Арамдық туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Мақал-мәтелдер жинағы: 11
Ақын өлеңдері жинағы: 6
Қанатты сөздер жинағы: 5

Адалдық ойласаң, бал жұтасың,Арамдық ойласаң, қан жұтасың
©  Самет Оқанұлы
Адам аласы ішінде,Жылқы аласы сыртында.Бұл өзі жағымды көрініп, жан дүниесіндегі жамандық пен арамдықты жасыратынсұрқия жандарға бағышталады.
©  Түркі халықтары
Ержеткеннің ойлағаны – арамдық,Бойжеткеннің ойлағаны – амандық.
©  Ермахан Шайхыұлы
Арамдыққа бой ұрсаң өзіңе құрған қақпаның.
©  Естеу ЖҮНІС
Арамдық кірген үйден тыныштық қашады.
Ала жылқы жоғалмас,
Арамза жан оңалмас.
Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да жамандық шықпас.
Сараңдық пен арамдық ағайындас.
Сараңдықтың соңы —
Арамдық.
Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды