Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы. «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, сабақ жоспары. 6-сабақ.


САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім тақырыбы

Тарихи шындық пен көркемдік шешім

Махамбет Өтемісұлы «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», « Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек»

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығын анықтайды;

Көптеген оқушылар:

Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығының заманауилығын талдайды;

Кейбір оқушылар:

Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығының жаңашылдығына баға береді;

Бағалау критерийі

Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығын заманауи тұрғыда талдап, баға береді;

Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: сары бал, кіреуке,теңдік сұрау,

жандастық, егестік,тебістік

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: иір бұтақ, тұғыр қылу, екі тарлан бөрі, еңіреп жүрген ер, жаңашылдық, ұрпақтар сабақтастығы, заманауи

Пәнаралық байланыс

тарих

Мектеп құндылықтары

Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамытуды, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыруды және сындарлы көзқарасты дамытуды, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білуді қамтиды.

Осыған дейін меңгерілген білім

Алдыңғы біліммен байланыстыру:

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

3 минут

Ұйымдастыру:

-оқушылардың сабаққа қатысын тексеру;

- сабақ мақсатымен таныстыру;

Ж-ЖЖ.

Бос орынға тиісті сөздерді қойыңыз.

Хан сусыны ... -

Сұраусыз ... деп едім.

Ханның киген ... -

Үстіме ... деп едім.

Ханнан ... туғанша,

... бір-ақ тусайшы,

Халықтың ... қусайшы,

Артымыздан біздердің

Ақырып ... сұрарға!

Еділ үшін ... ,

Тептер үшін ... .

Жайық үшін ... ,

Қиғаш үшін ... ,

Теңдікті, малды ... ,

Теңдіксіз малға ... .

Оқушылар өздерінің нұсқаларын ұсынып, қате тұстарын түзейді.

Келесі қысқартуларды қолданыңыз:

МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық

МЖ = Мұғалім жасаған

ӨД = өзге дерек көздері

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

10 минут

5 минут

Блум таксономиясы бойынша талдау. Оқушылар тапсырманың қай түрін алатынын өзі таңдайды.

Ойлан –жұптас-талқыла.

Оқушылар алдымен жеке жұмыс жасайды, кейін жұптасады. Тапсырмалары бірдей оқушылар топқа жиналады.

БІЛІМ. «Еңіреп жүрген ер», ол қандай адам?

ТҮСІНУ. «Екі тарлан бөрі» деген ұғымды өлең идеясымен байланыстырып түсіндіріңіз.

ҚОЛДАНУ. «Қай қазақтан кем едім, бір қазақпен тең едім» деген ақын көзқарасын қазіргі заманға сай қолданып, монолог айтыңыз.

АНАЛИЗ. «Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,Еменге иір бұтақ бітсейшіҚыранға тұғыр қыларға» деген тармақтағы ойды қазіргі заман адамымен салыстырып, талдау жасаңыз.

СИНТЕЗ. «Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы» деген автор көзқарасына қазіргі ұрпақ келісе ме? Ойыңызды тұжырымдаңыз.

БАҒАЛАУ. «Әлдилеген баласын жетім етсем деп едім» деген пікір астамдық емес пе? Баға беріңіз.

Таныстырылым.

«Аялдама» әдісі. Топта 1 спикер қалып, таныстырылым жасайды. Оқушылар сағат тілімен айнала жүріп, барлық топтың жұмысын тыңдайды.

Ф. Топ оқушылары келесі топтарға дескрипторлар бойынша баға береді.

Дескриптор:

Қазіргі заманмен байланыстырады;

Ұтымды ой айтады;

Терең талдау жасайды;

FEST –талдау (сынып 4 топта жұмыс жасайды)

Сыныптың 4 қабырғасына флипчартқа:

-жаңашылдығы (анықтау)

-ұрпақтар сабақтастығы (табу)

-салыстыру (заманауи өлеңмен салыстыру)

-баға беру (өлеңнің тарихи құндылығына баға беру) деп жазылып ілінеді.

Оқушылар топпен өзара ақылдасып, өздеріне берілген үзінді бойынша талдау жасайды . Белгі берілген кезде келесі флипчартқа ауысып отырады. 1 топта 1 оқушының қолында ғана маркер болады.

Дескриптор:

жаңашылдығын анықтайды;

ұрпақтар сабақтастығын табады;

заманауи өлеңмен салыстырады;

тарихи құндылығына баға береді.

Таныстырылым. Әр топ 1 тақырып бойынша: жаңашылдығы

-ұрпақтар сабақтастығы

-салыстыру

-баға беру

таныстырылым жасайды.

Ф. Мұғалім кері байланыс береді.

С = барлық сынып

Т = топтық жұмыс

ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс

Тәж = оқушы тәжірибесі

К = мұғалімнің көрсетуі

Ф = формативті бағалау

М.Өтемісұлы

«Мен, мен едім», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны», «Бағаналы терек»

Флипчарт, маркер

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия:

5-5-1

Сабақта жасаған жұмысы бойынша өзін бағалайды.

5 сөйлем-5 сөз-1 сөз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу