Ұл туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 80
Жұмбақтар жинағы: 3
Балаларға арналған тақпақтар: 6
Ақын өлеңдері жинағы: 220
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 36
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 24
Баталар жинағы: 4
Әңгімелер жинағы: 26
Ертегілер жинағы: 1
Поэмалар: 2
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 2
Аңыздар жинағы: 4

Ырысқа қарап ұл өсер,Қонысқа қарап мал өсер
©  Самет Оқанұлы
Əкесінің тоны ұлына жарасса, əкесін жақтырмас.
©  Түркі халықтары
Атаның ұлы атасына тартып туар.
©  Түркі халықтары
Тай өссе, ат тынығар,Ұл өссе, əке тынығар.
©  Түркі халықтары
Ұл берген Құдай пұл да береді.
©  Ермахан Шайхыұлы
Өзіңе тартпаған ұлдың түбі – шикі.
©  Ермахан Шайхыұлы
Ұл өсірме, қыз өсір,Қалыңмалы оның кұл-көсір.
©  Ермахан Шайхыұлы
Өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай құл болмас "Өзіңнен тумай ұл болмас, Сатып алмай құл болмас". Түсті байдың ойына деген бір қарттың..
Әкесі қандай, ұлы да сондай.
Ұлың өссе,Ұлықтымен ауыл бол.Қызың өссе,Қылықтымен ауыл бол.
Қызды асырай алмаған,Күң етеді,Ұлды асырай алмаған,Құл етеді.
Сүймейтін күйеу баласы сүйікті ұлы бола алады.
Әкесі баласына бақ берді, ал ұлы әкесіне жүзім шоғырын аяды.
Ұлы бар үй сымбатты, қызы бар үй суатты.
©  Естеу ЖҮНІС
Төрт ұлы бар кісініңАспанға салған жолы бар.
 Тай өссе – ат тынығады, Ұлы өссе – әке тынығады.

Мақалдың мәнін қалай түсінесіз? Ұлы-қызы қандай болса әке-шеше тынығады?
Сіз..
©  Гүлтас Құрманбай
 Жеті атасын білмеген – ұл жетесіз, Жеті ғасыр тарихын білмеген – ел жетесіз.
 
Жеті саны қазақ үшін киелі сандардың бірі...
©  Гүлтас Құрманбай
Қызың жақсы болса қырымдағы келер,
Ұлың жақсы болса рудағы келер.
©  Кенен Әзірбаев
Ұлың жаққан шырақтыҚызың да жағады.
Оқыған ұл-атасынан да үлкен.
Тай өссе ат тыныс алады,Ұл өссе ата тыныс алады. 
©  Махмұд Қашқари
Ежелден ел тілегі – ер тірегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тілегі.
©  Бауыржан Момышұлы
Бата алған ұл арымас,
Батасыз ұл жарымас.
Баққан ұлдан сәл тайса егер назарың,
Түбі соның тарттым дей бер азарын.
Әке ұрған ұл оңар,
Шеше ұрған қыз оңбас.