Қазақ әдебиеті | Бердібек Соқпақбаев шығармаларының аударылуы
Мазмұны
КІРІСПЕ
І-БӨЛІМ
Б.Соқпақбаев шығармаларының идеялық-көркемдік
ерекшеліктері.............................................................
П-БӨЛІМ
Жазушы шығармаларының орысша тәржімасы..
ҚОРЫТЫНДЫ .........
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.... ..... .
І. Жұмыстың тақырыбы: Б.Соқпақбаев шығармаларының аударылуы
2. Жұмыстың көлемі : 46 бет
3. Зерттеу жұмысының мақсаты. Б.Соқпақбаев шығармаларының жалпы әдеби процестегі алатын орнына, қаламгердің идеялық-эстетикалық ізденістеріне, прозалық шығармаларының көркемдігіне, сыр-сипатына тоқталу. Б.Соқпақбаев шығармаларын орыс тіліндегі жарық көрген аудармасымен салыстыра отырып, аудармашылардың осы шығармаларды тәржімалаудағы ерекшеліктерін, қолданған әдіс-тәсілдерін көрсету. Баламалар мен сәйкессіздіктерді анықтай отырып, аудармашы шеберлігін айқындау.
4. Қолданылған әдістер. Б.Соқпақбаев шығармаларының аударылуын зерттеуде жүйелі-комплексті, тарихи-хронологиялық, ғылыми салыстырмалы типологиялық, текстологиялық әдіс-тәсілдерді басшылыққа аламыз.
5. Жұмыстың құрылымы.
Жүмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады.
Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
6. Тірек сөздер: балама аударма, ырғақ, шынайылық, аудармашы шығармашылығы, түпнұсқа, тұрақты тіркестер, ұлттық реалийлер
КІРІСПЕ
Қазақ елі сан-салалы өзгерістер дәуірінде тіршілік кешкен тұста шетел халықтары әдебиетінің үлгілерін қазақшаға тәржімалау және қазақшадан өзге тілдерге аудару ісін орыс тілін араға салмай-ақ жүзеге асыру өмірге еніп отыр. Бұған қарап ғылым мен әдебиеттегі, жалпы мәдениеттегі орыс елі мен қазақ елі, орыс тілі мен қазақ тілі, осы екі елдің әдебиеттері арасындағы байланыс деңгейі төмендеген екен деп ойлауға болмайды. Керісінше, бұл байланыстарды нығайта түсуді уақыт, заман талап етуде. Сан алуан мәдениет кеңістігі қалыптасқан, көп ұлтты Қазақстан жағдайында бұл байланыстардың маңызы күн санап арта түспек. Осы орайда көркем аударма мәселесі көкейтесті мәселелердің бірі ретінде көрінуде.
Біздің Қазақстанда аударманың тәжірибесі мен теориясы жайлы сөз әдетте орыс тілінен қазақ тіліне аударылу жөнінде болатын. Ал қазақ тілінен орыс тіліне аударудың мәселелері мүлде дерлік ескерілмей келді. Бұл саладағы тәжірибе теориядан әлдеқайда озып кеткен. Орыс тіліне аударылу қазіргі қазақ әдебиеті үшін ең мәнді, өміршең маңызы бар мәселе. Ал оның таңдаулы үлгілерінің жемісі бүкіләлемдік аренаға шығу жолындағы бірден-бір қақпа болып отыр.
Негізінен отызыншы жылдарда С.Мұқановтың "Мөлдір махаббат", "Азамат Азаматыч" романдарынан, кейбір жекелеген әңгімелер мен повестерден басталған аудару ісі, 1940-1950 жылдарда ерекше қарқынмен дамыды. Міне, дәл осы кезде М.Әуезовтің "Абай жолы", С.Мұқановтың " Ботагөзі", "Сырдариясы" мен "Өмір мектебінің" екі кітабы, Ғ.Мүсіреповтің "Қазақ солдаты" мен "Оянған өлкесі", Ғ.Мұстафиннің "Қарағандысы" мен "Шығанағы" сияқты қазақ әдебиетінің ең таңдаулы үлгілерінен саналатын туындылар орыс тіліне аударылып, жұртшылыққа кеңінен танымал болды. әсіресе қазақ әдебиеті мен өнерінің 1958 жылғы мәскеуде өткен онкүндігі қарсаңында көп іс тындырылды. Бұл кезде қазақ прозасының елеулі деген туындылары түгелге жуық аударылды. Бұлардың ішінде қазақ оқырмандарымен қайта табысқан с.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтің прозалық шығармалары да бар еді. Бұдан кейін біраз бәсеңдеген аударма ісі 1966-1969 жылдары қайта жанданды. Осы жылдары З.Шашкиннің, Х.Есенжановтың, Ә.Нұрпейісовтің, С.Шаймерденовтың, Ш.Мұртазаның т.б көрнекті жазушылардың шығармалары аударылды.
Ұлт тіліндегі туындыларды орыс тіліне аудару – өте маңызды, әрі өте қиын міндеттердің бірі. Қазақ тілінен орыс тіліне аудару кезінде аудармашылар екі тілді бірдей жақсы білетін әдеби сауатты адамдар болуы керек. Автордың өздері де әдеби аударманың жасалу процесіне араласып отыру керек. Әр автор өзінің аударылып жатқан шығармасының көркемдік, стильдік ерекшеліктерінің толық сақталуына бас-көз болған жөн.
Бар тетік осы әдеби аудармашы еңбегінің сапасына байланысты екені көпке мәлім. Мұндай аса қиын, таза шығармашылық жұмыс тек көркемсөз шеберлерінің ғана қолынан келетіні белгілі. Неге десеңіз, тәржімаланып отырған шығарманың барлық қалтарыстары мен құпиясына, ой жүйесіне, көркемдік ерекшеліктеріне тек суреткер –аудармашы ғана тереңірек бойлай алмақ. Міне, бұл ретте біз қазақ әдебиеті үлгілерін аударып келген Мәскеулік орыс жазушылары Л.Соболев, В.Шкловский, Ю.Казаков, Ю.Домбровский, А.Пантилеев т.б. аттарын сүйінішпен атай аламыз. Бізідің үздік шығармаларымыз осы аудармашылардың арқасында бүкіл жұртшылыққа кеңінен танымал болды. Сонымен қатар өздерінің қазақ қаламдастарының шығармаларын аудару саласында көп іс тындырып жүрген республикамыздағы орыс жазушылары Н.Анов, И.Шухов, А.Ананьев, В.Новиков, И.Щеголихин, В.Саввин, М.Роговой еңбектерін ескерусіз тастап кете алмаймыз.
Бір шығарманы қайта жаңартып жазып шығу деген өте ерекше жұмыс. Онда бір ғана қазақшадағы ұлттық колорит сақталып қоймайды, сонымен бірге сол қазақ прозасының шеберіне тән стильдік ерекшелігі де толық сақталуы тиіс. Мұндай негізгі стильдік ерекшеліктер деп, мәселен С.Сейфуллиннің публицистикалық, Б.Майлиннің стиліндегі детальдар шындығы, М.Әуезов шығармаларындағы кездесетін картинаның ауқымды тереңдігі мен образдылығы, С.Мұқановтың оқиғаны кең көлемде қамтитын шебер әңгімешілдігі, Ғ.Мүсіреповтің юморлы туындылары және З.Шашкин, Т.Әлімқұлов, Ә.Нұршайықов, С.Шаймерденов, Қ.Ысқақов, С.Мұратбеков тобындағы прозаиктерде кездесетін лиризм мен психологиялық толғаныстар сияқты стильдік ерекшелікті атар едік.
М.Әуезов бір кезде: "Аудармашы шығарманы аудармас бұрын оның фабулалық дамуын ғана терең түсініп, сезініп қоймай, ол автордың өзіндік стиль-ерекшелігін, қолтаңбасын ажқсы тани білуі тиіс...". Сондықтан аудармашы белгілі бір жазушының шығармаларын аударғанда өз көңіліне ұнаған туындыларды ғана аударса ұтымды болар еді. Аударма ісінде бұл көркем туындының рухын, стилін, жазу мәнерін, жете ұғу жолындағы ең тиімді, ең сыналған әдіс болып шығар еді.
Аударма сапасын арттыру – көп еңбек етуді, көптеген қиыншылықтарды бастан кешіруді талап етеді.
Көркем аударма дегеніміз – өзінше өнер, шығармашылық. Көркем аударма ісінің қазіргі кезеңінде "география" кеңейтумен қатар, бұрын аударылған классикалық туындылардың сапасына сын көзбен қарап, әлі де шыңдай түсу бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуға тиіс деп ойлаймыз.
Осы орайда көрнекті жазушы Б.Соқпақбаев шығармаларының аударылу сапасы да сын тезіне түсуі қажет деп есептейміз. Жазушы шығармаларының әдеби процестегі орны, көркемдік ерекшеліктері әдебиеттану ғылымында айтылып жүрген мәселе болғанмен, аударылу мәселелері зерттеле қойған жоқ. Сондықтан да біз бітіру жұмысымыздың тақырыбын "Б.Соқпақбаев шығармаларының аударылуы" деп атадық.
І ТАРАУ
Б.СОҚПАҚБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ-КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.
Б.Соқпақбаев – ұлттық әдебиетімізге соғыстан кейінгі жылдары келіп қосылған, өзіндік келбеті мен дара болмысы бар талантты жазушыларымызды бірі. Бұл уақыт қазақ прозасының ерекше жемісті, өнімді тұстарының бірі болғандығы көп айтылып жүр. Нақ осы кезеңде қазақ көркемсөзінің биігіне көтерілген Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, С.Шаймерденов, Б.Соқпақбаев, З.Қабдолов, Н.Ғабдуллин т.б. бір топ қарымды қаламгерлер ұлттық прозаға жаңа тақырыптар мен идеялар, мінездер ғана алып келген жоқ, сонымен қатар оның поэтикалық өрісін кеңейтті.
Б.Соқпақбаев әдебиетке әуел баста ақын ретінде келді. Жазушының тұңғыш өлеңдер жинағы 1950 жылы “Бұлақ” деген атпен жарық көрді. Жинақтағы тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін өлең-тақпақтарда орнымен ойнақы қозғалған тақырып, ой, өнегелік сөз бала ұғымына қона кетеді. Тілінің жеңілдігі мен әуенділігі, оқиғаларының өмірден алынып, аса ықшам болып келуі балаларды қызықтырады. Кезінде балғын оқырмандардың ықыласына бөленген, бірақ ұстаздық тағылымы жете бағаланбаған бұл жинақтың қазақ балалар әдебиетінде өз орны бар екені даусыз.
Шығармашылық жолын өлең жазудан бастағанмен қаламгердің суреткерлік қарымы прозада танылды. Б.Соқпақбаев шеберлік мектебі саналатын әңгіме жанрында едәуір еңбектенді. Жазушының әңгімелері нәрлі идеясымен де, көркемдік құнарлығымен де назар аударады. Қаламгердің көптеген әңгімелері қарапайым оқиғалардан да көңіл аударарлық келелі ой айта алатындығымен және оны айқын жасалған адам образы арқылы ұғымға жеңіл, түсінікті етіп жеткізетіндігімен ерекшеленеді. Б.Соқпақбаевтың аталмыш жанрда да өзіндік бір тың авторлық тұрғы ұстанғаны, басқалар жүріп өткен жолды тағы да қайта шиырлағысы келмегендігі туралы А.Нұрқатов, С.Қирабаев және тағы басқа да көрнекті ғалымдар құнды пікірлер айтады.
Көрнекті орыс жазушысы Чехов қысқа жазудың, көлемі шағын әңгімелер жазудың қиындығын сөз ете келіп, көлемі шағын әңгімелер арқылы ұмытылмастай адам бейнесін жасау үшін жазушыға үлкен шеберліктің қажеттігін айтқан. Б.Соқпақбаевтың аталған жанр үлгісіндегі шығармаларына зер салғанда жазушы шеберлігі өзінше оқшауланатынын байқаймыз. Бұл мәселе арнайы зерттеуді қажет етеді.
Тұтастай айтсақ, Б.Соқпақбаев қаламынан қазақ әдебиетіне аз мұра қалған жоқ. Әсіресе, қаламгердің суреткерлік қолтаңбасын айқындаған, жазушылық талабы мен талғамын танытқан озық туындылары – "Жекпе-жек", "Мені” атым Қожа", “Балалық шаққа саяхат", "Қайдасың, Гауһар?" повестері мен "Өлгендер қайтып келмейді" романы. Аталмыш туындылардың көркемдік-эстетикалық деңгейлері туралы орнықты пікір қалыптаса қойған жоқ. Сондықтан да Б.Соқпақбаевтың бұл туындылары қазіргі тұста әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанасына, талдау өзегіне айналуы өте қажет.
Жазушы шығармаларының құндылығы ондағы көркем образдар галереясының сапасымен айқындалатыны аз айтылып жүрген жоқ. Б.Соқпақбаевтың повестері мен аталмыш романы арқылы әдебиетімізге келген сотқарлау, қушыкештеу, бірақ жаны таза Қожа, сүйкімді Жанар, табанды Мұрат, өтірікші, жылпос Сұлтан, Садық, Аяжан, Нұрдәулет секілді қарасирақ балалар, Тоқмолда директор, Байғұлақ, Майқанова, Еркін, Нұрәлі сияқты қызықты геройлардың ұлттық әдеби бейне мен мінезді дамытуға сіңірген әсер-ықпалын жүйелі зерттеу көп мәселенің басын ашатыны сөзсіз.
Б.Соқпақбаев шығармаларының тақырыптық көкжиегі, суреттеу аймағы зор, көлемі кең. Жазушы прозасының тұтас тұлғасын ұстап тұрған бірнеше үлкен тақырып бар. Олар: 1/ Балалар өмірі; 2/ Ұлы Отан соғысы тұсындағы тылдағы елдің тыныс-тіршілігі; 3/ Спорт; 4/ Махаббат пен достық т.б. Жазушы бұл тақырыптардың қайсысын алса да жеріне жеткізе шыншылдықпен суреттей білді. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер өмірі жазушы шығармаларының негізгі өзегі десе де болғандай. Сондықтан да жазушының қай шығармасын алсақ та олардың негізгі кейіпкерлері жеткіншектер болып келеді. Сонымен қатар жазушы шығармалары ересектерге де ұнамды, әсерлі. Ал "балаларға арналған әдебиет сол балалармен қатар үлкендер оқитын дәрежеге жеткенде ғана қызықты, құнды әдебиет болса керек. Аркадий Гайдардың, Самуил Маршактың шығармалары осыны аңғартады", – деген Ғ.Мұстафин пікірінің бір дәлелі осы Б.Соқпақбаев шығармалары болса керек (1,126).
Балаларға тәрбие берудің негізгі бір саласы – дене тәрбиесі, яғни физкультура мен спорт. Ол жас ұрпақты ұйымшылдық, тәртіптілік, табандылық, төзімділік тәрізді ізгі қасиеттерге баулып, дене құрылысымен бірге рухани байлығын өсіреді. Жас буынға спортты насихаттауда көркем әдебиеттің орны ерекше. Әдебиеттің осындай тәрбиелік маңызын ескеруден барып туындаған жазушының тырнақалды туындысы "16 жасар чемпион" повесі 1951 жылы жарық көрді. Ерінбей еңбектенген адамның әрқашанда көздеген мақсатына жететінін, арманына жету үшін қиындыққа бүгілмеу керектігін автор Мұрат бейнесі арқылы көрсетеді.
Повестің ең бірінші атап айтуға тұрарлық ерекшелігі – оның тақырыбының қазақ әдебиетінде мүлдем тың, жаңа болуында. Елуінші жылдарға дейін әдебиетімізде спорт тақырыбы жеткілікті түрде сөз болмағандығын ескерсек, жазушының спорт өнері тақырыбына алғашқылардың бірі болып қалам тартып, көлемді шығарма жазуы айрықша атап өтуді қажет етеді. Б.Соқпақбаевтың аталмыш туындысына дейін сол тұстағы спорт тақырыбына жазылған көлемді шығармаға Қ.Әбдіқадыровтың "Қажымұқан" повесін ғана жатқыза аламыз.
"16 жасар чемпион" 1957 жылы "Чемпион" болып, 1962 жылы тағы да өңделіп "Жекпе-жек" деген атпен жарық көрді. Шығарманың 1951 жылғы нұсқасының сыртқы құрылымына назар аударсақ, туынды "Аурушаң бала", "Түсінбеймін", "Тұңғыш табыс", "Керісу, келісу" т.б сияқты тақырыпшалары бар 14 тараудан тұрады. Кейінгі нұсқаларында тақырыпшалар алынып, повесть қысқа-қысқа 55 бөлімге бөлінген.
Сөйтіп, балалар әдебиетінде елуінші жылдарға дейін көріне қоймаған жаңа сипаттағы оқушы немесе спортшы бала образы Б.Соқпақбаевтың күрделі тартысқа құрылған “Жекпе-жек” туындысында бейнеленді. Жас адамның мінез қалыптастыру процесін, азаматтық жетілу жолын көрсетуге арналған бұл повесте ауыл баласы Мұрат Батырбаевтың жалықпай, қажымай, талмай, табандылықпен жаттығуының нәтижесінде бокстан әлем чемпионы атағын алуы айтылады. Повесть кейіпкері түрлі жағдайлар, қайшылықтар, күрестер үстінде толысып сомдалады.
Сондай-ақ, шығармадағы физкультура пәнінің мұғалімі, спортшы, көпшілік мүддесі үшін жан сала қызмет ететін, ізденгіш жастарды әр нәрсеге еліктіргіш Николай Трофимовичтің және педагогика мен спорт дегеннің иісі мұрындарына бармайтын “Қызыл шекарашы” мектебінің директоры Тоқмолданың, ефрейтор Байғұлақтың бейнелері қаламгердің суреткерлік дарынын, өмір ақиқатын дәл, нақты көрсету шеберлігін байқатады.
“Суреткер өз шығармасында не жайлы, қандай өмір шындығы жайлы ой толғағанда да, басты шындықты адам образы арқылы ғана ашып береді” (2,156) дейтін болсақ, шығармадағы Тоқмолда образы дәуір шындығынан хабар береді. Соғыстан кейінгі жылдардағы мектептердің мұғалім кадрлары шынында да ойдағыдай емес еді. Педагогикалық білімі мен тәжірибесі мол мұғалімдердің барлығы майданға аттанып, олардың орнын осындай дүмшелер басқаны ақиқат...

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс "Б.Соқпақбаев шығармаларының аударылуы" курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар қазақ әдебиеті жобалар курстық жұмыстар