Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.
САБАҚ: | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 9 | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||||||||
Бөлім тақырыбы | Тарихи шындық пен көркемдік шешім Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», « Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек» | ||||||||||||
Сабақтың түрі | Талдау сабағы | ||||||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 9.2.1.1 эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдарды талдау; | ||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар: Композициялық құрылымды ажыратады ; Көптеген оқушылар: Өлеңнің композициялық амалдарын талдайды; Кейбір оқушылар: Сюжеттік құрылымды талдап, өз ойын дәлелдейді; | ||||||||||||
Бағалау критерийі | Өлеңдегі композициялық амалдарды талдайды; | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: пролог, эпилог, композиция, пейзаж, мінездеу, суреттеу, баяндау, т.б. Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: композициялық амалдар, сюжеті, кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынас, өзара тартыс, адам образы, табиғатты суреттеу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиет теориясы | ||||||||||||
Мектеп құндылықтары | Өмір бойы білім алу: таным, талант, сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. | ||||||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | Алдыңғы біліммен байланыстыру: | ||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||
Сабақтың басы 7 минут | Ұйымдастыру: -оқушылардың сабаққа қатысын тексеру; - сабақ мақсатымен таныстыру; Ж. Оқушылар алдын-ала өлең мазмұнымен танысады. Сабақтың барлық кезеңінде оқушылар ресурспен қамтамасыз етілгені жөн. Миға шабуыл Еділ үшін егестік,Тептер үшін тебістік.Жайық үшін жандастық,Қиғаш үшін қырылдық,Теңдікті, малды бермедік,Теңдіксіз малға көнбедік.Ханның кірген ақ орда,Бұзуын ойлап кеңестік.Аламанға жел беріп,Аса жұртты меңгердік.Қара қазақ баласынХан ұлына теңгердік. Өлеңнен үзінді беріледі, өлеңді оқығанда ойыңызға қандай бейне келді, суретін салыңыз. Кері байланыс: Өлең мазмұнын мұндай бейнемен байланыстыруыңызға не себеп болды? Өзіңіздің ойыңызды осы суретпен жеткізуіңізге разы болдыңыз ба? | Келесі қысқартуларды қолданыңыз: МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық МЖ = Мұғалім жасаған ӨД = өзге дерек көздері | |||||||||||
Сабақтың ортасы 12 минут 10 минут 8 минут |
Топқа бөлу (мұғалімнің өз қалауына ұсынылады, кездейсоқ топтар құрғысы келсе, таяқшаларға жазылған есімдерін таңдау тиімді) Пазлдар құрастыру. (М.Өтемісұлы «Мен, мен едім») Т. Оқушыларға пазл ретінде қиюластыратын, композициялық құрылым жазылған қағаз бөліктері беріледі. Өзара ақылдаса отырып, сол бөліктерге шығармадан үзінді жазып, өздерінің ойларын дәлелдейді. Композиция: Пролог ----сюжет: оқиғаның басталуы дамуы байланысуы шарықтау шегі шешуі Эпилог Композициялық амалдар: пейзаж, мінездеу, суреттеу, баяндау, дәлелдеу, ситуация Таныстырылым жасау: «Әлемді шарлау» әдісі. Топта 1 оқушы (өз қалауымен немесе мұғалім таңдауымен) баяндаушы рөлінде қалады. Өзге оқушылар сағат тілімен қозғалып, өзге 2 топтың таныстырылымын тыңдайды. Кері байланыс: (мұғалім жеке бір оқушыны бағалау үшін, есімдері жазылған таяқшаны қолдануына болады) Сіз шығармада пролог\эпилог бар екеніне сенімдісіз бе? Өлең ішінде сюжеттің барлық бөлігі болуы міндетті ме? Оқиға шарықтау шегіне жетті ме? Ойыңызды дәлелдеп өтіңіз. Композициялық амалдар сюжеттік құрылымға қалай ықпал етеді? | С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс Ж = жеке жұмыс Тәж = оқушы тәжірибесі К = мұғалімнің көрсетуі Ф = формативті бағалау
М.Өтемісұлы «Мен, мен едім», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Бағаналы терек» Пазл қиындылары | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия: Бұл сабақта ... болды. Өйткені ... Ең қиыны ... Қиындықтан шығу жолы ретінде мынадай тәсіл ұсынамын: _________ |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру