file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 166 ответов (Результаты запроса 1 - 50) :

22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Наурыз - думан)

Жамбыл облысы, Жуалы ауданы,
№3 Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дуржанова Бибисара Қалиасқарқызы


Сабақтың тақырыбы: Наурыз – думан
Мақсаты:
1. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.
2. Ауызекі сөйлеу арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейту.
3. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, Наурыз мерекесі туралы қанатты сөздер, ұлттық тағамдардан дастархан әзірленеді.
Үнтаспадан күй, халық әуендері беріліп жатады. Мереке ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Наурыз айы болғанда» әнімен басталады.
Тәрбие сағаттар
Толық

Туған жерім - бақыт мекенім

Туған жер-адамның кіндік қаны тамған,қанаты қатайған,арманы асқақтаған қасиетті мекені. Туған жері жайлы жүрек тебірентер өлең шығармаған ақын,әсем әнін арнамаған әнші,бояумен махаббатын жеткізбеген суретші жоқ. Олар туған өлкелеріне деген ыстық махаббатарын сөзбен немесе суретпен,күймен немесе әнмен жеткізген.Ал мен өз кезегімде еліме деген шексіз махаббатымды осы мақаламмен жеткізгім келеді.Егер бұл мақалам кем дегенде бір адамның жүрегіне жетсе,авторы ретінде менің арманым болмас еді.
Осы мақаланы жазу барысында менің....

Шығармалар
Толық

Сатиралық ертегі: Айдарбек қу

Айдарбек қу ел аралап жүріп, Шаншардың бір ауылына келіпті. Әлгі ауылдың бір адамы өліп, соны қойып жатыр екен. Айдарбек жаназаға келген Шаншарларға «майлансын-ақ», – депті. Елеңдеген бір жігіт:
– Ой, мынау қалай, қалай сөйлейді? Кісіміз өліп жатқанда, көңіл айтудың орнына майлансын-ақ дегені несі? Өзіне дүре соғып, қып-қызыл қылып жіберсе қайтеді? – дейді.
Айдарбек:
– Иә, қып-қызыл қылсаң, қыларсыңдар. Қолдарың қанданып тұр екен, – деп, жүріп кетіпті.
* * *
Айдарбек сол бетінде Шаншардың бір бай ауылына келеді. Келсе, әлгі ауылдың байы үйде жоқ, бәйбішесінен рұқсат сұрап, қонады. Түнде бәйбіше етті көп асып, күтеді. Сорпа ішерде Айдарбектің сорпасына үпілмәлік деген дәрі қосып береді. Ол дәріні ішкен адамның іші өтеді екен. Әлден уақытта Айдарбектің іші ауырады, тысқа шығайын десе, есікті мықтап жауып қойыпты. Шаншардың қуларының әдейі істеп жүргенін біледі де, төсекте жатқан бәйбішенің көрпесін ептеп алып, соған дәреттеп, көрпені қайта жауып қойыпты......
Ертегілер
Толық

Сатиралық ертегі: Екі қарақшының бас қосуы

Өткен алып қашты, жұлып кетті заманда екі қарақшы болыпты. Бұл екеуінің істейтін «кәсібі» момын шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай болса, бұларға өздерінше жазаның ауырын беріп, тырнақтап жинағанды етектеп төгетін болды. Дереу сезсе болғаны, қырдағы малын талап алады, қойшы, алғанда атап-атап алатын болды. «Айып» дейді, «шығуым» дейді, «сойысымызға» дейді, осы сияқты етіп, барлық мал да жүдә болды.
Бір күні бұл екеуі кеңесіп:
– Бұдан бұлай мұндай ауыл арасын ұрламайық. Қууды көбейтпейік, кесіп алып қалған соң қосу да қиын ғой. Мұның орнына алыстан ұрлайық. Көз көрмес, құлақ естімес жерден, – деді екі қарақшы.
– Оған ағайындар да қарсы болмас, өздері аман болған соң олар басқаны ұрлап жатса да, үндемейді, – деп, осы ақылды қорытып, қолдағы бар қалған бір-екі қараны оншақты ешкіге сатты. Ұзақ сапарға шықты. Ауыл бұл екеуінен құтылдық деп, қуанысып, олар қалыпты.
Оншақты ешкі бұл екеуінің жол азығы еді, ауылдан бір күндік жерге шыққан соң бір ешкі сойды, біразын жеп, қалған ешкілердің үстіне таңып қояды, өздері бес ешкінің маңымен жүріп отырады. Өздері елсізбен жүріп отырып, бір жарым ай жол жүреді. Ешкі де таусылды. Әйтеуір, ел шетіне келіп қалды. Жапан далада қалмай, осы елді көргеніне өздері де қуанысты. Бұл екеуі аздап кеңеседі, осы елден түсіп, мал-дүние алып қайталық, солай болған соң бірімізге біріміз дыбыстау үшін бұрынғы атымызды атамайық, жаңадан ат қойып алайық, – дейді.......
Ертегілер
Толық

Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Это важно!

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Өлеңдер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Кедейдің үш баласы

Ертеде бір кедей болыпты. Үлкен баласының аты Әшкен, ортаншы баласының аты Мүшкен, кіші баласының аты Жұмакелді екен. Үйінде отырып, күнелте алмайтын болған соң, үш бала әкесінен рұқсат алып, алыс жерден кәсіп іздеуге шықпақшы болыпты. Сонымен, кедейдің үш баласы кірлерін жуғызып, бір қоржын малта алып, жүріп кетеді. Бұлар ұзын жолға түскен кезде артынан әкесі айқай салып, шақырады.

—Тоқтаңдар, әкеміз шақырады, тосайық,—дейді Әшкен. Балалары тоқтап тұрып, әкесін тосып алады.

—Қарақтарым, жолдарың болсын! Осы кетіп бара жатқан жақтан қопа кездессе қонбаңдар, түстенбеңдер. Онан әрі өте бергенде, жалғыз мола кездеседі, оған қонбаңдар да, түстенбеңдер де. Онан өтсеңдер, бір көп мола кездеседі, оған да қонбаңдар да, түстенбеңдер де... Ал енді, қош, аман болыңдар!—деп, шал қайтып кетті.

Балалар жүріп келеді. Айлардан ай өтіп, күндерден күн өтті. Тек мойындары ырғайдай, биттері торғайдай болғанда, кіші бесін кезінде бір қалың қопа қамысқа жетті. «Әкеміздің айтқаны бар, қонбайық, қопадан шыға қонайық»,—десті де жүріп кетті. Әлі жүріп келеді, әлі жүріп келеді, қопа бітетін емес, күн батып, қас қарайып, түн болды.....
Ертегілер
Толық

Қиял-ғажайып ертегі: Қарамерген

Бұрынғы өткен заманда қазақ жұртының бір Қарамерген деген кісісі болыпты. Өзінің дәулеті жоқ, және перзенті жоқ екен. Мергендікпен бұғы атып мүйізін, құлан атып саурысын, әртүрлі аң атып, терісін сатып, жан сақтайды екен. Жаз кетсе – қыс келіп, қыс кетсе – жаз келіп, жолдассыз жалғыз жүреді екен.
Бір күндерде баяғы мерген мылтығын алып: «Қысы-жазы ел бармайтұғын, адам тұрмайтұғын бір алыс жерге барайын!», – деп жүріп кетіпті. Неше күн жол жүріп, бір үлкен тауға келіпті: қараса, тауда адам жүрген жол жоқ. Бір сайменен атын жаяу жетелеп, көп машақат тартып, таудың үстіне шығыпты. Жан-жағына қараса, аң киік есепсіз көп екен. Мерген қуанып, бір бастаудың басына келіп, тастан үй жасапты, төбесін жолым үйдей қылыпты, бірталай уық ағашпенен, үйдің төбесін аңның терісімен жауыпты.....
Ертегілер
Толық

Тағдыр тауқіметі (2 бөлім)

Шәй демдеп, қалған тәттілерін дастарханға қойып Аяулым бар құрметін жасауда.Ағам жайлы жақсы хабар айтады ау деп бейшара қыз жүгіріп жүр.Жөн сұрасып біраз үйренгеннен кейін Руслан әңгімесін бастады.
- Ауялым,қалқам, мені мұқият тыңдашы,-Аяулым осы сөзінен-ақ селк ете қалды. – Ерлік менің
жақын досым.Басыңа қандай жағдай түсіп жағдайыңның қаншалықты ауыр екенін білемін.Қазаңа ортақпын.Мені тыңда, тек шошымашы,жарайды ма?Ерлік қазір Ақтөбе қаласында абақтыда жатыр.Тыңда,тыңда шошыма! Кішкентай қыз емессің есің бар.Мен сенен еш шындықты жасырмай айтамын.Тек сен ақылмен тыңда.Осыдан 1 жеті бұрын Ерлікке барып қайтқан болатынмын.Сен менің досымның маған тапсырған аманатысың. Әке-шешесінен бірдей айырылу оңай емес.Ол Сол кездегі оқиғаны естіп әкеңнің қарыз болып қалған адамына барған осы күйікпен жүріп сол кісіні дәл солай бақилыққа аттандырды.Әке-шешесінің қаны үшін кегін алды.Басында қашып жүрді, тығылды.Бірақ Ерлікті тауып алып қамап тастады.Жағдай осылай.Енді айтайын дегенім Аяулым, мен сенің қасыңда үнемі бола алмаймын.Сен өзіңе сақ бол.Әлгі кісінің адамдары сені іздеп жүрген көрінеді.Мына үйді сатуға шығарып 1-2 күннің ішінде бір шет жердегі елді-мекенге көшіп кетуің керек.Ұқтың ба мені?,-деп сөзін аяқтады. Аяулым біраз есін жинай алмай естігенін жетік түсіне алмай үнсіз отырды.Руслан бөлген жоқ.Себебі қаншалықты ауыр екенін түсініп-ақ тұр......
Махаббат хикаялары
Толық

Қобыланды (Қазақ ауыз әдебиеті)

Кешегі өткен заманда,
Он екі баулы ноғайда
Қыдырбай деген бай болған
(Ақшахан деген хан болған)
Байлығы асқан жан екен,
Малы жерге сыймаған
Дұшманның тілін тыймаған,
Сол секілді жан екен
Қыдырбайдың алғаны
Меңдісұлу жар екен
Сексенге жасы келгенше,
Ұл менен қызға зар екен
«Осыған қайғы салсам деп,
Осының малын алсам» деп,
Ақшахан деген ханының
Еліндегі билердің
Ойлаған ойы бар екен
Бір күні билер ойлады,
Ұлы жыйын-той қылып,
Ат шаптырды қалаға....
Өлеңдер
Толық

Өмір мен өлім айқасы

Арпалысып жүріп алған абырой - өмірдің ең шырын рақаты.
Б. Момышұлы
Арпалыс. 1941 жылы бастау алған сұрапыл соғыс, шынында да, ұлы арпалыспен өткен еді. Бірақ, ол кезде соғыста жанын қиғандардың ешбірі абырой үшін, атақ үшін жан қиған жоқ, керісінше «Отан үшін», «ел үшін» деп, қарша бораған оққа көкірегін тосып, өлсе де оған өкінбей, Отан үшін өмірін қиып тұрып алған абыройын өмірдің ең шырын рақаты деп білді.
Қазақтың аты аңызға айналған ғазиз ұлдарының бірі – Бауыржан Момышұлы тағы бірде:
Ежелден ер тілегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі, – дейді.
Соғыс жылдарында ерлік көрсеткен азаматтарымыздың ел тілегін тілеген, елге тірек бола білген, адал ұл болғанына ешкім күмән келтірмес.
Біздің елдің өзінен ғана жиырма миллион адам қаза тапқан Ұлы Отан соғысының аяқталғанына да жетпіс жыл толып отыр. Бомбалар мен снарядтар қопарып, окоптар айғыздаған жер жарасы жазылғалы қашан. Содан бері жомарт табиғат жер бетіне жетпіс рет жасыл кілемін жайната жауып, жетпіс рет жинап алды. Жеңіс жылы туған баланың өзі жігіт ағасының жасына жетіп, самайын қырау шалды. Сол алапат соғысқа қатысып, от пен оқ өтінде жүріп, солдат етігімен Берлинге жеткендер қазір ат төбеліндей ғана. Қаһармандар қатары селдіреп барады. Емші уақыт талай қаралы көңіл мен жаралы жүрек дертіне дәру болып, қайғы-қасірет ұмытылып бара ма, қалай?.......
Шығармалар
Толық

Нағашы атамның естелігі

Ата мен әжемнің ойлы әңгімелерін ұйып тыңдап, санаға тоқығанға не жетсін?! Нағашы атам Қазиев Оржанның да кеудесі сыр сандыққа толы.Ол үнемі бізді әңгімеге тартады.Солардың бірін паш етейін.
Ұлы Отан соғысы басталғанда мен бес жастағы бала едім.Бір күні біздің ауылдың ортасына көп атты кісілер жиналды.Ауылдың бар адамы жиналып шулап, жылап жатыр. Тіпті, үлкен шалдарға дейін кемсеңдеп,әлдебір ағалармен қимастықпен қоштасып, «қарақтарым,жортқанда жолдарың болсын, Қыдыр баба қолдап жүрсін» деп бата қылып шығарып салып жатыр екен.Мезгіл желтоқсан айының іші болса керек.Жерде қар бар. Көк атты жортып,ауылдан ұзай берді.Бір кезде менің ағам Қазиев Серғазы астында өзіміздің жүйрік жирен бие,қайырылып шауып келіп мені ат үстіне көтеріп алып, сүйіп-сүйіп: «аман бол,әлі ертең сен жігіт боласың»деп маңдайымнан иіскеп,қайта жерге түсіріп манағылардың артынан шауып кетті.Ауыл адамдары кетіп бара жатқандарды көз ұшына шығарып салмай,үйлеріне қайтар емес.Мен де тосын жайға таңырқап, есік алдындағы күлдің үстіне жалаңаяқ шығып тұрғанмын.Соны байқаған ағайым мені қимай, аяп оралған беті екен.Әлі есімде.«Мына ит тоңып қалды ғой» деді.Бұл мен көрген бір көрініс.Ол кезде біздің ауыл №17ауыл совет деп аталады.Үш кішкентай Социнал, Коммуна, Чапай атты колхоздардың басын құрайды.Орталығы біздің ауыл-Коммуна колхозы.Ол кезде біздің ауыл Мақат ауданына қарайды.Әскери комиссариат Доссорда. Жаңағы кеткендер сол жерден аттарын қайтарып өздері майданға аттанбақ. Кейін есейгенде естігенімдей бұл кеткендер шамасы 25 адам болса керек......
Шығармалар
Толық

Қоршаған ортаны қорғау (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Климат және климаттық өзгерістер.
Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаны қорғау
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 7.О3.Қазақша ауызекі сөйлеу этикеттері мен көркем сөйлеудің құрылымдық және жанрлық ерекшеліктерін ажырату.
7.О5.Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар оқушылар қоршаған ортаны қорғау тақырыбы бойынша оқылым мәтінін құрылымдық және жанрлық ерекшеліктеріне сай талдап, мәтінде көтерілген мәселені анықтауға арналған нақтылау сұрақтарын құрастырады. .....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Қасым Аманжолов (Құпия қыз)

— Мынау қыз, елден ерек, келді қайдан?
Біле алмай кім екенін, болдым хайран.
Құпия осы қызда бір сыр бар-ау?
Орнаған жүрегіне кішкентайдан.
Кейпінде кейістіктің көлеңкесі,
Сықылды өмірінде көп мұңайған.......
Өлеңдер
Толық

Қасым Аманжолов (Бикеш)

Шықты бір қыз театрдан
Мойынында орман түлкі,
Шашын күзеп, қасын қырған,
Аузы-мұрны толған күлкі.
— Пожалуйста, машинаға,—
Деді жігіт қолтықтаған,
Қылмыңдасып екеу ара,
Кетті тартып тауға таман... ....
Өлеңдер
Толық

Кенен Әзірбаев (Төкетай мен Мәнікер)

[quote]Бұрынғы өткен дәуірде
Халықтың мұңы мал болған.
Малсызда ақыл дал болған.
Манас батыр тұсында
Көкетай деген хан болған.
Көкетайдың тұсында
Көрнекті талай дәу болған.
Аброй, бедел түзден боп,
Берекесі үйден боп,
Ер Қосай деген шал болған......[quote]
Өлеңдер
Толық

Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі

Экология жас ғылым. Ол 200 жылдан аса ғана пайда болды. Экология сөзін Естественная история происхождения атты өзінің кітабында ең бірінші қолданған неміс биологы Эрнест Геккель 1968. Экология ойкос деген грек сөзі, үй, баспана ұғымын білдіреді.
Э.Геккельдің айтуы бойынша, экология – зоологияның бір тармағы, ол барлық жанды мақұлықтар және оларды қоршаған органикалық орта мен өзара қатынасты зерттейді.
Экология ғылымы жеке пән түрінде биология шегінде пайда болды. Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың орта мен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы.
Көптеген ғалымдар әр алуан жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасы мен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты.
Сонымен, экология – тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ал соңғы 10 – 15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеу адамның табиғатқа көз – қарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты, оның байлығын көп уақыттан бері аяусыз керегінше пайдаланып келді. Міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылды, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануаорлар, өзен – көлдер, теңіздер адамның жабайы, рақымсыз іс - әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жойып апатқа ұшырауда. Бұған қосымша біраз аймақтарда өнеркәсіптері (химия, мұнай, көмір, АЭС т.б.) және цемент заводтары өндіретін пайдалы заттардан бөлінетін түрлі газдар, булар, жергілікті өндіріс орындары шығатын заттардың, өнімнің, яғни азық – түлік, ет – сүт тағамдарының қалдық – қоқыстары іріп – шіріп бұзылуынан түрлі бактериалардың пайда болуы тұрғындардың денсаулықтарына көптеген зиян келтіреді, аурудың жаңа түрлері шыға бастайды.
Көптеген ғылыми мәліметтерге қарағанда, қоршаған ортаға зарарлы әсер ететін екі факторды атауға болады; жер бетіндегі халықтың өсуі және адамның іс - әрекеті. ....
Рефераттар
Толық

Биология | Жануарлар әлемі

Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі –өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0,8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында....
Рефераттар
Толық

Абай Құнанбаев (1845 - 1904)

Қазақ халқының ұлы ақыны
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
Мұхтар Әуезов


Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.

Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал ол біз......
Шығармалар
Толық

Балабақша ойындары

Арқан тарту ойыны

Ойынға қажетті құрал: екі тұзақталып байланған ұзындығы 7-8 метр жіп немесе арқан.

Ойынның тәртібі:ойыншылар қарама-қарсы жаққа қарап жүрелеп отырады да, арқанның байланған ұшын мойнына салып, екі қолтықтың астынан өткізеді.

Төрешінің белгісі бойынша әр ойыншы қарсыласын өз жағына қарай тартуға тырысады. Белгілі межеге қарсыласын кім бұрын тартып жеткізсе, сол ұтқан болады.
kz
Толық

Күз – мерекем, күз – берекем (Күзгі бал кеші)

1-жүргізуші:
Бейне нұрлы көкте күн,
Білсең өмір – көктемің.
Айқара ашар есігін,
Хош келдің! – деп мектебің
Балдырғандар, бұл мәлім,
Еркелігін тастайды.
Қыркүйекте мұғалім
Оқу жылын бастайды.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Абай Құнанбаев қара сөздері және мағынасы

Это важно!

Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өз ғұмырын тек өлең жазуға, орыс және басқа да тілдерден аудармалар жасауға арнамаған. Сонымен қатар публицистикалық шығармаларын яғни "қара сөздерін" жазып қалдырғаны белгілі. Ал енді қара сөздерінің біршамасы не жайлы жазылғандығын және өзім нендей нәрсені түйгенімді жазайын!

Ең алғашқы қара сөзінде алдағы өмірінде нені кәсіп қылып, қайтіп өткізетіні жайлы талқылап, жазған. Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу, софылық қылып дін бағу, балаларды бағу....


kz
Толық

Балабақша ойындары | Қимылдық ойындар

Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8-10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана....
kz
Толық

Сыныптан тыс дене шынықтыру

Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Біздің елімізде кәсіподақтардың бірыңғай ерікті дене шыңықтыру- спорт қоғамдары құрылған. Оның негізгі міндеттерінің бірі балалар мен жеткіншектердің арасында дене шынықтыру – сауықтыру және спорт жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады, өйткені дене тәрбиесінің негізі балалық және жеткіншектік жаста қаланады. Тек қана осы кезеңде дене жаттығуларымен айналысу кажеттілігі қалыптасады, дағдылар мен іскерліктер жинақталады, спортқа қызығушылық калыптасады.
Гимнастика - дене тәрбиесі жүйесінің негізі. Дене тәрбиесі жүйесінде қандай жаттығу болсын, барлығы гимнастикалық жаттығулардың негізін құрайды. Айталық, жалпы дамыту жаттығулары - спорттың барлық түрінде, ең әуелі денені қыздыру үшін, арнаулы жаттығуды орындау үшін дайындықтан басталады. Мысалы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы -гимнастикалық жалпы дамыту жаттығулар жиынтығынан тұрады. Міне, сондықтан да гимнастикалық жаттығулар бүкіл спорттың негізін қалайды. Гимнастика адамның дұрыс қозғалысының, күш-қуатының, сымбаттылығының, т.б. адам бойындағы барлық қабілет қасиетінің дұрыс қалыптасуының негізгі көзі, денсаулығының дұрыс қалыптасуы. Жалпы адамның адами болмысын қалыптастырады. Гимнастикамен шұғылдану деген сөз - адамның өзін-өзі тіршілікке қалыптасуға дайындауы болып табылады.
Гимнастикамен шұғылдану, негізінен екі бағытта жүреді. Біріншісі - гимнастиканың негізін қалайтын жалпы дамыту жаттығулары. Сондықтан, негізгі гимнастика деп аталады. Негізгі гимнастика барлық жаттығулардың негізгі жиынтығы болып табылады. Гигиеналық гимнастика - денсаулықты қалыптастыратын, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының жиынтығы, сондай-ақ өндірістік гимнастика және арнаулы емдеу гимнастикасы.
Ырғақты гимнастика - негізгі мақсаты әр адамның дене жағынан дамуына байланысты және жалпы денсаулығына байланысты шұғылданады. Жалпы дамыту жаттығуларының маңсатты түрде белгілі бір уақыт аралығында үздіксіз орындалуы.
Атлетикалық гимнастика - жалпы дамыту жаттығуларының арнаулы мақсатты түрде дене құрылысын жетілдіру үшін қолданылады. Бірақ бұл жаттығулар арнаулы гимнастикалық жабдықтармен орындалады. Айталық батпан, қосшоқпарлы батпандармен орындалатын жаттығулар болса, сондай-ақ, тренажорлық аспап-құралдарда орындалады. Атлетикалық гимнастика негізінен - жалпы дамыту мақсатында спорт ретінде де қарастырылады.
Екіншісі - спорттың гимнастика. Спорттың гимнастика бірнеше жекелеген спорт жаттығуларынан тұрады. Бұл жаттығулар жекеленген спорт түрі болып есептеледі. Ерлердің жабдықтары - керме, шығыршық, қоссырық, кіші және үлкен ағаш ат және еркін жаттығу. Әйелдердің жабдықтары - бөрене, үлкен ағаш ат, әр түрлі биіктегі қоссырық және еркін жаттығу.....
Рефераттар
Толық

ОЙЛАУ

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой - әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір – біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Қарым қатынас психологиясы

Адам қоғамнан тыс өмр сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасыды, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келсімен екәншә біп адаммен қарым- қатынасқс түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейрімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына сезімінің азаюына әкліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу – қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен аралысып, дұрыс қарм-қатынас жасай білу де қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екндігі белгілі. Өзгелеромен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым –қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәілмет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарға меңгереді. әрине қарым-қатынас ақпарт алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл кең көп қырлы ұғым. Спектакель көрсекте, лекция тыңдасақта , телефонмен хабарлассақ та, дос- жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым- қатынастың сан алуан қырлары. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Қорқыт

Қорқыт оғыз-қыпшақ тайпаларының VIII—IX ғасырда ғұмыр кешкен ұлы ойшылы, батагөй ақыны, дәулескер күйшісі, келер күнді болжайтын көріпкел бақсысы. Ата жағынан Қорқыт оғыз тайпасының Қамы (Қайыспас) дейтін атасынан тараса, ана жағынан қалың қыпшак нағашы жұрты болып келеді. Қорқыттың әкесі оғыз тайпасына белгілі Қарақожа деген кісі болса керек.
«Қорқыт батыр емес, абыз (патриарх), халық даналығын бас болып паш етуші және сақтаушы, оның парасатына дүйім жұрт ден қояды»,— дейді В. В. Бартольд. Қорқыт қазақ үшін ең алдымен күй атасы, Қобызда күй шалу дәстүрін алғаш орнықтырушы. Оның күйлерінде айқын байқалатын стилдік тұтастық, өмірді бейнелеу тәсілінің тұрақтылығы, әуен-сазындағы бақсы сарындарымен үндес қарапайым көнелік, сөз жоқ, дара тұлғаның қолтаңбасын айқын аңғартады. Бұл орайда, Қорқыт туралы аңыз-әңгімеден де бұрын, Қорқыттың бейітінен де бұрын, тіптен, «Қорқыт ата кітабынан» да бұрын, оның тарихта болған нақтылы тұлға екеніне музыкалық мұралары дәлел.
Қорқыт күйлері: «Қорқыт» (үш нұсқасы бар), «Аққу», «Әупбай», «Башпай», «Желмая», «Елім-ай, халқым-ай», «Сарын» (екі нүскасы бар) «Тарғыл тана». ....
Рефераттар
Толық

Психология | Арт терапиялық жаттығулар

Көптеген арт-терапиялық жаттығулар көзді жұмып визуализациялау тәсіліне негізделген.Мұндай нұсқауды берген кезде қатысушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алған жөн.Р.Ассаджими мәліметтері бойынша экстраверт адамдарға көз жұмып қиялдау оңай болады, себебі мұндай адамдар көздерін ашқан кезде еріксіз түрде белгілі-бір сыртқы объектіні іздей бастайды.Демек көзді жұму экстраверттерге өз зейінін ішкі өміріне «бұруға» көмектеседі.Интроверттерге керсінше, көзді жұму үлкен қиындықтарды туғызады, себебі олардың назарынсыз да ішкі әлемге бағытталған, ал түрткі ішкі «бейнелер» және психикалық процестер ойдағы визулизация объектісін ығыстырып шығарады.Ал көзді ашу ішкі әлемге бағытталған интроверттердің назарын реттей алады.
К.Юнгтің айту бойынша, индивид әртүрлі психикалық функцияларға қатысты экстровертті немесе интровертті бола алады.Мысалы, сезімдерге байланысты интровертті және ойлауға қатысты экстравертті болады.Визуализация жаттығуы кезінде сезімдермен түйсік біз үшін үлкен маңызға ие, себебі негізінен түйсік көруге байланысты.Сондықтан сензитивті экстраверттерге ашық көзбен визуализациялау кезінде үлкен қиындықтар туады.Сонымен бірге сензитивті интроверттерге керсінше жұмған көзбен визуализациялау қиын болады.
Сонымен арт-терапия жұмысы сияқты шығармашылық процес болып табылады.Көптеген мамандардың айтуы бойынша арт-терапия үшін уақытты, құралдарды, материалдарды қолданудың икемділігі тән.
Арт-терапия қорынан мысалдарды, өзгертілген және арт-терапиялық жаттығулар (М.Либман,М.Наумбург,Д.Уэллер) төмендегідей:
«Айна»
Осы жаттығудың әртүрлі нұсқалары белгілі.Мұнда бір қатысушы көшбасшыны, екіншісі оған бағынушы адамның рөлін атқарады.Көшбасшының міндеті-өзінің артынан ерту, ал бағынушы адам көшбасшысының қимылдарын дәлме-дәл, сол қарқында қайталауға тырысады. Екеуінің сезімдері мен қайғыруларын талқылап болған соң ролдердің ауысуы жүреді. Жаттығудың аяғында қатысушылар қай ролде өзін сенімдірек, ыңғайлы сезінгенін анықтап алған маңызды.
Осы жаттығудың қолдың тактильді контакты қолданылатын басқа да түрі де қызықты. Қатысушылар жақын ара қашықтықта бір-біріне бетпе-бет тұрады да, саусақ ұштарын түйістіріп синхронды қимылдар жасайды. Кейінірек әр жұптың қимылдары қаншалықты үйлесімді болғаны талқыланады.
«Кеңістікте сурет салу»
Қиялдағы бояу жаққышпен жасалатын «сурет кеңістігіндегі» (ауада) көсілмелі қимылдар бірте-бірте саусақтардың моторикасын жетілдіретін штрихқа өту керек. Жаттығуды жұппен де, топпен де орындауға болады. Топпен орындау кезінде қимыл мен оның қарқынының сипатын арт-терапевттің өзі ұсынады, ал кейін қалау бойынша топ мүшелері өздері орындайды. ....
Рефераттар
Толық

Психология | АДАМНЫҢ РУХАНИ ДҮНИЕСІ

Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой - әрекеті, әсіресе, түрлі мәселелерді бір – біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс – қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау, елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой – сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз – ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттарына пайдаланды.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым – қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы адамдардың психикасында да үлкен орын алған. Сөз бен ойлаудың арқасында ғана олар бірінің білмегенін екіншісі біліп, ақыл – ойын молайта түскен. Тіл мен ойдың бір – бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кездің өзінде – ақ байқаған. Мәселен, халқымыздың ``Ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде`` деген мақалы адамның басындағы ойы тілінен көрінетіндігін, ал тілдің өзі адам психологиясын байқататын тамаша құрал екендігін жақсы көрсетеді. Сөйтіп, ойдың дамуы адамның нақтылы іс - әрекетімен шарттас болумен қатар, оның сөйлеу мәдениетін меңгере білуімен де, сөз өнеріне жетілуімен де тығыз байланысты.....
Рефераттар
Толық

География | БИОСФЕРА МЕН БИОТА ЭВОЛЮЦИЯЛАРЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ

Биологиялық эволюцияның қазіргі заманғы теориясы төмендегілерді бөліп көрсетеді:
- эволюция басталатын элементарлық құрылымды – яғни жеке особь немесе түр емес, популяция;
- эволюцияның механизмі, яғни популяцияның генотипінің тұрақты өзгерісі - мутагенезді;
- факторларды – олар негізгі және қосымша болып бөлінетін эволюцияның қозғаушы күштерін;
- триггерлерді - қозғаушы күштердің іске қосу механизмдерін, яғни осы қозғаушы күштерді қозғалысқа келтіретін себептерді.
Мутациялар – эволюцияның материалдық қайнар көздері. Келесі ұрпақтарда тұқым қуалайтын өзгерістер туғызатын мутациялар организмдердің қасиеттерін, белгілерін, ерекшеліктерін не реакция нормаларын анықтайды. Көбеюдің әдеттегі қалыпты үрдісінде мутациялар аяқ асты пайда болады. Ұрпақ сандарындағы мутациялар саны тұрақты болады. Кездейсоқ пайда болған өзгерістер организм үшін пайдалы болса, тіршілік үшін күресте организмнің тіршілігін сақтап қалуына себін тигізеді. Бірнеше ұрпақтар бойына сақталып, қайталанып отыратын бұндай кездейсоқ өзгерістер тірі организмдер мен олардың популяцияларының құрылымында түбегейлі өзгерістер туғызып, нәтижесінде жаңа түрлер пайда болады.
Табиғи және жасанды сұрыптаудан басқа тұқым қуалаушылық өзгергіштікті реттейтін ешқандай фактор жоқ. Тек қоршаған ортаның белгілі жағдайларындағы өзгерістер пайдалы болғанда, табиғи ортада сұрыпталады, немесе эволюция барысында олардың саналы түрде жасанды сұрыптауы арқылы іске асады. Эволюция және түрдің пайда болуы популяциялардың немесе кіші бір ғана қолайлы емес екені анықталған. Үлкен популяцияда тұқым қуалаушылық өзгерістердің пайда болуы зиян, ал кіші популяциядағы кездейсоқ әсерлердің ықпал етуі жиі кездеседі. Сондықтан особьтардың сандық құрамын тұрақты түрде өзгертіп отыратын орта мөлшердегі популяциялардың эволюцияға шын жаңа түрлер пайда болуына қалайды.
Жаңа түр пайда болуы үшін бұрынғы организмдердің белгілі бір тобы ерекшеленуі қажет. Организмдердің белгілі бір тобының ерекшеленуі мен изоляциясы арқылы, олардың басқа түрлермен шағылыспа, яғни генетикалық информацияларымен алмаспауы үшін қажет екені дәлелденген.
Табиғатта әртүрлі организмдер тобының изоляциясы, сол сияқты оның селекция практикасында қолданылуы да әртүрлі жолмен жүзеге асырылады, олардың мақсаты біреу ғана –түрлердің генетикалық информациялармен алмаспауын қадағалау.....
Рефераттар
Толық

қимыл - қозғалыс ойындардың түрлері

Кілемнің үстіндегі кішкентай орындықтарда қуыршақтар отырады (ойнаушылар санына қарай 8 - 10). Тәрбиеші балаларды ойынға шақырып, қазір олардың қуыршақтарға қонаққа баратынын айтып, олардың қайда отырғанын көрсетеді. Балалар тәрбиешімен бірге көрсетілген бағытта, жай ғана қуыршақтарға келеді де, олармен амандасады. Тәрбиеші қуыршақтарды алып, олармен билеуді ұсынады. Қуыршақтармен азғана секіріп ойнағаннан кейін балалар олардың орындарына отырғызады да үйлеріне оралады.
Ойын қайталанғанда балалар қонжықтарға, қояндарға (тәрбиеші оларда алдын - ала бөлменің басқа бір бөлігіне орналастырады) қонаққа бара алады. Бұл ойыншықтармен балалар үйіне қайтады да олармен қалағанынша ойнайды......
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық

Менің Қазақстаным - менің болашағым

Тәрбиеші: Кужаева Нургуль Жумабаевна
Күні, айы, жылы: 22.12.2017ж.
Тобы: "Балдәурен" ортаңғы тобы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: "Менің Қазақстаным - менің болашағым!"
Мақсаты: Балалардың өз Отанын танып білуге үйрету. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні, Елтаңбасы, Туы туралы білімдерін кеңейту. Отанына деген сүйіспеншіліктерін дамытып, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Отан туралы мақал – мәтелдер айтып, мағынасын түсіндіру. Отан туралы тақпақтар жаттатып, өлеңдер айтқызу.
Әдіс-тәсілдер: ғажайып сәт, жұмбақ жасыру, әңгіме, ойын, сұрақ – жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, бейнебаян. Билингвалды компонент: Қазақстан-Казахстан-Kazakhstan, Елбасы-Президент-President, астана-столица-capital, рәміздер-символы-symbols......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Психология | ТЕМПЕРАМЕНТТІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМА

І. КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Белгілі бір адамған тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасын , тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктері.
Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес , жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиетінің бірі болып табылады.
Темперамент – жас балалардың ойыны үстінде , түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалды.
Темперамент – жүйке-жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардлың эмоциялық қозғалғыштығынан, қимыл-қозғалысынан , жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент-организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен , әсіресе, жоғарғы жүйке қызметінің тума қасиетерімен шарттас.
Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің темпераментінің дамуын зерттеуді әдістемелерін жинақтау.
Курстық жұмыстың міндеттері.
Темпераментті дамыту жолдарына байланысты теориясын шолу
Темпераментті даму деңгейін анықтап, соларға байланысты амал-тәсілдерді қолдану
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқушылар мен жеткіншектерге психологиялық қызмет көрсету
Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушылары мен жеткіншектердің темпераментінің дамуы....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Темперамент туралы түсінік

Темперамент туралы түсінік
Белгілі бір адамған тән және өмір әсерлеріне жауап реакциялардың динамикасын , тонусы мен бірқалыптылығында көрініс беретін мінез-құлықтың табиғи ерекшеліктері.
Мінез-құлық тек әлеуметтік жағдайларда ғана емес , жеке адамның табиғи құрылымына да тәуелді. Адамның биологиялық жағын көрсететін қасиетінің бірі болып табылады.
Темперамент – жас балалардың ойыны үстінде , түрлі қарым-қатынас жағдайында анығырақ және ертерек байқалды.
Темперамент – жүйке-жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардлың эмоциялық қозғалғыштығынан, қимыл-қозғалысынан , жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент-организмнің физиологиялық өзгешеліктерімен , әсіресе, жоғарғы жүйке қызметінің тума қасиетерімен шарттас.
Психологиялық сипаттамасы
Темперамент –адамның жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, жықпай істеиді, психиканың күші мен тереңдігінен де мәселен, біреу өжет ,алғыр болса ,екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады, адамның көңіл-күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, тұрақсыз, жеңіл т.б.), эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
И.П.Павловтың жүйке-жүйесінің типтері туралы ілімі бойынша әр түрлі темперамент өкілдері былайша сипатталады. Мәселен , жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін адамдар, көбінесе , ұйытқымалы, қимыл-қозғалысқа шапшаң келеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Математика | Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар

Кіріспе
Қазіргі өскелең өмір талаптарына сай жастарға білім және тәрбие беру, оларды жан – жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. “Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интелектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі”. Осы процесте дарынды балалар мен жастардың жетілуіне өркениетте жағдай туғызу қажет. Мемлекеттік деңгейде маңызды құрал болып саналатын дарынды балалар мен жастарды оқытып, қолдаудың жүйесін жасау қажеттілігі негізделді. Балалар дайындаған ертерек айқындауға байланысты жүргізілген зерттеу тәжірибесі дарынды балаларды қолдау үшін мемлекеттік арнайы бағдарлама жасау қажеттігін дәлелдейді. Қазақстан Республикасы Президентінің “дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекеттік қолдау” нұсқауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1998жылы 24 наурызда Республикалық ғылыми – практикалық “Дарын” орталығы құрылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Жануарлар физиологиясы | Малдардың тұқымын асылдандыру

КlРlСПЕ
Жалпы, халқымыздың өмір бақиғы тіршілік көзі болған мал шаруашылығы Қазақстандағы ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып есептелінеді. Ауыл шаруашылығының бұл саласының бірден-бір ерекшелігі жыл бойы өнім өндіруге бағытталғандығы. Мал шаруашылығы халықтың жылдың төрт мезгілінде етпен, сүтпен және маймен, ал өндірісті – жүнмен, қаракөл елтірісімен, мал терісімен, т.б. қамтамасыз етеді. Сала екі бағытта өркендейді; оның біріншісі жылдам өркендеу – сүт пен етті ірі қара мал, шошқа және құс шарашылығы, екіншісі жайбарақат қоркендеудегі-жайылым мал шаруашылығы – оған қой, түйе, жылқы және ешкі шаруашылықтары. Сондықтанда, мал шаруашылығын өркендету жолдарын таңдағанда мал өнімдерін өндірудің бағытын ең алдымен есепке алған жөн.
Адам баласы мен жануарлар әлемінде экологияның әсері қазір жалпы халыққа белгілі. Ал, жайылымда жүрген мал адам баласы пайдаланатын мал өнімдерінің бірден-бір сүзгіші десек болады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Олжас Сүлейменов зерттеуші ғалым

Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару - жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші.
I. Кіріспе
Олжас Омарұлы Сүлейменов (1936) — орыс тілді қазақ ақыны, тілтанушы, саясаткер, ядролық қару - жарақтарды жаппай қолдануға қарсы тұрушы, Төтенше және Өкілетті Елші.
1936 ж. мамырдың 18 Алматыда дүниеге келген.
1959 ж. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Геология факультетін, кейін А. М. Горький атындағы Әдебиет институтын бітіреді.
1962 — 71 жж. Казахстанская Правда ұнжариясының әдеби қызметкері, Қазақфилм киностудиясы сценарлық - редакцялық алқасының бас редакторы, Простор журналының бөлім меңгерушісі болып жұмыстар атқарады.
1971 — 81 жж. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы, сонымен бірге 1972 ж. Азия - Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі Қазақстандық комитеттің төрағасы болды......
Ғылыми жобалар
Толық

Философия | Тоталитаризмнің табиғаты мен философиясы

КІРІСПЕ
Адамзат пайда болып, оның өзіндік сана- сезімі оянғалы бері өмір бойы қойылып келе жатқан жалғыз проблема бар. Ол – адамның өзі. Қалған мәселелердің барлығы осы проблемадан туынды. Адамдар өздерінің қоғамдық табиғатына сай бірлесіп өмір сүрді, өмір сүріп жатыр және өмір сүре береді. Алайда, оның екінші табиғаты бар. Ол – оның индивидуалдылық табиғаты. Белгілі бір дәрежеде, тарихи тұтас көзқараспен алғанда адамдар өмірі осы екі табиғаттың бір- бірімен күресі деп айтсақ жаңылмаймыз. Бір де біреуі басым түссе, бірде екіншісі басым түседі.
Қоғам болып өмір сүрген соң олардың әрқайсысының жеке табиғаттарына сай қоғамда іркіліс, жанжал болмай тұрмайды. Кейде осындай қоғамдық дағдарыстардың бірі адамдардың шектен тыс еркіндікке ұмтылуы арқасында, қоғамда қатаң тәртіп орнатуға алып келеді. Ал өз кезегінде тарихта мұндай қатаң тәртіптер қоғам мүшелерінің түгелдей бақылауға алынуына, олардың жеке еркіндіктерінің тарылуына жиі алып келді. Мұндай кезде қоғамда адамның жеке тұстарына қарамайтын, жалпы билік орнайды, яғни, қазіргі тілмен сөйлегенде , тоталитарлық тәртіп орнайды. Мұндай қоғамдар бұрын да өмір сүрген, қазір де өмір сүріп жатыр. Бұлай деп айтуымның себебі, олар әр дәуірде әртүрлі формада, тіпті бір дәуірдің ішінде әртүрлі формада қатар өмір сүруі.
Кеңестік қоғам ыдырағалы бері, біз өзімізді тоталитарлық тәртіптен азат болдық деп еркін сезінгендей болғанбыз. Дегенмен, мұның бәрі осылай деп айтуға болмайды. Тоталитаризмнің адамға табыну түрінен біршама азат болғанымызбен, енді товарлы тоталитаризмге көшкен сыңайымыз бар. Біз кімбіз? Қайдан келеміз? Қайда барамыз?
Ендеше, бұл еңбек тоталитаризмді, оның түрлерін зерттеуге арналады.
Зерттеу жұмысын объектісі: тоталитаризм құбылысы.
Зерттеу пәні: тоталитаризмнің философиялық алғы шартта қалыптасуы.
Жұмыстың мақсаты: тоталитаристік қоғамның рухани күйін ашып көрсету.
1. Берілген мақсатқа жетуде келесі міндеттер қаралды: филисофиялық әдебиеттер бойынша теориялық анализ жасау.
2. Тоталитаристік қоғамның басқа қоғамдардан ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу жұмысының маңыздылығы: қоғамның өз өткенін түгендеп, қазіргі тұрған орнын анықтап, келешекке жол татуы, бағдар алуы, өз өзіне ой толғауынсыз мүмкін емес. Мұндайда қоғамда дұрыс ой - пікір қалыптастыра алу керек.
Тек өзіндік дұрыс сана – сезім қалыптастыра алу арқасында ғана қоғам дұрыс бағыт ала алады.
Зерттеу жұмысының жаңалығы: дәстүрлі түсініктегі тоталитаризмнің басқа да түрлерін көрсету.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.
Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке адамның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.
Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Жылжымалы ойындар негізінде негізгі қозғалыстарға үйрету әдістемесі

Жылжымалы ойындар, спорттың ең көп тараған түрі. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық (манеж) алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді.
Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Олимпиялық ойындар 1896 жылдан (1-Олимпиялық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген.
Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс — Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Бағдарламалау | KZ доменіндегі қазақ кітап сайттары

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипатттамасы. Бүгінде әлемдік желіні қолданбайтын ел кемде - кем. Әр адамның күнделікті қажеттілігіне айналған интернет саласы біздің елде де кеңінен қанат жайып үлгерді. Дегенмен, бұл жаңа саланың кей жүйелерінде әлі де кемшін тұстар бар. Ол, әсіресе, кітапқа арналған қазақша сайттардың интернет кеңістігінде тым аздығымен айқын байқалады. Алайда, уақыт өткен сайын еліміздегі интернет жүйесіндегі бағдарламаларды дамыту мақсатымен өз ұсыныстарын жасап, ойларын ортаға салып, белсене араласып жүрген жастардың қатары күн санап өсуде. Бірақ, үлкен қолдау мен назарды талап ететін сала әлі де дұрыс қолға алынбай жүргені рас. Біз бүгін бітіру жұмысымызда осы мәселенің қаншалықты дұрыс жолға қойылып, дамып келе жатқанын қарастырмақпыз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Елімізде кенже дамып келе жатқан салалардың бірі интернет жүйесіндегі қазақ сайттары екені бесенеден белгілі. Кітап туралы ақпарат тарататын сайттардың республикамызда өте аз екені анық. Осыны негізге ала отырып зерттеу жұмысын жазу арқылы, осы аталмыш саланың өзіндік артықшылықтары мен ерекшеліктерін көрсетуге тырыстық. Бүгінде үлкен идеологияның бір құралына айналып отырған интернет кеңістігіндегі бұл сала талқылау мен сараптауды, сонымен қатар тыңғылықты жүйені қажетсініп отырған тақырып. Сондықтан да, бұл мәселеге қатысты қандай да болмасын айтылған ой-пікірдің маңызы зор және қымбат деген ойдамыз. Сондай-ақ, зерттеу жұмыста кітап сайттарына қатысты электронды басылымдар жайлы да сөз етпекпіз. Себебі, қазіргі күнде бар құжаттамадан басқа дәстүрлі кітаптар да электронды кейіпке енуде. Дегенмен, осыны насихаттайтын, жалпы кітап жайлы мол ақпарат пен материал қоймасына сай боларлықтай елімізде бірде бір дұрыс кітап сайты жоқ. Сол себептен де, бұл тақырыпты кешеңді түрде сөз ету бүгінгі таңда өзекті және маңызды деп білеміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Интернет саласы өткен ғасырдың аяғында ғана пайда болып аз уақыттың ішінде өз қанатын кеңге жайып үлгерді. Ал, біздің елде бұл сала тек жаңа дәуірдің басында ғана қарқынды дами бастады. Оның ішінде кітап сайтына қатысты ана тіліміздегі өнімдерді шығару тіпті бертін ғана қолға алына басталған дүние. Сондықтан да, болашақта осы тақырыпқа байланысты том – том еңбектер жазылып, айтылатын пікірлер әлі де көп болатыны сөзсіз. Дегенмен, дәл бүгінгі күнде бастамасын жаңа алып, енді - енді дами бастаған сала әлі көпшіліктің тарапынан үлкен назарға ие емес десек шындықтың шегінен шарықтамағанымыз. Осыны негізге ала отырып, біз зерттеу обьектісі ретінде қазақ кітап сайттарына тоқталуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысымның мақсаты – бүгінгі таңда қазақ кітап сайттарының қандай деңгейде дамып келе жатқаның анықтау арқылы сараптама жасау. Сонымен қатар, қазақ кітап сайтарындағы қордаланбай келе жатқан мәселелерді анықтау. Дүниежүзілік ғаламтор әлеміндегі нақ Қазақстан елінде кітап ісіне арналған сайттарды қарастыру арқылы оның бүгінгі таңдағы шын келбетін көрсету. Сонымен бірге, тың бастаманың бүгінде шешілмей келе жатқан мәселелерін айтып қана қоймай оның шешілу жолдарын да қарастырып іздеу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | 8 9 сыныптағы оқушылардың дене шынықтыру сабағында күш қабілетін дамыту әдістемесі

Мектептегі дене тәрбиесінің басты міндеті дене тәрбиесі, спорттың бұқаралық түрлері жөнінде оқушыларға қажетті білімдер беріп, дағдыларға үйрету және осының негізінде мектеп оқушыларының күш - қуатының, жаң – жақты дамуына және. Отанымызды қорғау үшін қажет болатын қимыл жасау дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру, негізгі қимыл сапаларын - өмірге қажетті күш, жылдамдық, төзімділік пен ептілік сапаларын тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті мен спорт саласында оқушыларға арнаулы білімдер беру, гигиеналық әдеттерді бойына сіңіру: бірқатар моральдық және ерік сапаларына тәрбиелеу: дене тәрбиелеу мәдениеті және спортпен үнемі шұғылдану әдісіне тәрбиелеу: оқушылардың бойында мектеп ұйымдастырушылық дағдыларды сіңіру.
Оқушысына дене тәрбиесін беру міндеттерін шешуге ең алдымен көмектесетін нәрсе мынау: еліміздің барлық азаматтарының денсаулығын нығайту – мемлекеттік міндет, ал бұл міндет елімізде денсаулық сақтау және медициналық қызмет көрсету жүйесін дамыту жөнінде бірқатар шаралар жүргізу арқылы шешілуде. Мектеп дәрігері оқушыны дене тәрбиесі сабақтарына жалпы баідарлама бойынша жіберу - жібермеуді анықтайды немесе кейбір оқушыларға денсаулығы нашар балаларға арналған арнаулы топтарда шұгылдануды ұсынады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Дене шынықтыру | Балабақшадағы дене тәрбиесі

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2009 жылы 1 наурыздағы жолдауы.
Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орнындағы білім беру сапасын әділ бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.
Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын университеттер құруға негіз болар еді.
Үшіншіден, үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы және инженерлік ғылымдардың ғылыми–қолданбалы орталықтарын дамыту үшін тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту ерекшеліктері

Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда «тұлғаға бағытталған» білімнің құнды негізі ретінде бала орын алады және де өзекті мақсат ретінде еркін, рухани, шығармашыл, адамгершіл тұлғаны - яғни мәдениет адамын қарастырады. Тұлғаның бойындағы басты мәселе - болашаққа ұмтылыс, өз мүмкіндіктерін еркін жетілдіре білу, өз-өзіне сенімділігін арттыру және идеалды «Мен құрамына қол жеткізу мүмкіндіктері».
Жаңа әлеуметтік мәдени ортада гуманистік парадигма психологиялық-педагогикалық ойлаудың басты идеясы болып табылады. Ол үшін тұлға бұл адамға ғана тән өзін-өзі өзектендіре білу мүмкіндігін болжайтын бірден-бір құнды жүйе. Адамның шығармашылық бостандығын мойындау қоғамның басты байлығы. Ал тұлға болса табылады да, өзінің ерік күші, қиялы, шығармашылығы мен бірбеткейлігінің арқасында өзін-өзі ұйымдастырудың әлсіз механизмдерін қолдап отырады [1].
А.Е.Леоньтев ойлауды зерттеуде фундаментальды мәселелерді жалпы психология іс-әрекет теориясымен байланыстырды. С.Л. Рубинштейн еңбектерінде ойлау процесін зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның заңдарын бөліп, ойлау операцияларының негізін көрсетті.
П.Я. Гальперин ойлау даму кезеңдері мен түрлерін қарастырды. Сонымен қатар қазіргі психологиядағы ой сапасы мен түрлерін кең көлемде зерттей отырып психологиялық термин ерекшеліктерін ұсынғандар: А.Р.Лурия, Е. Блейлер, Г. Майер, Б.М. Теплов тб.
Б.М.Теплов ойлаудың интеллектуалдық ерекшеліктерін практикалық міндеттерді шешуде іс-әрекеттерде көрінетініне тоқталды. Л.С.Выготский «Ойлау мен сөйлеу» атты еңбегінде онтонегездегі сөз бен ойға қатысты сын ерекшелігін айтты.
Жалпы ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Адам кез-келген мәселені алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң ереже ұғымдарды пайдаланып отырады.
Ойлаудың ерекшеліктеріне: оның сөзге деген қатысы, ойлаудың мәселелігі, ойдың жалпыламалығы мен жанамалылығы. Ойлаудың сөзге деген қатысын түрліше психологиялық мектептер мен ағымдардың өкілдері түрліше қарастырып келді және әлі де солай қарастыруда. Өткен дәуірде идеалистік ойлау сөйлеуг етәуелсіз, ол сөз ойлауға бағыншсыз деп есептеді .Бұл тұжырымды олар былай дәлелдеді: адам іштей ойлана отырып, біреумен сөйлесе және дәл сол сәтте басқа бір нәрселер ойлай береді. Ой алуан түрде айтылады, демек ойлау мен сөйлеу бір-біріне тәуелсіз бола беретін тәрізді.
Психологияның мінез-құлықтық ағымының өкілдері керісінше ойлау мен сөйлеуді ұқсас құбылыс деп есептеді, бихевиористер былай деді: біз іштей отырғанның өзінде сөйлеу аппаратының жасырын жұмыстары жүріп жатады. Ойлау дегеніміз дыбыссыз сөйлеу, ал сөйлеу дыбыстап ойлау.
Ал қазіргі кезде ойлау мен сөйлеу біірлікте деген қағида қуатталады; яғни олар бір-біріне ұқсас та емес, бөлек те емес [2].
Екінші жүйе сигналдарының ерекшеліктерін зерттей отырып (И.П.Павлов) зерттеушілер сөзбен тітіркендіргенде байланыстың 1–ші сигналдық байланыстарға қарағанда тезірек жасалатынын және әлдеқайда берік болатынын ашып көрсетті.
Ойлаудың мәселелігі- ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады. Мәселені шеше отырып бір нәрсені білгісі, сырын ашып түсінгісі келеді. Бір жасар баланың өзі жаңа әдеттегіден тыс затқа кезіксе таңданады. Бұл И. П. Павловтың айтуы бойынша “Бұл не?” рефлексіне негізделеді. Ойлаудың мәселе шешуге бағытталуы, оған мәселелік, ізденгіштік сипат береді. Бұл ойлау процесінің ең елеулі белгісі.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Айқын Нұрқатовтың сыншылық ерекшелігі

Осынау 15 жыл көлемінде жоғарғы билік басындағылар ауысқан сайын, елдің рухани өмірінің жетекшісі болып табылатын идеология да "сырты бүтін, іші тұтін" кейіпке түсіп, "заманымыздың ақыл-ойы, ар-ожданы" болмаққа тырысқан коммунистік партияның, қабылдаған қаулы-қарарлары бір-біріне керегар келіп, тіпті бірін-бірі теріске шығарып жатты. Мәселен, БК(б)П Орталық Комитетінің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы" (14 тамыз 1946 жыл), "Драма театрларының репертуары және оны жақсарту шаралары туралы (4 қыркүйек 1946 жыл), «В.Мураделидің «Ұлы достық» операсы туралы (10 ақпан 1948 жыл) қаулыларындағы тұжырымдар арада аздаған жылдар өтер-өтпестен, 1958 жылдың 28 мамырында СОКП Орталық Комитеті қабылдаған "Ұлы достық", "Богдан Хмельницкий" және "Шын жүректен" операларын бағалауда жіберілген қателіктер туралы" қаулысында жоққа шығарылды.
Билік тұтқасын ұстағандардың түпкі мүддесіне негізделіп келген коммунистік идеологияның қасаң қағидалары қоғамдық санаға, қоғамдық сананың бір тармағы - әдебиет пен өнерге де кесірін аз тигізген жоқ. Оның айқын дәлелін елуінші, алпысыншы жылдардағы әдеби өмірде болып өткен сыншылдық ойлар ағынына жүгірте көз салғанның өзінде таба аларымыз анық. Әрине, әдеби үрдіс нақтылы бір жылдар аралығымен шектелмек емес. Сондықтан 50-60-жылдардағы әдебиет пен әдебиеттану ғылымындағы ізденістер мен іркілістердің, жетістіктер мен кемшіліктердің түпкі себептерін олардың алдындағы жылдар ұсынған талаптардан іздеп, сол тұрғыдан өрбіте қарастырғанымыз ләзім.
Аталмыш кезеңдерде рухани игіліктерге баға беруші де, сол игіліктерді тудырушы өнерпаз күштерге бағыт сілтеп, талап жүктеуші де коммунистік партия болғаны аян. Көңілі көреген, санасы сара таланттардың талайы қоғамдағы үстем идеологияның шеңберінде шырмалғаны да ....
Курстық жұмыстар
Толық