Табиғат туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 22
Балаларға арналған тақпақтар: 9
Ақын өлеңдері жинағы: 293
Жаңылтпаштар жинағы: 12
Қанатты сөздер жинағы: 35
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 5
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 3
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 1
Эсселер жинағы: 7

Орман мен су-табиғаттың сұлулығы.
Ағаш біткенді жүкті қылатын—жел.
Жылылық болмай қар кетпес.
Әрнәрсе уақытымен қызықты.
Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.
Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
Жаңа айдан жақсылық.
Қыс аязымен,
Жаз самалымен.
Нұрдың суы - нудың суы.
Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.
Туған ай, тураған етпен тең.
Су аққан жерінен айнымас.
Үркерлі айдың бәрі қыс.
Жел түбі азық, жекен түбі қазық.
Мәуесі бардың әуесі бар.
Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс.
Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.
Түз тағысы —
Табиғатпен тілдес.
Түз тағысы —
Табиғатпен тілдес.
Адам мен табиғаттың тілдескені - өмірдің үндескені.