Қазақ тілі | Паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас
Мазмұны
КІРІСПЕ
1 БЕЙВЕРБАЛДЫ АМАЛДАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
1.1. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттардың ұлттық-мәдени негізі
1.2. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттардың гендерлік сипаты
1.3 Балалар тіліндегі ым-ишараттар
2 ЫМ-ИШАРАТТАРДЫҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТОПТАРЫ
2.1 Синоним мәнді ым-ишараттар
2.2 Омоним мәнді ым-ишараттар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Сөйлеу- адам баласына тән ерекше құбылыс екендігі белгілі. Ал осы сөйлеу тілін, яғни вербалды амалдарды толықтырып, өзінше нәр беріп тұратын, қарым – қатынас кезінде өте көп ақпарат беретін бейвербалды амалдар болады. Осы бейвербалды қатынас амалдарын зерттейтін лингвистиканың жаңа саласы паралингвистика болып табылады. Пралингвистика гректің «para» -«қасындағы», «маңындағы» деген мағынаны білдіреді. Паралингвистика коммуникацияның бейвербалды құралдарының жиынтығы. Ол айтылған хабарға ілесе информацияның белгілі көлемін, ауқымын білдіреді /1,162/. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік емес қарым-қатынасты зерттейтін паралингвистиканың қалыптасып, дамуы-арнайы сөз етуді қажет ететін маңызды мәселе. Тіл ғылымының бұл саласы адамдар арасындағы қарым- қатынастың бейвербалды түрін қамтиды.
Қарым- қатынастың бір түрі- бейвербалды амалдарды ғылыми тұрғыдан қарастыру соңғы жылдары қолға алынды. Бұл бағыттағы ғылыми еңбектер тілдік емес қарым- қатынастың әр түрлі қырларын сипаттайды.
Бейвербалды амалдардың қолданылу ерекшеліктері, білдіретін мағыналары, олардың ұлт мәдениетімен, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, ұлттық-мәдени ерекшеліктерімен байланысы қазақ тіл білімінде жан-жақты талданып, жүйеленген деп айту қиын. Қарым-қатынастың бейвербалды түрін, оның жасалу жолдары мен қарым-қатынастағы табиғатын ашып көрсету, көркем әдебиеттегі көрінісі мен алатын орнын талдап, жүйелеу жаңа ғылыми бағыттарды терең түсінуге ықпал етеді.
Бейвербалды амалдарды өз орнымен қолдану, шығарманың танымдық мәнін күшейтіп, әсерлілігін арттыра түсетіндіктен, бұл мәселені зерттеу тілдік және тілдік емес қатынастарды түсінуге, меңгеруге мүмкіндік береді. Сондықтан, бүгінгі таңда тіл білімі саласында қарым-қатынас барысында қолданылатын бейвербалды амалдардың өзіндік ерекшеліктерін қарастыру, оның көркем әдебиеттегі мәні мен мазмұнын ғылыми тұрғыдан зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Диплом жұмысының теориялық маңызы. Диплом жұмысы паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас мәселесінің теориялық негіздерін дамытуға септігін тигізеді.
Диплом жұмысының практикалың мәні. Диплом жұмысының материалдары мен нәтижелерін паралингвистика саласына қатысты сөздік құрастыруда пайдалануға болады.
Диплом жұмысының жаңалығы. Зерттеу нысаны бойынша келесі мәселелер шешімін тапты:
- бейвербалды амалдар қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпының ажырамас бөлігі екендігі көрсетіліп, жазушылар шығармаларындағы қарым-қатынастың бейвербалды түрінің халықтың рухани мәдениетімен (салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы) байланысы дәлелденді;
- жазушылыр шығармаларындағы ым –ишараттар қолданылу ерекшеліктеріне қарай топтастырылды;
- шығармалардағы синоним мәнді, омоним мәнді ым-ишараттар қатары анықталып, білдіретін мән-мағынасы көрсетілді.
Диплом жұмысының дерекнамалары. Диплом жұмысының дерекнамалары ретінде қазақ жазушыларының шығармаларынан кинемалар жинақталды, сөздіктер, анкета материалдары пайдаланылды.
Паралингвистикалық амалдар біріншіден, қарым-қатынасқа қосымша мағына береді; екіншіден, кейбір тілдік амалдардың орнына қызмет атқарады; үшіншіден, вербалды компоненттермен бірге коммуникативтік актіні жалғастырады. Бұл терминді 1940 жылы ұсынған американ ғалымы А.Хилл болды.
Бейвербалды амалдарды зерттеу алғаш С.Спенсер, В.Вундт, Ч.Дарвин еңбектерінен бастау алады. Профессор Бердвислл адамдар қарым-қатынасында жеткізілетін хабардың 38% сөзбен, 65%бейвербалды амалдардың көмегімен берілетіндігін тұжырымдайды /2,13/.
Бұл ғылым саласы XX ғасырдың елуінші жылдарынан бастап қарқынды зерттеле бастады. Шетел тіл білімінде бейвербалды амалдар елуінші жылдардың басында қолға алынды. Бұл мәселе Дж.Трейгер, Т.Сибеок, Ч.Хоккет, М.Уэст, Р.Бердвислл т.б лингвистердің еңбектерінде, А.Шефлен, М.Уэст, К.Л.Пайк т.б психологтардың еңбектерінде зерттелді.
Өзге тілдерде бұл ғылым саласы айтарлықтай жақсы зерттелген деуге болады. Мысалы, орыс тіл білімінде ым-ишараттарды Г.В.Колшанский, Н.И.Смирнова, А.А.Акишина, Т.М. Николаева, А.В.Филиппов, Е.В.Красильникова, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров, Т.Т.Железанова, Л.Н.Капанадзе, ағылшын тіліндегі ым-ишараттардың зерттеушісі А.Пиз, армяндардың тіліндегіні-А.А Хачатрян, Р.М Тохмонян, ал татарлар мен башқұрттар тіліндегі ым-ишараттардың бірден-бір зерттеушісі – Ф.Ф.Султанова.
Қарым-қатынастың бұл түрінің арнайы зерттелуі қазақ тіл білімінде тек соңғы жылдары ғана қолға алынғанына қарамастан, бейвербалды амалдардың қызметі туралы ойларды, тұжырымдарды ертеден кездестіруге болады. Атап айтқанда, бейвербалды амалдар туралы көзқарастар, алғашқы ойлар қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ.Жұбановтың еңбегінде кездеседі: «Ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дыбыстап сөйлеген сөздің олқысы, көбінесе, ыммен толады.Тіпті бірінің тілін бірі білмеген, я болмаса, бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да, ыммен ылаждап түсінісуге болады, оның үстіне, сөз- сөздің жігін дыбыс сазымен бірде айырып, бірде қосып айтқасын, сөздің орны жылжып кеткені де онша байқалмайды»/3,148/.
Қазақ тіл білімінде бейвербалды амалдарды Ә.Қайдар, М.Мұқанов, С.Татубаев, А.Сейсенова, К.Қажығалиева, С.Бейсембаева, М.Ешимов сынды ғалымдар әр қырынан зерттеген. Сонымен қатар Қ.Қажығалиеваның, Ж.Өмірәлиеваның, Э.Оразаливаның мақалаларын, ой-тұжырымдарын да атап өтуге болады. Сондай-ақ Б.Момынова мен С.Бейсембаеваның авторлығымен жарық көрген ым мен ишараттың түсіндірме сөздігі де осы мәселені зерттеуге арналған еңбек.
Адамдар өмірде тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Олар кейде шартты белгілерді қолдану арқылы бір-бірімен оңай түсініседі. Шартты белгілерді қолдану да адамдар арасындағы қарым-қатынастың бір түрі. Семиотикалық таңбалардан басқа адамдардың өзгеше ыммен түсінісуі және көздің, қабақтың, ауыздың қимылымен, қозғалысымен ұғынысуы секілді көптеген белгілер бар. «В живое речевое общение вплетено множество обстоятельств, сопровождающих как целое высказывание, так и его фрагменты, причем неязыковые факторы лишь сопутствуют речи. Все неязыковые факторы играют вспомогательную роль в общении, язык же –главную, причем для него всегда открыта возможность использовать для сообщения толко собственные средства /4,6/. Сөйлеуші айналасындағылармен сан түрлі ым-ишара, белгі, иек қағу, бас шайқау, қол бұлғау, бас изеу арқылы да өзінің ойын жеткізіп, түсінісе алады.
Бейвербалды амалдар арқылы алуан түрлі ақпарат алуға болады. Мысалы, алдыңыздағы сөйлеушінің бет-жүзіндегі өзгерістерге, қимыл-әрекетіне қарай оның мінезі, көзқарасы , көңіл-күйі туралы хабар ала аламыз. Ғалымдардың зерртеулерінің нәтижесі бойынша адамға бейвербалды сигналдар вербалды сигналдарға қарағанда бес есе күшті әсер етеді. Себебі адам әрқашан естігенінен гөрі көргеніне сенеді екен. Кейбір ғалымдар ым тілін жүйесі мен қызметі жағынан дыбыстық тілге жақын деп есептейді. Тілдегі паратілдік амалдарды қолданудан алынатын мәліметтерді бірнешеге топтастыруға болады:
1) индивидтің жеке белгілері;
2) әлеуметтік-топтық сипаттамасы;
3) сөйлеушінің ұлттық немесе территориялық атрибуттары /5,5/.
Бейвербалды амалдардың көркем шығармада берілуінің бірнеше жолдары бар:
1) бейвербалды амалдар бір сөзбен беріледі. Мысалы, құшақтасу, тізерлеу, ыржию т.б.
2) бейвербалды амалдар еркін сөз тіркесімен беріледі. Мысалы, қолын бұлғау, иегін көтеру, бетінен сүю т.б.
3) бейвербалды амалдар фразеологизмдермен беріледі.
Фразеологизмдердің жасалуына бет, көз, мұрын, ауыз, тіл, тіс, қол, аяқ т.б. денемүшелері қатысады. Ғалым Г.Смағұлова жалпы дене қимылына негізделіп жасалған тұрақты тіркестер түрін «кинетикалық» фразеологизмдер деп атап, оларға табанынан тік тұру, қол қусыру, зыр жүгіру, елбек қағу, құрақ ұшу т.б. секілді мысалдар келтірген /6,62-63/. Мұндай тұрақты тіркестер қатарына бармағын тістеу, қабағынан қар жауу, екі көзі шарасынан шығу, мұрнын көкке көтеру, мұрнын тыржиту, теріс қарау, білегін сыбану, тісін қайрау т.б. сияқты адамның іс-әрекетін, қимылын бейнелейтін фразеологизмдерді жатқызуға болады.
Тіл білімінде бейвербалды амалдар төмендегідей жіктеледі:
1) фонациялық (тембр, темп, дауыстау, кідіріс, әуен, диалектілік айтылу ерекшеліктер);
2) кинесикалық (қимыл, бет қимылы, ым, поза);
3) графикалық ( жазу, почерк, символдар т.б. )
Кинесикалық амалдар әдетте ым, ишарат, дене қалыбы (поза) секілді ұғымдардың жиынтығы ретінде қарастырылады.
Адамның түрлі дене мүшелерінің қатысуымен жасалатын ым-ишараның көркем шығармада алатын орны ерекше. Мимикаға әдетте адамның бет әлпеті қатысады. «Бет-әлпет» ұғымының ауқымына маңдай, көз, қас, қабақ, кірпік, мұрын, ауыз, ерін, құлақ, тіл, тіс, таңдай сияқты мүшелері қатысады. Ым (мимика) ұғымына Ж.Нұрсұлтанқызы өз еңбегінде анықтама береді: «мимика дегеніміз- көз, қас, қабақ, кірпік, мұрын, ауыз, ерін, құлақ, тіл, тіс, таңдай т.б дене мүшелерінің көмегімен орындалып, белгілі бір ақпарат беретін бейвербалды амалдар жиынтығы»/7,10/.
Тіл білімінде А.В.Филиппов, Т.М.Николаева, Р.П.Волос, Л.А.Капанадзе, Е.В.Красильникова, Г.В.Крейдлин, С.Татубаев, С.Бейсембаева секілді ғалымдар ишараларды мағынасына, құрылысына, таңбасына, қызметіне, қолданылу ерекшеліктеріне қарай классификациясын жасаған. Қазақ тіліндегі ишаралардың ішінде ең көп кездесетіні бас,көз, иық, қол (алақан, саусақ), тізе, аяқ т.б. дене мүшелеріне қатыстылары. Ишара-адамның ішкі көңіл-күйінен хабар ету мақсатында жасалатын, дене мүшелерінің (аяқ, бас, қол т.б.) әр түрлі қимыл-қозғалысына негізделген мағыналық әрекет,- деп анықтайды /7,12/. Ым да ишара да паралингвистиканың кинесика деп аталатын саласына тән. Тілдегі осындай құбылыстарды зерттеудің бірден-бір қайнар көзі жазушылардың шығармалары болмақ.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Паралингвистика саласының вербалды және бейвербалды қарым-қатынас дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак тили жобалар дипломдық жұмыстар