Қазақ әдебиеті | Н. В. Гогольдің «Өлі жандар» туындысының аудама нұсқасы

 Қазақ әдебиеті | Н. В. Гогольдің  «Өлі жандар»  туындысының аудама нұсқасы

[quote]
Мазмұны

Кіріспе
1. Н.В.Гоголь және қазақ әдебиеті..........................................................
1.1 Н.В.Гоголь шығармалырының қазақ тіліне аударылу тарихы..........
1.2 Әдеби көркем аударманың ерекшелігі және әдіс-тәсілдері...............
ІІ «Өлі жандар» туындысының аударма нұсқалары.........................
2.1 «Өлі жандар» туындысындағы образдар жүйесі...............................
2.2 Романның құрылымдық жүйесі және аудармасы..............................
2.3 Кеіпкерлер есімдерінің аударылу ерекшелігі...................................
Қорытынды..............................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Зерттеуге өзек болған қазақ әдебиетіндегі Н. В. Гоголь шығыармаларының аудармаларында әлі де көп зерттеуді қажет ететін,басы ашылмай келе жатқан мәселелер баршылық. Жазушы еңбектері түгелдей ана тілімізге тәржімаланғанымен,арасында аударма теориясының негізіне сай келмейтін кемшіліктер мен түсінбеушіліктер бар. Осыларды негізге ала отырып,жазушының «Өлі жандар» туындысының екі мезгілде аударылған осы шығармасының аударылу нұсқасымен салыстырылып саралануы және романның құрылымдық жүйесінің екі тілдегі мазмұн ерекшелігін қарастыру жұмыстың өзектілігін аша түседі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Н. В. Гоголь шығармашылығы қазақ халық әдебиетіне ықпалы мен қазақ әдебиетіне әсері көп тиді. Гогольдің шығармаларының қазақ тіліне аударылуы яғни,оның аудармаларының тарихи өсіп-өрбу жолдары осы ықпал мен әсерден туған. Осылай ,бір елдің әдебиеті екінші елге әсер етеді де,ой-өрісі кеңіп,өмір тану жолы тар шеңберден шығып,үлгі-өнеге алу арқылы есейіп,ер жете береді. Аударма әдебиеті төл әдебиетпен жедел өседі. Төл әдебиет аударманы кемелдендіреді. Еліміздегі аударма жұмысының қарқынды дамуының арқасында көркем аудармадағы Гоголь сынды жазушының аудармаларының тарихы мен аударма ерекшеліктерін және де әдіс-тәсілдерін зерттеп көрсету. Аударманың ерекшекліктеріне көңіл бөле отырып,Н. В. Гогольдің «Өлі жандар»туындысының екі жылдардағы аударма нұсқасымен салыстыру арқылы,романның құрылымдық жүйесін,образдар жүйесінің яғни,кейіпкерлер есімдерінің аударылу ерекшелігіне көңіл бөлу. Сондай-ақ аударма нұсқаларын салыстыра отырып талдау.
Жұмыстың әдістемелік негізі. Көркем аудармадағы Н. В. Гогольдің «Өлі жандар»туындысының аударма нұсқаларын зерттей отырып салыстырмалы әдіс,сызба әдіс,талдау әдістері негізінде жұмыстың барысы айқыдалады.
Гогольдің қанжардай өткір, алтындай асыл сөзін жеткізе білу керек
Қазіргі кезде қарым-қатынасқа деген ұмтылыстың дамуы,елдер мен халықтар арасындағы экономикалық саяси,мәдени байланыстардың ауқымының кеңеюі тек қана аударма ісінің ілгерілеуі мен білікті мамандарды ғана қажет етіп қоймай,сонымен қатар тәржіма қызметінің көптеген мәселелерін күн тәртібіне қойып отыр. Аударма деген сөздің ауқымы кең. Бір тілден екінші тілге өлең,көркем проза,ғылыми және ғылыми көпшілікке арналған әр түрлі еңбектер, дипломатиялық іс-қағаздары,саяси қайраткерлердің мақалалары мен шешендердің сөздері тағы басқа сол сияқты толып жатқан дүниелер аударылуы мүмкін. Тәуелсіз Қазақстаның әлемдік деңгейде нығаюы ақпарат алмасуға, тілдік,мәдени ауыс-түйісті арттыруға да тәуелді. Осы орайда,заман талап етіп отырған тәржіма ісінің көкейкесті мәселелерін арнайы зерттеп оқытудың және де талқылаудың маңызы зор. Осының барлығы да аудармашыға қойылатын талапты аударма теоретигі А. В. Феодоровтың айтуынша екі түрде көруімізге болады.
1/ Аударманың мақсаты-түп нұсқа мәтінін тіл білмейтіндерге таныстыру.
2/ Ал аудару дегеніміз-өзге тілдің құралдарымен баяндалған мәтінді екінші тілдің,құралдарымен толық,дәл жеткізу деген сөз. /1.15/
Аударма осы заманның өз мұқтаждығына сай туған өнер. Оның мәселелерін қарастыру деген сөз-дүние жүзі халықтарының ынтымақ, бірлігінің жаршысы болу деген сөз. Өйткені,халықтардың өзара қарым-қатынасының күшеюі,бір-брімен жақындасуы заманымыздың жарқын белгілерінің бірі саналмақ. Дархан мәдениетіміздің бір ұшы аудармаға ойысып жатады. Мәдени өміріміздің қандай бірсаласын алсаңыз да,аударма араласпаған түрін табу қиын.
Біздер бүгінгі таңда қай тілдің,қай халықтың болмасын көптің рухани жөн дүниесімен байытар қазынасын біз ұлы орыс тілі арқылы,біз ғылым сапасында да,көркем әдебиет сапасында да әлемнің төрт бұрышында болып отырған оқиғалардан оймен де,көкірек көзбен де көңілге түйетін дәрежедеміз. Аударма,сонымен бірге туған әдебиетіміздің эстетикалық мүмкіндіктерінің молаюына,әдеби тіліміздің байи түсуне айрықша әсер етеді. «Переводы необходимыи для образования нашего еще не установившегося языка,только посредством их можно организовать из него такой орган,на коем можно будеть разыгрывать все неисчислимые и разнообразные варианты человеческой мысли»,-дейді В. Г. Белинский. /2.130/ Көптеген тіл білімпаздарының,әдебиетші ғұламалардың зерттеулеріне қарағанда, Белинскийдің осы пікірді айтқан уақытынан бері орыс тілі ең бай тілдердің бірі екенін аңғарамыз.
Аударма тарихына үңіліп қарасақ,ел мен елдің халық пен халықтың өзара ұғынып,жақындасуы ертеден-ақ пайда болғанын білеміз. Оған дәлел-әр жұрттың өмірінде жылдар бойы жалғасып келе жатқан аударма өнерінің үлгілері. Әсіресе ,аударманың басқа үлгілерінен гөрі көркем туындылары бір халықтан екінші халыққа,бір тілден екінші тілге жедел жетіп отырған.
Қазақ тіліне аударма XVII-XVIII ғасырларда келген.Араб-парсы,шағатай тілдерінен ауысқан,ауызша айтылатын ертегілер мен мысал-нақылдар осы пікірдің нақты тірегіндей. Бұлар шын мәнісінде аударма емес,мазмұндап өзінше қайталау еді.
Таза қазақ тілінде аударма тәрбиесі XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап яғни,1879 жылдардағы Ыбырай Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясынан» орын алған. Бұл орыс тілінен аудару дәстүрі еді.1882 жылдары орыс классиктерін Абай аударған. Осы аудармалардың жасалуына жеңілдік туғызған көптеген себептер бар. Аударма әдебиетіне еркін өсуіне әсер еткен бірінші жеңілдік-ауысу, араласу арқылы ортақ сөз,ортақ ұғым көбейді. Екінші-төл әдебиетіміз де өсіп,аудармаға үлгі жасалды. Үшінші жеңілдік-тіліміздің қалыптасып,тіл ғалымдарының ат салысуымен қатар бөгде немесе орыс классиктерінің шығармаларындағы кейіпкерлердің қазақ еліне,қазақ ұғымына жат еместігі. Орыс классиктерінде,біздің негізгі жұмысымыз Гоголь аудармалары болғандықтан,Гогольде кездесетін кейіпкерлердің мінез-құлқы да, мәдени мешеулігі де,өмірге көзқарастары да қазақ елінің шындығына көп ұшырайтын кейіпкерлер Ноздрев, Манилов, Коробочка,Собакевичтер ғой. Осы жағынан алғанда Гоголь адамдарының кейпі,олардың ой-өрісі бізге өте жақын келе береді. Түсінікті ойды,таныс кескінді суреттеп жеткізу-оны біреуге ұғындыру,тұрмыста қалыптаспаған бейнені беруден жеңіл болады. Осындай жеңілдіктер арқылы аударма әдебиеті жедел өсті. Орысшадан қазақшаға жасалған аудармаларда, қазақ елінің әр қилы мәдени сатысына сай,аудармада орын алған үш түрлі әдістерді байқаймыз.Біріншісі – еркін аударма.Бұл тәсіл түнұсқаның тілін, әдеби ырғағын дәл білмеуден,түпнұсқаның өзіне тән ерекшелігін сақтаудан гөрі, аудармашының өзіне тиімділігін көрмеуден туады. Еркін аударма әрбір елдің балау кезінде мәдени шеңбердің тар кезінде пайда болады.
Аудармадағы екінші тәсіл сөзбе-сөз аудару. Бұл тәсіл көбінесе, түпнұсқанң тілін мол түсінгендерде болады. Осыған қосымша ұлы елдің әдеби мұрасын аударғанда , ұсақ елдің уәкілдері әрбір жеке сөздерін де , тіпті нүктелерін де дәл түсіруді көздейді. Осының салдарынан аударма сіресіп шығады, істеп отырған еңбектерін аудармашылар да, оқырмандар да түсінбей шығады.
Аударманың үшінші тәсілі-балама (адекватный) аударма. Бұл аударманың ең қиын түрі. Мұны екі тілді бірдей білумен қатар , сол шет түпнұсқаның ішкі сырын сарқа түсінетіндер орындайды. Оның үстіне автордың дыбыс ырғағын, тіл әдемілігін,сөз қолдану мәнерін қалтықсыз ұғынатындр жасайды.
Аударма-көне де,жаңа да өнер. Өнер болғанда,ол сөз,әдебиет публицистика ғылымдарының ажырамас бір саласы. Аударма адамдардың көш замандарға созылған тарихында тілі өзге,басқа адамдар қауымын түсіндіру құралы,олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы,дәнекері болған. Аудармашылық нағыз шығармашылық өнер.Аудармашы екі тілді де жетік білумен қатар,әрі жазушы,әрі ғалым болуға тиіс.Аударма сапасы оның талантына,біліміне,жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты. Аударма дегеніміз - бір тілде ауызша айтылған пікірді, болмаса жазылған мәтінді тыңдаушыға, оқушыға екінші тілде яғни, оның ана тілінде түсінікті етіп жеткізу. Бір тілден екінші тілге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбек – аударма туынды деп аталады.
Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның мәселелерімен тығыз байланысты. Аударма теориясының дамы,белгілі бір мәселелерді күн тәртібіне қойса керісінше, белгілі бір мәселелердің ,шешімін табуы теорияны ілгерілетеді. Соған орай,аударма тарихы дами түседі. /3.4/
XIX ғасыр классик әдебиетіндегі сыншыл реализмнің негізін Пушкинмен бірге орыстың – ұлы реалист жазушысы, данышпан сықақшысы, әрі патшалы Ресейдің феодалдық – крепостнойлық қоғам құрылысын әшекерлеуші – Николай Васильевич Гогольдің 1809 жылы 20-шы наурызда (қазіргі есеппен 1-сәуірде) Полтава губерниясы,Миргород уезі,Большие Сорочницы деген жерде украин помешигінің отбасында дүниеге келген. Н. В. Гогольдің ата-аналары Василий Афансьевич Гоголь – Яновский мен Мария Ивановна – украин ақсүйектері болатын. В. А. Гоголь сол өңірдегі помещиктердің арасынан өзінің оқымыстылығымен, мәдениеттілігімен, әдебиет пен театрға құмарлығымен ерекше көзге түсуші еді. Жас Николай театрлық қойылымдарды жиі көретін. Оның әдебиет пен өнерге деген қызығушылық сезімін оятқан да осы сәттер болуы әбден мүмкін. Н. В. Гоголь алғашқы білімді үйінде алады. 1818 жылдың күзінде Полтаваның уездік училищесінде екі жылдай оқып,жаңадан ашылған Нежиндегі «Жоғарғы дәрежелі ғылымдар гимназиясына» барып түседі. Онда Гоголь 1821 жылдан 1828 жылға дейін болады.
1830-1831 жылдары «Отечественные записки» атты журналында «Бисаврюк или Вечер накануне Иван Купала» атты повесі жарияланады. Украинның басынан өткен «Гетьман» атты үлкен тарихи роман , «Қорқынышты қабан» повесін жазуды ойластырды. Бұлардың бірнеше үзінділері «Северные цветы» әлманағында «Литературная газетада» жарияланады.Бұдан басқа да Гогольдің бірнеше мақалалары жарық көреді. Бұл басылымдарда Пушкин,Жуковский сияқты орыстың атақты жазушылары қызмет ететін. 1831 жылы 20 мамырда Гоголь атақты Пушкинмен танысады. Бертін келе Гоголь мен Пушкин шығармашылық тұрғыда нағыз дос болып, өздерінің шығырмашылық жоспарлары мен ойларын бір – біріне жасырмай, сеніп айтатын деңгейге жеткен. 1836 жылы Пушкин «Современникті» шығара бастаған кезде Гогольді қызметке тартқан. Оның «Күйме» , «Мұрын» повестері , «Іскер адамның таңертеңі» , «Журнал әдебиетінің қозғалысы туралы» мақалалары алғаш рет осы журналда жарық көреді. Сол уақыттарда Гоголь Аксаков , актер Щепкин , И. И. Дмитриев , тарихшы М. П. Погодиндермен таныса бастайды. Өзінің екі томдық хаттарында жазылғандай , шығармашылық көмектен тыс Жуковский , граф Вьельгорский әулеті , О. А. Смирнов , Аксаков сияқты тағы басқалары Гогольдің шығармашылық дарынына арнайы материалдық көмек көрсетіп отырған.
Пушкин мен Гоголь орыстың реалисттік прозасының негізін салды. Бұл екеуінің жақын болу себебі , екеуі де крепостниктік тұрмысқа наразы болды , екеуі де реалисттік көркем өнер принцептері күресті.
Гоголь Пушкиннің берген кеңесімен 1835 жылы «Өлі жандарды» жаза бастады. Гогольдің өз айтуына қарағанда , Пушкин оған өз тақырыбын берген көрінеді, маңызды мәселелерді кеңінен толғап қорытындылауы және тұрмыстың әлеуметтік жақтарын мол қамтуы , шығармадағы шын өмірлік , әрі жалпыға ортақ бейнелі образдары түгелімен Гогольдің өзініңкі. «Өлі жандар» поэмасының екі томының тағдыры туралы бірнеше деректер бар. Гогольдің өзі оның сапасына көңілі толмағандықтан 1852 жылы 11-інен 12-ақпанға қараған түнде өртеген деген болжамдар айтады. Осылайша Николай Васильевич Гоголь өмірінің соңғы жылдары граф.А. П. Толстойдың үйінде 1852 жылы 21- ші ақпанында (қазіргі есеппен 4 – ші наурызда қайтыс болады. /4.11/
Орыс жазушыларының ішінде сайтан тақырыбына ең алғаш рет Гоголь қатты назар аударды.Адамның сайтанға айналуының бір-екі қадам екендігін байқаған жазушы - өз шығармашылығында бұл тақырыптың астарына терең үңіліп, жан – жақты зерттеп, барлық қырынан ашуға тырысты. /5.116/
Аударма ісі кең етек жайды, сондықтан біздің шет ел әдебиет туындыларын бірнеше нұсқада оқи аламыз. Көркем аударма – кез келген халықтың этно мәдени ерекшеліктеріне кең етектен тәуелсіз қаралатын көпқырлы және құранды құбылыс. Қазақстанда авторы М. О. Әуезов болған «Көркем әдебиет туралы» мақалалар жинағы шықты. Бұл еңбекте орыс әдебиетінен қазақшаға аударудың қағидалары мен әдістеріне байланысты жинаққа орыс әдебиетінің ең жақсы аудармалары енген. Осы жинаққа енген мақалалар қазіргі таңда өзекті мәселелерді көрсетеді. Өз зеттеулерінде Сәйділ Талжанов аударма ісін қандай ғылымға ; лингвистикаға немесе әдебиеттануға жатуы туралы мәселе қозғайды және соңында екі салаға да тән шешеді. Өйткен, тілсіз әдебиет , әдебиетсіз тіл жоқ. С. Талжанов көркем аударманы кешенді түрде талдайды, оны әдебиетпен де, лингвистикамен де қазақ қоғамының әлеуметтік – мәдени мәселелермен байланыстырған. С. Талжанов теоретик және көркем әдебиеттің білікті маманы болып есептеледі. /6.17/....../quote]
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру