Экономика | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі банктік қызмет

 Экономика | Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі банктік қызмет

Мазмұны

Кіріспе. . . . . . . . . . . .3


1. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі банктік қызмет.
1.1. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіндегі банктік қызмет. .5
1.2. Банктер Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының ажырамас институты ретінде. . . . . . . . . . .21
2.Банктік қызметті мемлекеттік реттеу және құқықтық қамтамасыз ету.
2.1. Банктік қызметті мемлекеттік реттеудің түсінігі, түрлері. . .23
2.2. Банктік қызметті мемлекеттік реттеу саласындағы арнайы құзірлі мемлекеттік органдар. . . . . . . . . .37

Қорытынды. . . . . . . . . . . .49

Пайдаланылған әдебиеттер:
• нормативтік-құқықтық актілер. . . . . . .50
• арнайы әдебиеттер. . . . . . . . .51


1.1.Мемлекеттің пайда болуының алғашқы кезеңінде қаржының ешқандай бөлімшелері болмады және ол тек «қазына» деген жалпы түсінікпен айқындалған. Мемлекет функциясының кеңеюіне, мемлекеттік аппараттың және әкімшілік аумақтық бөліністердің күрделенуіне байланысты мемлекеттің қаржылық қызметінің шеңбері кеңейе бастайды, ал мемлекетті қаржы құрылымдана және белгілі бір жүйеге топшылана түсті.
Материалдық мағынада қаржылық жүйе ақша қорларының жиынтығы болып табылады.1
...экономикалық тұрғыда әрбір қор ақша қорын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыруға байланысты қатынастар жиынтығын құрайтын қаржылық-экономикалық институт болып табылады.
Қаржылық жүйе белгілі бір (анықталған) қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы болып табылады.
Қаржылық жүйе туралы сөз қозғағанда «қаржы» ұғымының қай мағынада қолданылып тұрғанын айқындап алу керек.
Егер ол кең мағынада қолданылса (яғни мемлекеттік қаржымен қатар жекені де қамтыса), онда қаржылық жүйе, қаржыны осылай түсінуді жақтаушылардың көзқарасы бойынша, институттардың үш тобымен айқындалады.
1. халықтың ақша –қаражаттары (олар қорға бірікпейді);
2. заңды тұлғалардың (мекемелердің) ақша қорлары;
3. мемлекеттің ақша қорлары.
Қаржыны тар мағынасында түсінгенде экономистер үш үлкен сфераны бөліа көрсетеді.
1. кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың қаржысы;
2. сақтандыру;
3. мемлекеттік қаржы
Белгілі ғалым А. И. Худяновтың пікірінше, бұл жүйеде банктік кредит туралы мәліметтің болмауы белгілі бір түсінбеушілік жағдайға алып келеді.
Көпшілік экономистердің және заңгерлердің пікірінше қаржылық жүйе келесі институттардан тұрады.
1. бюджеттік жүйе;
2. бюджеттен тыс орталықтандырылған мақсатты қорлар;
3. кәсіпорындардыі, мекемелердің, ұйымдардың, халық шаруашылығы салаларының қаржысы;
4. мүліктік және жеке сақтандыру;
5. кредит (мемлекеттік және банктік).
Қаржы жүйесін аталған институттарға бөлуге қазақстандық ғалымдар тарапынан қатаң сынға ұшырады.2
«... мемлекеттің қаржылық жүйесінің қалыптасуынегізінде қаржыны жеке мемлекеттік деп бөлу жатыр. Сонымен қатар, жалпы елдің қаржылық жүйесін және жеке мемлекеттің қаржылық жүйесінің ара жігін ажырата білу жүйесін


1 А.И. Худяков. Финансовое право Республики Казахстан. Общая часть- Алматы, ТОО «Баспа», - 2001. стр. 31.
2 Там же. Стр. 35.

және жеке мемлекеттің қаржылық жүйесінің ара жігін ажырата білу қажет» –– деп А. И. Худянов ой топшылайды. Біз өз тарапымыздан бұндай пікірге толығымен қосылып құптаймыз.
Жеке қаржы келесідей негізгі институттардан тұрады:
1. ұйымдар қаржысы (коммерциялық және коммерциялық емес);
2. сақтандыру ұйымдарының қаржысы;
3. банктер қаржысы;
4. мемлекеттік емес арнайы қорлар қаржысы (мысалы, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары).
Әлбетте жоғарыда атап өтілген жағдайларда мәселе өздеріне тиесілі қорларды жеке меншік құқығында иемденетін мемлекеттік ұйымдар туралы болып отырғандығы анық.
Мемлекеттік қаржы келесідей қаржылық-экономикалық институттардан тұрады:
1. бюджеттік жүйе;
2. бюджеттен тыс мақсаттағы қорлар;
3. мемлекеттік сақтандыру қаржысы (егер мемлекетте мұндай сақтандыру түрі болса);
4. мемлекеттік банктер қаржысы (егер осындай банктер болса);
5. мемлекеттік кәсіпорындар мекемелердің сондай-ақ шаруашылық жүйе, орталықтарының (басқару органдарының мемлекеттік басқару органдарының ) қаржысы.
Жеке және мемлекеттік қаржы құрамына кіретін институттар елдің толық қаржылық жүйесін құрайд, ал мемлекеттік қаржы құрамына кіретін институттар мемлекеттің өз қаржылық жүйесін құрайды.
Жоғарыда аталған институттарға жекелей тоқталатын болсақ, «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 ж. 18 желтоқсандағы № 126-II Заңының 4-бабына сәйкес, сақтандыру дегенiмiз, сақтандыру ұйымы өз активтерi есебiнен жүзеге асыратын сақтандыру төлемi арқылы сақтандыру шартында белгiленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүліктік мүдделерін қорғауға байланысты қатынастар кешенi.
Ал, сақтандыру қызметi - сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты, Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде не Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын қызметi.
Аталмыш заңның 11-бабына сәйкес, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметi сақтандыру қызметi сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметтiң негiзгi түрi болып табылады.
2. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру қызметiнен басқа қызметтiң мынадай түрлерiн:
1) инвестициялық қызметтi;
2) тиiстi жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегiнде өзiнiң сақтанушыларына қарыз берудi «өмірді сақтандыру » саласында қызметті жүзеге асыратын (сақтандыру ұйымы үшін);
3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын арнаулы бағдарламалық қамтамасыз етудi сатуды;
4) ақпарат берiлiмдерiнiң кез келген түрлерiнде сақтандыру iсi және сақтандыру қызметi жөнiнде арнаулы әдебиет сатуды;
5) бұрын өз мұқтаждары үшiн сатып алынған (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы үшiн) немесе оның қарамағына сақтандыру шарттарын жасасуға байланысты келiп түскен (сақтандыру ұйымы үшiн) мүлiктi сатуды немесе жалға берудi;
6) сақтандыру қызметiне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсетудi;
7) сақтандыру (қайта сақтандыру) саласында мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру мақсатында оқытуды ұйымдастыру мен жүргiзудi;
8) сақтандыру агентi ретiнде сақтандыру делдалы болуды;
9) осы Заңның 52-бабының 1-тармағында аталған қызметтi;
10) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi ("өмiрдi сақтандыру" саласындағы қызметтi жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары үшiн) ;
11) сақтандыру ұйымдары арасындағы не сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге де заңды тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жүзеге асырылатын ассистансты;
12) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген қызметті жүзеге асыруға құқылы.
3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының кәсiпкерлiк қызмет ретiнде осы баптың 1 және 2-тармақтарында көзделмеген мәмiлелердi жүзеге асыруы мен операцияларды жүргiзуiне тыйым салынады.
4. Сақтандыру ұйымдары, сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыруға кепiлдiк беретiн қор құруға құқылы. Қордың құрылу тәртiбi мен қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледi.
Сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату кезінде міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтанушылардың (сақтандырушылардың, пайда алушылардың) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қорға сақтандыру ұйымдарының міндетті қатысуы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тағы бір кең таралып келе жатқан институты инвестициялық қорлар болып табылады. «Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы бюджеттен тыс инвестициялық қорларға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Осы заңның 1-бабының 10-тармақшасына сәйкес, инвестициялық қор - осы Заңға сәйкес құрылған акционерлiк немесе инвестициялық пай қоры, ал инвестициялық пай қоры болып пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесiнде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестiк меншiк құқығымен тиесiлi және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы табылады.
Заңның 4-бабының 1-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында инвестициялық қорлардың мынадай түрлерi:
1) акционерлiк инвестициялық қор;
2) ашық, аралық немесе жабық нысандарда құрылуы мүмкiн
инвестициялық пай қоры жұмыс iстейдi.
Инвестициялық қордың инвестициялық қызметi осы қор акционерлерiнiң немесе пай ұстаушыларының кiрiстер алуы және мұндай инвестициялау кезiнде қауiптiң азайтылуын қамтамасыз ету мақсатында акционерлiк инвестициялық қор тиiстi лицензиясы болған кезде дербес немесе қорды басқарушы компанияның қор активтерiн инвестициялауынан тұрады.
Инвестициялық пай қоры заңды тұлға болып табылмайды.Егер инвестициялық пай қорының ережесiнде өзгеше көзделмесе, қор шектелмеген мерзiмге құрылады. Инвестициялық пай қоры активтерiне меншiк құқығындағы үлес басқарушы компания шығаратын паймен куәландырылады.Инвестициялық пай қорының активтерiн оның пайларын ұстаушылар арасында бөлуге және олардан үлестi заттай бөлiп алуға жол берiлмейдi.
Инвестициялық пай қоры активтерiнiң ең төменгi мөлшерi пайлар шығарылымын тiркеу күнi, тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген елу мың айлық есептiк көрсеткiштi құрайды. Бұнымен қатар жинақтаушы зейнетақы қорларды қарастыруды жөн көрдік. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1 Заңының 1-бабының 16-тармақшасына сай, жинақтаушы зейнетақы қоры - зейнетақы жарналарын тартуды және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға. Заңның 33-бабына сай жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) ашық;
2) корпоративтiк болуы мүмкiн.
2. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс iстейтiн және тұратын жерiне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
3. Корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлерi болып табылатын бiр немесе бiрнеше ашық тұлғалардың алушы-қызметкерлерi үшiн құрылады.
4. Салымшының (алушының) заңды тұлғамен - акционермен еңбек шартын бұзуы, корпоративтiк жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты бұзу, осы Заңның 23- бабы 1- тармағының 1) 3) тармақшаларында көзделген талаптар туындаған кездегі еңбек шарты бұзылған жағдайлардан басқа реттерде, үшiн негiз болады.
41-бапқа сәйк жинақтаушы зейнетақы қорларының:
1) зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға;
2) өзiнiң қызметi үшiн комиссиялық сыйақылар алуға;
2-1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес берiлетiн лицензия негiзiнде зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметтi және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерiн дербес жүзеге асыруға;
2-2) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін білдіруге;
3) зейнетақы шартының ережелерiне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1) алушыларға Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен зейнетақы төлеуге;
2) жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
3) салымшыға және ақпарат алушыға жылына кемiнде бiр рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез келген сұралатын күнгі оның жинақталған зейнетақы қаражаттарының жай-күйi туралы ақы алмай ақпарат беруге және осы Заңның 50-бабында көзделген қағидаларды ескере отырып, оның жинақталған зейнетақы қаражаттары туралы ақпаратқа қол жеткiзуiнiң электронды және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етуге міндетті.
Жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсiлi салымшымен (алушымен) келiсім бойынша анықталады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке зейнетақы шотында ақша болмаған немесе салымшы (алушы) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген тұрғылықты мекен-жайының өзгергенi туралы жинақтаушы зейнетақы қорына хабарламаған жағдайларда жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыға (алушыға) өткен жылғы жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат жiберуді жүзеге асырмайды;
4) алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi туралы ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге;
5) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының зейнетақы заңдары мен зейнетақы шартының ережелерiн бұзғаны үшiн жауап беруге;
6) салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен аударуға;
7) жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;
8) бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен қаржылық есептiлiктi және уәкiлетті орган белгiлеген тәртіппен өзге де есептілік пен өз қызметi туралы ақпаратты жариялауға мiндеттi. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепiлдiк немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтердi жариялауға жол берiлмейдi;
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартың жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
10) алып тасталды;
11) салымшымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
11-1) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен электронды құжат айналымын пайдалана отырып, Орталыққа мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасасылған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәлiмет ұсынуға;
12) салымшымен ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
13) әрбiр жеке тұлғаның тұратын жерiне қарамастан, олармен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу және оны бұзу кепiлдігін қамтамасыз етуге мiндеттi. Жинақтаушы зейнетақы қорлары әрбiр филиалдың және өкiлдiктiң осы қызметтердi көрсетуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
3. Салымшылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында жинақтаушы зейнетақы қорларына:
1. осы баптың 1-тармағында белгiленген қызмет түрлерiн және осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында белгiленген жағдайларды қоспағанда, кәсiпкерлiк қызметке;
2. өз мұқтаждары үшін сатып алған мүлікті сатып алу-сату мен жалға беруді және уәкілетті орган белгілейтін қаржы құралдарымен мәмілелерді қоспағанда, мүлікті сатып алу-сатуды жүзеге асыруға;
3. сақтандыру қызметіне;
4. зейнетақы активтерiн кепiлге беруге;
5. акциялардан басқа бағалы қағаздар шығаруға;
6. алып тасталды;
7. мыналардың:
қаржылық ұйымдардың;
акциялары Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының тізіміне листингтің ең жоғарғы санаты бойынша енгізілген, қаржы ұйымдары болып табылмайтын заңды тұлғалардың;
жинақтаушы зейнетақы қорын автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуды қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін немесе акцияларын сатып алуға тыйым салынады.
Осы тармақтың 7) тармақшасында аталған заңды тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы қорына тиесілі жарғылық капиталға қатысу үлесі және акцияларының саны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден аспауға тиіс.
4.Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын және төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында сақталуы міндетті пруденциалдық нормативтер белгіленеді. Пруденциялдық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәнін, есеп-қисап әдістемесін, сондай-ақ тиісті есептілік нысандары мен оны табыс ету мерзімдерін уәкілетті орган белгілейді.
5.Жинақтаушы зейнетақы қорының, онымен және оның құрылтайшыларымен аффилиирленген, жинақтаушы зейнетақы қоры қатысатын консорциумдар мен қарапайым серіктестіктерге қатысушы тұлғалар мен ұйымдардың қызметін реттеу шоғырландырылған негізде жүзеге асырылуы мүмкін. Реттеуді шоғырландырылған негізде жүзеге асыру ережесін уәкілетті орган белгілейді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бухгалтерлiк есеп жүргiзiп, жеке қаражаты және зейнетақы активтері бойынша уәкiлеттi органға және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне бөлек қаржылық және статистикалық есеп бередi.
Салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарыңдағы міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының есебi уәкiлеттi орган белгiлейтiн тәртiппен бөлек жүргiзiледi. Зейнетақы жарналары есебінің дұрыс жүргізілуіне және инвестициялық кірістің салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шотына есептелуіне уәкілетті орган бақылау жасайды.
Зейнетақы активтерiн және жеке зейнетақы шоттарындағы жинақталған қаражатты есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптар уәкiлетті органның нормативтік құқықтық актiсiмен белгіленедi.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлік есепте және есеп беруді жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуы мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен олардың сақталу мерзімін уәкілетті орган белгілейді.( «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 ж. 20 маусымдағы № 136-1 Заңының 49-бабы). "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысы негізінде жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру