-қатынастағы адам жасына қатысты қолданылатын сын есімдерді теориялық, семантикалық, морфологиялық тұрғыдан қарастырылуы зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.
Бітіру жұмысының нысаны. Қазақ тіліндегі адам жасын білдіретін сын есімдерге семантикалық талдау жасау арқылы топтастырып, олардың қолдану аясын көрсету.
Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдердің қазақ тілінде берілу жолдары, семантикалық тұрғыдан талдануы зерттеу пәні болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты. Тілдегі қолданылатын адам жасына байланысты сын емісдердің мән-мағынасын ашып, қолданылу аясын анықтау. Осыған байланысты мынадай міндеттерді шешу көзделді:
– семантикалық зерттеулердің түрлі тілдердегі жетістіктеріне сүйене отырып, еңбекте басшылыққа алынатын теориялық ұстанымдарды негіздеу;
– қарым-қатынастағы адам жасына қатысты сын есімдерді топтастыру және жинақтау;
– адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдерді морфологиялық тұрыдан талдау (сын есім жасау қабілетіне қатысты);
– адам жасына байланысты туындаған сын есімдерді семантикалық тұрғыдан жүйелеп, талдау;
– жас ерекшелігіне байланысты туындаған сын есімдерді диалетология тұрғысынан айқындау.
Бітіру жұмысының әдіс-тәсілдері. Жұмыста тілдік факторларды белгілеудегі негізге алынған сипаттамалы әдіс, бақылау, материалдарды жаппай іріктеп жинақтау, топтастыру тәсілдері қолданылды.
Бітіру жұмысының нәтижелері: Лексикографиялық еңбектердегі тілдік материалдары негізінде «адам жасына байланысты қолданылатын» атаулардың жүйесі, құрылымы, олардың тілдегі көрінісі, сараланады. «Адам жасына байланысты сын есімдерді» теориялық әрі практикалық тұрғыдан қарастыру арқылы оларды тілдік тұрғыдан талданылуы зерттеу тақырыбының жаңалығы болып табылады.
Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар, қорытындылар адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдермен, олардың семантикасымен, өзіндік ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға, жалпы тіл білімі және лексика саласының теориялық тұрғыдан толыға түсуіне үлесін қосады.
Бітіру жұмысының материалдары ретінде қазақ тіліндегі сөздіктерден жинақталған мәліметтер пайдаланылды. Жұмысты жазу барысында біршама тілдік бірлік жинақталды.
Бітіру жұмысында Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі, тіл білімі сөздігі т.б. лексикографиялық еңбектер, көркем шығармалар дереккөздер ретінде алынды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Тіл ғылымы бұл сияқты тілдік материалды бұған дейін таза тілдік тұрғыдан ғана зерттеп келді [1, 91 б.]. Мұндай зерттеулер, әрине, тіл білімін талай жетістіктерге қолын жеткізді. Тіл білімінің қазіргі даму деңгейі тұрғысынан қарасақ адамның жас ерекшелігіне қатысты сын есімді атауларды ғана сөз етуді міндетке алынды [2; 3, 120 б.].
Тілге тән негізгі заңдылық – жүйелілік. Сол себепті тілді зерттеуді, оның ішкі түріне мән беріп зерттеуді алдына мақсат етіп қойған жұмыстарға байланысты маңызды мәселелердің бірі жүйелілік. Жүйелілік мәселесіне соңғы кезде қатты көңіл аударылып жүр. Жүйе – тілдің элементтерімен тұрақты инвариантты қатынастарының іштей ұйымдасқан жиынтығы. Жүйе объекті бөлшектердің өзара байланысқан күрделі бірлігі ретінде сипаттаса, ал құрылым сол құраммен бөлшектердің бүтінге қатынасын сипаттайды. Бұл салада А.А.Уфимцева, Г.П.Мельников қалам тартып, лексикалық жүйені зерттеп, зерделеген.
Адамның жасына байланысты сын есімдер де тіліміздің сөздік қорының қомақты бір саласы. Бұлар – әрбір халықтың жанына жақын, рухани мәдениетінің сипатын дәл көрсететін лексика-семантикалық топ. Мұндай сын есімдер өмірде жиі қолданылатыны белгілі.
Қазақ тіл білімінде заттың әртүрлі сынын, сапасы мен белгілерін білдіріп, зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркестерінің арнаулы бағыныңқы сыңарларын құрайтын сын есім сөз табы зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Грамматикалық жағынан да, семантикалық жағынан да сөз таптарының бай бір бөлігі – сын есімдер. Осы уақытқа дейін қазақ тілінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, сапалық сын есімнің шырай категориясы, сын есімдердің семантикалық топтары, субстантивтенуі, синаксистік қызметі мен тіркесімділік қасиеті бірнеше зерттеу жұмыстарына арқау болғаны белгілі. Бұл орайда қазақ тіл білімінде Ғ. Мұсабаев, Ә. Қайдар, М. Томанов, А. Ысқақов, Р. Сыздықова, Т. Сайрамбаев, Ф. Оразбаева, У. Серікбаева т.б. зерттеулерін атап өтуге болады. Сын есімдерге қатысты әлі де жүйелі зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі – сын есімдердің семантикасы екендігі айтылады.
Сын есімдердің ішіндегі лексика-семантикалық тобы адамның жасын білдіретін сын есімдер.
Адамның жасына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін сөз еткенде оларға тән тілдік деректермен бірге сол сөздер мен тіркестерге байланысты экстралингвистикалық факторларға да ерекше назар аударылады.
Адамның жас мөлшері және жынысы да АДАМ деген сөздің төңірегінде өрбиді. Негізгі бағытқа көшпес бұрын «Адам» сөзінің анықтамасын бере кеткенді жөн санадық. 1) Адам – тірі жан иесі; 2) жан және ақыл-ес; 3) Адам – қоғамдық жан ұясы; 4) Әлеуметтік ұйымдар мен әлеуметтік институттар [4, 215 б.].
Қазіргі қазақ тіл білімінде адам жасын білдіретін сын есімдер туралы ғылыми зерттеу жұмыстары жоқтың қасы. Жалпы адам жасына байланысты қарастырылған зерттеу еңбектері баршылық. Осы тақырып бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген, арнайы кітаптар мен монографиялар жазған ғалымдар тек қана адам жасының балалықтан кәрілік кезге дейінгі аталуларына тоқталып, жіктеп көрсетеді. Тек қана бірлі-екілі еңбектерде ғана адам жасын білдіретін сын есімдер аталып өтеді. Және осы тақырып аясындағы еңбектерде адам жасына қатысты сын есімдерге бір ғана тарауша берілген десе де болады. Ал Ресей тіл білімінде осы тақырып бойынша арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдар бар. Олар адам жасын білдіретін сын есімдерді бір тіл негізінде және екі тілді алып, салғастыра да қарастырады. Салғастыру барысында негізінен ағылшын тілін алады. Ал бір тіл негізінде жазылған еңбектерде адам жасын білдіретін сын есімдер мен атауларға лексика-семантикалық тұрғыдан талдау жасайды. Таладу жасай отырып оң нәтижелерге және де ғылыми тұжырымдарға қол жеткізеді.
Осы тақырып аясында қазақ тіл білімінде зерттеу жұмыстарының аздығына байланысты адам жасына қатысты атауларды қарастырған ғалымдардың еңбектеріне және де осы атауларға байланысты жасалған жалпы атауларға тоқтала өтпекпіз.
Қазақ халқы неге болса да ат қоюда адамның мінезіне, айналадағы әсер ететін жағдайлардың бәріне де мән беріп отырған. Атап айтар болсақ, нәресте, бала, жігіт, қыз, қарт, кәрі деген сөздердің түп төркінінде қандай да мағынаның жатқандығы белгілі. Соған байланысты әртүрлі атаулар да пайда болып отырған. Солардың біріне мүшел жасқа бөлу кезеңін де мысалға келтіруге болады.
Адам баласы туғаннан бастап, өсіп-жетілу кезеңінде қатерлі жылдар болатындығын халық даналары да дәлелдеп өткен. Тілімізде осы атауды мүшел жас деп атайды.
Адамның балалық шақтан ересектік шаққа аяқ басатын кезеңін, яғни алғашқы мүшел жасы он үш жас болып белгіленген. Ол кезде ер балалардың дауыстары өзгеріп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. әрбір мүшел жастан өтер кезінде қауіп-қатердің болады дегеніне сенген қазақ халқы осы кезеңде мал сойып, шелпек пісіріп, дұға қылатын болған. Сонымен қатар «О, Құдірет, мені осы мүшелден қатерсіз өткізе гөр!» – деп Аллаға жалбарынады. Қазіргі кезде де солай. Яғни кейбір адамдар өзінің жақсы көретін әшекей, бұйымдарын, жанына жақын заттарын сыйға беріп жатады, бұның мағынасы осы өткелден аман-есен өтсем деген сенімде жатыр. Бұдан кейінгі мүшел жас жиырма бес, сосын отыз жеті, қырық тоғыз, алпыс бір, жетпіс төрт, сексен жеті сияқты адамның жасын жеті мүшелге бөліп қарастырған. Адамның дене бітімі он үш жыл сайын өзгеріп отыратындықтан осы атау қалыптасқан. Яғни адамдардың жасына байланысты атаулар да осы мүшелге бөлуге қатысты туды десек, қателеспеген болар едік. Жоғарыда айтып өткеніміздей әрбір мүшел жасында адамдарда өзгеріс болып отыратындығын халақтың өзі ғана емес, соған қоса медицинаның өзі де дәлелдеген.
Бір сөзбен айтқанда, жас, ересек, кәрі, қарт, мосқал сөздерінің мүшелге бөлуге тікелей қатысы бар. Жас адамдар бір топта, ересек адамдар бір топта, кәрі адамдар бір топта қарастырылатыны белгілі. Яғни бұлардың бәрі үлкен бір топ болып саналады. Өз ішінде тағы да басқа атауларға, топтарға бөлінеді.
Қ. Жаңатаев «Адамның жас ерекшелігіне, жынысына қатысты атаулар» деген диссертациялық еңбегінде адамның жас ерекшелігі мен жынысына қатысты атауларды топтастыра, жинақтай келе, оларға лексика-семантикалық және этнолингвистикалық таладу жасайды. Сонымен бірге ғалым адамның жас ерекшеліктерін кезеңге де бөліп қарастырады. Мысалы, сәби 1 жастан 3 жасқа дейін, жастық шақ (18-25), кәрілік (75-97 жас) – деп бөлінген еңбектерге тоқтала келе, өзі де осы негізде мағыналық жағын ашып көрсетеді. Ғалым өз жұмысында адамның жасын білдіретін сын есім тұлғалы сөздерді мысалға келтіргенімен, оларды адам жасын білдіретін сын есімдер деп бөле-жара қарамайды. Тек бұларға шолу ғана жасап өтеді. Негізінен зат есімді адам жасын білдіретін атауларға тоқталады [5, 18-26 бб.]......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Адам жасына қатысты сын есімдерге семантикалық талдау дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак тили жобалар дипломдық жұмыстар