Қазақ әдебиеті | Қазіргі қазақ повесть-әңгімелеріндегі лиризм
Мазмұны
Кіріспе––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– 3-9
I тарау. Лиризм және психологизм––––––––––––––––––––––––––10-33
1.1. Т.Ахметжан шығармаларындағы лиризм.
1.2. А.Алтай повестеріндегі психологизмнің берілу әдістері
II тарау. Лиризм және мінез––––––––––––––––––––––––––––––––34-45
2.1. Т.Нұрмағамбетов әңгімелеріндегі мінез ерекшеліктері.
2.2. Қ.Түменбай прозасындағы ұлттық рух.
Қорытынды___________________________________________46-49
Пайдаланылған әдебиеттер______________________________ 50-52
КІРІСПЕ
ХХ ғасыр соңы адам, қоғам санасына өзгерістер, берекесіздік әкелуімен ерекшеленеді. Қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты, бұрынғы сана мен бұрынғы идеалдар жойылып, жеке сана пайда болды. Осының нәтижесінде ХХ ғасыр плюрализмі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер қазіргі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер мен әдебиетке жаңа келген жазушылар арасында түсініспеушілік пайда болды. Тіпті тұстас суреткерлер де бір-бірінің шығармашылығын түсінбейді. Өйткені әр жазушы өз шығармасында өз дүнетанымын бейнелейді, өз қабылдауын береді. Әдебиет – идеология құралы емес, жеке тұлғаның өз-өзін таныту құралына айналды.
Әрбір суреткер әдебиет арқылы өз бойындағы энергиясын шығаруға машықтанды. Көп жазушылар оқырман қабылдауымен санаспайды. Олар үшін тек субьективті дүниетанымын суреттеу ғана маңызды болды. Не болмаса, шығарма терең ойлы, ерекше саналы оқырманға лайықталады. Әдебиет қоғамдағы өзгерістерді жіті бақылап отыр, әйтсе де сол құбылыстарға ілесе алмай қалатын кездер де байқалады.
Әдебиеттануда көркемдік әдістер алмасуы әр кезеңде түрлі көзқарастар тұрғысынан көп рет талқыға түскен еді. Негізгі жетекші әдістер реализм мен романтизм деп, ал модернистік жүйе әдістері керітартпа, декаденттік әдістер ретінде түсіндіріліп келді. Тіпті, әлемдік әдебиет пен өнер тарихы «реалистік өнердің пайда болу, қалыптасу, даму және антиреалистік ағымдармен күрес тарихы» ретінде қарастырылды. Шын мәнінде шығармашылық әдіс суреткердің шындыққа қатысымен анықталатыны белгілі.
Әдебиет жазушы еңбегі арқылы жасалса, жанр да, кезі келгенде сөз суреткерлерінің ізденістерінен туады. Барлық жанрлар да өздерін қызықтырған нәрсені жалаң оқиғалар тізбегімен дәлелдей салмай, образ арқылы көрсетеді, бейнелейді, суреттейді. Суреттеу, дәлелдеу арқылы өздерін тебіренткен, толқытқан жайдың сырын ашып, жазушы жанрды идеялық ой жеткізуге тәсіл, амал есебінде пайдаланады.Қалаған жанрды таңдауға жазушы ерікті, ықтиярлы.
Көркем прозаға қатысты көрікті ой мен кешелі табиғатты толыққанды танып, көңіл көрігіне суара білетін сөз зергері жазар әлемін әдбен зерттеп, зерделеп, иін қандырып, илеуін пісірмей, тақырыбына тағдырын танып, табиғатын түгендемей, тәуекелге бармайды.Орнықсыз ой балалатып, орынсыз күшену, кейіпкерін тізелетіп тезге салу, жалған, жылтыр сөйлеу жазушыға жат.
«Кез келген жазушы психолог бола білуі керек. Ол кейіпкерлердің типтік характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн» /1,42/. Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады. Қазіргі әңгіме, повесть, роман болсын олардың бір ерекшелігі кейіпкер саны аз болып келеді. Сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласады. (Бұл ойымызды алдағы мысалдарда дәлелдейміз). Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкен.
Жалпы прозаның көркемдік сапасы, идеялық мазмны қоғамдық әлеуметтік мәні бар күрделі, қомақты шындықтарды көтеріп, соған байланысты философиялық тың ойлар түйіндеумен өлшеніп таразыланады.
Біз қарастырғалы отырған жазушылардың прозасында жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасалынады. Әрине, әлеуметтік шындықты көркемдік шындыққа айналдыруда жазушыға ең қажетті фактордың бірі – суреткерлік екеніне көз жеткіземіз.
Шындығында, көркемөнердің өзі адам көңіл-күйі, ой-қиялы мен қоғамдағы тарихи-әлеуметтік, эстетикалық алғышарттардың бірлігінен өрістегенін жадымызда ұстасақ, “ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында жазушылардың назарында адамның кейбір пихологиялық жағдайлары, сезімдері, сыртқы әлем құбылыстарына орай эмоционалдық үн қосу сәттері түсті. Бірақ, бұл сезімдер, адам жанының жекелеген шақтары характер болып тұтаспайды”, - деген Д.С.Лихачев тұжырымына ден қою дұрыс. Демек, лиризм мен психологизмнің де негізгі көзі – авторлық экспрессияның идеялық-көркемдік генезисі тереңде жатыр. Бүкіл факторлардың айшықты поэтикалық жүйесі ақын-жыраулардың оттты пафосқа құрылған романтикалық поэзиясы және заманның асқақ идеяларын барынша шынайы әрі мол оптимизм, нақты гуманизммен бейнелеу талаптарынан туған жаңа әдебиеттің лейтмотивіне лирика нақыштары жат элемент болып табылмайды.
Л.И.Залесская кеңес әдебиетінде: “Қаһармандық-романтикалық, алайда типтік характерлер ерекше тосын болғанмен, өмірлік, типтік ахуалдарда ашылатынын” айта келіп, дербес поэтикасына қарамастан, романтизм реализмнің бір стильдік қанатына жатаныны туралы бір пікірге келеді. Осы ретте кейбір мағыналық ұғымдарды анықтап алу үшін ақиқатқа жақын паймдауларға жүгінеміз. “Романтизм қашанда лирикалық табиғатқа ие. Әйтсе де, лирикалық әуенділік шығарманың романтикалық сипатына дәлел емес. Лирикалық өнер әрі реалистік негіздерде өмір сүреді”, - дейтін С.А.Липин лиризмнің белгілі бір көркемдік әдістер мен бағыттарға тәуелсіздігін, психологизм сияқты әдебиеттің “тектік” қасиетіне бейім екенін аңғартады /2.162/.Майтанов.
Адамның мінез – қырларын белгілі бір сәттердегі сезім – күйлерін тапқыр әрі ұтымды, қысқа да мағыналы бейнелеуде диалог ерекше тєсіл. Яғни, автор кейіпкер характерін ашу үшін диалогті қолданады. Әрине кейіпкердің іс - єрекетімен сөйлер сөзінде тамырластық болу шарт. Әдебиет зерттеушісі М.Базарбаев: «Тіл көркемдігінің бір байқалар тұсы диалог пен монолог құруда. Мұнда шеберлік керек – ақ. Өйткені диалог адам мінездерін ашуға бірден – бір қолайлы форма» /3,53/,- деп атап өтеді. Жалпы кейіпкердің сөзі өмірдегі ауызекі тілге мейлінше жақын болып келеді. Әрине, көркем диалог пен ауызекі әңгімелесу тілі толық сай келуі мүмкінде емес. Сөзі өмірдегі ауызекі тілге мейлінше жақын болып келеді. Әрине, көркем диалог пен ауызекі әңгімелесу тілі толық сай келуі мүмкінде емес. Бұл орайда орыс ғалымы Р.Будагов көркем диалогтың ауызекі тілден төрт түрлі айырмашылығы бар екенін көрсетеді.
1.Көркем диалог белгілі бір дєрежеде созылыңқы болып келеді, өмірдегі диалог үшін бұл міндетті емес.
2.Автор көркем диалогты алдын – ала ойластырып алады, табиғи диалогта сөйлеуші оны ойластырып жатпайды.
3.Көркем диалог – оқиғаны дамытып, оның алға жылжуына қызмет етеді, оның барлық элементтері өзара тығыз байланысты, бұл да өмірдегі диалог үшін міндетті емес.
4. Көркем текстегі диалог уақыттың, ырғақ пен қарқынның ережелеріне бағынады. Бұларсыз көркем мәтін болмайды.
Кейіпкер сөзінің тағы бір ерекшелігі туралы Л.Тимофеев: «Кейіпкерлердің өз мінездерінің ерекшеліктеріне жауап беретін, оның мәдени өресін, психологиялық қырларын, жан – дүниесінің жағдайын білдіретін өзіне ғана тірі адам тәрізді әсер етпек» /4,31/ - дейді. Демек, диалогтан кейіпкер ерекшелігі моральдық – этикалық қасиеті, мінез – құлқы, танымы, рухани дүниесі, психикасы, бір сөзбен айтқанда өзіндік болмысы, характері көрінеді. Түйіндеп айтқанда - шығармадағы шешуші сәттің бірі диалог құру. Диалог арқылы да кейіпкер психологиясын көрсете алады.
Әдебиеттегі психологизм дегеніміз – кейіпкердің ойы мен іс-әрекетінің кереғарлығы, сана қақтығысынан тұратын ерекше көркемдік жүйе. “Алайда осы жерде ескерер бір жәйт - әдеби психологизмде автор мен кейіпкердің ой-толғаныстары мен ой ағымдары, сана қақтығыстары қайшылыққа толы болса да жүйеліліктің сақталатындығы, ал модернистік бағыттағы жазушылар пір тұтатын « сана тасқынында» жүйеліліктің ауылы алыс екендігі” /5,74/.
Біз бұл жұмысымызда қазіргі кездегі прозадағы лиризмнің, психологизмнің көріністерін нақтырақ айтқанда – монолог, диалог, түс көру, заттық әлем тұрғысынан талдап қарастыруды мақсат еттік.
Қазіргі қазақ прозасының өкілдерінің нақты бір бағыт ұстанып, мектепке бірікпеуінің тарихи астарлы себептері де бар. ХХ ғасырдың соңы – қандай да бір қоғамдық құрылымдар жойылып, ортақ идеялардан бас тарту заманы болды. Бірнеше адамның бір идеяны ұстануы сирек кездесетін құбылысқа айналды. Әр жазушы аласапыран дүниеден шындықты өзі ғана іздейді, әрі соны жалғыз ақиқат деп дәлелдеуге тырысады. Жазушылар әр қайсысы өз субьективті пікірін ұстанады, өз дүниетанымын өзгелерге танытуға ұмтылады. Сонымен қатар, әлемдік сананың өзгеруі жаңа дүниетанымға негіз болды., жаңа кейіпкер типін жасауға, сол кейіпкер бойына көбіне өз субьективті қабылдаулары мен түсініктерін дарытуға әкеп соқты.
Көркемдік дәстүрге жаңа көзқарас пайда болды. Бұрынырақта айтылған шығармаларға, сол шығармалардағы әлем модуліне, кейіпкер типіне жөнді-жөнсіз сын пікірлер айтыла бастады. Алдыңғы буын әдебиетін мойындамайтын жас толқын мен өзінен кейінгілерді түсінбейтін ағалар, бір-бірін ұқпайтын тұстастар – қазіргі әдеби процесті осылай деп сипаттауға болады.
Дегенмен де, қазіргі қазақ прозасында көркемдік ізденістер жоқ емес. Бүгінгі таңда бұрынғы барлық әдістердің танымдыќ тұрғылары бірге көрінуде. Көркемдік танымның жалпы предметі болып табылатын субьект пен обьект қарым – қатынасы әр дєуірде әр түрлі болған. Орта ғасырлық діни өнері негізгі таным обьектісі етіп адам мен құдай арасындағы, Ќайта өркендеу дәуірі өнері – адам мен табиғат арасындағы, 20 – ғасырдағы сыншыл реализм ең алдымен тұлға мен қоғам арасындағы қарым – қатынасты алып отырса, романтиктер танымдық ізденістерін рухани – ұждандық қатынас аясына, ал натуралистер адам санасы мен єрекетініњ биологиялық алғышарттары саласына бағыттап отырған.
Модернизмде екі басты танымдық бағытта ажыратуға болады: оның бірі өнердің кейде қалыпты, кейде патологиялық типтегі индивидуальды психология микрокосымына сараптай отырып енуінен көрінеді (мысалы, психоаналитикалық романында), ал екіншісі макрокосондық масштабтағы жалпы заңдылықтарды ұғынуға ұмтылады. Көркемдік таным мен шығармашылық әдіс арасындағы байланыстың бір саласы осындай.
Осы танымдығы бағыттар қазіргі қазақ прозасында көркем синтезбен көрінеді. Ал ең басты қатынас – адамның өз - өзімен, ішкі «менімен» қатынасы. Қазіргі кейіпкер типтері – бәрімен келісе бермейтін, бәрін қабылдай алмайтын адам және ештеңемен, тіпті өз - өзімен де келісімге келе алмайтын адам.
Қазіргі кейіпкер қоршаған әлемге салғырт қарай алмайды, ол бәрін де өз бойынан өткізеді. Сыртқы дүниеде болып жатқан өзгерістер кейіпкер санасына керемет әсер етеді, әрбір құбылысқа кейіпкер санасы сезімдік импульстармен жауап береді. Т.Нұрмағамбетов, С.Елубаев, М. Байғұтов, А.Асқар, Р.Мұқанова, Д.Амантай, А.Кемелбаева, Т.Ахметжан, Қ.Түменбай, Қ.Жиенбай, Ж.Қорғасбек, Ә.Асқар, К.Құдабаева, т.б. шығармашылығындағы қазіргі қазақ прозасы осы арнада дамып келеді. Бұл жазушылар үшін ең бастысы – ой қозғалысы, психологиялық күйлер ауысуымен біздің замандасымыз алдында тұрған ең маңызды мәселелерді ашып, анықтау.
«Қазіргі қазақ прозасын саралау ол өз бейнелілігінің түптамырына барып қана қоймай, кері байланыс та болуы мүмкін екенін мойындауға мүмкіндік береді: көркем түсініктерді жања бояулармен жаңартып, кең көлемді метафоралар қалыптастырып, қазіргі прозаның бейнелік қорын ғана емес, оның потенцалды жанрлық – стильдік арсеналында кеңейте отырып, бейнеліліктің бастапқы архетиптері актуальданады» /6,23/.
І ТАРАУ
Лиризм және психологизм
Жазушы ізденістері, жаңашыл мазмұнды форма көркем әдебиеттің өміршеңдігіне қажетті басты шарт болғандықтан, әрбір кезеңдегі тұтас әдеби ағым немесе жекелеген қаламгерлер стиліндегі соны қасиеттер әдебиет сыны мен ғылымын бірдей қатр толғандырмақ. Әдеби процестегі сан алуан тың сипаттар мен тенденцияларды алдымен аңғарушы сынның өзін-өзі қайталай беретін тұстары, бастаған ісін аяқсыз қалдыратының да таңқаларлық емес. Алайда ол бекерге сөз бастамасы және айтқанын кездейсоқ доғара салғаны емес. Бұл өзгерістердің барлығына дирижерлық еететін таяқша - әдебиетте.
Елуінші жылдардың соңы мен жетпісінші жылдардың бірінші жартысына дейін көп әңгімеге тиек болғанмен, қазірде уақытша болса да ұмытылған тәрізді тақырыптың бірі – прозадағы лиризм. Кеңес әдебиетінде Ольга Бергольцтің “Күндізгі жұлдыздар”, Владимир Солоухиннің “Владимир соқпақтары” атты кітаптарына байланысты туып, тез өрбіп, стильдік ағым, яки жанрға негіз салған күрделі құбылыстың бұрынғыдай қызу таласқа бұйда беормеуінде табиғи заңдылық бар. Өйткені, біз бүгінгі прозадан лиризм құбылыстарын жиі кездестіргенмен, аталған дәуірдегі “лирикалық прозаны” мезгіл архивіне сақтай тұруға қойдық.
Көркем шығарманың белгілі бір әдісте жазылуы дүниетаным мен стильдік факторлардың тығыз байланысымен анықталса, оған хас лиризм өрнектері ең алдымен, стильдік, жанрлық және қаламгерлік мақсаттар тәрізді неғұрлым ішкі себептермен тамырлас. Әрине, бұл компоненттің кең мағынада алғанда, объективті болмысы да сақталар еді. Асылы лирика өнер иесінің қоғамдық және интимдік шындықтарға өз көзқарасын ашық білдіруді, эпикалық тәсілге тән пластикалық бейнелеу құдіретінен басқаша, психологиялық суреттеу амалдарынан өрбиді. Алайда, психологизм мен лиризм өзара туыс, етене жақын құбылыстар болғанымен, біріншісінде мейлінше терең аналитикалық рух басты атрибутқа айналуы арқылы оны негізгі желі етіп алатын жазушы назарының әралуандығы, шығарманың баяндаушылық образдық жүйесіндегі қамту ауқымждылығы нәтижесінде соңғысынан (лиризмнен) молырақ ұғым туғызады. Бұдан кейінгі көркемдік-эстетикалық принциптің ішкі мүмкіндігі аз деген теріс пікір тумаса керек. Кейде автор үшін көркемдік-философиялық талдау сфераларының шекутеулілігі қажетті шарт болып, өмір шындығын лирикалық планда жеткізу амалы жаңашыл дәстүрге айналары рас. Мәселен, зерттеуші Б.А.Ахундов: “ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы шұғыл әлеуметтік қадамдар шындықтың тек эпикалық кең картинасын ғана емес, өзгермелі дәуірдің эмоционалдық атмосферасын бере алатын лирикалық баяндауларды да қажетсінеді. Лирикалық романда идеялық салмақ ”эпикалық“ емес, лирикалық бөлімге, яғни, кейіпкер істері мен әрекеттерін сипаттауға емес, оның толғаныс, әсерлену, сыр ашу сәттеріне түседі”“, - деп жазады. А.П.Чеховтың лирикалық проза мүмкіндіктерін танытушы ұлы қаламгерлердің бірі ретінде әдетте бірауыздан мақұлданатын қатал реалистік өнерінің тұла бойына лиризм шуағын жарасымды жинақтай білгені – басы ашық тартымды факт.
Нағыз реалистік лиризм орыс әдебиетінде И.С.Тургенев, Н. Короленко, И.А.Бунин сияқты саңлақтар шығармашылығында өзгеше стильдік бедер танытқаны мәлім. К.Паустовский табиғат және адам сұлулығын ерекше нәзіктікпен мөлдірете суреттеуде романтикалық лиризм оңтайлығын дәлелдеді. Осынау жемісті бағдар айшықтарын М.Әуезов, С.Сейфуллин, Ғ.Мүсірепов, Т.Ахтанов, Ә.Нұршайықов, Т.Әлімқұлов, Ә.Әлімжанов тәрізді қазақ қаламгерлері де орнымен пайдалана білгені аян. Барлық көркемдік-эстетикалық көріністерінде де лиризм психологизмнің, психологизм лиризмнің ажырамас өрімі ретінде стиль түзушілік қызмет атқарысты. Анығына барғанда, лиризм жазушы субъектісімен тамырлас та, психологизм сан алуан антипод қаһармандар танымы, жан әлемі танылатын объективті ақиқаттарға баяндаушылық аялармен жол салады.
Қаламгердің шын жан сыры халық жүрегінен орын табуы үшін ол әңгіме, көңіл-күйдің, ой-арманның гуманистік, интернационалдық сипаттары болмыс болары хақ. Себебі, лиризм “оқушының интеллектуалды-эмоционалдық сергектігіне сенімнен” (Е.Горбунова) қуат алады. Сондықтан да, ғалымдар лирикалық прозадағы басты шеберлік кілті суреткердің дара өмірбаяны мен уақыттың күрделі тарихи-қоғамдық, рухани құбылыстары терең байланыстырылып, өмір шындығының қызғылықты бейнеленуінде деп ұғады.
Орыс әдебиетіндегі лиризмнің кең өрістеу кезеңі елуінші жылдардың екінші жартысынан күні бүгінге дейін алуан таластарға өзек болып келе жатқан, шартты түрде “деревнялық проза” аталатын ағыммен тұспа-тұс шықты. Айтылмыш атаумен М.Слуцкис, Ю.Бондарев, Ю.Казаков, Ф.Абрамов, Е.Дорош, В.Бубнис сияқты ірі қаламгерлердің есімімен байланыстырылды. Оның заңдылығы көп жағдайда жазушының ішкі сезім толғаныстары туған жер, өскен орта тіршілігімен бетпе-бет ұшырасу сәттерінде қанат жаюында жатса керек.
Бұл ыңғаймен келгенде, негізінен ауыл тұрмысы, бір кездегі балалық шағы мен артта қалған аяулы мекен жайлы жан-жақты көңіл-күй әуендерін толғайтын қазақ прозаиктерінің де қалыс қалар реті жоқ еді. Жоғарыдағы дәуірде жарияланған туындылардың көбінде жалпыодақтық әдебиеттегі бағдарға сай адамгершілік, ар-ождан мәселелері дайым көне салт, дәстүрге мән бюермей, өмірдегі жаңаға оның шын парқын айырмай, ес-түссіз құмартатындығы үшін сыналуға лайық қала мен ата-бабалар, халықтың асыл мирасын, әдебін әлі де шын жүректен әлпештейтін ел адамдарының ара-қатынасы, көзқарастар шарпысуы арқылы пайымдалды. Бір себептен лиризмның мазмұндық-идеялық төркіні осынау сағыныштан, аңсау, адалдық тазалық, жақсы мұраттарды алыс естеліекьтерден іздеп, өткенді бағалау сарындарымен тамырлас шыққан сияқты.
Қаламгерлердің шартарап ізденістері лирикалық прозаның композициясына өзгерістер енгізуге итермеледі және ол қадамдар ежелні озық әдеби үрдістерді өнерпаздықпен пайдалана білуге жетеледі. Мысалы, Прибалтика әдебиетінде шағын новеллалар құрылымына “ассоциативтік пен метафоралық” (А.Бучис) сипаттар дендеп енді.
Мұндай құбылыс қазақ әдебиетінде де мол байқалады. Фольклорлық сарындар, тарих пен бүгінгі таң оқиғаларын салыстыра бейнелеу, көне аңыз, әңгімиелерде түйінделген өмір ақиқаттарына қазіргі шындықтан үндестік іздеу арқылы психологиялық танымдыққа қол арту – прозаның барлық жанрларында бел алған стильдік тенденция. Ал, әсіресе, жетпісінші жылдары С.Мұратбеков туындылары, Ә.Кекілбаевтың “Бір шөкім бұлт”, Т.Жармағамбетолвтың “Нәзік бұлттар”, Н.Ғабдуллиннің “Өмір, қымбатсың маған”, Ә.Сараевтың “Қараша өткен соң”, “Тырналар жоғары ұшқан жыл”, Қ.Ысқақовтың “Қоңыр күз еді”, “Ананың ақ сүті”, О.Бөкейдің “Сарыарқаның жаңбыры”, “Іңкәр”, Б.Соқпақбаевтың “Өлгендер қайтып келмейді”, Т.Әбдіковтың “Күзгі жапырақтар”, “Оралу”, Т.Ахтановттың “Махаббат мұңы” атты туындылары осы адам жан сырын ізгі мұраттар жолындағы өрлеу сұлулығымен суреттейтін нәзік күйлі арнаның өрістей түскенін айғақтайды /7.175/.
Ал қазіргі қазақ прозасында жемісті еңбек етіп жүрген, бүгінгі біздің бітіру жұмысымыздың негізгі өзегі болып отырған қаламгерлер - Тынымбай нұрмағамбетов, Талаптан Ахметжан, Қуандық Түменбай, Асқар Алтай шығармашылығында да лиризм элементтері байқалады.
Қазақ әдебиеті қалыптасқан, өзінің дәстүрі, шыққан биігі бар жанр. Қазақ прозасындағы әңгіме жанрының өзі бүгінде сан жағынан да, сапа жағынан да кемелдене, толыса түсті. Қоғамдағы жаңалықтарды жіті бақылап, оларды көркемдік кестесіне түсіре бастады. Алайда өмір тереңіне, қайшылықтарына бойлау, олардың ерекшеліктерін дәл басып бейнелеу оңайға соққан жоқ. Өйткені көркем шығарма, оның ішінде әңгіме жанры да өмір шындығын қалай болса солай, талғамсыз тізбектей бермейді, қоғамдық - әлеуметтік орта шындығына сай, жинақтап характер арқылы сомдайды. Характер жоқ жерде тарихи орта, әлеуметтік жағдай шындығы көрінбейді.
Әңгіме жайында әңгімеге көшсек “Әңгіме––оқиғасы баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағын көркем шыѓарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны баяндау тєсілі, композициялық, сюжеттік құрылымы, кейіпкер жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіме әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оќиғаға айтылады (8,89). Сондықтан Тургеневтің, А.Толстойдың, Чеховтың, Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтың әңгімелері классикалық үлгілер болып табылады.
Әңгіме жазу оңай емес. Әңгіме жазудың екі түрлі ерекшілігі бар. Біріншіден, қысқа жазылу керек, екіншіден, шебер жазылуы қажет. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
“Ол––бес жүз беттік роман емес: көлемі бес-ақ бет болуы мүмкін. Оны оқып шығу үшін бір жеті керек емес, бір-ақ сағат жетуі мүмкін. Жұмыстан бос, демалыс сағаттарыңызда қолыңызға алып, қызыға оқып, қызғана қадалып, көз ала алмай, толқына тебіреніп отыру қандай рақат!” (9,72)....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Қазіргі қазақ повесть-әңгімелеріндегі лиризм курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар казак адебиет жобалар курстық жұмыстар