Ет туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 7
Мақал-мәтелдер жинағы: 26
Жұмбақтар жинағы: 5
Балаларға арналған тақпақтар: 3
Ақын өлеңдері жинағы: 15
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 2
Әңгімелер жинағы: 12

Серкештің еті ем болар,Ешкінің еті жел болар.
©  Түркі халықтары
Етпен істейтін нәрсені таромен жасамайды.
Аң алмайтын жаман құс – ат еңбегі, Абылайдан басқа төре – ет еңбегіҚазақ жұртында мақал болып қалды: "Аң алмайтын жаман құс – ат еңбегі, Абылайдан..
Жендеттің етін жолбарыс та жемейді.
Қасқырлар көп, ал ет аз.
Бір түнде ет шіріп кетпейді.
Ет жаманы — көмекей,Ел жаманы — шөмекей.
Тұзсыз етте шіриді,Жұмыссыз ер де жүнжиді.
Жылқының еті:Жемесең түсіңе кіреді,Жесең тісіңе кіреді. 
Ет етке, сорпа бетке.
Бай болсаң, паршаменен бетіңді сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен етіңді сүрт.
Ел ішінде жұрт жүреді,
Ет ішінде құрт жүреді.
Қымыз – кісінің қаны,
Ет – кісінің жаны.
Дәулет басса –
Ет басады,
Бейнет басса –
Бит басады.
Күніне ет жеген жан мал табар ма?
Айында ет жемесе, жан бағар ма?
Айғыр ауырса, ат болады,
Ат ауырса, ет болады.
Ет қадірін – ашыққан біледі,
Жол қадірін – тарыққан біледі.
Жақсы еттің сорпасы да майлы.
Мысықты етке қарауыл қойды.
Үнділік жігіт досының құрметіне сиыр етін асады.
Ет жемесе де, сорпа ішкендей болды.
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
Немере етін жеп, сүйегін береді.
Қонағым, сен «ет» деме, мен «кет» демеймін.