Психология | Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу

 Психология | Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу

Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................3
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері
1.1. Қабілет туралы ұғым...............................................................................9
1.2. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық даму ерекшеліктері.20
1.3. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту...................................36
ІІ тарау. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуын экспериментальды зерттеу.
2.1. Экспериментальды зерттеудің мақсаты, міндеттері, әдістемесі...........45
2.2. Экспериментальдық зерттеудің нәтижесін талдау.................................56
Қорытынды......................................................................................................68
Әдебиет тізімі....................................................................................................70

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген (18).
Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермейміз.
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің творчестволық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және творчестволық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.
Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні – оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.
Балаларға әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (творчестволық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір тарауы шығармашылық қабілет мәселесі аса маңызды сұрақтардың бірі.
Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуында да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
Біз зерттеу жұмысымызда бастауыш мектеп кезеңін алып отырған себебіміз, шығармашылықты жеке адам ретінде дамуына бұл кезеңнің мәні зор. Сондай-ақ қабілетті балалардың шығармашылық потенциялын дамытуда оқыту жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу, оқыту үрдісін біршама жаңаша ұйымдастыруды да негізге алу қажет.
Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы оқу барысын дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, сабақ үлгерімінің жақсы көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың айрықша, стандартты емес шешім қабылдауына, творчестволық белсенділігіне жағдай жасай бермейді.
Бастауыш мектеп оқушыларының қызығулары заттық әлеммен байланысты. Оларға тән жағдай үлкендерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу, үлкендерді үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін күшті дамыту құралы болып табылады. Соның негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы жағымды өзгерістер де жүзеге асырылады.
Қазақша оқитын бастауыш мектеп шәкірттерінің тұйықтық, жасқаншақтық қасиеттері, олардың бойындағы шығармашылық потенциалдарын үнемі жарыққа шығара бермейді. Олай болса, шығармашылық қабілеттің физиологиялық негізін сипаттауда әрбір бала белгілі бір нышанымен туылатындықтан, ал оның дамуы кейінгі дамытушылық жағдайларға байланыстылығын басшылаққа алу қажет болады.
Зерттеудің өзектілігі шығармашылық жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Зерттеу жұмысы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігінің дамуы – креативті дамумен интеллектуалды дамудың байланысты екендігін, шығармашылық таным негізінде жеке бастық даму сапаларымен, объектіге деген творчестволық танымды тұтастық жүйесінде мәнді қабілеттер мен қажеттіліктерді таратуға бағытталған творчестволық іс-әрекеттің негізінде қарастыруды өзіне мақсат етіп қойды.
Зерттеудің мақсаты. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы мен интеллектуалды дамуының өзара байланысын және творчестволық танымдағы негізгі жеке бастық құрылымдардың байланысын ашу. Соның негізінде шығармашылық қабілетті дасытудың психологиялық ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу объектісі. Бастауыш мектеп оқушыларының (7-8 жас) шығармашылық жеке адам ретінде даму процесі.
Зерттеу пәні. Оқыту процесінде бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетінің дамуы мен интеллектісінің даму динамикасы.
Зерттеудің негізгі жорамалы. Жеке адамның шығармашылықты потенциалды дамуының бір белгісі – креативтіліктің дамуы интеллектуалды дамуға тәуелді болады, әрі шығармашылық іс-әрекетке деген орнықты мотивация дамиды.
Негізгі жорамал жанама жорамалдармен нақтыланды:
- креативтілік – жеткілікті түрде жоғары дамыған интеллект негізінде дамиды, жеке адамның интеллектуалды және шығармашылық қабілеттері (креативтілігі) өзара байланысты;
- арнайы ұйымдастырылған оқу барысында объектіге деген шығармашылық таным сипаттамалары (синтездеуге деген бағдар тұтастық деңгейлері) неғұрлым жоғары болса, креативтілікте (шығармашылық қабілетте) соғұрлым жоғары болады.
Зерттеу мақсаты мен ұсынылған жорамалдарға сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:
- шығармашылық қабілет ұғымдарын теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттеу;
- бастауыш мектеп оқушыларының творчестволық мүмкіндіктерін дамытуға негіз болатын – «шығармашылық қабілетті» бала моделін жасау және шығармашылық жеке адамды тәрбиелеуші творчестволы ұстазды дамыту мақсатын көздеген оқу-практикалық жұмыстарын ұйымдастыру;
- қазақ мектептеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының интеллектуалды даму деңгейі мен творчестволық қабілетінің дамуын эксперименталды зерттеу;
- шығармашылық қабілеттің нәтижелі болу белгілерінің бірі жеке адамның объектіге деген шығармашылық таным сиапттамаларын эмпирикалық зерттеу;
- орыс тілдеріндегі шығармашылық және интеллектіні зерттеу тестерін қазақ бастауыш сынып оқушыларына арнайы арнып бейімдеу және нұсқау дайындау, оны қолданудың практикалық мүмкіншілігін бағалау. Соның көмегімен арнайы оқу жүйесін қалыптастырып, балалардың шығармашылық жеке адам ретінде дамуына ықпал ету.
Зерттеудің әдіснмалық және теориялық негізі. Шығармашылық қабілетті зерттеу мәселесіне Л.С.Выготскийдің, А.Н.Леонтьевтің, Б.М.Тепловтың іс-әрекеттік ықпал және адамды тұтастай жүйеде қарастыратын концепциялары, шығармашылық ойлаудың дамуы – оқушыларға дидактикалық ұйымдастырылған қарым-қатынаста белсенділікті тәрбиелеудің негізінде жүзеге асатындығы туралы Матюшкиннің концепциясы, творчество психологиясында жиі айтылып жүрген Л.Л.Гурова, Д.Б.Богоявленская тағы басқалардың жеке адамның когнитивті және жеке бастық аспектілерін арақатыстыру концепциялары, В.В.Давыдов, Н.А.Менчинскаяның проблемалық оқыту концепциясы, шығармасы – жеке адамның өздігінен дамуы дейтін гуманистік ықпалдары (К.Роджерс, А.Маслоу) негіз болды. Зерттеуге әдістемелік өзек болған еңбектер – Б.Г.Ананьев, В.С.Мерлин, П.Я.Пономарев, П.Торренс, Дж.Гильфорд, Дж.Рензулли, Э.Боно, Н.Н.Палагина, С.М.Жақыпов, Қ.Р.Рақымбеков, С.Қ.Бердібаева, М.О.Резванцева т.б. жұмыстары болды.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруге бір-бірін толықтырушы және бірін-бірі тексеруші әдістер қолданылды: шығармашылық қабілет мәселесі бойынша еліміздегі және шетелдердегі әдебиеттерге теориялық талдау әдісі, зерттеудің ұйымдастырушылық әдісі ретінде салыстырмалы әдіс, шығармашылық қабілет пен интеллектінің даму деңгейін бағалауға арналған анықтаушы әдістері: Равен (А формасындағы) Д.Векслер, П.Торренс әдістемелері, жеке адамның дайын базалық ұғымдарда зерттейтін «Идеалды әрекетті бейнелейтін сана ерекшеліктері» әдістемесі (Н.И.Непомнящая, 1992) шығармашылық қабілеттің дамуын бақылау, талдауға байланысты әдістер: психологиялық эксперимент, бақылау, әңгімелесу, анкета. Зерттеу нәтижелерін математикалық-статистикалық өңдеу әдістері: Стьюденттің Т-критериясы, Спирменнің корреляциялық рангілеу коэфициенті, Пирсонның корреляциялық коэффициенті.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеуден алынған нәтижелерді педагогикалық тәжірибеде қолдану шығармашылық жеке адамды қалыптастыру мүмкіндіктерінің тиімділігін жоғарылатады. Шығармашылық тапсырмалар мен ойындар мектеп тәжірибесінде балалардың мектепке даярлығын анықтауда және бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық жеке адам ретінде даму болашағын анықтауға қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының базасы. Зерттеудің тәжірибе-эксперименттік базасы ретінде, Батыс Қазақстан облысы, Камен ауданы, Тасқала орта мектебінің бірінші және екінші сынып оқушылары мен мектеп мұғалімдері алынды.
Зерттеудің нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі балаларда шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі бойынша теориялық талдаудың тереңдігі және көлемімен, экспериментті-психологиялық әдістемелер жиынтығын таңдауды негіздеумен, алынған мәліметтердің сандық және сапалық талдау жүйесінің өзара байланыстылығымен және стандартты математикалық – статистика әдістерін қолданумен қамтамасыз етілді.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларында шығармашылық қабілетті қалыптастырудың теориялық негіздері.
1.1. Қабілеттің психологиялық мәні.
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды талап етеді.
Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратынын атап көрсетеді.
«Қабілет» ұғымына берілген психологиялық анықтамалар саны өте көп. «Қабілеттер» деп әрекеттің талаптарын қанағаттандыратын және үлкен жетістіктерге жеткізетін адамның қасиеттерінің синтезін атайды» (А.Н.Леонтьев).
«Қабілеттер» - білім алуға қажетті адамның психологиялық ерекшеліктері» - дейді А.В.Петровский (31).
«Қабілет» - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі орындауында көрінетін адамның жеке қасиеті», - деп жазады академик Т.Тәжібаев (39).
«Қабілеттер» - адамның іс-әрекеттің белгілі бір түрін орындай алу мүмкіндіктері» - деген де анықтама бар.
Психологтар қабілеттердің 2 түрлі деңгейі болатындығын дәлелдейді.
Репродуктивті (өнімсіз) – іс-әрекетті, не білімді берілген үлгі бойынша қабылдай, меңгере алу деңгейі.
Шығармашылық – жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.
Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, В.А.Крутецкий, Б.М.Теплов, В.С.Шубинский,...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру