Мәңгілік Ел – мұратым - 9-сынып, қазақ тілі пәні бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысы


Мәңгілік Ел – мұратым.
Стилистика

Тақырып

Мәңгілік Ел – мұратым.

Стилистика

Оқу мақсаты

9.3.1.1 жинақталған материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құру;

9.3.6.1 жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакциялау

Бағалау критерийі

·        Жинақталған  материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құрады.

·        Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөледі, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды.

Ойлау дағдыларының     деңгейі

 

Жоғары/анализ/бағалау

Орындау уақыты

20 мин

Тапсырма №1

«Мәңгілік ел»- бабам аңсаған Ұлы ел» тақырыбына эссенің тезистік жоспарын құрыңыздар.

 

 

Тапсырма №2

 

 

 

 

 

«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.

Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар [2, 63 б.]. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді.

А)Берілген мәтінді абзацтарға бөліп, орфографиялық, стильдік түзету енгізіп, қайта көшіріңіздер.

Ә) Берілген мәтіннен морфологиялық принцип, фонетикалық принцип, дәстүрлі­тарихи принципке мысалдар келтіріңіздер.

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

·        Жинақталған  материалдар негізінде көзделген мақсатқа сәйкес ауызша және жазбаша мәтіндер үшін күрделі жоспар құрады.

1

Тақырыбын ашады.

 

Құрылымын сақтайды.

2

 

1

 

1

·        Жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөледі, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізіп, редакциялайды

 

2

Азацтарға бөледі.

 

Пунктуациялық түзетулер жасайды.

 

2

 

1

 

 

Барлығы

7

 

 

Жаһандану мәселелері

Тақырып

Жаһандану мәселелері

Оқу мақсаты

9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе)

Бағалау критерийі

 

·        Эссе  құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылайды, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазады.(аргументативті эссе)

 

 

 

Ойлау дағдыларының     деңгейі

 

Жоғары / бағалау

Орындау уақыты

20 мин

Тапсырма №1

«Жаһанданған Қазақсатан» тақырыбында аргумент келтіре отыырп, бүгінгі таңдағы дмыған Еліміз туралы эссе жазыңыздар. Сөз саны 150-200 сөз.

 

 

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

·        Эссе  құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылайды, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазады.(аргументативті эссе)

 

1

Тақырыпты ашады.

 

Аргумент келтіреді.

 

Ойын жинақы жазады.

2

 

2

 

2

Барлығы

6

 

 

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО -2017

Тақырып

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО -2017

Оқу мақсаты

9.2.3.1 мақала, тезистердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

9.4.4.1 құрмалас сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін білу

Бағалау критерийі

·         Мақала, тезистердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.

·         Құрмалас  сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін біледі.

Ойлау дағдыларының     деңгейі

 

Жоғары/ анализ

Орындау уақыты

20 мин

Тапсырма №1

Берілген мәтінді талдай отыра төмендегі кестені толтырыңыздар.

   Алғаш рет Қазақстан 2005 жылы Жапонияда «Табиғат даналығы» атты ЭКСПО көрмесіне қатысқан болатын. Кейін 2008 жылы Испанияда «Су және тұрақты даму» атты көрмесінде алғаш рет Н.Назарбаев осы шараның қазақ жерінде де өткізу туралы алғаш сөз қозғаған болатын [2].   Жаңа тапсырмаларды жедел шешу үшін 2012 жылдың 26 қарашасында Елбасының «ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және өткізу бойынша Мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығы шықты. Көрме кешенін салуға әлемнің 50 ден аса сәулет компаниялары сайысқа түсіп, құрылысты салу мүмкіндігін американдық «Adrian Smith+Gordon Gill Architecture LLP» компаниясы алды.  Аталмыш компанияның тек көпжылдық тәжірибесі ғана емес, сонымен қатар «жасыл экономикаға» жақындығы да өз рөлін ойнады. «Қазақстан және біздің барлық аймақ үшін көрме кешені бір уақытта күннен, желден қуат алатын, сонымен қатар қоқыс өңдейтін жақсы үлгі болмақ. Негізінде бұл кешен өзіні өзі электр қуатымен қамтамасыз ете алады, ал жақсы күн мен жел болса тіпті барлық қалалық жүйеге де жібере алады. Бұл ерекше нәрсе және оны бірінші рет жасап жатырмыз» – деді Нұрсұлтан Назарбаев [3].  

         Бекітілген жоспар бойынша барлық құрылыс нысандары 2016 жылдың желтоқсан айында орналасуға беріле бастады. Барлығы жоба бойынша 38 құрылыс нысаны бой көтерді. Көрме кешенінің жалпы аудан 174 гектарды құрайды, оның ішінде сфера іспеттес ғимарат Қазақстанның Ұлттық Павильоны болып табылады, одан басқа халықаралық, тақырыптық және копоративті павильондар, сауда және ойын-сауық нысандары да бар [4].

         «Қонақ үйлер мақсатында салынған барлық ғимараттар кейін тұрғын үйлерге айналуы қажет. Бұл көрме ауданында орналасқан басқа да барлық нысандарға байланысты. Басқа елдердің көрмеден кейін пайдасыз қалған ғимараттары көп, сондай тәжірибелерді  қайталамау керекпіз. Бұл міндетті «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясына тапсырамын» деген болатын Елбасы компания басшысымен кездесуінде [5].   Шынымен де салынған құрылыс нысандары мен павильондар көрмеден кейін қайта пайдалануға берілмек. 

         Көрменің өтуін ұйымдастырушылар Қазақстанның туристік әлеуетін көтеруге пайдаланып қалмақ. Осы мақсатқа отандық және шетелдік туроператорлар мен агенттіктер тартылуда. Туристерге Байқоңыр ғашыр айлағына, Бурабайға, Шарын каньондарына, Шымбұлаққа, Алакөл көліне, сонымен қатар Ұлы Жібек Жолымен турлар ұйымдастырылмақ. Мұндай шаралар Қазқстанды Орта Азиядағы ірі туристік ауданға айналдырады деп күтілуде. Себебі, мамандардың пайымдауынша біз әлі күнге дейін көрікті жерлерімізді кең ауқымда пайдалана алмай отырмыз. Сондықтан көрмеге келеді деп күтілетін миллиондаған шетелдік азаматтардың туристік мекеніне айналатын Қазақстанның «ЭКСПО-2017» көрмесіне артар үміті зор.

         Жалпы Қазақстан барлығы құрылыс жұмыстары мен көрмені өткізуге 280 миллион евро ақша жұмсады. Оның барлығы демеушілер мен серіктестердің қолдауынан, сонымен қатар билеттердің сатылуынан (5 миллион адам көрмені көреді деп күтілуде) жүз пайыз қайтарылады деп қарастырылған.

Мақала жанры

Тілдік стилі

Неше абзац тұруы

Синтаксистік қате сөйлемдер.

 

 

 

 

Тапсырма №2

Берілген мәтіннен жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге, құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемге айналдырыңыздар, айырмашылықтарын жазыңыздар.

                       

Жай сөйлем                 

 

Құмалас сөйлем

Сөйлемдердің ерекшеліктері

 

 

 

 

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

·         Мақала, тезистердің құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады.

 

1

Мақала жанры

Тілдік стилі   

Неше абзац тұруы    

Синтаксистік қате сөйлемдер.

1

1

1

1

 

·         Құрмалас  сөйлем жасалу жолдарын, түрлерін біледі.

 

Жай сөйлемдер

 

Құрмалас сөйлемдер.

 

Айырмашылықтарын салыстыру

2

 

2

 

2

Барлығы

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Адам құқығы мен бостандығы.
Синтаксис

Тақырып

Адам құқығы мен бостандығы.
Синтаксис

Оқу мақсаты

9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру,

9.4.4.2  құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру;

Бағалау критерийі

·        Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырады.

·        құрмалас  сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру;

 

 

 

 

Ойлау дағдыларының     деңгейі

 

Жоғары/ анализ

Орындау уақыты

20 мин

Тапсырма №1

Төменде берілген мәтінді талдай отырып, кестені толтырыңыздар.

Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды еліміздің ұлттық мүдделеріне нұқсан келтірместен ядролық қарусыз мемлекетке айналдыру жөніндегі тарихи маңызды міндетті шеше білді. 1991 жылғы 29 тамызда Елбасы Семей ядролық полигонын жапты. Қазақстан Президенті өз елінің ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттың тағдыры үшін өзіне жауапкершілік ала отырып, әлемдік деңгейдегі саясаткер ретінде танылды.

Семей полигонының жабылуымен ядролық қаруды таратпаудың және қарусызданудың жаһандық процесінің жаңа кезеңі басталды. Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ 29 тамызды Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні деп жариялады. Қазақстан ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі нақты ұсыныстарын алға тартып, Ядролық қарусыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын қабылдауды ұсынды.

Тәуелсіздіктің 25 жылында қазақстандық дипломатия әлем елдерінің басым бөлігімен сенімді достық және ынтымақтастық қарым-қатынастар орнатып, халықаралық ұйымдардың қызметіне белсенді түрде араласып келеді.

Біздің еліміз әлемдік қоғамдастықта орнын нық айқындап, лайықты құрмет пен беделге ие болып отыр. Әлемде аумағы жөнінен тоғызыншы орын алатын Қазақстан Республикасының шекарасын делимитациялау мен демаркациялау Президент Н.Ә. Назарбаевтыңтарихи жетістіктері болып табылады. Қазақстан өңірлік және жаһандық процестердің белсенді қатысушысы бола отырып, халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қомақты үлес қосуда.

"Еуропаға жол" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстанның Еуропаның жетекші мемлекеттерімен әріптестік пен ынтымақтастықтың барынша жоғары деңгейіне шығуына жол ашты. Қазақстан ынтымақтастықтың еуразиялық көпіріне айналды.

Біздің еліміз ЕАЭО, ШЫҰ, АӨСШК секілді интеграциялық жобалардың бастамашысы және ілгерілетушісі болып табылады.

Қазақстан ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ЕАЭО, ШЫҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК және Түркі кеңесі сияқты ірі халықаралық ұйымдарда табысты төрағалық етудің тәжірибесіне ие.

Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында алғашқы болып 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды.

Халықаралық қоғамдастық Қазақстанның халықаралық қатынастарды дамытудағы үлесін лайықты бағалай отырып, біздің елімізге ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуді сеніп тапсырды.

 

Көтерілген мәселе

Жеңіл сұрақ

Күрделі сұрақ

 

 

 

 

 

Тапсырма №2

 

 

 

 

 

Мәтінде кездесетін салалс түрлерін саралап жазыңыздар.

o   Ыңғайлас салалс:

o   Түсіндірмелі салалас:

o   Кезектес салалс:

o   Себеп-салдар салалас:

o   Қарсылықты салалас:

 

 

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

·        Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырады.

1

Көтерілген мәселе

Жеңіл сұрақ

Күрделі сұрақ

1

1

1

·        Салалас  құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру;

 

2

o   Ыңғайлас салалс:

o   Түсіндірмелі салалас:

o   Кезектес салалс:

o   Себеп-салдар салалас:

o   Қарсылықты салалас:

 

1

1

1

1

1

Барлығы

9

 

 

 

 

 

 

 

Отбасы және демографиялық өзгеріс. Биотехнология жәнегендік инженерия келешегі.Синтаксис

Тақырып

Отбасы және демографиялық өзгеріс.

Биотехнология жәнегендік инженерия келешегі.

Синтаксис

Оқу мақсаты

9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

9.4.4.2 салалас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру;

Бағалау критерийі

·        Мақсатты  аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады.

·        Салалас  құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі, түрлендіреді.

Ойлау дағдыларының     деңгейі

 

Жоғары/ анализ

Орындау уақыты

20 мин

Тапсырма №1

Отбасы құндылықтарына нелерді жатқызасыңдар? Отбасыларыңызда рухани және материалдық құндылықтарға қаншалықты мән беріледі? Осы сұрақтардың төңірегінде аргументативті эссе жазыңыздар. 150-200 сөз.

Тапсырма №2

 

 

 

 

 

Гендік инженерия саласындағы табыстар жалғаса берсе, тарихы шамамен 40 мың жылға кететін Homo Sapiens немесе саналы адам дәуірі аяқталып, биороботтардың дәуірі басталады деген болжам бар. Біздіңше кез келген ғылым, жаңашылдық моральға, адамзат баласына игілік сыйлау философиясына басымдық беруі тиіс. Осы ұстанымдағы трансгуманистік қозғалыс соңғы жылдары әлемде кең таралып келеді. Бұл бағыттың негізін салушылардың бірі ЮНЕСКО-ның алғашқы бас хатшысы Джулиан Хаксли.

 

Трансгуманистер «Адам – эволюцияның дамыған түрі. Бірақ ол нашар түр. Сондықтан оны технология мен ғылымның көмегімен бірнеше бағытта жетілдіріп, кемел адам жасауымыз қажет» дегенді айтады. Сондай-ақ, «Адамның 150 жастан аз өмір сүруінің өзі қисынсыз. Өйткені адам толысып-кемелденген шағында тәні ескіріп, өмірден өтіп кетеді. Сондықтан ақылы толыспаған жастар мына дүниені тәрк етіп жатыр. Адамның өмір сүру жасы ұлғайса, ақылды адамдар дүниені одан әрі жақсартар еді» деген көзқарас бар.

Қазірдің өзінде адамның өмір сүру ұзақтығы өткен ғасырмен салыстырғанда ұзарып келе жатыр. Сондықтан жақын келешекте бұл үрдіс жалғаса бермек деп пайымдауға әбден негіз бар.

Трансгуманистік бағытты ұстанушылар адамзат баласының алдағы болашақта өзге ғаламшарда өмір сүру мүмкіндігі үшін де бас қатыруда. Негізі мақсат – кибернетика, нанотехнология, биоинженерия, генетика сынды ғылым салаларының жетістіктерін пайдалана отырып, бүгінгі адамның басқа ғаламшарда өмір сүруіне кедергі келтіретін «табиғи олқылықтарды» қолдан реттеу, ғаламның болашақ қожайынына айналу.

o   © egemen.kz

Мәтіннен салалас, сабақтас құрмалас  сөйлемдерге мысалдар келтіріңіздер.

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

·        Мақсатты  аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады.

1

Тақырыпты ашады.

Ойын жүйелі жеткізеді.

Эссе құрылымын сақтайды.

2

2

2

·          Құрмалас  сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру;

 

2

o   Салалас құрмалас

o   Сабақтас құрмалас

 

3

3

Барлығы

12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-бөлім

 Бұқаралық ақпарат құралдары.
Синтаксис

Тақырып

7-бөлім

 Бұқаралық ақпарат құралдары.

Синтаксис

Оқу мақсаты

9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

9.4.4.3 сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіріп қолдану;

Бағалау критерийі

·        Мақсатты  аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады.

·        Сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата біледі, түрлендіреді.

Ойлау дағдыларының     деңгейі

 

Жоғары/ анализ

Орындау уақыты

20 мин

Тапсырма №1

Бүгінгі күндегі өзекті мәселелері жөнінде мамандардан сұхбат алып, сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданып мақала жазыңыздар. 150-200 сөз.

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

·        Мақсатты  аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады.

1

Тақырыпты ашады.

Ойын жүйелі жеткізеді.

Мақала  құрылымын сақтайды.

2

2

2

·        Сабақтас  құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата білу, түрлендіру;

 

2

o   Ыңғайлас салалс:

o   Түсіндірмелі салалас:

o   Кезектес салалс:

o   Себеп-салдар салалас:

o   Қарсылықты салалас:

o   Талғаулы салалс:

 

3

Барлығы

9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8-бөлім

 Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік.
Синтаксис

Тақырып

8-бөлім.Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік.
Синтаксис

Оқу мақсаты

9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, орта көлемді монолог дайындау;

9.4.4.4 аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану

Бағалау критерийі

·        қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдайды, орта көлемді монолог дайындайды.

·        аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын біледі, қолданады.

Ойлау дағдыларының     деңгейі

 

Жоғары/ анализ

Орындау уақыты

20 мин

Тапсырма №1

«Қақтығыстар және себептері» тақырыбында аргументативті эссе жазыңыздар. 200-250 сөз. (қақтыңыстарға, саясатқа байланысты термин сөздерді, фразаларды қолданыңыздар.

Тапсырма №2

Кестені толтырыңыздар.

Салалас құрмалас

Түрлері (3)

Әңгіме, романдардан үзінді

Сабақтас құрмалас

Түрлері (3)

Әңгіме, романдардан үзінді

Аралас құрмалас

 

Әңгіме, романдардан үзінді

 

Бағалау критерийі

№ тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

·        қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдайды, орта көлемді монолог дайындайды.

1

Тақырыпты ашады.

Ойын жүйелі жеткізеді.

Эссе  құрылымын сақтайды.

2

2

2

·        аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын біледі, қолданады..

2

o   салалас сөйлем түрлері

o   сабақтас сөйлем түрлері

o   аралас сөйлем

3

3

 

Барлығы

15

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу