Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІ ҚОЛДАНУ

 Банк ісі | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІ ҚОЛДАНУ

Мазмұны
Кіріспе………………………………………….……………………………..….3
І бөлім. Қазақстандағы несие жүйесінің дамуы
1.1. Қазақстан Республикаснындағы несие жүйесі. ...............................5
1.2. Қазақстан Республикаснындағы банктік емес мекемелер................9
1.3. Қазақстан Республикаснындағы банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы. ...............................15
II бөлім. МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘНІ
2.1. Мемлекеттік несиенің мәні функциялары және түрлері......................21
2.2. Мелекеттік несиенің нысандары............................................................24
2.3. Халықаралық мемлекеттік несие...........................................................28
ІІІ бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІ ҚОЛДАНУ
3.1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік несиесін басқару.....................31
3.2. Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені қолдану................35
3.3. Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызы.....................41
Қоытынды…………………………………………………………………44
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....…………………………………….46

Кіріспе
Мемлекеттік несие біздің экономикамызда өте маңызды роль атқарады, ал бұл оның актуалдылығын көрсетеді. Ол обективті түрде экономикаға қажет, өйткені ол жалпы қоғамның даму қажеттіліктеріне негізделеді.
Курстық жұмыстың басты мақсаты оның маңыздылығын ашып көрсету, яғни мемлекеттік несиенің экономикалық категория ретіндегі қажеттігін, құрлымын, түрлері мен формаларының мәнін , атқаратын қызметтерін жетік білу.
Мемлекеттік несие қатысу жақтарының бірі мемлекет, ол заңды жеке тұлғалар несие беруші немесе несие алушы болып табылады.
Мемлекеттік несиенің қайта бөлу қызметі халықтың, заңды тұлғалардың, уақытша бос қаражаттарын шоғырландырумен байланысты.
Мемлекеттік несиенің реттеу қызметі мемлекет ақша ағымын реттейді, қарыз пайыз мөлшеріне әсер етеді, қарыз капитал нарығында қарыз алушы ретінде қатысып капиталға сұраным туғызып нетижесінде қарыз пайыз нормасы көтеріледі.
Негізінен еліміздің мемлекеттік несие жүйесі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға өзінің түрлі қызметтерін көрсетеді, осыған байланысты экономикалық қатынастар туындайды. Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және бірдей деңгейде шаруашылық субъектілері үшін де, сонымен қатар несиелік мекемелердің жүйесі үшінде қажет.
Ақшаны несие мекемелерінде сақтау ресурстардың құрылуын білдірсе, ал оларды экономиканың және тұтынушы қажеттілігіне үлестіріп беру несиелі ұсынуды көрсетеді.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
- несиенің мәні және оның түрлері
- мемлекеттік несиенің мәні және оның түрлерін сипаттау;
- мемлекеттік несиенің нысандарына тоқталу;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік несиені басқаруды қарастыру;
- Еліміздің экономикасын дамытудағы мемлекеттік несиенің маңызын айқындау.
Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының заң күші бар жарлықтары, заңдары, сонымен қатар отандық және басқада шетел экономистерінің еңбектері және баспасөз беттеріндегі мақалалар қолданылды.
І. Қазақстандағы несие жүйесінің дамуы
1.1. Қазақстан Республикаснындағы несие жүйесі
Несиелік жүйе мемлекет ұйымдастыруын құралған несиелік ұйымдар мен оларға сәйкес келетін несиелік мекемелердің жиынтығы. Бұл жиынтыққа банктер, сондай-ақ банктік операциялардың жекеленген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелер енеді.
Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. ҚР – дағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).
Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы мынадай сызбамен берілген.

Жоғарыдағы сызбаға енген несие жүйесінің құрылымдық элементтерінің мазмұнын сипаттамайтын, оның иерархиялық құрылымы 1 – кестеде берілген.
ҚР – дағы несие жүйесінің иерархиялық құрылымы (1 – кесте).
Несие жүйесі Иерархия деңгейі Мекеме аты Бөлімшелер аттары Мекеменің қызметі
Банк жүйесі Ұлттық Банк Орталық аппарат
Ұлттық банктің облыстық басқармалары
1. ақша айналысын және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыру.
2. үкіметке несие-есеп айырысу қызметін көрсету.
3. Алтын – валюта резервін басқару.
4. ақша несиелік реттеу.
1. Екінші деңгейдегі банктер
2.Мамандан- ған банктер Орталық аппарат.
Филиалдары.
Өкілдік.
Еншілес банкі.
Бөлімшелері. Клиенттерге несие – есеп айырысу қызметін кешенді көрсету
Банк көрсететін қызметінің жекелеген түріне ғана маманданған
Парабанк жүйесі Банктік емес мекемелер Орталық аппараты.
Филиалдары.
Өкілдік. Маманданған несие-есеп айырысу және қаржылық қызмет көрсету
Пошта – жинақ мекемелері Орталық аппарат
(Ақ қазпошта)
Бөлімшелері Халыққа несие – есеп айырысу қызметін көрсету, ұсақ салымдарды тарту
2. Несиелік серіктестіктер 8 19 29 37 73
3. Ломбардтар 42 45 52 35 72
4. Ипотекалық компаниялар - 2 2 2 2
5. Басқа да ұйымдар 53 41 42 46 47
2 – кестеден көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда. 90 – жылдардың басында олардың саны 200 – ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде оларды саны 35-ке дейін (06.2003) қысқарды. 2004 жылы 72-ге дейін өсті. Жалпы банктер қатарында мемлекеттік банктер (мемлекеттің 100 % қатысуыменен құрылған) саны – 2. Қазақстаннның банктік секторында шетел капиталының қатсуы кеңейе түсуде, олардың саны -16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады. Ал банктік емес мекемелер санының керісінше, өсіп келе жатқандығын байқаймыз.
1.2. ҚР-дағы банктік емес мекемелер
Парабанктік жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуі барысында жаңадан қалыптасып, енді ғана біртіндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды сипаттайды.
Банктік емес мекемелердің немесе парабанктік мекемелердің банктерден айырмашылығы – олар біріншіден, клиенттердің белгілі бір түріне ғана қызмет етсе, екіншіден, банктік операциялардың жекелеген түрлері бойынша ғана қызмет көрсетеді.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде парабанктік жүйенің ішіндегі несиелік мекемелерге ломбардтарды, несиелік серіктестіктерді, несиелік қоғамдарды және одақтарды жатқызады.
Ломбардтар – бұл жылжымайтын мүліктерді кепілге ала отырып, қысқа мерзімге ссудалар беретін несиелік мекеме.
Тарихта ломбардтар өсімқорлық несие беретін жеке меншік кәсіпорын ретінде пайда болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлік, оның ішінде бағалы металдар мен асыл тастарды (бағалы қағаздардан басқа)
кепілге алып, тұтыну несиесін беру болып табылады. Олардың ссудалары негізінен қысқа мерзімге (30 күнге дейінгі мерзімге) кепілге салатын мүлік құнының 50 – 80 % мөлшерінде беріледі. Кепілге алып ссуда берумен қатар, олар клиенттердің құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негізде кепілге салынған мүліктерді сатумен айналысады.
Несиелік операцияны ұйымдастырудың басты ерекшелігі – мұнда несиелік шарт пен кепіл міндеттемелері болмайды. Ссуданы кепілге беру барысында клиент кепілге зат қойғандығын куәландыратын және ссуда алғандығын растайтын құжат немесе кепіл билетін алады. Онда қарыз алушының реквизиттері және мәміленің басты шарты көрсетіледі.
Несиелік серіктестік - өз мүшелеріне несие – есеп айырысу қызметін көрсету мақсатында құрылған несиелік мекеме....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру