Өткен күннен алыс жоқ, Келер күннен жақын жоқ (қазақтың халық мақалы)
Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы. Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш......
Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздің білім моделі түрлі өзгеріске ұшырағаны белгілі. Осыған орай аталған саладағы маңызды жетістерді оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.
Мамандар есімінің тағдырға қаншалықты әсер ететіні әркімнің сеніміне байланысты екенін айтады
Ғалымдар осы уақытқа дейін бір есімді иеленген адамдардың мінезі мен өмір сүру салты, тіпті, сырт келбеті өзара ұқсайтынын дәлелдеді. Ал психоаналитик мамандар барлығы адамның сеніміне байланысты екенін айтады. Яғни әр адам өз есімінің тағдырына қалай әсер ететінін өзі таңдайды. Бірақ осы таңдауына қоршаған ортасы, әсіресе, жақын адамдары міндетті түрде әсер етеді. Қалай десек те, қазақ халқы ат қою рәсіміне ерекше мән бергені сөзсіз. Әдетте танымал жұлдыздар мұндайда мұқият болуға тырысады. Бұл өз таңдауының көпшілікке әсер ететінін білетінімен байланысты болса керек.
Қазақ халқының ұлттық танымы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан, сондықтан да ол қазақ рухын небір күйзелістерден аман алып келе жатқан айрықша қасиетке ие. Халқымыздың сол қасиетін танытатын формула күллі материалдық байлықтан адами құндылықты биік қоятындығымен ерекшеленеді.
Заманауи жағдайда әлемдік білім беру кеңістігінде іргелі қағида қалыптасты: Әр мектеп өз түлегін өз мектебінде ұстаздық ететіндей дәрежеде дайындауға тиісті.
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғылым әлемі Сабақ тақырыбы: Деректерді талдау 2-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.1.5.1 алынған деректерді графикалық түрде көрсету Сабақ мақсаттары: Оқушылар: • Деректерді графикалық түрде ұсыну ұғымын тұжырымдайды; • Алынған деректерді талдайды; • Берілген мәліметті көрнекі түрінде ұсынады......
Еңбек тәрбиесі қашан да ең маңызды қоғамдық міндеттердің бірі болып табылады. Сондықтан жас жеткіншектің жан - жақты өсіп дамуы үшін бірден - бір қажетті нәрсе – еңбек екендігін айқын аңғарамыз. А. С. Макаренко «Балаларды еңбекке қай жастан тәрбиелеу керек?» деген сұраққа «мүмкіндігінше ертерек бастау керек» деп көрсетті.
Мақсаты: 1 қыркүйек - Білім күнін, 30 тамыз - Ата Заң күнін атап өту, маңызын түсіндіру. Мерекені сезіндіру. арнайы әндер, тақпақтар үйрету. Отаншылдыққа тәрбиелеу. Сахна мәдениетіне баулу. Көңілді орта қалыптастыру.
Би «Мереке»
1 - бала: Ерекше бүгінгі күн, салтанат сән Тербетер жүректерді бір әсем ән Шат - шадыман барша ел, барша халық Құлпырып тұр гүлдермен айнала, маң Қымбатты балалар, құрметті ата - аналар, балабақша қызметкерлері! Баршаңызды бүгінгі 1 қыркүйек - білім күнімен, жаңа 2016 - 2017 оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Мерекемізге қош келдіңіздер!......
Тұғырлы тәуелсіздік еліміздің басына бақ болып қонған сәттен бері егемен Қазақстан түрлі жетістіктерге қол жеткізіп, елеулі өзгерістерді басынан өткерді. Еліміздің басынан қара бұлт сейілген жылдар ата-бабаларымыздың сонау күнгі сағымдай ұшқан армандарының қайта қанат жайып, асқақтап, қомдануына және кемел болашаққа жаңа көшбасшымызбен қадам басуымызға арқау болды. Тәуелсіздік – халқымыздың баға жетпес асыл қазынасы, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалар теңдессіз байлық. Қазіргі таңда, біз дамыған заманға бет бұруға тырысып жатырмыз. Соның бір дәлелі, еліміздің дамыған 50 ел қатарынан табылуы. Алайда, бұл күнге жетпес бұрын біз талай асуларды бағындырып, еліміздің озық мемлекеттер қатарынан көрінуге лайықты екенін сан рет дәлелдедік. Ата Заңымыздың қабылдануы ең алғашқы жетістіктеріміздің қатары деп есептеуге болады, себебі, Конституция - тәуелсіздіктің айғағы, теңдігіміздің бұлтартпас дәлелі. Кейін, еліміз түрлі даму сатыларынан өтіп, ресми тіліміз, валютамыз біртіндеп қабылдана бастады және бұл елімізді ерекшелеп көрсететін, тарихымызды айқындайтын ұлттық құндылықтарымыз еді. Дамыған мемлекеттермен иық тірестіру бізге оңайға соқпайды. Қазіргі күнімізге шейін мемлекет тарихында алтын таңба болып қалатын елеулі оқиғалар легі қандай, қай жерде оза шаптық, қай жерде қалыс қалдық?
Тәуелсіздіктің таңы арайлап атқаннан кейін еліміздің жеке мемлекет ретінде сын-сипатын анықтайтын белгілері қалыптасты. 1992 жылы ҚР Президенті «ҚР Мемлекеттік Туы», «ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы», «ҚР Мемлекеттік Әнұраны туралы» заңға қол қойды. Туымызда бейбітшілікті бейнелейтін ашық көк аспан, алтын күн, қайсарлығымыздың дәлелі қыран бейнеленді. Ал, 1994 жылы дербестігімізбен көрген ұлы тойымыз қазақ азаматының еліміздің атынан тылсым ғарышқа сапар шегіп, қауіпті де, қызықты ғарыш әлемін бағындыруы еді. Ол «Халық қаһарманына» айналған Талғат Мұсабаев болатын. ......
Адам мəңгі жасамайды,мəңгі жасайтын оның ісі. Н.Ə.Назарбаев
Қазақстан-Тəуелсіздіктің жемісі.Дəл осы кең байтақ қазақ жерінде,қазақ ұлтында дүниеге келгеніме шүкіршілік етемін,əрі мақтан тұтамын.Біздің ел өз алдына бірлігі жарасқан,тəуелсіз тату ел.Осы тəуелсіздік үшін күресте батырларымыз,аға-əпкелеріміз,біз үшін қандарын төгіп ерлік етсе де,тəуелсіздік ала алмады.Біз тəуелсіздікті көп күттік,армандадық. Көп жылдар бойы аңсаған арманымыз,1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды.Осы күні біздің тұңғыш елбасымыз Н.Ə.Назарбаев сайланды. Осылайша,16 желтоқсан күні өз тəуелсіздігімізге ие болдық.Бұл күн тəуелсіздікті жылдар бойы көптен күткен,қазақ елі үшін,үлкен қуаныш,бақыт болды.Міне,содан бері еліміз біршама жылды артқа тастап,Қазақстанымыз əлемге танылды.
Еліміз күнен-күнге дамып келеді.Бұның барлығы елбасымыздын салихалы саясатының арқасы деп білемін.Менің ойымша,Қазақстанның қазіргі деңгейге жеткені елбасымыздың еңбегінің жемісі.Тəуелсіздік жылдарында Астана қаласы қалай бой көтерді?Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу үшін қаңдай жолдардан өтті?Осы сұрақтарға жауап бере отырып,өз көзқарасымды дəлелдейін......
.. Қара жерде қылтыңы жоқ бір елміз, Әрі биік, әрі кеңбіз, тереңбіз. Әніміз бар асқақ жалау сықылды, Көтерілсе - тік көтерер жұртымды. Біз дүниеге мәңгілікке келгенбіз.
Қасым Аманжолов
Мен - кеңпейіл, көңілі дархан әрі әлем халқы ержүрек деп таныған қазақ қызымын. Сан ғасыр адамзат баласын бауырына басқан ұлы дала перзенті де мен боламын. Қазақ қызы ретінде өз елімді, өз жерімді ардақ тұтып, мақтан етемін.Тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің халқымыз Қазақстанның ұлы тарихын жаңа жетістіктерімен және табысты қайта құрылымдалуларымен тамаша жалғастырып келеді. Жарасымды да жасампаз саясаттың нәтижесінде біз әлемдік прогреске қол жеткізіп, айналаға түгел танылдық. Бір ту астына біріккен ел азаматтары егемен Қазақстанның игілігі жолында еңбек табыстары мен алға қойылған мақсаттардың ойдағыдай орындалуына аянбай тер төкті. Мұның барлығына мың мәрте шүкіршілік ете отырып, жаңа заманның жаңа басталғанын да ескеруіміз керек. Сондықтан түгендейтін де, тыңнан іздейтініміз де жетерлік. Сәл ғана өзімізге сын көзбен қарайық. Бабаларымыз арман еткен тәуелсіздікке қалай қол жеткіздік? Сан ғасыр аңсап, армандап қол жеткен тәуелсіздік бұқара халқымыз арасында түгелдей шынайы рухани серпіліс туғыза алып отыр ма? Бүгінгі тәуелсіздігіміз тұғырлы болу үшін алда әлі не істеуіміз қажет?.....
Елбасымыздың Болашаққа бағдар атты мақаласынан ой түйе келе өзімізді рухани жағынан жаңғыртуымыз керек екен. Себебі Қазақстан саяси және экономикалық жағынан дамып келе жатқанымен рухани жағынан дамуы қолға алынбай келе жатқан маңызды істердің бірі болып табылады. Басқа елдердің көз алдымызда дамып келе жатқаны бәріне беймәлім. Біздің еліміз де жоғары деңгейде көрінуге тиісті. Бұл мақсат бойынша:Н.Ә. Назарбаев бізге мақала ұсынып, дамушы елдің тарихын насихаттайтын жобаны жастардың санасына елдің басты негізі ретінде жеткізу. Біз қазақ халқы, ұлттық-рухани тамырдан нәр ала алмасақ, ол - өмірден өз орнын таппаушыллыққа, адасуға апарады. Жастар мен бүкіл Қазақстандықтар бұл мақаланы оқып және оны түсініп қана қоймай, бұл айтылған игі істерді жүзеге асыра білуі қажет. Ол үшін қазіргі білім мәселесіне көп көңіл бөлуге міндеттіміз. Яғни, өсіп келе жатқан жас өскіндерімізді қазақ тілінде ғана емес өзге тілдерді: ағылшын, орыс, латын тілдерін меңгеріп, осы тілдермен еркін сөйлесіп үйренсе, өте білімділік елден орын алса, барлық жастарымыз көкірегі ояу,көзі ашық болып өсер еді. Бұл мәселеден кейінгі талқыланатын - техниканың дамуы. Жапония, Америка, Қытай сияқты елдердей экономикалық, экологиялық жағынан, әсіресе техника жағынан дамып, алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып келе жатырмыз. Қазіргі таңда басын жерге қаратып, үндемей отырған адамдар жоқтың қасы. Барлығы дерлік бәсекелестікке түсіп, бір-бірінен қалмауды алға мақсат қойған. Бәсекелік қабілет елдің дамуына ықпалын тигізеді. Қазір, 21 ғасыр, заман талабына сай компьютерді жетік меңгеруіміз қажет. Техникамен қатар, ой-санамыз өсіп отырса, «Қазақ елі» қараңғылықтан жарып өте жарыққа шығар еді. Біз шет елдің тарихын біліп, оған тамсана қарап, өзімізге жақсы қабылдаймыз. Сол секілді біздің елді тану үшін: басқа елдің есінде қалатындай етіп, қазақша әріптерден қаланған есімді: қала аттары, ескерткіш аттары қойылуы қажет деп ойлаймын......
Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтықнамысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа! Н.Назарбаев Еліміздің тәуелсіздігі – ата-бабамыздың асқақ армандарынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Қазақ халқы үшін XX ғасыр «тар жол, тайғақ кешулерден», соқтықпалы, соқпақсыз жерден тұратын, отызыншы жылдардан басталып, елуінші жылдардың ортасына дейін жалғасқан сталиндік геноцидті қамтитын зұлмат дүние мен талай жетістікке жеткен қуанышты сәттерді қамтиды. Қазақ елінің басынан бұл ғасырдың тартқан сыйы мен тартуы да мол, қайғы мен қасіреті де аз емес. Бұл қиындықтарға көңілі дархан қазақ елі де бетпе-бет келіп сабырлы мінез танытты. Басынан қанша қиындық өткерсе де елімнің басты міндеті мен мақсаты қазақ халқын сақтап қалу, тәуелсіздікке қол жеткізу болды. Осы қиын да қатерлі жолдан өтіп, бүгінде көкбөрінің ұрпағы 25 жыл тәуелсіз қазақ мемлекетінде өмір сүріп келеді. Тәуелсіздікпен бірге ел тарихына, көп ұлтты Қазақстан мемлекетіне ұлы жаңалықтар қоса кірді. Ұлыбайтақ жері бар, еркін халқыбар үлкен мемлекеттің өзгеге ұқсамайтын тарихы, қалыптасу, даму жолыда ерекше болды. Ата-бабадан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп, дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтай отырып, өзгеге көңіліміз ашық, дастақаны, қолы жомарт халық ретінде дамып жатқан еркіл елміз. Бүгін Қазақстан – әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген өжет елдің мекені. Оның дәлелі қысқа уақыт ішінде атқарған экономикалық, әлуметтік іс-шаралар жиына. ....
Шығарманың жоспары 1.Кіріспе: Елім, жерім - Қазақстаным, Ата Заңым – тірегім. 2.Негізгі бөлім: а) Астана қаласының тарихы. ә) Елорда және Елбасы. б) Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. в) «Бәйтерек» кешені жаңа ел орданың - басты символы. г) Астана - Еуразия кеңістігінің орталығы. 3.Қорытынды: а) Елбасының - ізгі саясаты, арманы. ә) Астана - бүгін өскелең қала. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 жылы 30 тамызда Республика референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеті билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек, немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз. 2а) Қазақстанның ең бірінші астанасы 1920 жылы Орынбор болған. 1925 жылы астана Қызылордаға көшті.Түрксібтің салынғанына байланысты астана Алматыға көшті. Заң түрінде бұл оқиға 1927 жылдың 3-ші сәуірінде болды, шындығында көшу 1929 жылы болған. Ақмоланың тарихы 1830 жылдан бастап, яғни Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі салына бастаған кезден басталады. Ақмола – Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда – экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды. .....
Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман Н.Ә. Назарбаев
Бағзы замандарда бабаларымыз алдағысын байырқалап, келер күннің еншісін қашанда көңіліне түйе жүріп тұрмыс кешкен ғой. Алып аумақта атқа қонып, жұртына жайлы қоныс іздеп жортқанының өзі де елдің ертеңін ойлағандық, келешектің тереңіне бойлағандық емес пе. Ойламаса, Асан қайғы бабамыз Желмаясымен желіп жүріп жер жәннаты Жерұйықты іздеп, әрлі-берлі сабылар ма еді. Құдайға шүкір, сол “күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған” бабалардың тілеуі шығар, тынымсыз тірлігінің арқасы болар, алаш жұрты бүгінде әлемнің тоғызыншы территориясы саналатын алып аумаққа тамырын жайып, Жерұйыққа бергісіз жерде өрісін кеңейтіп, түтінін түтетіп отыр. Ол бүгін солай. Ал оның ар жағында, бұл қазақ жұртының көрмегені жоқ-ты. “Жайық үшін жандасып, Қиғаш үшін қырылған” кезі де аз болмады. Бодандықтың бұғауы жанына қатты батқан кезде ғой Махамбет сынды ақиық ақынның ақыра отырып, көкейдегі күйкіге толы арман-тілегін еріксіз ақтарғаны. “Еділдің бойы ен тоғай, ел қондырсам деп едім, Жағалай жатқан сол елге, мал толтырсам деп едім…”, - деген Махамбет сынды өр тұлғалы бабалардың азаттық үшін арпалысының жақсылығын араға ғасырлар салып үрім-бұтағы, ұрпағы көрді. Осыдан ширек ғасыр бұрын ғана Қазақ елі бодандық бұғауынан құтылды. Қазақ елі......
Отан! Отан! Сен болмасаң, не етер ем? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем. Өмірден бұл өксуменен кетер ем. Мұқағали Мақатаев Отан... Неткен киелі де құдіретті сөз! Бұл сөздің астары аса терең. Себебі, Отан – бар ұлттың басына бұйырмаған бақыт. Жер бетінде Отансыз ғұмыр кешіп жүрген сан ұлттар бар. Кез келген халықтың елдігінің, егемендігінің, тәуелсіз ұлт екендігінің айғағы – өз Отанының болуы. Біздің Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – асқар шыңдары алыстан көз тартатын, өсімдіктері емдік қасиетімен ерекшеленетін, өзен – көлдері мөлдір, қойнауы қазынаға, табиғаты тамашаға толы құтты мекен. Ол – менің, Қазақстанды мекен ететін әрбір жанның сүйікті Отаны! Отанымыздың әрбір тауы мен тасы үшін, өзені мен көлі үшін ата – бабаларымыз ұзақ жылдар бойы сыртқы жаулармен айқасып, бірі жанын, бірі жастығын құрбан етіп, біздерге бүгінгі байтақ даланы аманаттап кетті. Біздің бүгінгі ең үлкен байлығымыз – Тәуелсіздік! Ең құнды қазынамыз – ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан дархан Даламыз! Аталған байлығымыз бен қазынамыз, яғни Тәуелсіздік пен Жер – біздің мемлекетіміздің негізгі тірегі. 1991 жылдың 16 желтоқсаны... Бұл кез келген ел азаматы үшін айтулы күн. Көптен күткен Тәуелсіздікке ие болған күн. Егер қазақ тәу етер жалғыз кие болса, ол Тәуелсіздік дер едім. Міне, еліміз сол тәуелсіздікке қол жеткізгелі жиырма бес жыл уақыт өтті. Бүгінде Қазақстан айқын мақсат – мүддесі бар, болашаққа үлкен жоспарлар артқан дербес те дамушы мемлекетке айналды. Ширек ғасыр аралығында Қазақстан көптеген мемлекеттермен достық қарым – қатынас орнатып, ішкі – сыртқы байланыстары нығайып, өзгелермен иық тірестіре алатын, әлемдік аренадан орын алған өзіндік үні бар ел болды. .....
Пай! ПАй! Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер. Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер. Ғашықтар бір-бірін өпкен жер. Сарылып сал-сері кеткен жер. Бас иіп, иіскеп топырағын, Тағзым жасамай өтпеңдер! М.Мақатаев Қазақстан – Алтайдан Атырауға, Қаратаудан Көкшеге созылып жатқан қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы, ата-бабамыздың кіндігі кесілген кең байтақ жер. Жазира жерді мекендеген ата-бабамыз басынан қиын-қыстау күндерді аз кешірген жоқ. Жаугершілік замандарда қаншама батыр ұлдарынан айырылып, ұлы –құл, қызы – күң болып кетпесін деп, елін, жерін сақтап қалу жолында қаншама тер төкті. Ер басына күн туса етегімен су кешуге даяр ерлер ұлтарақтай жері үшін қасықтай қаны қалғанша аянып қалмады. Соның барлығы да жері, елі, ұрпағы үшін күресіп, жер жастанғандар. «Ер ел үшін туып, ел үшін өледі» деген мақал осыдан қалса керек. Тәуелсіздік жолында шейіт болған батырларын еліміз ұмытпай, тағзым етеміз. Айдынды көлдер, асқарлы таулар, күні от шашқан шөлдер, арналы өзендер, ну ормандар, сылдырлаған бұлақтар Қазақстан жерінде. Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы еліміз жерінің кеңдігімен, байлығымен мақтана алады. Міне, ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқы тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына табалдырық басты......
Тәуелсіз ел! Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең көлемде шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі.Иә, бұл-бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу кұштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі.Ол-өлең, ол-ән, ол-сұлулық, ол-асқақ арман, ол-шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз.Қазақ жері. Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәулсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! "Тамырсыз ағаш,тарихсыз халық болмайды"демекші, қазақ елінің азаттық,бостандық жолындағы тарихына бір сәт көз жүгіртіп өтетін болсақ, басынан қаншама қиын-қыстау ауыр сәттерді өткіздігін көреміз.Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, ұшса құс қанаты, шапса тұлпар тұяғы талатын кең-байтақ жерімізге көз алартқан жауларымыз аз болмады.Ең алдымен, Жоңғар халқы жерімізге баса көктеп кірді.Олардың жасаған шабуылынан еліміз аз зардап шеккен жоқ.Ел арасында "Ақтабан шұбырынды,Алакөл сұлама"орын алды.Алайда елінің тыныштығын ойлаған хас батырларымыз бен ел билеген хандарымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол жинап, атамекенін, жерін жаулардан қорғай білді.Одан кейін де халқымыздың ел тарихында қаншама ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.Олардың барлығы халқымыздың тағдырына өшпестей із қалдырды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол туралы былай деп еске алады:"Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды"......
1941 жылдың 22-маусымында таңғы сағат төртте Германияның немісфашист басқыншылары елімізге күтпеген жерден ойран салды.Бұл олардың «барбаросса» жоспары бойынша іске асырған әрекеті еді.Бейқам жатқан елге тұтқиылдан шабуыл жасауы - неміс фашистерінің опасыздықтарын көрсетіп берді.1941-1945 жылдары соғыс кезінде ең көп қырылған ұлттар қазақтар болды.Еркіндік үшін, артындағы ұрпақтары үшін жалаңаш кеуделерін оққа тосты. Соғыс - адамзат баласына қасірет пен қайғы әкеледі.Соғыс - әрбір отбасының шаңырағын шайқалтып,тағдырын мүлде басқа арнаға өзгертіп жіберді.Балалары әкелері мен үлкен ағаларынан айырылды..Әйелдер сүйікті жарынан айрылып,жесір қалады.Ал жау басып алған жерлерде,тіпті қасірет үлкен.Кәрі ата–әжелер небір қорлықтарды көрді.Әйелдер мен қыздар зорлыққа ұшырайды.Ол да басымыздан өткен қасірет. Ұлы Отан соғысында ерлігімен тарихта есімдері алтын әріптермен жазылған Бауыржан Момышұлы,Талғат Бегильдинов,Рақымжан Қошқарбаев,Мәншүк Мәметова ,Әлия Молдағұлова,Хиуаз Доспанова және басқа да батырларымыз бар.Олар ешқашан ұмытылмайды.Ел қорғаған батырды ардақ тұту-Отанын сүйген әрбір азаматтың парызы. Әрбір соғыстың салдары –шығын, оның ішінде адам шығыны.......
Пән: География Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера Сабақ тақырыбы: Халықаралық экономикалық қатынас Оқыту мақсаты: 9.5.4.3 халықаралық экономикалық қатынас түрлерін жіктеп, сипаттайды 9.5.4.4 дүниежүзілік шаруашылықтың даму көрсеткіштерін сипаттайды (ЖІӨ, ЖҰӨ, оның ішінде жан басына шаққанда)....
Қазақ телевидениесінің майталманы Шымкент қаласының тумасы екен. Ол 1972 жылы қарапайым отбасында дүниеге келген. Қызылорда қаласынан бастауыш мектепке барып, кейін Алматы облысының Есік қаласына орта білім алған.....
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: Күш атасы Ә Қоңыратбаев «Балуан» Оқу мақсаттары: 3.1.2.1* шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау; 3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын өз сөзімен айтады, сюжеттің дамуын болжайды; Көптеген оқушылар: шығарманы құрастырған жоспар бойынша өз сөзімен толық мазмұндайды, кейіпкердің іс – әрекетіне, мінез –құлқына сүйеніп оқиғаның дамуын болжайды; Кейбір оқушылар: мәтін бойынша жоспар құрастырады, жоспар бойынша әңгімелейді, кейіпкердің іс –әрекетіне, мінез –құлқына сүйене отырып сюжеттің дамуын болжайды, қорытынды жасайды, өз ойын дәлелдейді.....
Пән: Қазақ тілі Бөлімі: Сәулет өнері Тақырыбы: № 58-сабақ. Сөйлем мүшелерінің байланысы Оқу мақсаты: 3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау; 3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін ажырату; 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен сызба, график, кесте, фотосуреттер пайдаланып, мәтін (хат, шақыру, нұсқаулық, т.б.) құру/компьютерде теру. Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: -мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды; -үлгі негізінде сөйлем ішінен тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады; -үлгі негізінде тірек сөздерді қолданып, шақыру қағазының мәтінін құрап жазады. Оқушылардың көбі: - мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды; -сөйлем сызбасы негізінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады; -үлгі негізінде шақыру қағазының мәтінін құрап жазады. Оқушылардың кейбірі: - мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды анықтай алады; - сөйлем ішінде тұрлаулы мүшені ажыратып, құрастырады; - шақыру қағазының мәтінін өз бетінше құрай алады.....
Бүкіләлемдік көрме немесе Экспо(Expo) –техникалық және технологиялық табыстарды көрсететін ашық алаң және индустриаландыру символы болып келетін халықаралық көрме. Халықаралық көрме 3-жылда бір рет болады. Бірінші дүниежүзілік көрме 1851 жылы принц Альберттің бастамасымен Лондндегі Гайд-саябағында өткізілді .Көрменің негізгі ғажайыбы Хрусталь сарайы болды ,оның авторы Джозоф Пакстон сарайды әйнек пен темірден жасады.....
Зал мерекеге сай безендірілген. Музыка фонында ортаға екі жүргізуші шығады. 1-жүргізуші: -Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар! 2- жүргізуші: Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер. 1-жүргізуші: Бүгін сізге жырдан.....
Жаңа жылмен ең ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар! Келер жыл Сіздерге қуаныш, жаңа ұмытылмас әсерлер мен үкілі үміттер сыйласын! Ұлы жылы ұшқыр арман-қиялдарыңыз бен ақ тілек-ниеттеріңіз орындалатын жарқын да көңілді, табысты....
Тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау. Оқушының қабілеті Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2017 жылғы 21 сәуірдегі № 5 хаттама).
2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин.....
EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін Астанада өткізу – Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Мұндай ауқымды шараны еліміздің астанасында ұйымдастыру туралы бастама Мемлекет басшысына тиесілі. 2011 жылғы 10 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеске ресми түрде Қазақстан Республикасының өтінімі тапсырылды. Сол сәттен.....
ХИЖРИ АЙЛАРДЫҢ БАСТАЛУЫ ТҮРКИЯ МЕН АРАБ ЕЛДЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МӘЛІМЕТТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖАСАЛДЫ. АЛАЙДА, ДІНИ МЕРЕКЕЛЕРДІҢ НАҚТЫ КҮНДЕРІ ЖАҢА АЙДЫҢ КӨРІНУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ КӨРСЕТІЛГЕН УАҚЫТТАН БІР КҮН ШЕГЕРІЛУІ НЕМЕСЕ АЛҒА ЖЫЛЖУЫ МҮМКІН.
1 Жүргізуші: Барлық жандар бір білікке қосқан үн, Бақытты боп бастады жыл дастанын. Қуанышпен келді той деп жаңа жыл, Құтты болсын жаңа бақыт достарым. 2 Жүргізуші: Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, Жаңа 2015 жыл» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер 1 Жүргізуші: Құрметті жамағат жүрекке жылылық ұялатар алғашқы жаңа жылдық құттықтау сөзді білім ұясының білікті басшысы....
«Елімді иесіз деймісің, Жерімді киесіз деймісің», -деп Үмбетей жырау жырлап айтқандай, аталы жұртымызда,айбынды ұлтымызда киелі ерлер баршылық. Қазақ хандығы құрылғаннан бері еліміз жаугершілік заманда өмір сүрді, ұлы құл, қызы күң болмауы үшін ерлері де, әйелі де аянбай тер төгіп,ұлан ғайыр қазақ даласын бүгінгі күні бізге табыс етіп отыр. Еліміздің кең байтақ жеріне көз тіккен жоңғардың да,қалмақтың да сағын сындырып, еліміз жеңіске жетіп, тарих қойнауында қалған үлкен із болып, қанша соғыс пен көтерілістердің кесірінен қазақ азаматтарымыз жапа шегіп, халқы азайды. Бұл – халықымыздың шыңдалған,елдіктің рухын көтерген, ұрпаққа азаттық пен бостандық үлгісін көрсеткен, тағылымы мен үлгілері мәңгілік ескерілмейтін, шын мәніндегі бірлік пен азаттық шайқасы болды.......
Елбасының әкесі Әбіш атасы Назарбайдың кенжесі. Ол кісінің Әбіштен үлкен Үмбет, Шалабай деген ұлдары, бір қызы болған екен. Қызы жас кезінде қайтыс болып кетіпті. Назарбай әлде би, болмаса болыс па, әйтеуір ауқымды аймаққа билік жүргізген, қолында мөрі бар адам екен. «Назарбайдың жазығы», «Назарбайдың диірмені» деп аталатын жерлер әлі де бар. Назарбай Шамалған, Қаскелең, Үшқоңыр жайлауларын қоныстаған екен. Назарбай атасы дүние салғаннан кейін мөрін елбасының әжесі Мырзабала ешкімге бермей өз қолында ұстаған. 1929 жылдың қатерлі көктемінде қазақ даласына «Коллективтендіру» деген бәле келді.......
Отан! Қандай құдіретті сөз! Өмірімнің бар мақсаты осы сөздің ауқымына сыйып кетерліктей-ақ. Бұл «елім», «жерім», «ұям», «Қазақстан Республикасы» деген сөз. Отаным деп соққан жұдырықтай жас жүрегімнен шыққан осы сөзді айдай асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр еткен заманға жеткен елімді мақтаныш етемін. Менің Отаным – Алтайдан сонау Атырауға дейін көсілген, Батыста Жайық, шығыста Ертіс есілген, Тарихын шертсе тұсауы тілдің шешілген, Жұртының ыстық жүрегінен жұлдыз тұтанған Отаным осы – Қазақстан болып атанған!– деп ақындар жырлағандай, Атыраудан Алтайға дейін созылған ұлан-ғайыр кең өлке, тарихы шексіз, дәстүрі шетсіз ата жұрт.......
Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол- «Мәңгілік Қазақстан» жобасы,ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Назарбаев Н.А Тәуелсіздіктің жиырма екі жолында Қазақстанның жүріп өткен жолы да «тар жол, тайғақ кешуден» тұрғанын газет - журналдардан оқып, біліп жүрміз. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Уәлихан Қалижан өзінің мақаласында «Біз «азапты жолдан» өттік , мың өліп, мың тірілдік» - деп атап көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда, бұл кезең экономика жағдайы, адамдардың рухани дүниесі күйзелісінің ең......
Менің қиялымдағы Қазақстан... Шіркін, адамның қиялында шек болмайды ғой. Қиял — сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс екен. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған ұлы Әбу Насыр Әл-Фараби былай деген: «...барлық жан қуаттарын, яғни рухани күштерді тек қиял ғана модельдендіре алады». Қиялдың актив және пассив деп аталатын екі түрі болады. Пасив қиялымыз бұл көріп жүрген түсіміз. Ал актив қиял ол «Арман» екен.......
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс - тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады. Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері «Ветеринария» мамандығы бойынша «Ішкі жұқпайтын аурулар клиникалық диагностикасымен» пәні сабағында ақпараттық технологияларды жиі қолданудамын......
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық банк экономиканың «қызып кету» қаупін бәсеңдету және соған сәйкес экономикада инфляцияның ұлғайып кетуіне жол бермес үшін ақша - несие саясатын қатайта қарау көздеуде. Қазақстан Республикасының экономикадағы инфляциялық әлеует 2013 жылы ең төменгі деңгейде болды. Инфляция қарқынының тұрақты төмендеуі байқалды. 2013 жылдың қорытындылары бойынша 6,2 % деңгейінде қалыптасты. 2012 жылы Қазақстан Республикасындағы инфляциялық қысымның одан әрі төмендеуі күтілмейді, ол кейбір тәуекелдердің болуымен байланысты. Инфляциялық кеңеюі бюджеттен төленетін жалақыны, әлкуметтік жәрдемақыларды және зейнетақыларды 2014 жылы жоспарлы түрде көтерумен қамтамасыз етілуі мүмкін. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы Кеден Одағының құрылуымен байланысты әкелетін өнімге салынатын кедендік баждың көтерілуіне байланысты импортталатын өнімнің қымбаттауы да мүмкін. Осындай инфляциялық қысымның арту жағдайында елдегі іскерлік белсенділіктің жоғары қарқынымен үйлесім жағдайында инфляцияны төмендетуге қол жеткізу қажет, яғни Ұлттық Банк ақша - несие саясатын елдің экономикалық өсімімен байланыстырып, экономикаға ақша ұсынуды теңдестіре ұлғайтудың дәйекті саясатын жүргізу тиіс. Бұл мақсатта Ұлттық банк ақша - несие саясатының трансмиссиялық механизмін қолданады. Оның құрылымы макроэкономикалық өзгерістер тізбегі арналарынан тұрады, атап айтқанда пайыздық ставка, валюта бағдары, ең төменгі резервтік талап мөлшері, қысқа мерзімді құнды қағаздар шығару көлемі, ашық нарықтағы операциялар және т.б Бірақ бұл трансмиссиялық механизмге кіретін арналар жиынтығы мен оның бұлжымас біртұтас құрылымы бар деген сөз емес. Қатып қалған заңның болмайтыны секілді, экономиканы да нарық белгілейді. Соған қарай трансмиссиялық механизмнің оны жағдайға қарай реттеп отыратын тағы да бірнеше арналары жетерлік. Әрбір орталық банк ұлттық экономика ерекшеліктерін есепке ала отырып, тек өзінің жеке арнаулы арнасын жасайды. Ұлттық банк те инфляцияны ауыздықтау принціптеріне өтуге дайындық аясында өз механизмін жасау үшін бірқатар жұмыстар жүргізуде. Ол механизм ақша - несие саясатының ұлттық экономикаға ықпалын сипаттауы тиіс. Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы Ұлттық Банк саясаты валюталық режимді одан әрі ырықтандандыруға, капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа тәсілдерді әзірлеуге бағытталған. 2013 жылы Қазақстан валюталық режимді ырықтандыру үдерісі аяқталып, ұлттық валюта қызметінің жаңа кезеңі басталды. 2001 жылы валюталық операцияларды жүргізуге шектеуді кейіннен алып тастау және ұлттық валютаның толық конвертациялануы қағидатына көшу үшін жағдай қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. «Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің осы стандарты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды. Ресми органдар тереңдеп келе жатқан экономикалық мәселелерге ортасында банктерді қайта капиталдандыру және экономикалық қызметке қолдау тұрған Ұлттық мұнай қорынан қаржыландыратын 10 млрд доллар сомаға кризиске қарсы жоспарды дайындай отырып жауап қатты. Кризиске қарсы жоспар басқа бюджеттік шаралармен,орталық банктің өтімділігіне қолдаумен және қаржылық қадағалау агенттігі тарапынан реттеу шараларымен толықтырылады. Экономикалық даму жылдары жинақталған мемлекеттік шетел активтерімінің үлкен қорымен және мемлекеттік борыштың төмен деңгейінде ресми органдар кризисті еңсеру бойынша шаралар қабылдау үшін жақсы жағдайда тұр. Орталық банктің резервтері шамамен 20 млрд доллар деңгейінде тұрақталды және құнсызданудан кейін айырбас бағамына қысым азайды.....
КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық банк экономиканың «қызып кету» қаупін бәсеңдету және соған сәйкес экономикада инфляцияның ұлғайып кетуіне жол бермес үшін ақша - несие саясатын қатайта қарау көздеуде. Қазақстан Республикасының экономикадағы инфляциялық әлеует 2013 жылы ең төменгі деңгейде болды. Инфляция қарқынының тұрақты төмендеуі байқалды. 2013 жылдың қорытындылары бойынша 6,2 % деңгейінде қалыптасты. 2012 жылы Қазақстан Республикасындағы инфляциялық қысымның одан әрі төмендеуі күтілмейді, ол кейбір тәуекелдердің болуымен байланысты. Инфляциялық кеңеюі бюджеттен төленетін жалақыны, әлкуметтік жәрдемақыларды және зейнетақыларды 2014 жылы жоспарлы түрде көтерумен қамтамасыз етілуі мүмкін. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы Кеден Одағының құрылуымен байланысты әкелетін өнімге салынатын кедендік баждың көтерілуіне байланысты импортталатын өнімнің қымбаттауы да мүмкін. Осындай инфляциялық қысымның арту жағдайында елдегі іскерлік белсенділіктің жоғары қарқынымен үйлесім жағдайында инфляцияны төмендетуге қол жеткізу қажет, яғни Ұлттық Банк ақша - несие саясатын елдің экономикалық өсімімен байланыстырып, экономикаға ақша ұсынуды теңдестіре ұлғайтудың дәйекті саясатын жүргізу тиіс. Бұл мақсатта Ұлттық банк ақша - несие саясатының трансмиссиялық механизмін қолданады. Оның құрылымы макроэкономикалық өзгерістер тізбегі арналарынан тұрады, атап айтқанда пайыздық ставка, валюта бағдары, ең төменгі резервтік талап мөлшері, қысқа мерзімді құнды қағаздар шығару көлемі, ашық нарықтағы операциялар және т.б Бірақ бұл трансмиссиялық механизмге кіретін арналар жиынтығы мен оның бұлжымас біртұтас құрылымы бар деген сөз емес. Қатып қалған заңның болмайтыны секілді, экономиканы да нарық белгілейді. Соған қарай трансмиссиялық механизмнің оны жағдайға қарай реттеп отыратын тағы да бірнеше арналары жетерлік. Әрбір орталық банк ұлттық экономика ерекшеліктерін есепке ала отырып, тек өзінің жеке арнаулы арнасын жасайды. Ұлттық банк те инфляцияны ауыздықтау принціптеріне өтуге дайындық аясында өз механизмін жасау үшін бірқатар жұмыстар жүргізуде. Ол механизм ақша - несие саясатының ұлттық экономикаға ықпалын сипаттауы тиіс. Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласындағы Ұлттық Банк саясаты валюталық режимді одан әрі ырықтандандыруға, капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа тәсілдерді әзірлеуге бағытталған. 2013 жылы Қазақстан валюталық режимді ырықтандыру үдерісі аяқталып, ұлттық валюта қызметінің жаңа кезеңі басталды. 2001 жылы валюталық операцияларды жүргізуге шектеуді кейіннен алып тастау және ұлттық валютаның толық конвертациялануы қағидатына көшу үшін жағдай қалыптастыру жұмыстары жүргізілді. «Валюталық операция туралы тіркеу куәлігін беру» мемлекеттік қызметтер көрсетудің осы стандарты мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайды.....
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Бабаларым аңсаған тәуелсіздік» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы Бақыт көрсін Отанның сан ұланы Енді ағайын көгінде қалықтасын Қазағымның қастерлі – Әнұраны! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін....
Сарыағаш ауданының "Ақтөбе" ауылдық округы аумағында, бұрынғы Келес ауданы, Ғ. Мұратбаев атындағы кеңшарда алғаш рет ірі көлемдегі топырақ зерттеуі 1967 жылы өткізілді. Топырақ түсірілімінің негізгі мақсаты топырақ жамылғысының егжей-тегжейлі сипаттамасын алу, сондай-ақ топырақ құнарлығын арттыру және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылық мақсатта жер учаскелерінің паспорттарын дайындауға бағытталған іс-шаралардағы қажеттіліктерді анықтау болып табылады. Топырақ материалдарының ескіруіне байланысты 2017 жылдың наурыз-сәуір айларында Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорынының инженер – топырақтанушысы Г.Қамбаровтың басшылығымен, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданындағы "Ақтөбе" ауылдық округы аумағындағы үлгілерді паспорттандыру және іріктеу мақсатында топырақ материалдарын жаңарту үшін топырақ зерттеуі жүргізілді. ....
«Майбұлақ» совхозынан өзгертілген Ағыбет ауылдық округының 1980 және 1981 жылдардағы Шымкент филиалы «Казгипрозем» институты мамандарының жүргізген ірі масштабты топырақ зерттеу жұмыстары жаңартылды. Топырақты ауқымды зерттеу жұмыстарының мақсаты топырақтың құнарлылығын арттыру және топырақтың құнарлығын жоғарылатуға бағытталған шараларға қажеттіліктерді айқындай отырып, жерді пайдаланудың ең тиімді әдістерін әзірлеу үшін топырақ жамылғысының егжей-тегжейлі сипаттамасын алу, ауыл шаруашылық жерлерін анықтау және есепке алу болды. Оңтүстік Қазақстан облыстық ШБҚРМК ЖКҒӨО (Шаруашылық басқару құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын – Жер кадастрының ғылыми-өндірістік орталығы) филиалының мамандары тағайындаған мерзімге байланысты Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының Ағыбет ауылының аумағында 2017 жылы топырақ материалдары жаңартылды.....
Отанымыздың азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қарамал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99%-ын құрайды, ал ірі қара еті 40-45%-ға дейінгі деңгейде. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда. Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара малы шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдерде көбеюде. Ал кейінгі жылдарда ірі қара мал тұқымдарының асылдануын ерекше көрсеткен жөн, сонымен қатар жаңадан асыл-тұқымды ірі қара малы шығуда, ал осы асыл тұқымды ірі қара малдары экономикалық табиғи аймақтарға жақсы бейімделген. Оған ерекше әсер еткен селекция жұмыстарының жақсаруы болып табылады. Себебі селекцияның дамуына генетика, биотехнология ғылымдарының негізгі және электронды есептеу техникасының әсері өте зор болып жатыр. Жалпы қазіргі уақытта мал шаруашылығына аса көңіл бөлініп, іштей мамандандыру арқылы, әрі осы саланың интенсивті жолға көшуіне байланысты ерекше дамуда. ....
1.1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы. Республикамызда құс шаруашылығы қазіргі таңда жаңа қарқынға ие бoлып oтыр, ескі базалар мен жабдықтар жаңартылуда. Жақсы ветеринариялық жағдай oсы қарқынды oдан әрі алға жылжуына септігін тигізері анық. Ішек инфекциялары, әсіресе сальмoнеллез бұрында, қазірде Қазақстандағы құс фабрикаларына қөп зиянын тигізуде. Oл 25 күн аралық балапандардың өлімімен, құстардың өнімділігінің түсуімен және құс өнімдері арқылы адамдарға таралуымен сипатталатын ауру. Сальмoнеллез ғаламдық таралған және жыл сайын үлкен маңыздылыққа ие бoлып oтырған инфекциялар қатарына жатады. Бұл аурудан келетін зиян тек ауылшаруашылық жануарлары мен құстарының өлімімен шектелмейді, ауырып жазылған жануарлар ұзақ уақыт бoйына сальмoнелла тасымалдаушы және қoршаған oртада инфекцияның тұрақты көзі бoлып табылады. Тауықтардың арасында ауру тасымалдаушылық көп кездеседі (5-22,2%), үйректерде (10-15%), қаздарда (5-20%). Сальмoнелла тасымалдаушы жануарлардан алынған жануар текті өнімдерді (ет, сүт, жұмыртқа) жеткіліксіз өңдеуден өтпеген жағдайда адамдарда тағамдық тoксикo – инфекция тудыруы мүмкін ....