Қазақ әдебиеті | Роза Мұқанованың шығармашылық лабораториясы

 Қазақ әдебиеті | Роза Мұқанованың шығармашылық  лабораториясы

Мазмұны

Кіріспе: Әдебиет және жазушы
I-тарау: Шығармашылық әлем сырлары
1.1. Жазушы дүниетанымы
1.2. Шығармашылық процесс
1.3. Жазу кезең
II-тарау: Адам жаны-жұмбақ арал
2.1. Образдар жүйесі
2.2. Прототип мәселесі
Қорытынды

Кіріспе
Әдебиет және жазушы
Кез-келген адамзаттың өмірінде терең әрі көлемді орын алатын мәдениет — өнер мәдениеті. Фидияның мүсіні, Рафаэльдің суреті, Шекспирдің трагедиясы, Бетховеннің симфониясы, Пушкиннің лирикасы, Әуезовтің роман — эссесі, Қастеевтің суреті, Абайдың лирикасы ғасыр бойы өмір сүріп келеді әлі де сүрмек. Бұл әлемдік өнердің біртумалары адамзат мәдениетіне қаншама үлкен әсер еткенін өлшеу қиын.
Адамның игерген осындай көптеген өнерінің ішінде айрықша орын алатыны, ол — сөз өнері. Қазақтың академигі З. Қабдоловша айтсақ, “Әдебиет су да емес, от та емес. Әдебиет— өнер. Әдебиет— сөз өнері. Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі — көркем әдебиет.” /1.9./
Әдебиет — кез-келген өнер сияқты өзінің алдында шындықтың шығармашылық тұрғыда басқаша өзгеруі.. Шындығында болған нәрсе өз бетінше өнерді құра алмайды. Орыстың жазушысы М. Горький бұл тұрғыда “Ақиқат — ол әлі шындық емес, ол тек өнердің нағыз шындығын құрастырып, жапыстыратын шикізат қана. Тауықты қауырсынымен қуыруға болмайды. Бізде кездейсоқтық пен жеңіл-желпі мардымсызды араластырып шындықты таба алмайды. Ақиқаттың жеңіл-желпі мардымсыз қауырсынын жұлып, ақиқаттан мән-мағына жасап шығару керек.” /2.11/ Ал, Гончаровтың айтуынша “өнер шығармасындағы өмірден алынған оқиға ақиқаттың шындығын жоғалтып алады да, көркем шындық бола алмайды. Суреткер табиғат пен өмірден тікелей алып жазбайды, шындыққа ұқсас қылып жазады. Сол үшін көркем шығармашылықта “жалаңаш” шындықты таппай , соған ұқсастықты табуымыз жөн /2.11/ Әдеби шығарма — өмір шындығынан туады. Өмір шындығынан өнер туындысын, көркем әдебиет үлгісін жасау — инемен құдық қазғандай қиын, тіпті азапты еңбек./3.3/
Әдеби шығарма әдебиетпен келеді. Ал, “әдебиет —ықшамдалған әлем” (Салтыков-Шедрин), бұл әлемге бәрі сияды, өмірдегі құбылыс та, адам тағдыры да. Ал, әдеби шығарма — сол нұрлы дүниенің сырлы бөлігі.. Ол — өмірдің өзі секілді күрделі, бұралаңы көп, қия-қалтарысы мол шытырман шындық.. Әдебиет оқушыны аспандағы қиялмен өмір сүргізбей, тіршілікпен бетпе-бет келтіртіп, қоян-қолтық араластырып өмір сүруге үйретуші.
“Әдебиет — үлкен процесс. Жазушының өзі қоян-қолтық араласып, бетпе-бет келіп жүрген жайларын көркемдік қазынаға салып, нәр-сөлі, тұз-дәмі татып шыққан рухани азыққа айналдыру оңай шаруа емес. Сезіну, түйсіну, іздену, тер төгу , т.б. толып жатқан процесстің өзі де шынайы талант күшінсіз бейшара күйде қалары мәлім.”/4.89/
Қазақ әдебиеті.. “Осы сөзді ауызға алғанда ең алдымен көз алдымызға үркердей бөлек топ жұлдаздары елестейді. Алдында Абай, жанында Жамбыл бар, сахарадағы салқар көшбастаушылардай соңында ілескен сарабдал сарбаздары бар, киелі Әуезов елестейді.” /5.94./ Елес қана емес, нақтылы көрінісіне ішің жылыйды, көңіл түндігі желпілдеп, жүректі мақтаныш пен қуаныш сезімі керіп кетеді.
Әдеби туынды — адам еңбегінің нәтижесі, автор санасы мен танымының, ойы мен қиялының, айналаға, қоршаған ортаға көзқарасының, қарым-қатынасының жемісі. Яғни, әдеби шығарманы жазушы ол- жазушы. Әдебиетке әрбір қаламгер әртүрлі көркемдік мұраттармен келеді. Олардың ішінде күн-түн қатып, қан мен жанды қинап туар көркем шығармашылықты мәңгілік өмірге ұштасуын ойламайтын, армандамайтын кемде-кем./5.14/
Көркем шығарма оқып отырып оның авторына деген қызушылық пайда болады.
Менің сүйіп оқитын жазушым, ол есімі әдебиет сүйер қауымға өте таныс жазушы-драматург — Роза Мұқанова.
Роза Мұқанова. Көрнекті жазушы. Адам психологі.
Осы үш тіркес бір-бірімен үйлесіп жатқандай.
Біріншісіне келсем, Роза Мұқанованың есімі кез-келген оқырманды елең еткізбей қоймайды. Егер адамның тағы бір қырын көргіңіз келсе, ең алдымен Роза Мұқанованың шығармаларын тауып оқыған жөн.
Екіншісіне келсем, көрнекті жазушы дегенім жазуды өнерім деп түсінген, жазушылықты кие санаған (ақша табудың жолы деп емес) жазушылардың бірі Роза Мұқанованың көркем туындылары проза әлемінде айрықша орын алады. Бір “Мәңгілік бала бейнесінің” өзі қаншама оқырманды таң қалдыртпады.
Үшіншісіне келсем, Роза Мұқанова адам жанына терең бойлап, қатпар-қатпарын аралап небір құпияларды тауып, соны түсіне біледі. Адам жаны әртүрлі, тағдыры да әртүрлі. Бүкіл әңгімелерінде адам өмірі арпалыс үстінде, жан тебіренісінде, күйзеліс шайқасында жүреді. Ешқандай кейіпкер жан азабынан құтылып рахат өмір кеше алмайды.
Роза Мұқанованың ойынша, “әдебиет — мұхит. Тереңдеген сайын қауіп-қатері де күшті. Деміңнің шамаңның жете алған жерін ғана меңгересің, түбіне бойлай алмаған жұмбағың қаншама. Көркем дүние жасау үшін ұйқысыз таңдар атыратын интеллектінің қауқары керек. Жүректен шығатын тіл, сезім мен қиялдың ақыл, ойға қозғау салар жүйріктігі қажет”/6./
Р.Мұқанованың шығармаларындағы басты ерекшелік — ол кейіпкерлерінің жан дүниесін психологиялық толғаныс үстінде ашуға ден қоюында және сол алған бетінен қайтпай келе жатуында. “Адам жанынан жұмбақ, адам жанынан түпсіз не бар? Әр адам жаны — ашылмаған бір-бір жұмбақ аралы. Өзгені қойып адам өмір бойы өз-өзін зерттеп бітпейді. Адам жанына үңілген сайын небір қалтарыс-бұлтарыстарына құлыптаулы жатқан құпияларына кез келесіз”. /7./ Роза да әр әңгімесінде кейіпкерлерінің мінез-құлқын бұрын кездестірмеген бөлекше әдет, бөтен мінез көре білді, соны оқырманға да кестелі тілмен жеткізе білді. “Розаның ет қызумен қолына қалам ұстап, сонсоң сол қарқынмен, әйтеуір жазып, жарияланып жүре беретін бірталай қатарластарынан тағы бір айырмашылығы — ол әдебиетке іштей мол дайындықпен, дүние танымдық тәжірибемен келген” /8./ Оның ішкі қуаты мол шығармаларында бірден көзге ұрмайтын, көңілмен ғана сезілетін философиялық мұң, трагедиялық дүниетаным бар.
Жазушының жанына үңілу үшін, оның шығармашылық лабораториясын зерттеу қажет. Ең алдымен шығармашылық лабораторияға тоқталсақ, шығармашылық лаборатория — ол кең ұғым. Ол көркем шығармаға табылған тақырып пен жазылып аяқталған шығарманы оқырманың қабылдауына дейінгі аралықты қамтиды.
Фортунатовтың өз тілімен айтсақ, “творческая лаборатория писателя — понятие, сохраняющее известную долю метафоричности, хотя содержание его совершенно ясно для вас. В таких случаях речь идет не о конечном результате писательской работы, а процесс его достижения” /9.3./
Жазушы лабораториясын зерттеу- күрделі процесс. Күрделі болатыны – көркем шығарманың тақырып райында ойға оралуынан материал жиналып, жазылып аяқталуы, оқырмандық аяда қабылдануына дейін болжам жасап, байлам айтасың.
I тарау. Шығармашылық әлем сырлары
1.1. Жазушы дүниетанымы.

Тікелей жазушы лабораториясына үңілу, шығармашылық процессті түрлі аспектіде зерттеу – ғылымның саласына айналғаны көп болғаны жоқ.. Жазушы лабораториясын неден бастау зерттеу керек? деген сауалға, мен қаламгердің дүниетанымынан бастау жөн деп жауап берер едім. Өйткені, қандайда бір шығарма – жазушы дүниетанымының жемісі. Жазушы дүниетанымындағы қайшылықтар көбіне оның қоғамға қатынасынан туындап жатады. Белгілі эстет М. Бахтиннің “Автор - өз қоғамы, өз заманының тұтқыны. Оны бұл тұтқыннан келер дәуірлер құтқарады. Әдебиеттану жазушыны дәуір тұтқынынан шығуына жәрдем етуге міндетті” деген сөзі бар /10. 541./
Ал Белинскийдің айтуынша “ақын – ең алдымен ол адам, содан соң өз елінің азаматы, өз уақытының перзенті, халық рухы мен уақыты басқалардан гөрі оған аз әсер етпейді. Сондай-ақ, ақын адам санасының аумағында аса маңызды қызмет атқаратын әдебиет қайраткері”.
Жазушының дүниетанымын қарастырғанда жазушының балалық, жастық шағы, жеке өмірі, білім алған ортасы, дос-жолдастары, қоғамдық істері туралы деректерді білу қажет.
Роза Қажығалымқызы Мұқанова 1964 жылы қазан айының 14–ші күні Семей облысы, Үржар ауданы, Аксакова селосында дүниеге келді. Балғын балауса балалық шағы бақытты өтті. Үлкендердің әңгімелерін құпия-сырларын білгенді ұнататын. “Еңлік-Кебектегі” Кебек пен Еңлікті түсінбеген Кеңгірбаймен Есенді сондай жек көретін. М..Әуезов жазған Еңліктің монологтарын жатқа айтып үй артында тығылып, жылап отыратын. Роза Мұқанованың сұлулықты, тазалықты, табиғилықты пір тұтуы оның әдебиетке келуіне әсер еткен болар. Ақжүніс, Тоғжан, Еңлік образдары оны әдебиетке әкеліп, жазушылық әлеміне жол ашты. Бала кезінде әдеби кейіпкерлерге еліктеп өсті.. Өсе келе кейіпкерлерді сомдайтын жазушы-ақын, актерлер болатынын ұқты. Жазушыны ең құдіретті күш деп танып, жазушы болғысы келді. Кәсіби жазушы болуды армандады. Сондықтан болар 1976 жылы, яғни 6-шы сыныбында “Менің үкім” атты жазған төл шығармасын “Қазақстан пионері” газетіне жариялайды. 1981 жылы Үржар аудандық Абай атындағы орта мектебін бітіріп, осы жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түседі. Осы кезде оқумен қатар Алматыдағы № 126 –шы балабақшада жұмыс істеп, 1983 жылы ҚазМУ-дың ішкі бөліміне ауысып, 1987 жылы оны тәмамдады. Студент кезінде алғашқы әңгімелері жарық көре бастады. 1984 жылы болашақ жазушының “Менің үкім” атты алғашқы тырнақ алды туындысы жарық көреді. 1987 жылдың қазан айында Қазақтың Мемлекеттік Орталық, Архивінде әдебиет- өнер бөлімінде қызмет атқарды. Осы жылы “Жалын” журналында “Жарық сәуле” атты әңгімесі жарық көріп, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың лауреаты болады. 1989 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының жанынан құрылған “Әлем” альманағына аға редакторлық қызмет атқарды. Осы жылдары “Шықпайтын есік”, “Құдірет – кие”, “Тіршілік үшін жанталас” атты әңгімелері оқырман қауымына ұсынылды. Газет, журнал беттерінде көптеген шығармалары басылып дүниеге келіп жатты. 1990 жылы “Мәңгілік бала бейне”, “Мұң” деген әңгімелері әдебиет сүйер оқырманның қолына түседі. 1991 жылы “Дүние - кезек”, “Соқыр көзден шықан жас”, “Қаралы төбе” шығармалары Мұқанованың әдеби қорын кеңейтеді.. “Монастырь” 1992 жылы жазылса, 1993 жылы “Сормаңдай”, “Шерменде”, “Күнә” туындылары жарық көрді. 1994 жылы Роза Мұқанованың “Жарық дүние” атты тұңғыш әңгімелер кітабы бысылып шығады. Осы жылы “Композитор” атты әңгімесі шықса, 1997 жылы “Патша қатын У” әңгімесі мен “Дүние – кезек” атты екінші әңгімелер жинағы шығып, оқырманды қуантты. 2000 жылы “Сен”, “Тұл”, 2003 жылы “Тұтқын” әңгімелері дүние есігін ашады.
Шығармашылық лаборатория құпиясын ашуда кілт боларлық тағы бір кез — жазушының ағымдағы баспасөз тілшілерімен сұхбаты, сын мақалалары. Роза Мұқанова тек әңгіме жазумен шұғылданбай, мақалаларды да газет бетіне жариялап жүрді. 1994 жылы Ілияс Жансүгіров күнделігі жайлы “Жан қайығын жанға ұрдым”, Абайдың даналығы туралы “Мендей ғаріп қу болса” атты мақалалары, 1996 жылы өзінің сүйіп оқитын жазушысы Тәкен Әлімқұлов жайлы “Тәкен тағлымы”атты мақаласы, қазақтың М.Әуезов атындағы Академиялық драма театрында қойылған “Кебенек киген арулар” атты сын мақаласы, 1998 жылы “Абылай хан” атты мақаласы, 1999 жылы қазақ әдебиетінің жағдайы туралы “Әдебиет жынысқа бөлінбейді” атты мақаласы, 2001 жылы “Жастардың шығармашылығымен мақтанғым келеді” атты мақаласы, сүйікті жары Әкім Тарази туралы “Тек Таразидің құттықтағанын қалаймын” деген мақақаласы, 2003 жылы “Ұлттық сана уланып жатыр” атты мақаласын оқырмандарына ұсынды.
Жазушының қоғамдық келбеті ол — жазушының білімі өмірлік тәжірибесі. Жазушының дүниетанымында жазушының адамзатқа, қоғамға, тарихы өткен уақыт пен осы заманғы уақытқа деген көзқарасын көре аламыз. Жазушының дүниетанымы — ол тек оның неге сенетіндігі емес, оның суреткер ретінде шындықты қабылдауы және оның өз шығармасында көрсете білуінде......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру