Алыс туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 37
Ақын өлеңдері жинағы: 49
Қанатты сөздер жинағы: 8
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 4

Асқар таудың көлеңкесі алысқа түседі.
Алыстан барлық адам жаман емес.
©  Еврей халқы
Алысқа барғың келсе — жақын адамыңнан баста, үлкен іс жасағың келсе — кішкентайдан баста.
Алма алма ағашынан алыс құламайды.
Алыс жолда жеңіл жүк болмайды.
Алыстан  көрген адамның бәрі бірдей.
©  Еврей халқы
Қолдан келмес жұмыс жоқ, аяқ жетпес алыс жоқ.
©  Естеу ЖҮНІС
Алыстан адамның бәрі жақсы.
©  Жебірей
Адам болатын бала алысқа қарайды.
©  Абай Құнанбаев
Алыстағы апаннанАлдыңдағы құдық қайырлы. 
Алыстағы дәрияданАлдында жатқан қақ артық.Төскейдегі тұлпарданЖаныңда тұрған жабы артық. 
Көрінген таудың алыстығы жоқ. 
Асқар таудың көлеңкесi алысқа түсер.

Мақалдың ауыспалы мағынасын түсіндіріп беріңіз.
Қолында билігі бар адам көп жақсылық жасай алады. Жақсылық..
©  Гүлтас Құрманбай
«Кешегi күннен алыс жоқ, Ертеңгi күннен жақын жоқ»
Халық даналығы ұрпағына қандай асыл сөзді, тәрбиені осы бір мақал арқылы қалдырғанын..
©  Гүлтас Құрманбай
Кешегi күннен алыс жоқ, ертеңгi күннен жақын жоқ.
Алыстан қара көрінсе,
Қаша берсең, амансың.
Жекеп-некеп қоймаса,
Қайрылмаса, жамансың.
Алыс болса да жол жақсы,
Соқыр болса да қыз жақсы.
«Алыс» деме, жүріп кетсең, жетерсің,
«Ауыр» деме, иыққа алсаң, көтерерсің.
Алыс пенен жуықты білген, жүрген білер.
Алысқа барса, олжамен оралар.
Алыстағы дұшпаннан
Аңдып тұрған орыс жаман.
Ақырын жүрсең,
Алысқа жетерсің.
Ақылды қанша қараңғы болса да, алысты көреді,
Ақымақ ақыр заман болса да, мәз боп жүреді.
Азықсыз адам алысқа бармайды.
Алыстан дабыл сазы хош келеді,
Жақындасың – бос келеді.