Менің Қазақстаным - менің болашағым

 Менің Қазақстаным - менің болашағым

Күні, айы, жылы: 22.12.2017ж.
Тобы: "Балдәурен" ортаңғы тобы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: "Менің Қазақстаным - менің болашағым!"
Мақсаты: Балалардың өз Отанын танып білуге үйрету. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні, Елтаңбасы, Туы туралы білімдерін кеңейту. Отанына деген сүйіспеншіліктерін дамытып, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Отан туралы мақал – мәтелдер айтып, мағынасын түсіндіру. Отан туралы тақпақтар жаттатып, өлеңдер айтқызу.
Әдіс-тәсілдер: ғажайып сәт, жұмбақ жасыру, әңгіме, ойын, сұрақ – жауап.
Қажетті көрнекі құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, бейнебаян. Билингвалды компонент: Қазақстан-Казахстан-Kazakhstan, Елбасы-Президент-President, астана-столица-capital, рәміздер-символы-symbols.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі




«Шаттық шеңбер»
Табиғаттым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейікші жараса.
Салем саған жер ана!
Салем саған нұрлы күн.
Аман - есен болайық,
Бейбітшілікті қалайық.
Жарайсыңдар, балалар, орындарыңа отыра қойыңдар.

- Балалар, біздің еліміз, Отанымыз қалай аталады?
- Елбасымыз кім?

- Біздің рәміздерімізге нелер жаттады?
- Мынау қай елдің туы?
- Түсі қандай?
- Ортасындағы күннің арайы мен қыранның түсі қандай?
- 1 желтоқсан қандай мереке?
- Ал 16 желтоқсан қандай мерекені атап өттік?
Ғажайып сәт:
(Музыка ойналады, аяғын ақырын басып Ата кіреді.)
- Сәлеметсіздер ме, балалар?
- Шырағым, Қазақстан туралы ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті болып жатыр деп немеремнен естідім. Балаларға өзім білетін өсиет сөздерімді айтайын деп әдейі келдім.
- Жарайды, ата, олай болса төрлетіңіз.
- Балалар, көпті көрген аталарыңа қояр сұрақтарың бар ма?
(Осы кезде Сұлтан немересі шығады).

Атасы: Ә, балам, өткен өмір деген сонау ежелгі бабаларымыздың жүріп өткен жолы, тарихы емес пе?

Атасы өз әңгімесін айтады.
- Балалар, атаның өсиет сөздерін түсіндіңдер ме?




Балалар шеңберге жиналып, көтерінкі көңіл күймен шаттық шеңберді орындайды.


- Қазақстан Республикасы.
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Гимн,Ту, Елтаңба.

- Қазақстанның
- Көк

- Сары
- ҚР Тұңғыш Президенті күні

- Тәуелсіздік күні



-Сәлеметсіз ба Ата










Немересі:
- Ия менде бар
- Ата, өткен өмір деген не?

Немересі:
- Ол қандай болған?
Балалар тыңдайды.

- Ия.
Ұйымдас-тырушылық ізденіс кезеңі

- Ата, сізге балалар тақпақтарын айтып берсін.
Ата: Өте тамаша екен.
-Жарайсыңдар, балалар, ендеше Қазақстанның астанасы қай қала?
- Балалар, есімізге түсірейік, Қазақстанда қандай қалалар бар?
Бейнебаян тамашалау
Атамызбен бірге Қазақстан жайында бейнебаян тамашалауға келісесіндер ме?
Ата: Қандай тамаша! Мен сендерді көріп, мынандай керемет бейнебаян көріп бір қуанып қалдым.
Сергіту сәті:
Бір шаңырақ астында,
Тату тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз асты да,
Бірге сайран құрамыз.
Достықты үлгі санаған,
Бір үйде біз тұрамыз.
Қалған ата - бабадан,
Бірлік асыл мұрамыз.

Балалар, жарайсындар бір серігіп алдық, орнымызға отырайық.
Балалар, сендер қазақтың ұлттық ойыны дегенді қалай түсінесіндер?
Қандай ойындар жатады?

- Ендеше бейнебаянға назар аударайық:
- Қазақтың ұлттық ойындары туралы әңгіме айту.

Балалар отаға шақырып ұлттық ойындар ойнату.
Ойын: «Күш сынасу», «Асық ойнау».
Мақсаты: Балаларға ұлттық ойынға деген қызығушылығын ояту.

-Балалар, Отанымыздың болашағы сендерсіндер, сондықтан жақсы білім алып, мамандық таңдап, үлкен азамат болу үшін тәртіпті, ата-анамыздың айтқанын тыңдап мәдениетті болуымыз керек.
-Ендеше ортаға болашақ мамандық иелерін шақырайық.
Дәрігер, құрлысшы, депутат, мұғалім







Ата: Ой айналайындар-ай, өркендерің өссін! Қазақстанның болашағы сендерсіндер. Мен бүгін сендерді көріп бір жасап қалдым, аман болыңдар.
Мақал – мәтелдер
Отан - оттан да ыстық.
Отан - отбасынан басталады.
Қанатты сөз:
Туған жер - алтын бесік.
Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

Ата батасын береді.
Сендерге алып келген сыйлығым бар еді соны беруге рұқсат етіңдер.
Ата: Сау болыңдар, балалар! Ернұр,Ү.Әдемі, Бейбарыс, Сабина тақпақтарын айтып береді.
Ернұр:
Қайраттай қайсар ұлдардың,
Жанымен келген еркіндік.
Жазира мен Ляззаттың,
Арымен келген еркіндік.
Қасірет пен қайғының,
Бәрімен келген еркіндік.
Он алтыншы желтоқсан,
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт,
Бәрін кешті басынан.
Ү.Әдемі:
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өрендер ақталады.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік,
Ел жадында қалған күн.
Сабина:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын.
Тату – тәтті бірлік болып қашанда,
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Енді міне біз тәуелсіз ел болдық,
Басқалармен терезесі тең болдық.
Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай,
Отан үшін болуға да құрбандық.
Бейбарыс: Мен- қазақпын мың өліп,мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түнілген.
Мен- қазақпын, биікпін байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!


-Астана қаласы

- Алматы, Ақтау, Көкшетау,
Қызылорда т.б.

-Ия.
Балалар бейнебаян қарайды.










Балалар орындарынан тұрып қимылмен орындайды.





Арқан тартыс, қыз қуу, алтыбақан.



-Балалар назар салып тындайды.



-Балалар ортаға шығып ойындарды шарты бойынша орындайды .







-Мен дәрігермін, адамдарды емдеймін.
-Мен мұғаліммін, балаларға білім беремін.
-Ал мен құрылысшымын, Қазақстанның қалаларын тұрғызамын.
-Ал мен депутатпын, халықтың қамын ойлаймын.












Балалар қуанып атайдың сылығын алады.
- Сау болыңыз.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі





- Балалар, бүгін біздер не туралы білдік?
- Қазақстан қандай мемлекет екен?
- Қазақстанда қандай қалалар бар екен?
- Ұлттық ойындарды атаңдар?
- Балалар бізге кім келді?
- Тамаша, бүгінгі оқу іс – әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар! Жарайсыңдар балалар! Балалар өз ойларын айтып, тұжырымдайды.
-Тәуілсіз мемлекет.
-Астана, Атырау, Орал,т.б.
-Арқан тарту, Алтыбақан,т.б.
-Ата келді.


Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар өз туған жері, Отаны туралы біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні, Елтаңбасы, Туы туралы түсініктерді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ұлттық ойындардармен танысып оларды қалай ойнау керек екендігін меңгерді......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру