Гүл туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 37
Жұмбақтар жинағы: 7
Балаларға арналған тақпақтар: 33
Ақын өлеңдері жинағы: 394
Жаңылтпаштар жинағы: 5
Қанатты сөздер жинағы: 12
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 11
Ертегілер жинағы: 8
Поэмалар: 1
Шығармалар жинағы: 1
Аңыздар жинағы: 1
Эсселер жинағы: 1

Бір гүл – көктем емес.
Гүл бар жерде тікен бар.
Ақпа құлаққа айтқан сөз - құмға құйған судай,
Құйма құлаққа айтқан сөз - гүлге құйған судай.
Білікті адамның сөзі - таза гүл.
Оған гүл де жақпайды,
Гүл өсірген құл да жақпайды.
Ер елінде,
Гүл жерінде.
Бұлбұл гүлдің ашылғанын
Көрем деп сайрайды.
Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл.
Қыз өссе – елдiң көркi,
Гүл өссе – жердiң көркi.
Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.
Әр атаның өз ұлы бар,
Әр бұтаның өз гүлі бар.
Көбелек гүлді сағынар.