Қасым Аманжолов (Бикеш)
Шықты бір қыз театрдан
Мойынында орман түлкі,
Шашын күзеп, қасын қырған,
Аузы-мұрны толған күлкі.
— Пожалуйста, машинаға,—
Деді жігіт қолтықтаған,
Қылмыңдасып екеу ара,
Кетті тартып тауға таман...
Басарықтың бер жағында
Бір үй бар-ды оңашарақ,
Бар сияқты бір сыр мұнда,
Анадайдан тұрсаң қарап.
Тарс бекіліп терезесі,
Ашылмайтын айында бір,
Жоламайтын күн сәулесі,
Бейне қуыс қараңғы үңгір.
Жапан түзде жалғыз тұрған
Дуананың моласындай,—
Бір сыр ұрлап тұнжыраған
Үйдің сыйқы міне осындай...
Шуылдатып ит біткенді,
Түршіктіріп тыныш түнді,
Сазға бояп етек-жеңді,
Ылғи біреу келетін-ді
Келетін де үйге кіріп
Отыратын ол айғай сап,
Есіз тамда жын шақырып,
Зікір салған бақсыға ұқсап.
Бұл, белгілі Азғынбаев
Дейтұғын бір жігіт еді,
Тегін сұрап не қылайық,
Өз басы да бір ертегі.
Көксау қойдың өкпесіндей
Екі беті қабыныңқы,
Бұршақ соққан көктесіндей
Шаш дегенің қиқы-жиқы.
Жұтқыншағы жұдырықтай,
Трубадай кеңірдегі,
Аршылмаған погрыптай
Қандай сасық шыққан демі...
Азғынбаев келді биыл,
Жетеуіне жиырманың,
Ізі де жоқ, жолы түгіл,
Байқап тұрсаң өткен шағын.
Өмір деген — ұлы теңіз
Кең дүниеде жатқан шалқып,
Теңіз сырын білмесеңіз
Әкетеді түпке тартып.
Ерінбедік, еңбектендік,
Алдық алуан кеме жасап,
Дауыл, апат бәрін жеңдік,
Кемемізді толқынға сап.
Бірақ біздің Азғынбаев
Сап-сау басын салды дауға,
Әкесінен қалған қайық
Жатушы еді жағалауда,
Салды суға соны жамап,
Жүрді біраз қалт-құлт етіп,
Алға емес, артқа қарап,
Шегірткеше өлеңдетіп.
Теріс жаққа кетті ығып,
Көз ауданы көмкеріліп,
Толқын соғып қалды шығып
Қайығымен төңкеріліп...
Замана бір экспресс
Барады алға жүйткіп заулап,
(Бұрынғыдай түйе емес,
Ілбіп басқан, шаңдаққа аунап).
Турды ол қарап аузын ашып,
Поезд көрген есекке ұсап,
Жылжымады алға басып,—
Қойғандай - ақ біреу тусап.
Толған өнер, толған білім,
Біріне ол қоймады ден,
Ескіліктің қалған күлін
Бұрқыратып іздеді жем.
«Білім ал» деп тұрды мектеп,
Айнасындай жайып құшақ,
Кірді күліп, шықты ептеп,
Үйге түскен ұрыға ұсап.
Жалт берді де кетті жытып
Ескіліктің ізіменен,
Аты-жөнін жатты өшіртіп
Талай мектеп тізімінен.
Бітірді рас («диплом» алды),
Екі-үш айлық бидің курсын.
Фокстрот, танголардың
Білуші еді он шақтысын.
Болып жүрді ресторанның
Үйреншікті «сый қонағы»,
Қашан көрсең графинның
Тасасында отырғаны...
ІІ-бөлім
Көршімізде болды бір қыз,
Ақша маңдай, алма сағақ,
Әйтеуір бір танысқанбыз
Өте беріп жанасалап.
Махаббаттан айтар үгіт
Болды оның бір сырласы':
«Саған лайық сондай жігіт,—
Болса, дейтін машинасы...»
Сондықтан ол көп қарайтын
Өткен-кеткен машинаға,
Бірақ «ГАЗ»- ды ұнатпайтын,
Арман етіп «ЗИС» - ті ғана...
Бітірді де он жылдықты,
Қойды жиып оқуды бұл...
Сахнадан кеп бір-ақ шықты,
Театрға енді биыл.
Кең ғой біздің театрлар,
Аясын ба бір орынды,
Әп-әдемі дауысы бар
Артист болар қыз көрінді,
«Ауызы да, мұрыны да
Жаратылған сахна үшін,
Қарайды ғой жұрт сыртына,
Көре жатар кейін ішін,
Жас адам ғой талабы зор,
Жүрер, көрер, өсер мұнда!..»
Деген оймен бір режиссер
Ала салды театрға.
Өсті бүл тез: барды базар,
Таңдап жүріп алды түлкі,
Жағынды кеп, кірді ажар,
Артистка боп шықты ілкі;
Бірақ оны сахнадан біз
Көре алмадық ешқашан да,
Көлбең қағып артисткамыз
Жүретін-ді ылғи залда,
Алда тұрған бос орынға
Отыратын еркін қонып,
Білдіретін өзі осында
Істейтінін артис болып.
«Бис - бис!» деп-ақ сездіретін
Искусствоны білетінін:
Бір шығатын, бір кіретін
Аяғына бермей тыным...
Қырланатын әлсін-әлі
Өзін тым - ақ сұлу санап,
Ойлайтын ол: «жұрттың бәрі
Отыр ғой, деп маған қарап».
«Ана рольді, мына рольді
Беріп еді, алмап едім,
Бұзды - ау анау, көрдің бе енді,
Бүйтер ме еді мына жерін...»
Деп қоятын көршісіне,
ЬІбыр - жыбыр аузы тынбай,
Көп сенетін өз күшіне,
Ойнай кетсе қыратындай...
Жас адам ғой жетсінші бір
Өзі ойлаған мақсатына,
Түспесінші көңіліне кір,
Тілектеспіз жақсы атына.
Мақсаты не? Біледі өзі,
Бос біткен жоқ бет ажары,
Керек емес жұрттың сөзі,
Алда мұның ез базары...
ІІІ-бөлім
Театрда болды бір кеш,
Жиналды жұрт жарқ-жұрқ еткен,
Жүрді сонда әлгі Бикеш,
Өзі білер бір ниетпен...
Бір сөзінен бір романның
Сырын саған ұқтырғандай,
Қуанышы ақын жанның —
Қыздар жүрді атқан таңдай.
Жігіт жүрді, дидарынан
Жігер оты лапылдаған,
Өнер-білім шалқарынан
Шыққан қанып, жарқылдаған,
Ағайлармен қолтықтасып,
Бойдақтарға көрсетіп қыр
Кербез күліп, көсем басып,
Тілі тәтті жеңгейлер жүр.
Бір ғасырдың тұлғасындай,
Әзілдесіп шал мен кемпір,
Осы жұрттың құдасындай,
Қызыл мауыт диванда отыр...
Қылқ еткізіп бір стопқа
Буфеттегі бөтелкеден,
Тұрды біреу қарап топқа
Оқшырая ту желкеден.
«Не бір әйел, не бір қызбен,
(Бәрібір ғой сірә оған!)
Таныссам - ау, би билесем...»
Деп ойлап тұр бағанадан.
Ауып-ақ түр есі-дерті,
Шұбырып түр сілекейі,
Бірақ келмейд еш реті,
Батыл бармайд, жоқ үрейі...
Оркестр де ду етті кеп,
Мың құбылтты кларнеттер,
Ортқып ойнап, кетті билеп,
Еркін қыздар, жас жігіттер...
Турды Бикеш елден ерек,
Қыңыр қарап бишіл топқа,
Жігіттерге тұрды өкпелеп,
Шақырмады, деп, фокстротка.
Сәл нәрседен түсті сәті,
Әлгі жігіт келді жетіп,
Білмен қайтіп барды дәті,
Қызды кетті дедектетіп...
Би де бітті.
Тыншықты жұрт,—
Дауыл өткен дариядай.
Қызымызды әлгі жігіт.
Меңгеріпті тіпті оп-оңай.
«Жақсы білем сізді сырттан,
Жүруші едім таныса алмай,
Құмар болып көп уақыттан,
Бір сырласып қаныса алмай...
Хабар естіп біреулерден:
Сізді осында келді, деген.
Әдейілеп іздеп келгем,
Зырылдатып машинамен...»
IV-бөлім
Машина да келді жетіп,
Екпіні үйді сілкіндіріп,
Қос көлеңке көлбең етіп,
Қыз бен жігіт кетті кіріп.
«Пожалуйста, төрлетіңіз,
Пальтоңызды мен ілейін,
Қызмет ету міндетіміз,
Туфлиіңізді шеткелейін...
Үйіміз тар, бір-ақ бөлме,
Әрине, бүл, сізден ұят,
Айтып едім Совнаркомге,
Бітпей жатыр жилкомбинат».—
Деп қутыңдап түлкі жігіт,
Қояр емес қызды еркіне.
Отырды кеп қыз да күліп
Жасаулы стол бір шетіне.
«... Сонымен, сол, институттен
Қайтарда алып дипломымды,—
Баспа орнына беріп кеткем
Суретім мен үш томымды...»
Деп бір қойды желе жортып,
Ойын алдан ойқастатып,
Қыз отырды іштен толқып,
Бір тұңғиық ойға батып:
«... Институттен алған диплом...
Өн бойының бәрі білім...
Жазған кітап бірнеше том...
Айына .алад бірнеше мың...
Өзгесін қой, машинаны айт, —
Алдым,— дейді былтыр сатып.
Қандай қызық етсең «гуляйт»
Асфальттармен зымыратып...
Жалғыз-ақ тар үйі тұрған,
Жаңа кепті Москва жақтан,
Береді ғой, сөз жоқ, бұған
Жетінші жилкомбинаттан...»
Осыны ойлап қыз отырды,
Сарт-сұрт етіп жатты есік:
Әлдекімдер үйге кірді,—
Былқ-сылқ етіп иін тіресіп...
Келіп болды «сый қонақтар»,
Бұйрық күтіп тұрды банкет:
Ас «патшасы» шашқан қаһар
Дәл ортада «Ақмағамбет».
Ойдай келіп қызды думан,
Бісмілләні айтты арақ,
Тиді келіп жан-жағынан
Стол үстін жүндей сабап.
Емес тіпті мұрсат берер,
Шақар бокал етіп шақ-шақ
Бір жақта бос бөтелкелер,
Сыйыса алмай салды шатақ.
Қонақтардың бәрі де мәз,
Басталды сөз анекдоттан.
Ішінде бар не бір «сабаз»
Өтірікті төпей соққан.
Қысылған кез, шымшылған сан,
Бір-бірінен сыр ұрласқан,
Стол асты — ол бір майдан,
Ақ балтырлар араласқан.
— Кәне, кәне, көтерейік,
Қалдырмаңыз бір тамшысын...
Ақ ішпесе, көк берейік...
«Амал болмас, тек сіз үшін».
— Алып жібер, қағып жібер,
— Ой, молодец! Міне, жігіт!
— Кұйып жібер, қайда ликер?
— Ештеңе етпес, шампаннан жүт...
— Асықпаныз, уакыт ерте,
Машинамен зыр еткізем....
— Бас гармонды желпілдете,
— Бикешімді билеткізем...
— Бис-бис! Танго! Бис-бис, фокстрот!
— Гулләулә-һә, оһа-аһа...
— Ал кәнекей! Қолдарың соқ!
— Асса! Асса! Ха-ха-ха-ха!..
V-бөлім
Қандай тәтті таңғы ұйқы!
Қандай таза таңғы ауа!
Ерініңде ойнап күлкі
Талай қыздар жатыр-ау, ә?..
Қыздар үшін еңбек етем,
Әлі отырмын жазып өлең,
Ең болмаса ендім бе екен,
Біреуінің түсіне мен?..
Түс демекші, айтайыншы
Бикешімнің «көрген түсін»
Таң алдында кетті-ау тынышы,
Түсі құрғыр бұзды ұйқысын.
Тілім келсе тікесінен
Айтар едім... Бірақ... бірақ...
Ұйқыда емес, өңде көрген
Түстің жайы шатағырақ...
Тұрды орнынан шошып
Бикеш Құлан иек атқанда таң.
Не болғанын ұға алмай еш,
Аз отырды болып аң-таң.
Ойы мең-зең, айналды бас,
Сырқырайды сай сүйегі...
Кетті ыршып көзінен жас,
Құп-қу болып қашты өңі.
Біраздан соң жиды есін,
Қарады бір жатқан жанға:
Шалды көзі бір шекесін —
Қызыл жоса батқан қанға.
Жатыр ұйықтап қызыл шеке,
Белгілі ғой мұның сыры,
Бүл шекеге бір бөтелке
Тиген еді өткен түні...
Қаусағандай бар өмірі,
Бойы дел-сал, ойы мең-зең,
Әлде өлі, әлде тірі,
Шықты Бикеш сол бір үйден.
Қайран қалып бүл күйіне,
Шошыды ол өз өзінен,
Бара алмады ез үйіне,
Ұялып өз көшесінен...
VI-бөлім
Азғынбаев көтерді бас
Бықыраған төсегінен.
Шала - бурыл әлі де мас,
Түк қалмапты «кешегіден»...
«Дәрі» керек емделуге,
Қалтада жоқ жалғыз тыйын,
Үйде жалғыз сенделуде.
Қаусап қапты, соқты киын...
Бір уақытта, .«құдай айдап»
Келді оның шофер досты,
Тағы кетті «алақайлап»,
Көтерісті бұлар тосты...
Кетті досы елтіп, қызып, —
Келемін, деп, тағы тауып,
Шыға беріп, тәртіп бұзып,—
Милиционер қойды жауып...
Күн айналып кетті кешке.
Азғынбаев сипап басын,
Әлденелер түсіп еске,
Қарады еңбек книжкасын.
Книжка да ине шаншар
Жазылмаған жер қалмапты,
Ақтық бетке бір секретарь
Кетпестей ғып крест сапты.
Сол кресті көзі шалып,
Азғынбаев көп ойлады.
«Бүл кресті салғаны анық
Өміріме» деп ойлады...
Түсті есіне бір кездері
Өзінше бір «дәуірлеген»,
Болушы еді нән портфелі,
Жүруші еді машинамен.
Бір ызғарлы начальниктің
Болып еді секретаpi,
Барлық кілті кабинеттің,
Приемныйдың делолары.
Қолында еді бәрі мұның,
Жағымды еді начальникке.
Тілін алғыш иесінің
Ұқсаушы еді ақылды итке.
Болып жүріп начальникке
Күндіз хатшы, түнде малай,
Арақ тасып сан банкетке,
Көрген «қызық» талай-талай.
Мерез шыққан жүрегіне
Начальнигі «ауру» еді,
НҚВД лагеріне
Кеткен еді емделгелі.
Содан бері Азғынбаев
Кірді талай мекемеге,
Табылмады іс оған лайық,
Жарамады ештемеге.
Болды хатшы, болды завхоз,
Шыға келді былықтырып,
«Байқайын» деп барды колхоз
Кете барды қол қусырып.
Таңдады оқу бір күн жатып,
Санап мектеп атаулыны,
Кежегеден кері тартып,
Жылжытпады жалқаулығы.
Не делбеші, не курьер
Болуға бұл арланады,
Ешбір істі қолдан келер
Ойлап-ойлап таба алмады.
Сонда анық сезген еді
Қалғандығын таза махрұм,
Алда нелер кез келеді,
Не болса да күтті ақырын...
Арамызда бұғып жүрген
Бар ғой қулар, не бір жылпос,
Жүре берді жалтарумен
Солармен бұл болды да дос...
VII-бөлім
Болды бес күн төсек тартып
Жатулы қыз ертелі-кеш,
Махаббатқа ауру сатып
Алды біздің сұлу Бикеш.
Орнынан қойды тұрмай,
Шақыртпады не дәрігер,
Жан ауырса тән ауырмай,
Дәрігер не дәрі берер?
Күлетіндей жұрттың бәрі,
Жатып алды үйден шықпай,
Жақындары, сырластары
Не болғанын қойды ұқпай.
Қиырына қиялының
Жете алмады шолақ ойы!
Көрінді оған жас шағынық
Тарқағандай ойын-тойы.
Шықты тысқа бір күні кеш
Көрінбеді көшеде жұрт,
Кете барды мұңлы Бикеш
Жамылды да қараңғы ымырт.
Басы ойдан босамады,
Тапты жолын екі аяғы,—
Тапты таныс босағаны,
Аттап өткен сол баяғы.
Қақты есікті қол қалтырап,
«Пожалуйста!» — ашты жайлап
Азғынбаев қызыңқырап,
Отыр екен тілін шайнап.
«Ә, сайтан қыз, сен бе ең келген
Хош келіпсің, жоғары шық.
Сені күтіп отыр ем мен,
Сезеді ғой қайран ғашық.
Шеш пальтоңды, шеш галошты,
Лақтыра сал ана жерге.
Сен келген соң көңіл хош - ты,
Әттең жоқ-ау сімірерге.
Ақшаң бар ма, сал ортаға,
Кедей болып қалдым бүгін.
Екеуміз бір оңашада
Желпейікші көңіл кірін.
Ант атқан қыз, қайда жүрсін.?
Күте - күте зарықтым мен,
Өзің қандай сүйкімдісін,
Сұлу - ақсың жаңа ұқтым мен.
Келші бері, келші бері,
Бір қысайын сүбеңізден,
Құшақташы, сүйші мені,
Келмесең де күдер үзбен.
Қашан келер екен деп бүл,
Екі көзім сегіз болды,
Мен аңсаған сырлы бұлбұл
Бақшама кеп езі қонды...
Дей бергенде былш еткізіп
Түкірді қыз бетіне оның,
Түсіне алмай, көзін сүзіп.
Азғынбаев күтті соңын.
Бедірейіп тұрды Бикеш,
Отырмады орындыққа,
Тұрды ұзақ тіл қатпай еш.
Суырылды бір уақытта.
— Дәл осы сен кімсің өзің?
Адамбысың, сайтанбысың?
Шын сыналар келді кезің,
Шыныңды сен айтармысың?
Жастық мені алдап соқты,
Алданыппын, сездім енді,
Жас жаныма салдың соққы,
Кегімді алар кезім келді.
Қымбат емес тірлік маған,
Өлгеннен соң ар «ұятым»,
Өз ләззатім болды харам,
Болды харам махаббатым.
Жастық желі жанға толып,
Женіл ойлап жүріппін мен,
Мезгіл жетті гүлім солып,
Қуарыппын, қураппын мен,
Сендей жынды көбелекті
Қондырыппын гүліме мен,
Қасіреттімін сол себепті,
Кетті аулақ өмір менен.
Сендейлердің мыңы тұрмас
Жігіттердің ғашығы едім,
Соларға да имедім бас,
Жүрегімді ап қашып едім.
Онда ойым сәби еді
Аяқ басқан апыл-тапыл,
Енді ойласам, жан күйеді.
Қайда болған қайран ақыл!
Алып қашты асау қиял,
Жар іздедім жұрттан артық,
Сен кез келдің...
Бар ма амал!
Сөнді қиял босқа шалқып.
Неге ғана айттың жалған?
Неге алдадың айтшы маған?
Әзезіл ме ең сиқырлаған,
Қайдан душар болдым саған?
Жазығым не, жастығым ба?
Сұмдығыңмен неге алдадың?
Білгенің бе, қастығың ба?
Өмірімді арамдадың.
Айтшы кімсің? — азғынбысың?
Сені де ана тапты ма екен?
Жарық дүние бар қылмысын
Саған арқалатты ма екен...»
Айта алмады бұдан ары,
Алқымға кеп ыза долы.
Жарқ-жұрқ етті көз жанары,
Оң қалтада ойнап қолы...
— Өзің не деп турсың, Бикеш?
Деп бастады Азғынбаев.
Бос сезді қой киімің шеш,
Ақшаң бар ма? — Алғызайық.
Бүлінесің мұнша неге?—
Кеткен жоқ қой ештемең де.
Соған да қыз бүліне ме?!
Қызықтадық мен де, сен де.
Алдадым рас, айттым жалған,
Не күнә бар онда тұрған?
Жалғыз ғана сен бе алданған?
Қыздар үшін, алдау — бір заң.
Мен атқардым міндетімді.
Неге алдандың,— өзіңнен көр.
Өкпені қой, бүр бетіңді,
Ақылды қыз болсаң егер.
Алданарсың әлі талай,—
Опық жеме ол үшін сен,
Қалмайсың ғой бай таба алмай,
Кім сенбейді «қызбын» десең?
Махаббат не? Бір бос сөз ол,
Ақындар ғой ойлап тапқан.
Қызықтай бер,— айтарым сол,
Күдеріңді үз махаббаттан...
Деді де ол ашты кұшақ,
Ойлап тағы сұм ниетті.
Қыз қолында сұсты пышақ
Нажағайдай жарқ-жұрқ етті
«Бол, қарабет» деді де қыз
Кете барды үйден ытқып.
Бетке түсіп крест айғыз
Азғынбаев қалды ауытқып...
Өтті кетті сол бір жәйіт,
Бұдан он бес жылдар бұрын.
Өмір - өзен кетті шәйіп,
Ескіліктің кір қоқырын.
Сол қоқыспен кетсе керек,
Азған-тозған сол бір сүлде.
Естілмейді ешбір дерек,
Бар ма, жоқ па жер бетінде
Мойынында орман түлкі,
Шашын күзеп, қасын қырған,
Аузы-мұрны толған күлкі.
— Пожалуйста, машинаға,—
Деді жігіт қолтықтаған,
Қылмыңдасып екеу ара,
Кетті тартып тауға таман...
Басарықтың бер жағында
Бір үй бар-ды оңашарақ,
Бар сияқты бір сыр мұнда,
Анадайдан тұрсаң қарап.
Тарс бекіліп терезесі,
Ашылмайтын айында бір,
Жоламайтын күн сәулесі,
Бейне қуыс қараңғы үңгір.
Жапан түзде жалғыз тұрған
Дуананың моласындай,—
Бір сыр ұрлап тұнжыраған
Үйдің сыйқы міне осындай...
Шуылдатып ит біткенді,
Түршіктіріп тыныш түнді,
Сазға бояп етек-жеңді,
Ылғи біреу келетін-ді
Келетін де үйге кіріп
Отыратын ол айғай сап,
Есіз тамда жын шақырып,
Зікір салған бақсыға ұқсап.
Бұл, белгілі Азғынбаев
Дейтұғын бір жігіт еді,
Тегін сұрап не қылайық,
Өз басы да бір ертегі.
Көксау қойдың өкпесіндей
Екі беті қабыныңқы,
Бұршақ соққан көктесіндей
Шаш дегенің қиқы-жиқы.
Жұтқыншағы жұдырықтай,
Трубадай кеңірдегі,
Аршылмаған погрыптай
Қандай сасық шыққан демі...
Азғынбаев келді биыл,
Жетеуіне жиырманың,
Ізі де жоқ, жолы түгіл,
Байқап тұрсаң өткен шағын.
Өмір деген — ұлы теңіз
Кең дүниеде жатқан шалқып,
Теңіз сырын білмесеңіз
Әкетеді түпке тартып.
Ерінбедік, еңбектендік,
Алдық алуан кеме жасап,
Дауыл, апат бәрін жеңдік,
Кемемізді толқынға сап.
Бірақ біздің Азғынбаев
Сап-сау басын салды дауға,
Әкесінен қалған қайық
Жатушы еді жағалауда,
Салды суға соны жамап,
Жүрді біраз қалт-құлт етіп,
Алға емес, артқа қарап,
Шегірткеше өлеңдетіп.
Теріс жаққа кетті ығып,
Көз ауданы көмкеріліп,
Толқын соғып қалды шығып
Қайығымен төңкеріліп...
Замана бір экспресс
Барады алға жүйткіп заулап,
(Бұрынғыдай түйе емес,
Ілбіп басқан, шаңдаққа аунап).
Турды ол қарап аузын ашып,
Поезд көрген есекке ұсап,
Жылжымады алға басып,—
Қойғандай - ақ біреу тусап.
Толған өнер, толған білім,
Біріне ол қоймады ден,
Ескіліктің қалған күлін
Бұрқыратып іздеді жем.
«Білім ал» деп тұрды мектеп,
Айнасындай жайып құшақ,
Кірді күліп, шықты ептеп,
Үйге түскен ұрыға ұсап.
Жалт берді де кетті жытып
Ескіліктің ізіменен,
Аты-жөнін жатты өшіртіп
Талай мектеп тізімінен.
Бітірді рас («диплом» алды),
Екі-үш айлық бидің курсын.
Фокстрот, танголардың
Білуші еді он шақтысын.
Болып жүрді ресторанның
Үйреншікті «сый қонағы»,
Қашан көрсең графинның
Тасасында отырғаны...
ІІ-бөлім
Көршімізде болды бір қыз,
Ақша маңдай, алма сағақ,
Әйтеуір бір танысқанбыз
Өте беріп жанасалап.
Махаббаттан айтар үгіт
Болды оның бір сырласы':
«Саған лайық сондай жігіт,—
Болса, дейтін машинасы...»
Сондықтан ол көп қарайтын
Өткен-кеткен машинаға,
Бірақ «ГАЗ»- ды ұнатпайтын,
Арман етіп «ЗИС» - ті ғана...
Бітірді де он жылдықты,
Қойды жиып оқуды бұл...
Сахнадан кеп бір-ақ шықты,
Театрға енді биыл.
Кең ғой біздің театрлар,
Аясын ба бір орынды,
Әп-әдемі дауысы бар
Артист болар қыз көрінді,
«Ауызы да, мұрыны да
Жаратылған сахна үшін,
Қарайды ғой жұрт сыртына,
Көре жатар кейін ішін,
Жас адам ғой талабы зор,
Жүрер, көрер, өсер мұнда!..»
Деген оймен бір режиссер
Ала салды театрға.
Өсті бүл тез: барды базар,
Таңдап жүріп алды түлкі,
Жағынды кеп, кірді ажар,
Артистка боп шықты ілкі;
Бірақ оны сахнадан біз
Көре алмадық ешқашан да,
Көлбең қағып артисткамыз
Жүретін-ді ылғи залда,
Алда тұрған бос орынға
Отыратын еркін қонып,
Білдіретін өзі осында
Істейтінін артис болып.
«Бис - бис!» деп-ақ сездіретін
Искусствоны білетінін:
Бір шығатын, бір кіретін
Аяғына бермей тыным...
Қырланатын әлсін-әлі
Өзін тым - ақ сұлу санап,
Ойлайтын ол: «жұрттың бәрі
Отыр ғой, деп маған қарап».
«Ана рольді, мына рольді
Беріп еді, алмап едім,
Бұзды - ау анау, көрдің бе енді,
Бүйтер ме еді мына жерін...»
Деп қоятын көршісіне,
ЬІбыр - жыбыр аузы тынбай,
Көп сенетін өз күшіне,
Ойнай кетсе қыратындай...
Жас адам ғой жетсінші бір
Өзі ойлаған мақсатына,
Түспесінші көңіліне кір,
Тілектеспіз жақсы атына.
Мақсаты не? Біледі өзі,
Бос біткен жоқ бет ажары,
Керек емес жұрттың сөзі,
Алда мұның ез базары...
ІІІ-бөлім
Театрда болды бір кеш,
Жиналды жұрт жарқ-жұрқ еткен,
Жүрді сонда әлгі Бикеш,
Өзі білер бір ниетпен...
Бір сөзінен бір романның
Сырын саған ұқтырғандай,
Қуанышы ақын жанның —
Қыздар жүрді атқан таңдай.
Жігіт жүрді, дидарынан
Жігер оты лапылдаған,
Өнер-білім шалқарынан
Шыққан қанып, жарқылдаған,
Ағайлармен қолтықтасып,
Бойдақтарға көрсетіп қыр
Кербез күліп, көсем басып,
Тілі тәтті жеңгейлер жүр.
Бір ғасырдың тұлғасындай,
Әзілдесіп шал мен кемпір,
Осы жұрттың құдасындай,
Қызыл мауыт диванда отыр...
Қылқ еткізіп бір стопқа
Буфеттегі бөтелкеден,
Тұрды біреу қарап топқа
Оқшырая ту желкеден.
«Не бір әйел, не бір қызбен,
(Бәрібір ғой сірә оған!)
Таныссам - ау, би билесем...»
Деп ойлап тұр бағанадан.
Ауып-ақ түр есі-дерті,
Шұбырып түр сілекейі,
Бірақ келмейд еш реті,
Батыл бармайд, жоқ үрейі...
Оркестр де ду етті кеп,
Мың құбылтты кларнеттер,
Ортқып ойнап, кетті билеп,
Еркін қыздар, жас жігіттер...
Турды Бикеш елден ерек,
Қыңыр қарап бишіл топқа,
Жігіттерге тұрды өкпелеп,
Шақырмады, деп, фокстротка.
Сәл нәрседен түсті сәті,
Әлгі жігіт келді жетіп,
Білмен қайтіп барды дәті,
Қызды кетті дедектетіп...
Би де бітті.
Тыншықты жұрт,—
Дауыл өткен дариядай.
Қызымызды әлгі жігіт.
Меңгеріпті тіпті оп-оңай.
«Жақсы білем сізді сырттан,
Жүруші едім таныса алмай,
Құмар болып көп уақыттан,
Бір сырласып қаныса алмай...
Хабар естіп біреулерден:
Сізді осында келді, деген.
Әдейілеп іздеп келгем,
Зырылдатып машинамен...»
IV-бөлім
Машина да келді жетіп,
Екпіні үйді сілкіндіріп,
Қос көлеңке көлбең етіп,
Қыз бен жігіт кетті кіріп.
«Пожалуйста, төрлетіңіз,
Пальтоңызды мен ілейін,
Қызмет ету міндетіміз,
Туфлиіңізді шеткелейін...
Үйіміз тар, бір-ақ бөлме,
Әрине, бүл, сізден ұят,
Айтып едім Совнаркомге,
Бітпей жатыр жилкомбинат».—
Деп қутыңдап түлкі жігіт,
Қояр емес қызды еркіне.
Отырды кеп қыз да күліп
Жасаулы стол бір шетіне.
«... Сонымен, сол, институттен
Қайтарда алып дипломымды,—
Баспа орнына беріп кеткем
Суретім мен үш томымды...»
Деп бір қойды желе жортып,
Ойын алдан ойқастатып,
Қыз отырды іштен толқып,
Бір тұңғиық ойға батып:
«... Институттен алған диплом...
Өн бойының бәрі білім...
Жазған кітап бірнеше том...
Айына .алад бірнеше мың...
Өзгесін қой, машинаны айт, —
Алдым,— дейді былтыр сатып.
Қандай қызық етсең «гуляйт»
Асфальттармен зымыратып...
Жалғыз-ақ тар үйі тұрған,
Жаңа кепті Москва жақтан,
Береді ғой, сөз жоқ, бұған
Жетінші жилкомбинаттан...»
Осыны ойлап қыз отырды,
Сарт-сұрт етіп жатты есік:
Әлдекімдер үйге кірді,—
Былқ-сылқ етіп иін тіресіп...
Келіп болды «сый қонақтар»,
Бұйрық күтіп тұрды банкет:
Ас «патшасы» шашқан қаһар
Дәл ортада «Ақмағамбет».
Ойдай келіп қызды думан,
Бісмілләні айтты арақ,
Тиді келіп жан-жағынан
Стол үстін жүндей сабап.
Емес тіпті мұрсат берер,
Шақар бокал етіп шақ-шақ
Бір жақта бос бөтелкелер,
Сыйыса алмай салды шатақ.
Қонақтардың бәрі де мәз,
Басталды сөз анекдоттан.
Ішінде бар не бір «сабаз»
Өтірікті төпей соққан.
Қысылған кез, шымшылған сан,
Бір-бірінен сыр ұрласқан,
Стол асты — ол бір майдан,
Ақ балтырлар араласқан.
— Кәне, кәне, көтерейік,
Қалдырмаңыз бір тамшысын...
Ақ ішпесе, көк берейік...
«Амал болмас, тек сіз үшін».
— Алып жібер, қағып жібер,
— Ой, молодец! Міне, жігіт!
— Кұйып жібер, қайда ликер?
— Ештеңе етпес, шампаннан жүт...
— Асықпаныз, уакыт ерте,
Машинамен зыр еткізем....
— Бас гармонды желпілдете,
— Бикешімді билеткізем...
— Бис-бис! Танго! Бис-бис, фокстрот!
— Гулләулә-һә, оһа-аһа...
— Ал кәнекей! Қолдарың соқ!
— Асса! Асса! Ха-ха-ха-ха!..
V-бөлім
Қандай тәтті таңғы ұйқы!
Қандай таза таңғы ауа!
Ерініңде ойнап күлкі
Талай қыздар жатыр-ау, ә?..
Қыздар үшін еңбек етем,
Әлі отырмын жазып өлең,
Ең болмаса ендім бе екен,
Біреуінің түсіне мен?..
Түс демекші, айтайыншы
Бикешімнің «көрген түсін»
Таң алдында кетті-ау тынышы,
Түсі құрғыр бұзды ұйқысын.
Тілім келсе тікесінен
Айтар едім... Бірақ... бірақ...
Ұйқыда емес, өңде көрген
Түстің жайы шатағырақ...
Тұрды орнынан шошып
Бикеш Құлан иек атқанда таң.
Не болғанын ұға алмай еш,
Аз отырды болып аң-таң.
Ойы мең-зең, айналды бас,
Сырқырайды сай сүйегі...
Кетті ыршып көзінен жас,
Құп-қу болып қашты өңі.
Біраздан соң жиды есін,
Қарады бір жатқан жанға:
Шалды көзі бір шекесін —
Қызыл жоса батқан қанға.
Жатыр ұйықтап қызыл шеке,
Белгілі ғой мұның сыры,
Бүл шекеге бір бөтелке
Тиген еді өткен түні...
Қаусағандай бар өмірі,
Бойы дел-сал, ойы мең-зең,
Әлде өлі, әлде тірі,
Шықты Бикеш сол бір үйден.
Қайран қалып бүл күйіне,
Шошыды ол өз өзінен,
Бара алмады ез үйіне,
Ұялып өз көшесінен...
VI-бөлім
Азғынбаев көтерді бас
Бықыраған төсегінен.
Шала - бурыл әлі де мас,
Түк қалмапты «кешегіден»...
«Дәрі» керек емделуге,
Қалтада жоқ жалғыз тыйын,
Үйде жалғыз сенделуде.
Қаусап қапты, соқты киын...
Бір уақытта, .«құдай айдап»
Келді оның шофер досты,
Тағы кетті «алақайлап»,
Көтерісті бұлар тосты...
Кетті досы елтіп, қызып, —
Келемін, деп, тағы тауып,
Шыға беріп, тәртіп бұзып,—
Милиционер қойды жауып...
Күн айналып кетті кешке.
Азғынбаев сипап басын,
Әлденелер түсіп еске,
Қарады еңбек книжкасын.
Книжка да ине шаншар
Жазылмаған жер қалмапты,
Ақтық бетке бір секретарь
Кетпестей ғып крест сапты.
Сол кресті көзі шалып,
Азғынбаев көп ойлады.
«Бүл кресті салғаны анық
Өміріме» деп ойлады...
Түсті есіне бір кездері
Өзінше бір «дәуірлеген»,
Болушы еді нән портфелі,
Жүруші еді машинамен.
Бір ызғарлы начальниктің
Болып еді секретаpi,
Барлық кілті кабинеттің,
Приемныйдың делолары.
Қолында еді бәрі мұның,
Жағымды еді начальникке.
Тілін алғыш иесінің
Ұқсаушы еді ақылды итке.
Болып жүріп начальникке
Күндіз хатшы, түнде малай,
Арақ тасып сан банкетке,
Көрген «қызық» талай-талай.
Мерез шыққан жүрегіне
Начальнигі «ауру» еді,
НҚВД лагеріне
Кеткен еді емделгелі.
Содан бері Азғынбаев
Кірді талай мекемеге,
Табылмады іс оған лайық,
Жарамады ештемеге.
Болды хатшы, болды завхоз,
Шыға келді былықтырып,
«Байқайын» деп барды колхоз
Кете барды қол қусырып.
Таңдады оқу бір күн жатып,
Санап мектеп атаулыны,
Кежегеден кері тартып,
Жылжытпады жалқаулығы.
Не делбеші, не курьер
Болуға бұл арланады,
Ешбір істі қолдан келер
Ойлап-ойлап таба алмады.
Сонда анық сезген еді
Қалғандығын таза махрұм,
Алда нелер кез келеді,
Не болса да күтті ақырын...
Арамызда бұғып жүрген
Бар ғой қулар, не бір жылпос,
Жүре берді жалтарумен
Солармен бұл болды да дос...
VII-бөлім
Болды бес күн төсек тартып
Жатулы қыз ертелі-кеш,
Махаббатқа ауру сатып
Алды біздің сұлу Бикеш.
Орнынан қойды тұрмай,
Шақыртпады не дәрігер,
Жан ауырса тән ауырмай,
Дәрігер не дәрі берер?
Күлетіндей жұрттың бәрі,
Жатып алды үйден шықпай,
Жақындары, сырластары
Не болғанын қойды ұқпай.
Қиырына қиялының
Жете алмады шолақ ойы!
Көрінді оған жас шағынық
Тарқағандай ойын-тойы.
Шықты тысқа бір күні кеш
Көрінбеді көшеде жұрт,
Кете барды мұңлы Бикеш
Жамылды да қараңғы ымырт.
Басы ойдан босамады,
Тапты жолын екі аяғы,—
Тапты таныс босағаны,
Аттап өткен сол баяғы.
Қақты есікті қол қалтырап,
«Пожалуйста!» — ашты жайлап
Азғынбаев қызыңқырап,
Отыр екен тілін шайнап.
«Ә, сайтан қыз, сен бе ең келген
Хош келіпсің, жоғары шық.
Сені күтіп отыр ем мен,
Сезеді ғой қайран ғашық.
Шеш пальтоңды, шеш галошты,
Лақтыра сал ана жерге.
Сен келген соң көңіл хош - ты,
Әттең жоқ-ау сімірерге.
Ақшаң бар ма, сал ортаға,
Кедей болып қалдым бүгін.
Екеуміз бір оңашада
Желпейікші көңіл кірін.
Ант атқан қыз, қайда жүрсін.?
Күте - күте зарықтым мен,
Өзің қандай сүйкімдісін,
Сұлу - ақсың жаңа ұқтым мен.
Келші бері, келші бері,
Бір қысайын сүбеңізден,
Құшақташы, сүйші мені,
Келмесең де күдер үзбен.
Қашан келер екен деп бүл,
Екі көзім сегіз болды,
Мен аңсаған сырлы бұлбұл
Бақшама кеп езі қонды...
Дей бергенде былш еткізіп
Түкірді қыз бетіне оның,
Түсіне алмай, көзін сүзіп.
Азғынбаев күтті соңын.
Бедірейіп тұрды Бикеш,
Отырмады орындыққа,
Тұрды ұзақ тіл қатпай еш.
Суырылды бір уақытта.
— Дәл осы сен кімсің өзің?
Адамбысың, сайтанбысың?
Шын сыналар келді кезің,
Шыныңды сен айтармысың?
Жастық мені алдап соқты,
Алданыппын, сездім енді,
Жас жаныма салдың соққы,
Кегімді алар кезім келді.
Қымбат емес тірлік маған,
Өлгеннен соң ар «ұятым»,
Өз ләззатім болды харам,
Болды харам махаббатым.
Жастық желі жанға толып,
Женіл ойлап жүріппін мен,
Мезгіл жетті гүлім солып,
Қуарыппын, қураппын мен,
Сендей жынды көбелекті
Қондырыппын гүліме мен,
Қасіреттімін сол себепті,
Кетті аулақ өмір менен.
Сендейлердің мыңы тұрмас
Жігіттердің ғашығы едім,
Соларға да имедім бас,
Жүрегімді ап қашып едім.
Онда ойым сәби еді
Аяқ басқан апыл-тапыл,
Енді ойласам, жан күйеді.
Қайда болған қайран ақыл!
Алып қашты асау қиял,
Жар іздедім жұрттан артық,
Сен кез келдің...
Бар ма амал!
Сөнді қиял босқа шалқып.
Неге ғана айттың жалған?
Неге алдадың айтшы маған?
Әзезіл ме ең сиқырлаған,
Қайдан душар болдым саған?
Жазығым не, жастығым ба?
Сұмдығыңмен неге алдадың?
Білгенің бе, қастығың ба?
Өмірімді арамдадың.
Айтшы кімсің? — азғынбысың?
Сені де ана тапты ма екен?
Жарық дүние бар қылмысын
Саған арқалатты ма екен...»
Айта алмады бұдан ары,
Алқымға кеп ыза долы.
Жарқ-жұрқ етті көз жанары,
Оң қалтада ойнап қолы...
— Өзің не деп турсың, Бикеш?
Деп бастады Азғынбаев.
Бос сезді қой киімің шеш,
Ақшаң бар ма? — Алғызайық.
Бүлінесің мұнша неге?—
Кеткен жоқ қой ештемең де.
Соған да қыз бүліне ме?!
Қызықтадық мен де, сен де.
Алдадым рас, айттым жалған,
Не күнә бар онда тұрған?
Жалғыз ғана сен бе алданған?
Қыздар үшін, алдау — бір заң.
Мен атқардым міндетімді.
Неге алдандың,— өзіңнен көр.
Өкпені қой, бүр бетіңді,
Ақылды қыз болсаң егер.
Алданарсың әлі талай,—
Опық жеме ол үшін сен,
Қалмайсың ғой бай таба алмай,
Кім сенбейді «қызбын» десең?
Махаббат не? Бір бос сөз ол,
Ақындар ғой ойлап тапқан.
Қызықтай бер,— айтарым сол,
Күдеріңді үз махаббаттан...
Деді де ол ашты кұшақ,
Ойлап тағы сұм ниетті.
Қыз қолында сұсты пышақ
Нажағайдай жарқ-жұрқ етті
«Бол, қарабет» деді де қыз
Кете барды үйден ытқып.
Бетке түсіп крест айғыз
Азғынбаев қалды ауытқып...
Өтті кетті сол бір жәйіт,
Бұдан он бес жылдар бұрын.
Өмір - өзен кетті шәйіп,
Ескіліктің кір қоқырын.
Сол қоқыспен кетсе керек,
Азған-тозған сол бір сүлде.
Естілмейді ешбір дерек,
Бар ма, жоқ па жер бетінде
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: қасым аманжолов Бикеш өлең стихи на казахском касым аманжолов олен казакша, қасым амандолов өлеңдері, касым аманжолов олендери, касым аманжолов стихи на казахском, Бикеш