meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Құста сүт жоқ, жылқыда өт жоқ, ханда қайырым жоқ  – "Құста сүт жоқ,Жылқыда өт жоқ,Ханда қайырым жоқ"("Қазақ мифтері". Бабалар сөзі. 78-том. 2011. 100..
Ханнан құлақ дәметкенше, қасқырдан лақ дәмет. Ел жыламай, хан күлмес, хан құламай, ел күлмес  - "Ханнан құлақ дәметкенше,Қасқырдан лақ дәмет", –"Хан..
Жеңге – мұра  – "Жеңге – мұра" деген сөз,Айтылған екен бұрын-ақ.Шешімі қалай болады,Шеш екеуің нақпа-нақ.("Қыз Жібек"". Бабалар сөзі. 26-том. 214-б...
Жау жағадан алғанда, бөрі етектен қабады  Жау жағадан алыпты,Бөрі етектен қауыпты.Іздеп келдік алыстан,Кетейік біліп анықты.("Қыз Жібек"". Бабалар..
Тумақ – сүннет, өлмек – парыз Тұяғы бүтін тұлпар жоқ, қанаты бүтін сұңқар жоқ. Тумақ – сүннет, өлмек – парыз, мың жасаған адам жоқ!("Қыз Жібек""...
Ноқталы басқа бір өлім  Төлеген сынды ағаңның ұжмақтан жазсын тұрағын. Ноқталы басқа бір өлім, өкініш қылма өлімге, өз тілеуің сұрағын!("Қыз Жібек""...
Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер, қой жамырап, қозы емер  "Әңгіме бұзау емізер, бұзау таяқ жегізер", - деді де қойшы жөнелді: - Қой жамырап..
Жақсы жолдас – шарапат, жаман жолдас – кесапат Жақсы жолдас – шарапат, жаман жолдас – кесапат. Жолдасың жақсы болғанда, ақыл табар қат-қабат.("Қыз..
Шашы ұзын әйелдің ақылы қысқа  Алыстан келген бұл жігіт Әдепсіз қыз деп жүрмесін. Шашы ұзын әйелдің Ақылы қысқа демесін".("Қыз Жібек"". Бабалар сөзі...
Өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай құл болмас "Өзіңнен тумай ұл болмас, Сатып алмай құл болмас". Түсті байдың ойына деген бір қарттың..
Бөрінің баласы бөрілігін қылады  "Бөрінің баласы бөрілігін қылады екен, шешесімен бірге жатқанда бір күні мені өлтіреді екен", – деп қауып қылып: –..
Жалғызда мейірім жоқ
Бір ағаш әлі орман емес.
Ағашты сындыру-бір секунд, өсіру-көп жылдар.
Өсімдік - жағалау құтқарушысы.
Сіз жерді тамақтандырсаңыз-ол сізді тамақтандырады.
Орманның жанында өмір сүру-аштықты көрмеу.
Ағаш отырғызбаған адам көлеңкеде жатпайды
Орман мен су-табиғаттың сұлулығы.
Заманның түлкі болса Тазы болып шал 
Қоянды қамыс ,еркекті намыс өлтіреді
Семіздікті қой ғана көтереді 
 Қой семізі – қойшыдан! Қой – жерге бітеді. 
Жақсы аттың артынан құнан ереді,Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді!
©  Нұржан Төлендиев
Ауру калсада әдет қалмайды