Қан туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 4
Мақал-мәтелдер жинағы: 17
Балаларға арналған тақпақтар: 2
Ақын өлеңдері жинағы: 69
Жаңылтпаштар жинағы: 1
Қанатты сөздер жинағы: 9
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 10
Поэмалар: 2

Адалдық ойласаң, бал жұтасың,Арамдық ойласаң, қан жұтасың
©  Самет Оқанұлы
Қанды қанменен жумас.Бұл мақал жанжалды жанжалмен басуға болмайды. Адамдарды бір-бірімен келістіру, жарастыру қажет дегенді айтады.
©  Түркі халықтары
Серт бұзылса-Қылыш қанға боялады.
Екі сырттан қанға батып таласса,
Қарақұсқа жем болады.
©  Бауыржан Момышұлы
Бөріден бөлтірік қанша асырасаң да, бір күні қанға бояйды.
Қасқырдың аузы жесе де – қан,
Жемесе де – қан.
Қымыз – кісінің қаны,
Ет – кісінің жаны.
Жақсыға жалынса –
Жан қалады.
Жаманға жалынса –
Бір қасық қан қалады.
Жан тартпаса,
Қан тартады.
Батылды балталасаң да,
Қан шықпайды.
Нақақ төгілген қан құмға да сіңбейді.
Қанды қанмен жуа алмайсың.
Жақсы менен жаманның жаны бірдей,
Арық пенен семіздің қаны бірдей.
Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан.
Соймаса қан шықпайды,
Құр тілден май шықпайды.
Жарлының аузы аққа тисе,
Мұрны қанайды.
Аузың толған қан болса да,
Дұшпанның алдына төкпе.