Тәуелсіздік 30 жыл туралы эссе, шығарма жинағы

Тәуелсіздік 30 жыл туралы эссе, шығарма жинағы

Тәуелсіздік 30 жыл туралы эссе


Тәуелсіздікке 30 жыл

«Тәуелсіздік» сөзінің өзі жанымызға жылу, бойымызға күш, қуат береді. Тәй-тәйлаған баладай басқан адымдарын санап, 4-5 жасында өз-өзіне қарап, 10-15 жасында пайдаға ісі жарап, 20-25 жасында өсіп-өніп, аты әлемге тарап, етек-жеңін жинап, бар әлемді мойындатып, Тәуелсіздіктің бесігінде 30 жыл тербелген қазақ елі, 30 жылдық тәуелсіздігің құтты болсын!
Желтоқсанның ызғары да, қатып калған мұздары да, қазақ жастарын қорқыта алмады, қайсарлықпен бодандыққа қарсы тұрған желтоқсаншы жастарға бас иеміз! Ата-бабалардың аңсауымен, желтоқсаншы жастардың қайсарлығымен Тәуелсіздік есіктен еніп, жанымызға шаттық сыйлағалы міне 30 жыл, 30 жас. Отыз жылда ел жаңа, еліміз көркейіп, жеріміз жандануда, бар әлемнің назары біздің елімізде. Қазақстанды бүкіл әлем таниды десек қате айтқанымыз емес. Аз уақытта бойын тіктеп, басқа шет елдерге үлгі бола білген еліміздің 30 жылдығы, 30 жасы құтты болсын қазақ елі! Қазақтығымыз бітпесін, азат күніміз бітпесін! Қазақ тіліміздің тұғыры берік боп, елдігіміз жандана берсін! 30 жылдығың 100 жылдыққа ұласып, шаттығың мен бақытың ортаймасын! Қазақ елі жасай берсін! Қазақстан жасай берсін!



Тәуелсіздікке 30 жыл туралы шығарма

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіз – әлемдегі ең құдіретті сөз. Ел еркіндігі.

Қазақстан  тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп жатқанына 30 жыл. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

1991 жылы 16 желтоқсан әлем картасында жаңа жас Қазақстан Республикасы пайда болды. Бұл тәуелсіздік қанша ғасырдан бері армандап келе жатқан бұрынғы ата-бабаларымыздың аңсаған арманы, аналарымыздың көз жасы. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған түбі бір Түркия елі. Тек бір ел ғана емес, барша әлем елдері мойындап, қолдау көрсетті. Еркіндікке қол жеткізген жас мемлекеттің алдында жасалынатын көптеген жұмыстар тұрды. Өзінің ішкі және сыртқы саясатын, экономикасы мен валютасын қалыптастыру сынды жауапты жұмыстар тұрды. Осының бәрін отыз жылда орындап, әлем жұртының алдында өзіннің даңқты ел екенін мойындата білді.

Тәуелсіз елдің алғашқы президенті – Нұрсұлтан Назарбаев. Еліміздің көркейіп, өркендеуіне бұл кісінің қосқан үлесі орасан. Жазық далаға ел жүрегі – Нұр-Сұлтан қаласын салып, оны әлем жұртына таңыта білді. Қаланың аспанмен теңесе салынған биік ғимараттары мен халықтың қолданысы үшін әрқилы ойын-сауықтық кешендер барлығы қала әсемдігіне көрік қосып тұр. Қазақстанның әсем мекендері, сұлу табиғаты, жұпар ауасы, тарихқа толы қалалары бәрі еліміздің баға жетпес байлығы әрі әлем жұртының көз тіге қарайтын, саяхаттап келетін туристік мекенге айналды.

Біз, жас өскелең жастар, тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат, осы еркіндікті баянды ету біздің басты парызымыз.


Пайдалы сілтемелер:


      «Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – қазақ халқының сан ғасырлар бойғы күресінде, азатыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр» деп Елбасымыз айтқандай, сол уақытта ата-бабамыз атқа қонып елімізді, жерімізді қорғамаса, азаттығымыз үшін күреспесе бұл тәуелсіздікке қол жеткізе алар ма едік? Қайсар да батыр бабаларымыз болмаса бейбіт күннің ақ таңын сезіне алар ма едік? Арыға бармай-ақ, кешегі 1986 жылы орын алған желтоқсаншы жастар болмаса осы күнге жетер ме едік? Жоқ, олардың отан сүйгіштігі болмаса, ұлтжандылығы болмаса осы күнге жету жетпеуіміз екіталай еді. Солай ғой, сондықтан ең бірінші тәуелсіздікке қол жеткізу жолында жанын берген, қанын берген ата-баба аманатын біздер қастерлеуге міндеттіміз. Ата-бабала әруағына мың тағзым!
       Бүгінде біз қандаймыз, ата-баба арман еткен тәуелсіздікке қол жеткізген, алыс, жақын шет елдерде абыройы асқақ, дамушы елдердің алдыңғы қатарында келе жатқан, 30 жасқа енді толып, оңы мен солын ажыратар елге айналдық. Рәміздеріміз сайлаулы, көңілдеріміз жаздың жайма шуақ күніндей, желтоқсанның ызғарынан өткен күннің естеліктері қалғандай, жүрегімізді бір қарып өткенмен сол жастардың арқасында тәуелсіздігіміз есік ашқаны көңілге қуаныш ұялатады. Еліміздің болашағы үшін жанын беріп, осы күнді бізге табыстап кеткен азаттықты бағалау, қастерлей білу әрбір Қазақстандық азаматтың парызы. Сондықтан, тәуелсіздіктің ақ таңы мәңгілік болу үшін әрбір адам өз тарапынан елге деген, жерге деген сүйіспеншілігін сақтап, еліміздің ынтымақ, бірлігінің бұзылмауына атсалысуы тиіс. «Бірлік барда тірлік бар» дегендей, ынтымағымыз бен бірлігіміз жарасып, сыйластықта өмір сүрсек еліміздің іргесі сөгілмесі анық.
      Жаңашылдық дәуренде тәуелсіздігінің 30 жылдығына қол жеткізіп отырған Қазақ елі, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құтты болсын! Ынтымағымыз бен бірлігіміз ажырамай, амандықта, саулықта өмір сүрейік! Еліміз бен жеріміздің айбыны асқақ, тәуелсіздігіміз тұғырлы, Қазақ елі, Қазақстан мәңгі, ғұмырлы болсын!



 Өткен күннен алыс жоқ,
Келер күннен жақын жоқ
(қазақтың халық мақалы)


Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.
Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.
Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық.
Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.
Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды түсірдік. Экономика, ішкі және сыртқы саясатпен қатар, табиғи қорларымыз да, басқа мемлекеттің қарамағында еді. Сол қиын-қыстау кезеңде, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. Жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді құқылы қолдануға талпынды.
Бүгін міне, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-сезімді оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың басымдылығы, біздің ержүрек, батыл, намысшыл жандарымызды ызаландырды. Сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды.
Осының бәрі, бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді. Себебі, жаңа алаңда өткен қазақ жастарының шерулері, тәуелсіздікке әкелген бастама десек, қателеспейміз. Бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына 30 жыл. Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймыз.
Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент.
Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап, Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну, ұғыну, мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi даму стратегиясын таңдауда жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға ұқажет еді. Мұндай тарихи міндетті, Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі келбеті, бастан өткен сәтсіздіктері және жеңістері тұңғыш президентіміз, Елбасының есімімен тікелей байланысты. Тарихи өтпелі кезеңде Елбасының рөлі айқын және ашық көрінеді.
Елбасымыздың сол кезеңдегі басты таңдаған стратегиялық бағыты – ашық нарықтық экономикаға көшу болды. Түбегейлі құрылымдық өзгерістерді жүргізуде шетелдік инвестицияны маңызды фактор деп есептеді. Осындай тарихи шешімдердің арқасында біз қазіргі таңда әлемнiң 50 ең бәсекеге қабiлеттi елдері қатарына кірдік. Бұл, меніңше, мақтаныш сезіміне бөлейтін ең маңызды жетістік.
Әрине, сонау 25 жылда, еліміз неше түрлі жетістіктерге жетті, биік белес, асуларды алды. Маңыздыларын Елбасымыз “Қазақстан – 2030” Стратегиясының толықтай орындалуында қорытындылап кетті. Яғни, ұлттық кауіпсіз, ішкі саяси тұрақтылық пен бірлік, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу сияқты стратегияда белгіленген негізгі міндеттер орындалды.
Енді біздің алдымызда одан үлкен міндеттер тұр. 2012 жылы желтоқсан айында, Елбасымыз “Қазақстан – 2030” Стратегиясын қорытындылай отырып, мемлекеттің жаңа саяси бағытын жариялады. Ондағы басты мақсат 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.  
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін “Қазақстан – 2050” Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады. Бәріне тоқталудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әрине, бәрі маңызды, мейлінше кәсіпкерлікті, яғни ұлттық экономиканың жетекші күшін, ішкі нарықты әрі қарай жан-жақты қолдау керек. Өйткені, отандық кәсіпкерлік экономиканың негізгі қозғаушы күші болады. Шағын және орта бизнесті қолдауда 1997 жылы құрылған “Даму” Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры” Акционерлік қоғамының еңбегі орасан зор. Қазіргі таңда “Даму” Қоры кәсіпкерлердің несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және банктердің алдында кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендіру саясатын жүзеге асыратын қаржылық агент болып табылады.
Ірі бизнесті қолдауда да мемлекет тарапынан үлкен көлемде қаржылай көмек бөлініп отыр. Басты көздейтін мақсат – әртараптандыру арқылы ұлттық экономиканы шикізат секторынан тәуелсіз етуі. Осындай мақсатпен 2001 жылы “Қазақстанның Даму Банкі” Акционерлік қоғамы құрылған. Банк еліміздегі шикізат емес секторларға инвестицияларды жүзеге асыру арқылы ұлттық экономикамыздың тұрақты дамуына үлесін қосып жатыр. Осы жылы Банктің құрылғанына 15 жыл толады. Соңғы мәліметтерге сүйінсек, 14 жылда Банк инвестицияларының көмегімен 78 инвестициялық жоба іске қосылды, 20,4 мың жұмыс орны ашылды. Осы кәсіпорындардан жыл сайын мемлекеттік бюджетке 10 млрд. астам салық төлемдері түседі.
Соңғы жылдардағы дағдарыстың салдарынан 2015 жылы экономиканың шикізат секторындағы өндіру көлемі тау-кен өндiрушi саладағы шығару көлеміне дерлiк теңестiрілдi. Сол себептен, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына оң әсер тигізетін, 2010 жылы қабылданған мемлекеттік индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын ары қарай жүзеге асыру керек. Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге жарамдылығын көтеру үшін шағын және орта бизнесті қаржыландыру ғана емес, сонымен қатар болашағы бар ірі жобаларды шетелдік инвесторлар арқылы қаржыландыруды тоқтатпаған жөн болар. Осы бағытта жыл сайын өткізілетін “Еуразиялық экономикалық форуммен” қатар “Астана экономикалық форумының” айтарлықтай пайдасы бар. Алдымызда “Еуразиялық кедендік одақ”, “Дүниежүзілік сауда ұйымы” сияқты халықаралық сауда-саттық нарығында сынақтар күтіп тұр.
Кәсіпкерлер бизнес жүргізуде неше түрлі жасанды бөгеттерге кезігеді, оны бәріміз естіп жүрміз. Мемлекет шенеуніктерінің осындай істерді тудырмау жолдарын қарастыруымыз қажет. Пара алу, жемқорлыққа қарсы күресті, бюрократия секілді бөгеттермен жұмысты жалғастыру - басты мақсатқа айналу керек. Мұндай шараларды қолдана отырып, Елбасымыз “мықты бизнес – мықты мемлекет” қағидасын іске асыру жайында өз жолдауында айтып өткен.
Жастарға заманауи білім берумен қатар, өңдеуші өнеркәсіпті жақсарту мақсатымен жаңа мамандар даярлау керек. Қазіргі таңда жастар көбінесе билікке ұмтылады. Мемлекетімізде бірі заңгер, бірі мұнайшы, бірі экономист болғысы келеді. Қазір осының салдарын көріп келеміз. Халықаралық нарықтың кесірінен болған мұнай бағасының түсуінен қаншама жұмысшыларымыз жұмыс орнынан босатылды. Артынан қол қусырып қарап отырған жанұялары, іні-қарындастары бар. Мұндай сценарий қайталанбау үшін жастардың экономиканың игерілмей қалған салаларына құштарлығын ашу керек. Жастармен жұмысты тек сауаттылық жағынан ғана емес, мектептер мен жоғарғы оқу орындарын қазіргі заманға сай техника-құралдармен, инновациялық жабдықтармен қамтамасыз ету керек.
Тағы айтып кететін жайт, бұл жастарды бизнеске деген құштарлығын ояту. Халықаралық тәжірибенің көрсетуі бойынша жастарды кәсіпкерлікте қолдау, жаңа жұмыс орындарды ашуымен қатар білікті мамандарды дайындауға жол ашылады. Сонымен қатар, еліміздің инновациялық даму жолына тезірек көшуіне мүмкіндік туғызады. Жастардың, менің ойымша, инновациялық жоғары белсендiлiгі, ойлаудың инновациялылығы, жедел түрде шешім қабылдауы, түрлі бөгеттерге иiлгiштiгі, тәуекелге бейiмделуi сияқты күшті жақтары бар. Жыл сайын Алматы қаласында кәсіпкерліктің жаһандық аптасы шеңберінде “Жастар Кәсіпкерлігінің Форумы” өтіп келеді. Одан әрі жас кәсіпкерлер клубы, бизнес инкубатор сияқты жобалар ашылып жатыр. Мемлекет тарапынан осындай жобаларға қаржылай көмек бөліну керек деп ойлаймын.
Әрине, біз көпұлтты және көпконфессиялы қоғам екенімізді ұмытпау керекпіз, бірақ ана тілі – қазақ тілін ары қарай дамытуымыз керек. Өйткені, ана тіліміз біздің рухани байлығымыз, тарихи құндылығымыз болып табылады. Өз тілімізді қай салада болмасын, ұялмай, керісінше қуана қолдануымыз қажет. Білмейтіндеріміз үйренуге талпынайық! Бірнеше жұмыс орнында қызмет істей келе, туған тілімізде, таза сөйлейтін адамдарды сирек кездестірдім. Кейбіреулер қазақ тілінде сөйлессең, тіпті менсінбей қарайды. Қазақ тілін дамытуда, мемлекет тарапынан неше түрлі жағдайлар жасалып жатыр. Тегін сабақтар берілуде, тегін видео таспалар таратылуда, осы мемлекеттен берілген сыйлықтарды пайдаланып алайық. Өзіміздің тілімізді қастерлеп, құрметтесек, қоғам да өзгерер, ал біздің мәртебеміз одан сайын асқақтайды.
Иә, 25 жылда мемлекетіміз күрт өзгерді. Экономикалық, әлеуметтік, интеллектуалды тұрғыда өркендеп келеміз. Оны архитектуралық тұрғыда қарасақ, Елбасы айтқандай, мемлекетіміздің басты күші – Астана қаласы. Астана тәуелсіздіктің белгісі, үні, келбеті деуге де болады. Осы жерді басып жүріп, шын мәнінде, біздің болашағымыз жарқын екеніне қатты қуанам.
Алдымызда “ЭКСПО-2017” атты халықаралық көрме Астанада өткізілмекші. Ол Орталық Азияда және “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына” кіретін мүше елдерде өтетін алғашқы көрме болмақ. Мұндай үлкен шараны біздің елде өткізу мемлекетіміздің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Көрменің тақырыбы “болашақ энергиясы” деп аталады, яғни жасыл технологияларға арналған. Халықаралық көрмелер бюросына мүше елдерді таң қалдырған сұрақ, қазіргі таңда көкейкесті мәселе. Сарқылмайтын энергия көздері: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу, болашақта адам баласына ең қажетті ресурс түрі. Бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10-нан астам халықаралық ұйымы қатысады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деген болжам бар .
Өтетін көрме, елдің өндірістік қуатына мықты серпін бере алады. Мұндай ауқымды және жауапкершілікті іс-шараны өткізуде біздің ел үшін пайдасы өте мол. Басқа елдермен достық қатынастар нығаюымен қатар, жоғарыда айтылғандай, елімізге инвесторлар алып келеді, еліміздің мәртебесін жоғарлатады.
Бірақ, мен тағы бір сұраққа тоқталғым келеді. Бұл қазіргі кезде жас жанұялардың арасында ажырасудың көбеюі. “Жастар қандай мақсаттарды көздейді? Басты құндылықтары қандай? Үйде ата-анасынан алатын тәрбиелері, ақылы қандай?”деген сұрақтар мені мазалап отыр. “Үйлену оңай, үй болу қиын” деп қазақта бекер айтылмаған. Алайда, жанұя деген институтты одан ары қарай қалай сақтаймыз, қалай құнды қыламыз, қалай қадірлейміз? Осы сұрақтарға шешім табу керек деп ойлаймын. Уақыт жаңа техногиялық бағытта зымырап өзгеріп барады, бірақ ата-бабамыздан қалған құндылығымызды сақтап қалу керек. Мектептегі жоғарғы сыныпта оқушыларға жанұялық психология атты жаңа пән енгізу керек пе, әлде жанұямен жұмыс жасайтын орталықтар ашу керек пе, оны эксперттер жақсы біледі. Бірақ, бұл біздің қазіргі таңдағы баса назар аударатын өзекті мәселе деп есептеймін.
«Бала тәрбиесі – бесіктен» дейді ғой, ол біздің балабақшадан басталады. Патриоттық тәртіп те жастайынан қалыптасады. Елімізде “Балапан” атты бағдарлама күні бүгінгіге дейін іске асырылуда, сол үшін Елбасымызға айтатын алғысым шексіз. Осы бағдарламаның көмегімен елде 4 мыңнан астам балабақша ашылды деген мәліметтер бар, өз көзіммен көрген Алматы облысының, Талғар ауданына қарасты, Тұздыбастау ауылында 10-нан астам балабақша және бала орталықтары іске косылды. Өзіміз де осы саланы меңгеріп келеміз. Бірақ, балабақша ашумен ғана шектелмей, осы бағытта жаңа әдістемелер, тәсілдер арқылы балаларға тәлім-тәрбие беруді тоқтатпау керек.
Қорыта келгенде, 25 жыл ішінде жеткен жетістіктердің маңыздылығын бағалай отырып, біз болашаққа сеніммен қарай аламыз. Елбасымыздың 90-шы жылдарда анықтаған стратегиясының арқасында біздің еліміз осындай аз уақыт ішінде құрметке ие, жетістіктерін танитын, сөзіне құлақ салатын мемлекетке айналып отыр. Елбасымыздың осы қиын жолда сіңірген еңбегі зор, баға жетпес.
Меніңше, екі алып мемлекеттің арасында осындай халге жетуіміз Құдайдың бізге берген сыйы, мейірімі, аманаты деп есептеймін. Біз өз ұлтымыздың, мемлекетіміздің тарихын ерекше қадірлеп, сақтауымыз керек. Келешек ұрпаққа да ақылын айтып, жеткізсек, біз де алып, мықты мемлекет бола аламыз.
Дүние керемет өзгеру жолында, бірақ біз ұлттық идеяны сақтап, тарихи мұра, құндылықтардың қасиетін жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек. Әрине, ең бастысы, жеріміздегі ұлтаралық келісім, саяси тұрақтылық, ыңтымақтастықты сақтай отырып, көптеген нәтижеге жете аламыз.
Негізгі бөлімде айтылмаған жетістіктер өте көп, бірақ спортқа келетін болсақ, ол еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірліктің нәтижесі. Сыртқы және ішкі саясатты жүргізіп отырған азаматтарымыздың еңбегі де өте зор.
Біздің ел тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін жан-жақты дәлелдеді. Абайдың 150 жылдығын “ЮНЕСКО” шеңберінде тойлады. “Біріккен Ұлттар Ұйымы” шеңберінде 2002 жылы Алматыда, яғни тұңғыш рет Азия құрлығында 24 мемлекет басшысын біріктіріп, кеңес өткізді. “Шанхай ынтымақтастық ұйымын” құрудың негізгі ұйытқысы, алғашқы ұсыныс жасаумен танылды. Одан әрі, 2003 жылы Астанада тұнғыш рет әлемдік діндер жетекшілерінің съезін өткізумен тарихта аты жазылды. Алдымызда, 100-ге жуық елдің басын қосатын халықаралық көрме “ЭКСПО-2017”. Осының бәрін бағалауымыз керек.
Қазір біз өркендеудің жаңа жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық. Елбасы бекіткен жаңа экономикалық бағамда жаңа бағдарламалар, оның бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық!  

Орындаған: Абдраманов А.К.
Қаржы институттарымен жұмыс жасау департаментінің
Қаржы институттарына мониторинг жасау басқармасы
Фронт-менеджері



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 9
  1. Тәуелсіздік туралы эссе
    22 + 7 -
    Тәуелсіздік туралы шығарма: Тәуелсіздік – киелі ұғым

    Тәуелсіздік – кез келген адамның, ұлттың, халықтың, елдің еркіндігі. Өзінің алдында дербестігі. Тәуелсіздік – сіздің тыныстап отырған, еркін әрі бақытты күн кешіп жатқан Отаныңыз. Әлемде екі жүзге тарта тәуелсіз мемлекет бар. Олардың өзі тілі, діні, ділі, салты мен дәстүрі, ғұрпы, мәдениеті дамыған. Оған қоса ішкі және сыртқы экономикасы да қалыптасқан.

    Қазақстан – өз әнұраны, елтаңбасы, көк байрағы мен ұстанымы бар зайырлы мемлекет. ТМД елдері арасында тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялаған күннен бастап бұл елдің өз халқы, өзіне тән ұлты мен тілі бар.

    Тәуелсіздік не үшін киелі ұғым?

    Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап бабаларымыз жасап келе жатқан дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінесіз. Біз бейбіт елдің ұрпағызмыз, біз еркін елдің ұландарымыз. Бірақ бізге дейінгі осынау ұлан-байтақ жерді, елді аманаттап келе жатқан батырлар мен ұлы тұлғалардың төккен тері өз алдында бір төбе.
    «Кие» деген сөздің өзі үлкен мәнге ие. Оның астарында тоғысып кететін бүкіл бір тағдырдың тауқыметі мен қасиеті жатыр. Сондықтан да еркіндікті аңсап өткен хандарымыз үшін, біз үшін тәуелсіздікке баға жетпейді.

    Елдің еркіндігін аңсау бар, оған жету бар және оны ұстап қалу деген жауапкершілік бар. Үш түрлі кезеңнің үш түрлі тарихы бар. Біз дәл осы кезеңнің үшіншісіндеміз. Яғни, келешекке бастаушы, келешекті жасаушы ұрпақпыз. Ендеше қолда бар алтынның қадірін білу оны келесі бір дәуірге аманаттау және жеткізу – мойнымыздағы парыз.

    Ертеңгі елдің келешегі үшін еңбектен, Отанның ошағында от болып жанған жалын бол.
  2. Тәуелсіздік туралы шығарма
    10 + 2 -
    Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.

    Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

    1991 жылы ел тәуелсіздігін алған кезде халық болып қана қуанған жоқпыз. Қазақ елінің өз алдына республика болуын қалаған әрі ең бірінші болып мойындаған Түркия. Бұл тәуелсіздікті бір ел ғана емес, бүкіл ел болып қолдайды деген сөз. Ал іргесі қаланған жаңа республиканың әрі қарай өмір сүруі үшін ерен еңбек керек. Ол оның ішкі және сыртқы әлемі, экономикасы, ақшасы деген секілді көптеген құндылықтарға келіп тіреледі. Аталған құндылықтарды жиырма бес жыл ішінде үлкен мақсатқа айналдырған еліміз астанасын да бекітті. Тіпті бүгінде Астана арман қалаға айналды. Апортына бүкіл ел сүйсінген Алматының өзін мәдениет пен әдебиеттің қаласына айналдырды. Өзінің ішкі туризмі, теңгесі, ұзын сонар қара жолдары тарамдалып жатты.

    Арысы қазақ хандығынан бастап берісі егеменді елдің іргесіне дейінгі көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы аманатты сақтау. Жәнібек пен Керейдің керген керегесін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам ормансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес.

    Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс. Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген ұлы күн.

    #ТӘУЕЛСІЗДІК ТУРАЛЫ ШЫҒАРМА
    #ШЫҒАРМА
    #ТӘУЕЛСІЗДІК
    #ОТАН
    #ЕЛ
    #ҰЛТ
    #
  3. Асылхан Фатима
    Асылхан Фатима 06.12.2021 21:54
    3 + 2 -
    Мен толық келісемін
    1. Елім
      Елім 08.12.2021 11:39
      4 + 4 -
      Менде
  4. Данияр Алишев
    Данияр Алишев 01.12.2021 22:28
    7 + 7 -
    Аргумент аз
  5. Улан Кенжехамит
    8 + 2 -
    Жаксы
  6. Муслима Мурзагулова
    8 + 5 -
    Керемет, коп малимет бар екен
  7. Муслима Мурзагулова
    4 + 3 -
    Керемет коп малимет бар екен
  8. Мейрамбек Жорабеков
    3 + 12 -
    Гвекшепқгқгдрз