Технология | ШҚ голштинофриз тұқымды сиырларының сауын маусымы бойынша сүт өнімділік көрсеткіштері

 Технология | ШҚ голштинофриз тұқымды сиырларының сауын маусымы бойынша сүт өнімділік көрсеткіштері

Мазмұны

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КІРІСПЕ
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Сүт және сүт өнімдері
Сүт өнімділігіне әсер ететін жағдайлар
Қараала типті ірі қара тұқымдарына жалпы сипаттамасы
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ
Зерттеу материалдары мен әдістемелері
«Алимжанов Т.С.» асыл тұқымды шаруашылығының жалпы сипаттама
Шаруашылықтағы сиырларды азықтандыру жүйесі
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Асылдандыру жұмысының көрсеткіштері
Сиырлардың бұзаулауына әсер етуші факторлар
Шаруашылықтағы сиырлардың сүт өнімділігінің сипаттамасы
Тұмса сиырлардың желін түрлері мен сүт беру екпінділігі
Сиырлардың ұдайы өндірістік қабілеті
Бұзауларды бағып-күту және азықтандыру жүйесі
Бұзаулардың өсіп жетілуі
Шаруашылықтың экономикалық тиімділігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫС
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ

Отанымыздың азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қарамал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99%-ын құрайды, ал ірі қара еті 40-45%-ға дейінгі деңгейде. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.
Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара малы шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдерде көбеюде.
Ал кейінгі жылдарда ірі қара мал тұқымдарының асылдануын ерекше көрсеткен жөн, сонымен қатар жаңадан асыл-тұқымды ірі қара малы шығуда, ал осы асыл тұқымды ірі қара малдары экономикалық табиғи аймақтарға жақсы бейімделген. Оған ерекше әсер еткен селекция жұмыстарының жақсаруы болып табылады. Себебі селекцияның дамуына генетика, биотехнология ғылымдарының негізгі және электронды есептеу техникасының әсері өте зор болып жатыр.
Жалпы қазіргі уақытта мал шаруашылығына аса көңіл бөлініп, іштей мамандандыру арқылы, әрі осы саланың интенсивті жолға көшуіне байланысты ерекше дамуда.
2017 жылға дейін әрбір шаруашылықта сауын сиырларының сүтін 800-ден 1000 кг-ға дейін көтеру көзделініп отыр, ол үшін: мал азығын молайту және селекциялық асылдандыру жұмыстарын жақсарту қажет, ал ірі қарадан алынатын ет өнімін, әр басқа есептегенде 40-50%-ға көбейту межеленуде.
Соңғы жылдары шет елдерден әкелінген голштинофриз тұқымды ірі қарасын жергілікті ірі қара малымен будандастырудың нәтижесінде көптеген сиыр табындары жақсарылуда. Қараала типті ірі қара малын голштиндеу жоспары бойынша голштинофриз тұқымымен будандастырылған малдардың санын 2017 жылға дейін 70%-ға көбейту белгіленіп тұр. Осы жұмыстың арқасында кейбір асыл тұқымды мал зауыттарында сиырлардан 8-10 мың кг-ға дейін сүт алу жоспарлануда, ал бордақыланатын малдардың тәулік қосатын салмағы 1000-1500 гр-ға жетуі тиіс.
Қазақстан республикасында 20 сүтті және сүтті-етті, 8 етті бағыттағы ірі қара тұқымдары өсірілуде. Айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қаралардың көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан кейінгі уақытта будандастыру мен гибридизациялау арқылы ірі қараның жаңа асыл тұқымды типтері шығарылуда.
Республикамыздың 2391 шаруашылығында ірі қара мал өсіреді, соның 250 ірі мамандандырылған ет шаруашылығымен айналысады, ал 270 шаруашылық мамандандырылған сүт өндіру шаруашылығымен шұғылданады. Жалпы республикада ірі қара мал саны 6 млн-нан асты.
Ірі қара мал шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен интенсивті технологияға көшіру, әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау әдістерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып табылады.
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1. Сүт және сүт өнімдері

Сүт – адамның денсаулығына пайдасы мол тағамдардың ішіндегі ең құнарлы, әрі таңдаулы түрі болып саналады. Оның құрамында 100-ден аса: витаминдер, қант, минералдық тұздар, гормондар және т.б. түрлі элементтер бар. Бұл қажетті заттар адам организмінде тез қорытылады. Мұның бір ерекшелігі – сол элеметтердің барлығы адам организмі үшін өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағмдар, шипалы сусындар жасауға болады. Демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті.
Сиыр сүтінің тамақтылығы және дәмі өте жоғары, әрі кең пайдаланылады. Өңделген сүттен түрліше сүт тағамдарын жасауға болады. Сүттен тағамның ең қасиетті түрлерін: май, құрт, ірімшік және т.б. тағамдарын жасайды. Орташа есеппен сиыр сүтінің құрамында 12,5-12,7% құрғақ зат болса, оның ішінде: 3,6-3,8% май, 3,2-3,3% ақуыз, 4,8% сүт қанты және 1% минералдық заттар болады. Сонымен қатар жалпы сүт құрамында 200-ге таяу, адамның қоректігіне қажетті заттар кездеседі. Сүт құрамында 20-дан астам витаминдер, 30-ға таяу ферменттер бар, 20-ға таяу макроэлементтер және 10 шақты микроэлементтер бар. Ал сүт майының құрамына 150-ден астам май қышқылы, ал сүттің ақуызында 20 шақты аминқышқылдары бар. Сүт майы адам организмінде 95%-ға дейін сіңсе, ақуыз – 98%-ға дейін, сүт қанты – 98%-ға дейін сіңеді. Жоғарыдағы мәліметтер бойынша сүттің тағамдылығы өте жоғары болып саналады, әрі диетикалық қасиеті бар. Сүт түзуіне өсімдік белогінің маңызы зор. Сүтті сиыр әрбір 40 кг мал азығынан 2-2,4 кг белок бөлсе, ал етті малдарды бордақылаған кезде тек қана 400 гр ғана белок бөледі.
Малды бордақылау кезінде 17% рационның энергиясы пайдаланылса, сүт өнімі үшін 5%-дай рацион энергиясы пайдаланылады. Сондықтан сүт өнімі халық шаруашылығы үшін өте ұтымды.
Сүт өнімін көбейту, адам организміне қажет белоктің көбеюіне тікелей әсер етеді. Жоғарыда айтылғандай, сүттен май, айран, ірімшік және т.б. тағамдар дайындауға болады. Сүт өнімінің көбеюі және оның құрамы ірі қараның тұқымына, шығу тегіне және әр малдың өсу ерекшелігіне, жасына және физиологиялық жағдайына, азықтануына және бағып күтуіне, бұзаулау мезгіліне және т.б. әрекеттерге байланысты. Кейінгі уақыттағы деректерге байланысты сүт құрамындағы сүт майы көптеген өзгерістерге ұшыраса, сүт ақуызы мен сүт қанты және минералдық заттары шамалы ғана өзгереді [1].
Қай малдың болса да сүтінің құрамы бірдей бола бермейді. Ол тұқымына, организміне, жасына, жыл мезгілдеріне, жем-шөбіне және т.б. жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Олардың ішіндегі бастылары мыналар: мал тұқымының жеке ерекшеліктері, жыл мезгілдері, күту және жемдеу тәртібі, сиырды сауу мерзімдері мен тәсілдері және т.б. Сүттің сапалық көрсеткіштері, одан алынатын өнімдердің (май, қаймақ, ірімшік, айран, құрт және т.б.) қасиеттері де әртүрлі болады. Мысалы, А.С.Всякихтың [2] ұйғарымы бойынша кей жағдайларда сүттен алынған өнімдер жұмсақ, сұйық, сақтауға төзімсіз болады да, ал тау жайылымында немесе құнарлы жем беріліп, ұқыпты күтімде болған мал сүтінің құрылымы жақсы болып, одан алынған өнімдер де сапалы болады.
Сүт өнімдерін арттырудың резервтері көп. Атап айтқанда, сүт өнімдерін молайту үшін ең алдымен сауын малының тұқымын асылдандырып, санын көбейту керек. Сонымен бірге мал өнімділігін молайту үшін жем-шөп қорын көбейтіп, мал күтімін жақсарту, мұндағы еңбек жүйелерін механикаландыру, бір сөзбен айтқанда, бұл саланы жан-жақты интенсивтендіру қажет.
Сүт шаруашылығының негізі, халықтың өскелең тілектерін сүт өнімдерімен қамтамасыз етудің қайнар көзі – ірі қара мал. Атап айтқанда, сауын сиырлар болып табылады. Халықтың мақалы бар: «Сиыр жүрген жерде сүт жүреді, сүт жүрген жерде құт жүреді», - дейді [3].
Сүт өнімдерінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, Кильвайн Г. [4] қаймағы алынбаған және қаймақсыз сүт, айран және басқалары сияқты өнімдер алыс жерлерге тасымалдауға шыдамайды. Сондықтан сүт шаруашылықтарының көпшілігі сүт өңдейтін өнеркәсіпте, тұтынушыларға, қалалар мен ірі өнеркәсіп орталықтарына жақын орналасқан. Өндіріс жүйелерінің ерекшеліктері осыны талап етеді. Дегенмен әлі де болса кейбір экономикалық аудандарда бұл принцип түгелдей сақталмай отыр. Әлбетте, бұл жағдай өндірісі тиімділігін кемітіп, өнімнің өзіндік құнын арттыруда, сапасын төмендетуде, деп талқылайды.
Қазіргі кезде сүт шаруашылықтары респбуликамыздың барлық аймақтарында бар. Бірақ, жер, су, жемшөп және басқа да табиғи жағдайларға байланысты бұл саланың мамандану және шоғырлану дәрежесі әртүрлі. Сүт пен ет, ет пен сүт өндірісіне бейімделген малдың 60%-ға жуығы далалық және жартылай далалық өңірлерге орналасқан. Ал, ірі қараның 19%-ы (негізінен етті бағыты) шөлейт жерлерде өсірілуде.
Сауын малын орналастырудың басты шартының бірі – сүт көлемі көп, сапасы жоғары, өзіндік құны төмен болу керек. Яғни, сүт шаруашылығы жан-жақғынан тиімді болу керек.
Қазіргі кезде Қазақстан республикасында сауын малының саны да, әр сиырдан алынатын сүт мөлшері де жеткіліксіз. Сондықтан дайындалған сүт жан басына шаққанда ғылыми негізделген нормадан төмен болып отырғаны көрініп тұр. ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру