Менің Отаным – Қазақстан!
Аязбай Ернұр
6 – сынып, №2 Кеген орта мектебі
Алматы облысы Райымбек ауданы Кеген ауылы
Жетекшісі: Бектурған Айнур Бақытжанқызы

Отан!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем.
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Мұқағали Мақатаев
Отан... Неткен киелі де құдіретті сөз! Бұл сөздің астары аса терең. Себебі, Отан – бар ұлттың басына бұйырмаған бақыт. Жер бетінде Отансыз ғұмыр кешіп жүрген сан ұлттар бар. Кез келген халықтың елдігінің, егемендігінің, тәуелсіз ұлт екендігінің айғағы – өз Отанының болуы. Біздің Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – асқар шыңдары алыстан көз тартатын, өсімдіктері емдік қасиетімен ерекшеленетін, өзен – көлдері мөлдір, қойнауы қазынаға, табиғаты тамашаға толы құтты мекен. Ол – менің, Қазақстанды мекен ететін әрбір жанның сүйікті Отаны! Отанымыздың әрбір тауы мен тасы үшін, өзені мен көлі үшін ата – бабаларымыз ұзақ жылдар бойы сыртқы жаулармен айқасып, бірі жанын, бірі жастығын құрбан етіп, біздерге бүгінгі байтақ даланы аманаттап кетті. Біздің бүгінгі ең үлкен байлығымыз – Тәуелсіздік! Ең құнды қазынамыз – ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан дархан Даламыз! Аталған байлығымыз бен қазынамыз, яғни Тәуелсіздік пен Жер – біздің мемлекетіміздің негізгі тірегі.
1991 жылдың 16 желтоқсаны... Бұл кез келген ел азаматы үшін айтулы күн. Көптен күткен Тәуелсіздікке ие болған күн. Егер қазақ тәу етер жалғыз кие болса, ол Тәуелсіздік дер едім. Міне, еліміз сол тәуелсіздікке қол жеткізгелі жиырма бес жыл уақыт өтті. Бүгінде Қазақстан айқын мақсат – мүддесі бар, болашаққа үлкен жоспарлар артқан дербес те дамушы мемлекетке айналды. Ширек ғасыр аралығында Қазақстан көптеген мемлекеттермен достық қарым – қатынас орнатып, ішкі – сыртқы байланыстары нығайып, өзгелермен иық тірестіре алатын, әлемдік аренадан орын алған өзіндік үні бар ел болды.
Тәуелсіздік алғалы ғылым, мәдениет, экономика салалары дами бастады, түрлі ғылыми жаңалықтар ашылуда. Әрине, елімізге «бәрін басынан бастау», дағдарыстан шығу, жұмыссыздықпен күресу оңай болған жоқ. Алайда, ешбір кедергі мен қиындыққа қарамастан Қазақстан аяғынан нық тұрды, халықтың тұрмыс жағдайы жақсарды және халқымыз күн сайын алға қадам басып келеді. Мемлекетіміздің басты құндылығы халық болып табылады. Қазір республикамызда көптеген ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында бірлік пен татулықта бейбіт ғұмыр кешіп жатыр. Мұның бәрі ең әуелі қазақ халқының ешбір ұлтты жатсынбайтын дархан көңілі мен адал ниетін, кең пейілін аңғартады. Сонымен қатар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесін көрсетеді. Қазақстанның кез келген дербес мемлекет секілді өз рәміздері бар. Сыршыл сазгер Шәмші Қалдаяқов пен арда ақын Жұмекен Нәжімеденов, ұлтымыздың көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев жазған әнұран бойымызға жігер береді, жүрегімізге жалын ұялатады. Еліміздің әнұранын шырқаған кезде бойыңды асқақ сезім билейді.
Ал Туымыз Шәкен Ниязбеков атамыздың туындысы. Тудың көгілдір түсі бұлтсыз ашық аспанның нышаны болса, алтын күн еліміздегі тыныштық пен бейбітшілікті бейнелейді. Күннің төменгі жағынан орын тепкен қыран құс Қазақ мемлекетінің қырандай қалықтаған айбынды бейнесін аңғартады. Көк ту көкке көтерілгенде бойыңды мақтаныш сезімі кернейді, шексіз шаттанасың. Ал Елтаңбамыздың авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов. Елтаңбамыздың дәл ортасында шаңырақ орналасқан. Шаңырақтың Елтаңбамыздан орын алуы тегін емес. Себебі, ежелде ата – бабамыз көшіп – қонып жүріп, киіз үйде ғұмыр кешкен. Яғни бұл Қазақ елінде ғұмыр кешіп жатқан бар адам бір отбасы дегенді білдірсе керек. Түндік ашық аспанды, тыныштықты аңғартады. Ал күлдіреуіштердің бірімен–бірі байланысып жатуы - үш жүздің арасындағы береке мен бірліктің айғағы. Жан – жаққа тараған уықтар күн арайлары, ол шексіз шуақтың, нұрлы күннің нышаны. Қанатты тұлпар бар қазақтың бойынан табылатын қайрат пен қайсарлықтың белгісі. Ал биікте орналасқан жұлдыз әрбір Қазақстандықтың жол сілтер жарығы іспетті. Яғни біздің бар рәмізіміз үлкен мән-маңызға ие, әрқайсысы айырықша ойластырылған. Отанымыздың әрбір азаматы үшін Мемлекеттік рәміздеріміз тым қастерлі. Өйткені, рәміздер біздің тәуелсіз мемлекет екендігімізді айғақтайтын басты атрибуттар болып табылады. Қазақстанның астанасы – арқа төсінде орналасқан Астана қаласы. Бүгінде Астана тәуелсіз Қазақстанның символына айналды.
Ол аз ғана жылдар аясында гүлденген, сәулетті де ғажайып шаһар атанды. Бүгінде Астана миллионер қалалардың қатарына қосылып, алып мегаполис болды. Астана күн сайын жаңарып, көркейіп келеді. Астананың «төлқұжатына» айналған құрылыстың бірі - «Бәйтерек» монументі. Сонымен қатар «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Думан» мұхитаралы, «Ханшатыр» ойын–сауық орталығы, «Нұр Астана» және Хазірет сұлтан атындағы мешіттер, «Астана Опера» опера және балет театры, Елбасымыздың резиденциясы «Ақ Орда»... Мұның бәрі Астананың айшықты орындары. Астанаға келген әрбір жан дәл осы көрнекті орындарды тамашалауды мақсат етеді. Астанада бүгінде көптеген жаңа құрылыс нысандары көз ілеспес жылдамдықпен тұрғызылуда. Санаулы жылдардың ішінде бас қаламыздың әлем астаналарымен толықтай теңесетітіне күмәнім жоқ. Отанымыздың жүрегі – Астана біздің мақтанышымыз! Мұнымен бірге, мақтанар келесі жайт ол, Қазақстанның жер көлемі жөнінен әлем бойынша тоғызыншы орынды иемденуі. Қазақтың қасиетті қара жері қазба байлыққа бай. Мұнда орыс химигі Менделеев кестесіндегі жүз он тоғыз элементтің жүзге жуығы кездеседі. Сондықтан қазақ даласы жасырған жауһарлар жетерлік. Еліміздің табиғаты да ғажап! Көркіменен көз тартатын сұлу Көлсай, шырайлы Шарын шатқалы, сұлулықтың қайнары Қайыңды көлі, екінші Швейцария атанған Бурабай, әрбір альпинист бағындыруға асығатын Хантәңірі шыңы, асқаралы Алатау, «Алтын адам» табылған Есік қорғаны, атақты «Байқоңыр» ғарыш айлағы...
Тізімдей беретін болсаң, бұл тізімнің жалғаса берері сөзсіз. Қазақ даласының бар кереметі ақын – жазушылардың жүрекжарды туындыларына, суретшілер мен сазгерлердің ғажайып шығармаларына арқау болды. Мен Отанымның тамаша табиғатына үнемі тамсанып қараймын әрі бұл көрікті табиғат қазаққа тарту етілген Тәңірдің сыйы деп санаймын. Бүгінде Қазақстанға саяхаттап келуші шетелдіктердің саны жыл санап артуда. Бұл Қазақстан туризмінің дамып келе жатқандығының дәлелі деп есептеймін. Елімізге келіп, саяхаттап кетушілер Қазақстанның сұлулығына, қайталанбас табиғатына тамсанып қайтатындығын ғаламтор беттерінен оқып жатамыз. Ал 2017 жылы Астана қаласында «Болашақтың энергиясы» деген атаумен өтетін Экспо көрмесі Қазақстанды бар қырынан танытатынына сенімім кеміл. Нақтырақ айтқанда елімізге келіп көрмені тамашалаушы туристер біздің тағылымы терең тарихымызбен, атадан жалғасып келе жатқан дәстүрімізбен, салт – санамызбен, әдет – ғұрыптарымызбен, ұлттық құндылықтарымызбен және мәдениетімізбен, әдебиетімізбен, өнерімізбен танысып, жас мемлекеттің аздаған жылдар аралығында қол жеткізген зор жетістіктерін өз көздерімен көріп қайтатын болады. Бұл да мақтануға тұрарлық! Менің Қазақстаным! Сенің сұлулығың мен қасиетің, құдіретің мен киең жайлы қанша айтсам да ешқашан сөзім таусылмақ емес.
Сенде туылғаным үшін, сенің топырағыңда аунап, ауаңды жұтып, гүлдеріңді теріп, жемістеріңді жиғаным үшін, тауларыңа шығып, ашық аспаныңның астында ғұмыр кешіп жатқаным үшін шексіз бақыттымын! Мен сенімен, сенің батырларыңмен, ақындарыңмен, жазушыларыңмен, суретшілеріңмен, спортшыларыңмен, саясаткерлеріңмен, ғалымдарыңмен, сенің құшағыңда өмір сүріп жатқан кез келген азаматыңмен мақтанамын! Қазақстаным! Жер бетінде мен үшін сенен ыстық, сенен жақын мекен жоқ! Мен үшін жер жұмағы - өзіңсің! Әрине, әлемнің көптеген қалаларының кереметтігін ғаламтордан, теледидардан көргеніммен, олардың бірде бірі саған теңеспейді, саған жетпейді. Себебі, сен менің ОТАНЫМСЫҢ! Қазақстаным, сенімен өткенім бір, бүгінім бір және болашағым мен жаным бір болмақ! Сенің тауың мен тасыңа, өзенің мен көліңе, жерің мен көгіңе басымды иемін! Сен менің жүрегімнің бөлшегісің! Сені шексіз сүйемін, Отаным - Қазақстан!

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Шығармалар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шығарма Менің Отаным – Қазақстан! туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Менин Отаным – Казакстан! на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Менің Отаным – Қазақстан!