Күш атасы Ә Қоңыратбаев «Балуан» (3 сынып, III тоқсан)

  Күш атасы Ә Қоңыратбаев «Балуан» (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: Күш атасы Ә Қоңыратбаев «Балуан»
Оқу мақсаттары: 3.1.2.1* шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық/таңдауына қарай мазмұндау/ сахналау;
3.1.3.1 Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжау.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың мазмұнын өз сөзімен айтады, сюжеттің дамуын болжайды;
Көптеген оқушылар: шығарманы құрастырған жоспар бойынша өз сөзімен толық мазмұндайды, кейіпкердің іс – әрекетіне, мінез –құлқына сүйеніп оқиғаның дамуын болжайды;
Кейбір оқушылар: мәтін бойынша жоспар құрастырады, жоспар бойынша әңгімелейді, кейіпкердің іс –әрекетіне, мінез –құлқына сүйене отырып сюжеттің дамуын болжайды, қорытынды жасайды, өз ойын дәлелдейді.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Қазақстандағы жаңа есімдегі балуандар есімін «Пазл» әдісі арқылы 5 топқа біріктіру.
І топ. Жақсылық Үшкемпіров
ІІ топ. Дәулет Тұрлыханов
ІІІ топ. Еламан Ерғалиев ,2017
ІҮ топ. Ержан Шынкеев, 2018
Ү топ. Бейбіт Ыстыбаев, 2016
Қосымша мәлімет:
Бейбіт Ыстыбаев — Жамбыл облысы Талас ауданының Бөлтірік ауылында 1985 жылы туған. 2012 жылғы Қазақстан барысындағы чемпион. Еуразия барысында алтын белдік иеленген.
Лақап аты: Тараз Арланы
Бойы: 193, салмағы: 136
Спорттық атағы: Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Спорттық жетістіктері: Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы, 2011 жылғы республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері
Бапкері: Елдос Далабай
Шынкеев Ержан - Лақап аты: Жас сұңқар, «Қазақстан барысы- 2017»
Туған жылы: 1988 // бойы: 176 // салмағы: 95
Туған жері: Қарағанды облысы,
Жаңаарқа ауданы
Спорттық атағы: спорт шебері
Спорттық жетістіктері:
Қазақ күресінен Азия чемпионы,
Бапкері: Сұлтан Тынысбаев
Өмірлік ұстанымы: «Шын мықтыға тұсау жоқ»
Еламан Ерғалиев: - «Қазақстан Барысы - 2017» Туған күні: 25.03.1995 жыл
Туған жері: Қармақшы ауданы, Жосалы кенті
Бойы: 193 см
Салмағы: 135 кг
Спорт түрлері: дзюдо, қазақша күрес
Жеңісі: Дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы (2013 ж), «Сыр барысы» - 2016
Мақсаты: Спорттың биік шыңдарын бағындыру
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) –Әлем чемпионы. 6 мамыр 1951 жыл Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысы — грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы
Дәулет Болатұлы Тұрлыханов - КСРО-ның жеті дүркін чемпионы (18 қараша, 1963 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Қалбатау ауылында туған) — грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы кеңес одағының палуаны. КСРО және Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Жарма ауданының Құрметті азаматы.
Оқушылар мәлімет беріледі. Бүгінгі күннің тақырыбын болжайды.
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1- 1-тапсырма
(МК, Ұ) «Ой шақыру» әдісін қолдана отырып «Қазақша күрес» сөзінің мағынасын ашатын сөздерді атайды.
Үлгі: ұлттық спорт түрі, жекпе-жекке шығады, қолмен белдіктен, күрте жағасынан ұстайды, жеңінен ұстап шалады, жұлқиды, кеудеден асыра лақтырады.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(Б) «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім.
қате орындалған немесе мүлдем жоқ.
2 - тапсырма
(ЖЖ, ОТ) «Пікірлер ағашы» стратегиясымен Әуелбек Қоңыратбаев туралы не білетінін ағашқа жазады. (алдын ала берілген тапсырма)
1.Ол кім?
2.Қайда туған?
3.Қандай қызмет атқарған?
4.Қандай шығармаларын білесің?
Қосымша мәлімет: Қоңыратбаев Әуелбек (1905-1986)— Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. Ғалым, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы. «Фараби және Абай» еңбегін жазған.
(Ө, Т, МК) «ДЖИГСО» әдісіне сүйеніп мәтінді түсініп оқиды.
1. Өз сөзімен мазмұндайды.
2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Қажымұқанның қанша медалі бар?
Қытай еліне қай жылы барды?
Сайыс қай қалада өтті?
Сар Кекен мен Қажымұқан белдесуіндегі Қажымұқанның тәсілдерін айтып бер.
3. Жоспар құрады, жоспарға сүйеніп мазмұндайды.
Жоспар:
Балуан Қажымұқан
Сар Кекен мен Қажымұқанның кездесуі
Қажымұқанның жеңісі
Дәптермен жұмыс: Бейхабар - хабарсыз
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
 мәтінді түсініп оқиды;
 мәтін мазмұнын жүйелі баяндайды;
 сөздерді мағынасына сәйкес орынды қолданады;
 мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
 мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтады.
 құрастырған жоспары бойынша әңгімелейді.
3-тапсырма
(МК, Ө) «Кубизм» әдісі арқылы мәтінге сүйене отырып Қажымұқанды сипаттайды және іс-әрекетін болжайды.
Үлгі: 24 елді аралаған, 48 медалі бар, балуан, қара күш иесі, намысшыл т.б.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Оқушылар бірге жұмыс жасап, кейіпкердің іс-әрекетіне болжау жасауға үйренеді. Кейіпкерді сипаттауда кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі бағдаршам арқылы бағалайды.
4 - тапсырма
(МК, ЖЖ) «4 сөйлем» тәсілі арқылы мәтіннің композициялық құрылымына талдау жасайды. («Шың» орнына кестені қолданасыз)
Үлгі:
Құрылым Оқиғалар тізбегі
Басталуы Қытайдағы күрес, жапон балуан Сар Кекен
Жалғасуы Екеуінің күресі, қҚажымұқан жарақат алып қалды.
Аяқталуы Қажымұқан ашуға булығып, жарасына қарамастан желкесінен бір қойды, жеңіске жетті
Саралау. Тапсырма бойынша жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушы мен қабілеті жоғары оқушылар жұптасады.Оқушылар бір – бірімен ой бөліседі, идеяларын ортаға салады.
(Б) «Ауызша кері байланыс» «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады.
5 - тапсырма
(МК, Ө) «Ой шақыру» стратегиясы оқулықта берілген суреттің мәтіндегі оқиғаға байланысын анықтайды немесе өз нұсқаларын ұсынады.
Үлгі: Олардың ішінде әлемге белгілі палуандар: Үндістаннан – Салах, Мамбу, Ахмет Әли; Египеттен – Юсуф, Нұра, Мұстафа; Ираннан – Махмуд және Фаруддин; Оңтүстік Африкадан – қара мұсылман Ципс есімді балуандармен күрескен
(МК; Т) «Баспалдақ» әдісімен шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтайтын жоспар құрады.
Үлгі:
Балуандар Қытай елінде
Сар Керен мен Қажымұқан
Қажымұқан жеңісі
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі
(Б) «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру