Тарихи шындық пен көркемдік шешім. Махамбет Өтемісұлы. «Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны», «Мен, мен, мен едім», «Бағаналы терек». Қазақ әдебиеті, 9 сынып, презентация. 6-сабақ.
Оқу мақсаттары:
9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;
Бағалау критерийі:
Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығын заманауи тұрғыда талдап, баға береді;
Ж-ЖЖ.
Бос орынға тиісті сөздерді қойыңыз.
Хан сусыны ... -
Сұраусыз ... деп едім.
Ханның киген ... -
Үстіме ... деп едім.
Ж-ЖЖ.
Бос орынға тиісті сөздерді қойыңыз.
Ханнан ... туғанша,
... бір-ақ тусайшы,
Халықтың ... қусайшы,
Артымыздан біздердің
Ақырып ... сұрарға!
Ж-ЖЖ.
Бос орынға тиісті сөздерді қойыңыз.
Еділ үшін ... ,
Тептер үшін ... .
Жайық үшін ... ,
Қиғаш үшін ... ,
Теңдікті, малды ... ,
Теңдіксіз малға ... .
Блум таксономиясы бойынша талдау.
БІЛІМ. «Еңіреп жүрген ер», ол қандай адам?
ТҮСІНУ. «Екі тарлан бөрі» деген ұғымды өлең идеясымен байланыстырып түсіндіріңіз.
ҚОЛДАНУ. «Қай қазақтан кем едім, бір қазақпен тең едім» деген ақын көзқарасын қазіргі заманға сай қолданып, монолог айтыңыз.
АНАЛИЗ. «Қарағайға қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші Қыранға тұғыр қыларға» деген тармақтағы ойды қазіргі заман адамымен салыстырып, талдау жасаңыз.СИНТЕЗ. «Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір-ақ тусайшы» деген автор көзқарасына қазіргі ұрпақ келісе ме? Ойыңызды тұжырымдаңыз.
БАҒАЛАУ. «Әлдилеген баласын жетім етсем деп едім» деген пікір астамдық емес пе? Баға беріңіз.
«Аялдама» әдісі. Топта 1 спикер қалып, таныстырылым жасайды. Оқушылар сағат тілімен айнала жүріп, барлық топтың жұмысын тыңдайды.
Ф. Топ оқушылары келесі топтарға дескрипторлар бойынша баға береді.
Дескриптор:
Қазіргі заманмен байланыстырады;
Ұтымды ой айтады;
Терең талдау жасайды;
FEST –талдау:
-жаңашылдығы (анықтау)
-ұрпақтар сабақтастығы (табу)
-салыстыру (заманауи өлеңмен салыстыру)
-баға беру (өлеңнің тарихи құндылығына баға беру) Оқушылар топпен өзара ақылдасып, өздеріңізге берілген үзінді бойынша талдау жасаңыз . Белгі берілген кезде келесі флипчартқа ауысып отырыңыз.
Дескриптор:
жаңашылдығын анықтайды;
ұрпақтар сабақтастығын табады;
заманауи өлеңмен салыстырады;
тарихи құндылығына баға береді.
Рефлексия:
5-5-1
Сабақта жасаған жұмысы бойынша өзін бағалайды.
5 сөйлем-5 сөз-1 сөз
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру