Қазақ әдебиеті | Бауыржан Момышұлының шығармашылық лабораториясы

 Қазақ әдебиеті  | Бауыржан Момышұлының шығармашылық лабораториясы

Мазмұны

Кіріспе .....................................................................................................

1 Бауыржан Момышұлының шығармашылық лабораториясы......................................................................................
1.1 «Ұшқан ұя» повесі – шығармашылық өмірбаян негізі...........
1.2 «Москва үшін шайқас», жазылу тарихы.................................

2 Әңгімелері, публистикалық шығармаларының
стильдік ерекшелігі.....................................................................
2.1 Бауыржан Момышұлы – тәуелсіздік идеяларының
ұйытқысы.......................................................................................

Қорытынды.........................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................

К і р і с п е
Тақырыптың өзектілігі:
«Ежелден ер тірегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса ел тілегі»,-
дейді Бауыржан Момышұлы. Ия, ер азаматқа бақыттың ең үлкені – халқына қадірлі болу. Ерте заманнан халыққа қандай адам қадірлі болған деп қарасаң кімде – кім ел-жұртын жаудан қорғауда айрықша ерлік көрсетсе, халық қамын ойлап, елі үшін ерекше еңбек сіңірсе, сол адам ерекше көзге түскен, даңққа ие болған, сүйіспеншілігіне бөленген. Халқымыздың сондай дара ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы.
Бауыржан Момышұлы дегенде екі бірдей бейне көз алдымызға келеді: бірі – батырдың бейнесі де, екіншісі – жазушының бейнесі. Бойынан осы екі қасиеттің бірі табылып, бірі табылмағанның өзінде Бауыржан халқының асқан ардақтыларының бірі болар еді. Ал, екеуі бірдей табылған жанды неге теңерсіз?! Бауыржан тұлғасына тамаша жауынгерлік сипат пен әдеби творчестволық сипаттың ғажап сиысқандығына таңданбасқа да, тәнті болмасқа да мүмкін емес.
Бүгінгі біздің сөз етейін деп отырғанымыз Бауыржанның батырлық, жауынгерлік, азаматтық бейнесі емес, оның жазушылық бейнесі.
Дей тұрғанмен, Бауыржанның атын атағанда бұл екі қырын бір – бірінен бөліп алып қарау мүмкін емес сияқты. Себебі, ол жайлы жазылған әрбір туындыға Баукеңнің өзінің кейіпкерлік қана емес, авторлыққа пара-пар қатынасы бар [1; 84 б].
Тарихта теңдесі жоқ, қаһарман соғыстың жарқын эпизодтарын ақын – жазушыларымыз шығармаларындағы көркем образдар арқылы суреттеді. Ұлы іскер көркем шығармаларда онан да зор, онан да алып күшке ие болып, халықты ұлы жеңіске бастады. Қарапайым Кеңес адамдарының жан қиярлық істерін көпке үлгі етіп көрсетіп, жұртты жауға қарсы мейірімсіз күрес ісіне жұмылдырды.
Жалпы Кеңес Армиясының, оның ішінде Қазақстандық жауынгерлердің ерлік, батырлық істері тек қазақ жазушыларының ғана емес, сонымен бірге орыс ақын, прозаиктерінің шығармаларында да суреттелді.
Жазушы Александр Кривицкий «Москва түбіндегі қарауыл» повесін панфиловшылардың көп ұлтты сегізінші гвардиялық дивизиясы ерлігіне арналған болатын.
Кітапта қаһарман жауынгерлердің бірі – Бауыржан Момышұлы туралы әңгіме шертеді. Мұнда батыр Бауыржанның кескін-келбеті, ой-қиялы айшықты бейнелейді. Жазушы повесінде Бауыржан Момышұлының талантты әскери қолбасшылық, ғажап ақылдылық, ұстаздылық сипаттары тоғысқан образын жасайды.
Қатардағы солдаттан полковник дәрежесіне, взвод командирінен дивизия командиріне жеткен атақты гвардеец Баукең жайлы жазылған көркем шығарма – бұнымен ғана шектелмейді.
Баукеңнің айбынды бейнесі сомдалған көркем шығармалардың қатарында Д.Снегиннің «Шалғай шептерде» және «Шабуылда», Александр Бектің «Арпалыс», М.Ғабдулиннің «Менің майдандас достарым», Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» тағы басқа шығармаларды атауға болады.
Бұл көркем туындылардың қай-қайсысын алып қарасақ та, Баукең өзінің нақты тұлғасымен, ерлік іс-әрекетімен, терең ой –мүддесімен, айрықша мінез-құлқымен ерекшеленеді. Аталған шығармалардың кез-келгенінде Бауыржан образының соншалықты жанды, әсерлі, ақиқат нанымды болып шығуының үлкен себебі бар. Ол – Бауыржанның осы туындыларға кейіпкерлік қана емес, авторлыққа бара-бар қатынасы.
Мысалы, Александр Бектің «Арпалысын» алып қарайық. Бек бұл кітабын жазудан бұрын майданда болып, Бауыржан қатынасқан көп оқиғаларды өз көзімен өткерген, майдан өмірін әбден зерттеп, соғыс шындығынан тікелей әсер алған, ең бастысы, өзінің сүйікті кейіпкері Бауыржанның жинаған материалын, бақылауларын, әсерлерін молынан қорытып, іске асырған. Кейін Бауыржанның өзі жазған мемуарларды сол «Арпалыстың» жалғасы сияқты әсер етеді.
Сол Бауыржан кейіннен өзінің дарынды жаратылысының жаңа бір жақтарын көрсетті. Ол оның жазушылық қызметі. Бұл салада да Баукең ауыз толтырып айтарлық құнарлы жемістер берді. Ол ұлттық прозамыздағы саяси, әскери тақырыпты биік идеялық-көркемдік тұғырға көтеруші М.Ғабдулин, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов сияқты майдангер қаламгерлердің алдынғы легінде болды. Соғыс сұрапылы мен адам психологиясын деректі нақтылық, алуын сырлы сезім нанымдылығымен суреттеуде дара дәстүр сілемдерін қалдырды, озық шеберлік үлгілерін көрсетті [2; 4 б].
Баукеңнің қаламынан туған «Ұшқан ұя», «Москва үшін шайқас», «Куба әскерлері» сияқты көлемді туындылары мен «Ана әмірі», «Грицкомның сағаты», «Көк төмпеш», «Сезікті қыз», «Өлтір оны», «Хат» тағы басқа әңгімелері, көптеген публицистикалық мақалалары оқырман қауымның сүйікті туындыларына айналғангы даусыз.
Халық жүрегінен ерлік бейнесімен, әрі жазушылық қырымен орын алған Бауыржан Момышұлының көркем шығармаларына деген қызығушылық бізге диплом жұмысымыздың тақырыбын «Бауыржан Момышұлының шығармашылық лабораториясы» деп таңдап алуымызға себеп болды [3; 325 б].
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Б.Момышұлының шығармашылық лабораториясына зер сала отырып, жазушы шеберлігін көрсету; қымбат қасиет, сирек сипаттың бәрі бір бойына жиналған біртуар азамат ұлдарымыздың бірі – Бауыржан Момышұлының қаламынан туған көркем шығармаларының жазылу тарихын, көркемдік стильдік ерекшелігін, ондағы көркем бейнелер галереясын талдауды негіздеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы:
- қазақ әдебиетінің даму сипаттары аясында Бауыржан Момышұлының қаламынан туған көркем шығармалары жүйеленіп, ерекшеліктері анықталды.
- Бауыржан Момышұлы мұраларының көркемдік-эстетикалық құндылықтары ғылыми тұрғыда сараланды.
- Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиеті тарихындағы орны дәйектелді.
Зерттеу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен әдістемелік негізіне белгілі әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеу еңбектері мен мақалалары басшылыққа алынды. Сөйте отырып дипломшы тарапынан өзіндік ой қорыту, салыстыру жұмыстарын жүргізу де диплом жұмысының негізгі нысанасы болып табылады. Диплом жұмысының корытындылары мен тұжырымдарын жалпы білім беретін мектептердің бағдарлы сатысында, таңдау бойынша оқитын факультативтерде, әдеби шығармашылық үйірмелерде қолдануға болады.
Диплом жұмысын зерттеу әдістері: Материалдар қорын жинау, өңдеу, талқылау; көркем бейнелердің жасалу ерекшелігін талдау; автордың әңгімелері мен публицистикалық шығармаларының стильдік ерекшелігін көрсету.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеті, зерттеу әдістері сөз болады. Негізгі тарауларда Б.Момышұлының қаламынан туған көркем туындыларына әдеби тұрғыда талдау жасалынды.
Қорытындыда диплом жұмысының негізгі мазмұны тұжырымдалды.

1.1 Бауыржан Момышұлының шығармашылық лабораториясы

Ұзақ тарихымыздың қай белесінде де халқымыздың абыройын өсіріп, ұлттық мақтанышына айналған даналар аз болмаған. Қымбат қасиет, сирек сипаттың бәрі бір бойына жиналған сондай біртуар азамат ұлдарымыздың бірі – Бауыржан Момышұлы.
Сұрапыл соғыстың отты жылдарында ерлігі мен даңқы асқан жас қазақ офицерінің атын жеңістер шежіресінің алғашқы беті жазылмай жатып-ақ, жарық жалған естіп-біліп, жалпақ далаға жария қылған еді. Аты аңызға айналған Бауыржаннның батырлығы мен батылдығына жұрт түгел таң қалған-ды. Қай майданда қайсар сарбаз да, қайсар сардар да аз болмаған. Бірақ қатардағы батальон командирінің қайсар ақылына көрген де, естіген де бірдей таңдай қатты.
Сол қаһарлы жылдары жас қазақ ақынның жан-жүрегін жарып шыққан:
Жатса да алыс
Алабұртып қан майдан,
Есіміңді есітеміз
Шалғайдан:
Сен сүйетін
Сарыарқаның самалы,
Жетісуда
Сені тосып сарғайған
Құлдық! – дейміз
батыр деген даңқыңа.
Сені туған
Қалық қазақ халқыңа:
Қуанамыз
ерлігіңе, ағажан
Дақ салмаған
Дана баба даңқыңа,-
деген жалынды шумақтары көптеген ұлттар мен мемлекеттердің ең дуалы ауыздары алуан тілде шын көңілден қостаған ерлік дастанына жалғасты.
Даңқы шығып, аты аңызға айналған Бауыржан жайлы қалам тербеп оның бойындағы айрықша қасиеттерін көркем тілмен кестелеп бере білген, оны көркем шығармасының сүйікті кейіпкеріне айналдырған қаламгерлер кемде-кем десек артық айтқанымыз емес.
Оған Кривицкийдің «Москва түбіндегі қарауыл», Д.Снегиннің «Шектерде» және «Шабуылда», Александр Бектің «Арпалыс», М.Ғабдулиннің «Менің майдандас достарым», Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» тағы басқа шығармалар дәлел болады. Дегенмен, осы саладағы еңбектердің алғашқысы, әрі сүбелісі Александр Бектің «Арпалыс» атты туындысы болатын. Дүниенің түкпір-түкпіріндегі оқырмандар әлемінің негізгі тілдерінің бәріне дерлік аударылып, миллиондаған тиражбен басылып шыққан бұл кітапты оқу арқылы бір Бауыржанды ғана танып қоймай, бүкіл қазақ халқының ерлік сипатын, дархан мінезін тани түсті. Оқып қана қойған жоқ, екі көзі оттай жанған, алмас қылыштай жарқылдаған жас құдіреттің жас қазақ офицерінің сымбатына қызыға қарады [4; 142б].
1943 жылы «Знамя»журналының бесінші санында Александр Бектің «Панфиловшылар алғы шепте» деген повесінің басы жарияланды. Қан майданда оқ пен оттың арасында жүрген әрбір жауынгер осы шығарманы күндіз шабуыл саябырсығанда күннің жарығымен, түнде айдың сәулесімен оқыды. Тіптен Панфиловшылардың ерлік істеріне сүйсінген жауынгерлердің кейбірі түнде зеңбіректің қасына келіп отырып, аккумулятордың жарығымен оқыды. Бұған алыстан дәлел іздемей – ақ жауынгер жазушы Әзілхан Нұршайықовтың естеліктері мысал болады.
Бұл шығарма жауынгерлердің жүрегіне оқ жақты, рух берді, бойына ерліктің дәнін септі. Әлемге танымал бұл еңбегінде Александр Бек Бауыржанның атын шығарса, Бауыржан Александр Бектің атын шығарды. Оқырман қауымның сүйіспеншілігіне бөленген осы туындыда автор Бауыржанның өз тұлғасын тамаша сомдап шықты [4; 6-7 б].
«Қатардағы солдаттан полковник дәрежесіне, взвод командирінен дивизия командиріне жеткен атақты гвардеец Бауыржан Момышұлын білмейтін жері жоқ десек асырып айтқан болмаймыз. Жақсылық жатпайды. Ұлы Отан соғысы аяқталмай тұрған кездің өзінде-ақ батальон командирі Бауыржанның даңқы жер жарды. Аты жөнін сырттан естіген өзіміз халқымыздың қаһарман ұлының кескіні мен келбетін бір көруге құштар болдық. Кейін Александр Бектің «Арпалыс» атты кітабын оқығанда, Бауыржанның өзін көргендей, тіпті көп жыл таныс, сырлас болғандай әсер алдық. Шындықты айтқан шынайы көркем шығармаға не жетсін. «Арпалысты» мен әсіресе нағыз шындығы үшін, Бауыржанның бейнесін айнытпай, бұлжытпай жарқын түсіргені үшін жақсы көрдім»,-деп жазды М.Қаратаев.
Халық жүрегінен ерлік бейнесімен орын алған сол Бауыржан кейіннен өзінің дарынды жаратылысының жаңа бір жақтарын жарқыратып көрсетті. Ол оның жазушылық қызметі.
Соғыс жылдарының әйгілі батыры бейбіт замандағы жазушылық сапарында да ірі ерліктер жасады.Ол ұлттық прозамыздағы саяси,әскери тақырыпты биік идеялық-көркемдік тұғырға көтеруші.
М.Ғабдуллин, Шәріпов, Қ.Қайсенов, Т.Жангелдин, Қошқарбаев сияқты майдангер қаламгерлердің алдыңғы легінде болды.Соғыс сұрапылы мен адам психологиясы деректі нақтылық, алуан сырлы сезім нанымдылығымен суреттеуде дара дәстүр сілемдерін қалдырды, озық шеберлік үлгілнрін көрсетті [5; 68 б].
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданының Мыңбұлақ ауылынды дүниеге келді. Аз сөйлеп, көп түйетін, бабы келсе, даналық нақыл сөздерді ақтарыла айтып салатын ойшыл әкесі Момыштың 53 жасында көрген жалғыз ұлы екен. 1928 жылы Шымкенттегі жеті жылдық мектеп-интернатты бітірген Момышұлы мұғалім, аудандық атқару комитетінің хатшысы, милиция бастығы қызметтерін атқарды. 1932 жылы әскери міндетін өтеуге алынып, бір жарым жылдан кейін запастағы командир болып оралған Бауыржан Шымкент пен Алматының өнеркәсіп банктерінде, экономистік жұмыстарында жүреді. Арасында Ленинградтағы финанс академиясының жанындағы арнайы курсты үздік бітірді.
1936 жылы Қызыл Армия қатарына қайта шақылырған Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында взвод командирінен гвардиялық дивизия командирі дәрежесіне көтерілді. Соғыстан кейінгі жылдары бас штаб академиясындағы оқуын аяқтаған гвардия полковнигі 1956 жылға дейін әскери академиялардың бірінде дәріс оқиды, ғылыми – педогогтік еңбекпен айналысады.
Әскер қатарында жүріп, ара-кідік өлеңдер жазған Бауыржанның ақын жанды адам екендігі, туған елін, дос-жаран адамдарын ақын жанымен жақсы көретіні, айнала дүниеге, әсіресе туған жер табиғатына ақын көзімен қарайтыны, ақын жүрегімен тебіренетіні анық байқалады. Әйткенмен әдебиет саласында жазушының өндіріп қызмет еткен кезі соғыс біткеннен кейінгі жылдар. Мұнда ол қаруды тастап, қаламды қолына алған болатын. Оның бойындағы творчестволық таланты кең қанат жайған кезі де осы уақыттан бастап.
Жауынгерлік еңбегі, қаһармандығы үшін Қызыл ту, І-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған, Александр Бектің повесіндегі негізгі батыр кейіпкерге айналған Б.Момышұлы творчестволық еңбегі үшін 1958 жылы құрмет белгісі орденімен наградталып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды, «Еңбек қызыл ту», «Халықтар достығы» ордендерін алды.
Баукеңнің «Ерлік пен жеңіс үшін» деген мақаласы 1942 жылғы жиырма төртінші қыркүйекте «Социалистік Қазақстан» газетінде басылуына қарағанда, болашақ батыр жазушының қиялын тербеген ой ертеден бүршік жарған сияқты. Ә.Нұршаықовтың әңгімесінде өзі соғыс кезінде жүргізіп, кейіннен қызғыштай қоритын он үш күнделік дәптерін көрсететін Бауыржан Момышұлы әдеби шығармаларына алынатын сарқылмас деректі оқиғалар мен бұлжымас фактілердің қайнар көзіне мегзейді. Сол отты дәуірде жан лапылын өлең жолдарына айналдырып көрген ер көңіл, шешен, жас командир өз ойынан шығарған тапқыр, тақпақ сөздердің түп-тарихы туралы: «Мақал-мәтел-өмір тәжірибесі. Қиналған, қысылған сәттерің мен шақтарың бар, сол қысылшаң кезден құтылғаныңды ойыңмен өрнектеп, сөзбен кестелесең, нақылға айналады... Қарамағымдағы жауынгерлер маған тек бағынышты ғана болған жоқ. Олардың ішінде ақылгөйлері де көп болды. Кейде солардың ауыздарынан маржандай асыл сөздер атқылап жатады. Мен елден естігенімді ойменен елеп, екшей бердім. Екшегенімді ерінбей қағазға түсірдім»,-деген екен(6.299 б).
Бауыржан жаратылысынан ақын, суреткер адам. Ол таусылмас қайраттың, үлкен шабыттың адамы. Бұл оның жауынгерлік өнерінде қандай көрінсе, жазушылың өнерінде де сондай көрініп отырды. Бұған Баукеңнің қаламынан туған «Ұшқан ұя», «Куба жерлері», «Москва үшін шайқас» сияқты көлемді туындылары мен «Ана жері», «Грицконың сағаты», «Көк төмпеш», «Сезікті қыз», «Өлтір оны», «Хат», тағы басқа әңгімелері, көптеген публицистикалық мақалалары дәлел болады.

1.1 «Ұшқан ұя» повесі – шығармашылық өмірбаян негізі

Жауынгер жазушының қаламынан туған алғашқы көлемді шығармасы – «Ұшқан ұя». Бұл Бауыржанның балалық шағын баяндаған, өскен тәрбие алған ортасын суреттеген өмірбаяндық шығармасы. Повестің бірсыпыра көріністері С.Мұқановтың «Менің мектептерім» мен М.Әуезовтың «Абай» романындағы суреттелген қазақтың тұрмыс-салт, әдет-ғұрып картиналарын еске салады. Алайда, «Біздің семьяда» Бауыржан Момышұлының өзіндік түсінігі, өзіндік дүние тану тұрғысы және өзіндік көркем суреттеуі көзге түседі. Бұл повесть жазушының өзіне тән суреткерлік бетін танытты. Шыншылдық, нақтылық, өмір материалын жетік білушілік жазушыға көпптеген көп қажет қасиеттер.
Қалық халық ортасында, қарапайым семьяда туып-өскен, жастай шешесі өліп, ақылды ана, қарт ана, үлкен әжесінің қолында тәрбиеленген Бауыржанның жасынан сезімтал, елгезек, ойшыл болып өскен көреміз. Бала кезінен көрген білгені, өмірден алған әсері жүрегіне жазыла берген тәрізді де, қар сондай бойына сіңе берген тәрізді, енді келіп сол жан түкпіріне іркілген қор есейген шағында, өмірдің ауыр кешуінен өткен шағында бұлақ суындай қайнап, бұрқылдап сыртқа шыққан тәрізді. «Біздің семьяны» қызығып оқисың, сүйсініп оқисың. Бауыржанның жастық шағын өз басыңнан өткергендей сезімге бөленесің. Мұның сыры неде? Мұның сыры шығарманың көркемдік, суреткерлік қасиеттерінде, сыншылдық сипатында. Повесте шиыршық атқан сюжет жоқ. Бар әңгіме бір семьяның тағдырын, он-он бес жыл ішіндегі бастан кешірген өмір құбылыстарын баяндайды. Сондықтан шығарманың тартымдылық себебін автордың әлгі айтқан суреткерлік қабілетінен әңгімешілдік шеберлігінен, ағынан жарылып, ақтарыла адал сөйлейтін адамгершілік сарынынан табамыз. Мысалы, повесте автор үлкен әкесі Имаш, өз әкесі Момынәлі жайында былай әңгімелейді:
«Менің бабам Имаш 1911 жылы тоқсан екі жасында дүние салған. Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші перзенті – менің әкем Момынәлі екен. Оны жұрт Момыш деп кеткен. Әжемнің аты Қызтумас еді. Қартайғанда сары кемпір атанған. Жарықтық, аса сабырлы, ажарлы, ақ дидирлы кісі екен. Ондай ару ол кезде ел арасында некен-саяқ. «Ұл біткеннің бәрі қазанның түп күйесіндей әкесіне тартып қара болды, қыз жағы өзіме тартып аққұбаша ажарлы шықты» деп отыратын еді, жарықтық. әжем өзінің ұлдарына өңшең аққұбаша аруларды айттыруға ынтық болған. Соның кесірінен менің әкем Момыш отыз үш жасында да салт басты, сабау қамшылы жүріпті. Оған әжем:- Әй қара құл, мен құдайдан саған ай көрікті ақ перизат жолықтырғай деп тілеймін. Тым болмаса немерелеріңізді жиіркенбей сүйейін,- дейді екен.
Бір кезде көрші ауылда үлкен той өтіпті. Той ойын-сауықсыз болған ба? Үлкен киіз үйдің ішінде жігіттер мен қыздар айтысып жатса керек. Той дегенде......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Асель
    Оқырман Асель 06.06.2021 20:35
    0 + 0 -
    Тек ұлттық танымда ғана жан-жақты ақпаратымен жүйеленіп, сол ұлттың мәдени құндылығын көрсететін концептілер (дала, көш, домбыра, қамшы, тары). Мысалы, "дала" концептісі қазақтың өмірін, жайлауын, мал шаруашылығын, дарқан кеңдікті, жазықтықты объективтендіреді. Автор танымында дала кеңдік эталоны ретінде алынып, қазақтың кең байтақ жеріндегі ұлттық-мәдени өмірді, яғни қазақ даласындағы жырмен оянған еркіндікті сүйетін халықтың болмысын сипаттайды. Мысалы ойсурет құрлымында танылуы: Қазақ жері - алып бір қара қазан, қазанда қайран жұртым қуырылды. Мұндағы лингвомәдени бірлік - қара қазан. Сценарийлік құрылымда танылу: Қашаннан жерік қара Жер, жесірдің қайғы- мұңына. Дала, дала… Сал дала селеулеген, Жырмен ұйықтап оянған өлеңменен. Дала деген күйсандық бұл қазаққа, Абай десе құлағы елеңдеген. Уһ, дала! Дала толған көл-көсір жыр, Дала-қобыз, тұтпайды пернесін кір.