meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Әркімнің өзін-өзі білу ---патшалық.
©  Естеу ЖҮНІС
Кімге қандай ниетте болсаң, ниетіңе карай шапағат болады.
©  Естеу ЖҮНІС
Өнер-білім ердің азығы, ер елдің азығы.
©  Естеу ЖҮНІС
Жақсылықтың алды қайқаң, шығуға күш кетеді.Жамандықтың алды ілди, күш жұмсамай жетеді.
©  Естеу ЖҮНІС
Ақыл ойдың ағасы, өнер малдың анасы.
©  Естеу ЖҮНІС
Досың жылап мұңайса, жұбат көңілін жасытпа. Өзімсініп сыр айытса, өсек қылма басқаға.
©  Естеу ЖҮНІС
Асыққан шайтанның ісі, сабырсыздық шайпаудың ісі, жалақорлық сайқалдың ісі.
©  Естеу ЖҮНІС
Адам өмірінің басты түйіні мейірбандық, білім, сұлулық.
©  Естеу ЖҮНІС
Талтаңдасаң талтаңда ақшаң болса қалтаңда, кердеңдесең кердеңде бірдеме болса зердеңде.
©  Естеу ЖҮНІС
Жақсы жаныңды біледі, жаман малыңды біледі.
©  Естеу ЖҮНІС
 Атасына орын ұсынбаған, әкесіне қолын ұсынбайды.
©  Естеу ЖҮНІС
Ұлы бар үй сымбатты, қызы бар үй суатты.
©  Естеу ЖҮНІС
Адам ақылымен қымбатты, ұрпағымен сымбатты.
©  Естеу ЖҮНІС
Шешесі силамағанды баласы силамайды.
©  Естеу ЖҮНІС
Балаға ұрса беру ақыл емес, тамақты жатып ішу пақыр емес.
©  Естеу ЖҮНІС
Адалдыққа бой ұрсаң өмірлік бақыт тапқаның.
©  Естеу ЖҮНІС
Арамдыққа бой ұрсаң өзіңе құрған қақпаның.
©  Естеу ЖҮНІС
Жақсы адам ынтымақ қорғаны, жаман адам ынтымақ зобалаңы.
©  Естеу ЖҮНІС
Жан аясаң жарлысың, сөз аясаң сорлысың.
©  Естеу ЖҮНІС
Шешеннің тілі, шебердің бізі.
©  Естеу ЖҮНІС
Білімдінің аузы, өнердің көзі.
©  Естеу ЖҮНІС
Жүйесін тауып жұмыс қыл, жерін тауып тыныс қыл.
©  Естеу ЖҮНІС
Қолдан келмес жұмыс жоқ, аяқ жетпес алыс жоқ.
©  Естеу ЖҮНІС