Банк ісі | Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері
Мазмұны
К і р і с п е
I тарау. Ұлттық банк, оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері.
1.1 Ұлттық банктің міндеттері, мақсаттары мен құқықтары
1.2 Ұлттық банктің атқаратын қызметтерінің бағыттары
II тарау. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің құрылымы мен басқару органдары
2.1 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк - "Банктердің банкі"
2.2 Қазақстан Ұлттық Банкінің бақылау және қадағалау функциялары
2.3 Қазақстан Ұлттық банкінің мемлекеттік өкімет органдарымен өзара іс ― қимылы
III тарау. Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің операциялары мен негізгі бағыттары
3.1 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің операциялары және агенттікпен бөлісуі.
3.2 Қазақстан Республикасындағы Ұлттық Банктің 2004-2006 жылдардағы негізгі бағыттары
Қорытынды
Қолданылға әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекеттің деңгейі мен негізін анықтауда экономика негізгі рөл атқарады. Оның әрбір саласын сәйкестілікпен жұмылдыру маңызды іс болып табылады. Әрбір елдегі нарықтық қатынастардың маңызды бөлігін несие мекемелері құрайды, яғни банк тараптары басты рөл атқарады.
Менің бұл тақырыпты таңдау себебім - Ұлттық Банк – еліміздің эмиссиялық және резервтік орталық ретінде ақша – несие және валюта саясатын анықтайтын және маңызды жүйелерді реттеуші болғандықтан, оны тереңірек түсініп, танып білгім келеді.
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді.
Ұлттық Банктің тарихына тоқталатын болсам, Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық Банкі деп аталды. Ол республикадағы банк жүйесінің жоғары деңгейдегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Ұлттық Банкінің маңызды қызметі - банктердің, жинақ және тағы басқа несиелік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау болып табылады. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы" заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтауы тиіс, өйткені жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.
Ұлттық Банк ― коммерциялық банктерді және басқа да қаржылық ― несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Ол ― жалпы банктік жүйені қолдау мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық несиелерді және РЕПО операциялары арқылы несие береді.
Мен курстық жұмысымның барысында, жалпы Ұлттық Банктің ұғымына, мәніне, мақсатына, оның операциялары мен қызметтеріне , құрылымы мен басқару органдарына тоқталып өтемін.
Курстық жұмысты көрсетілген талаптарға сай орындау үшін еліміздегі Ұлттық Банк мәселелерін талдау бойынша, жарық көрген бірнеше әдебиеттерді, газеттерді қолдандым.

Ұлттық Банктер ― бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы, әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мен мемлекет берген үлкен өкілеттіліктерімен анықталады. Ұлттық Банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай ― ақ норма шығару, басқару құқықтарына ие банк рөлін атқарады, ақша ― несиелік және валюталық саясатты анықтайды. Оның негізгі мақсаты ― пайда табу емес, ақша ―несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі” туралы заң бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі ― Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.
Ұлттық Банк ― ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құралу көздеріне ― банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті ― Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіге мынадай қосымша міндеттер жатады:
Қазақстанның экономикалық дамуы және дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
Ақша ― несие және банк жүйесінің тұрақтылығын
қамтамасыз етуге көмектесу;
Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына
бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау;
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Ұлттық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі құқықтық формалары бар:
Оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын унитарлық банк;
Акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам;
Бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
Ұлттық Банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі;
Негізгі Ұлттық Банк ― унитарлы орган болып табылады. Мемлекет ― жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор ― ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты ― банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа да құралдардан тұрады. Резеритік қор ― жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылғы жатқызылатын табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Оған: активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір бөлігі жатады. Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен төлемдерден босатылады. АҚШ―та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың капиталы Федералды резервтік жүйенің жарна пұл төлемдерінен тұрады.

Қазақстан Ұлттық банкі ― Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады.
Ұлттық банктің атқаратын қызметтері:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша ― несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық Банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгенртумен шұғылданады. Егер ақша ― несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құұығы бар. Сондай ― ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады. Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды , дисконттық және өтеу мерзімі 1 жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.
Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық Банк номиналдардың құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін, олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық Банктің қолма ― қол ақша қаражатын
шығаратын, тиын мен теңгенің қолма ― қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай ― ақ, қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.
Банктердің банк ісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық Банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк ― екінші деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай ― ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті қызметін атқарады. Бұл қызметті атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады. Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты болдырмау үшін қажетті іс― шараларды қабылдайды. Қаржы министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырып, олардың депозитаралық ісін жүзеге асырады.
Банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі . Ол үшін Қазақстан террииориясында, сондай ― ақ одан шет жерлерде банктермен, олардың филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есптеу, есептесу, валюта операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып , олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін , тәртібімін және әдісін бекітіп, сондай ― ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды. Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансының есебін жіәне басқа құжаттарын тексереді.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық Банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшерін деңгейіне шектеу қояды.
Резиденттер үшін шетелвалютасын және шетел валютасындағы бағалы қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп, сондай ― ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел валютасында шот ашуның мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен
салыстырып, курсын реттейді. Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта ― қаржылық және несие ― есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің есебін жүргізеді;
Елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармн операциялар жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президенттінің “Бағалы металдарға және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу” туралы Заң күші бар жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден Ұлттық Банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырысы бойынша Ұлттық Банктің қоймасында сақтау үшін үкіметтік резервке алынған құндылықтарды қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды, өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банкі жұмысының бағыттары:
Елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
Өзіне бғынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Халық шаруашылығында несиелік, есеп ― айырысу және кассалық операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік ― инструкциялық, нормативтік актілерді шығару, есеп жүргізу және банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
Банк ісін лицензиялау, ақша ― несиелік реттеудің әдістерінің формаларын таңдау;
Банк ісін бақылау және қадағалау;
Елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
Ғылыми ― зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;............

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык жумыс Ұлттық банк оның мақсаттары міндеттері мен қызметтері курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар банк ісі жобалар курстық жұмыстар