Экономика | Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі

 Экономика | Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі

Мазмұны
Кіріспе……......................……………………..………………….. ………….4
I Тарау. Банк жүйесіндегі банкілік қадағалау… ....………………………6
1.1 Банк қызметін қадағалау мен бақылау ……………….…….………6
1.2 Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерді қадағалаудағы өкілеттік ………………..……………..………………………………...11
1.3 Банк құрудағы банкілік қадағалау ………………………………...17
1.4 Банк операцияларын қадағалауды құқықтық реттеу…………….23
II Тарау. Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі.……….. ………….30
2.1 Банктерді консервациялау…………………..……………….……...30
2.2 Банктерді қайта құру .………………….……………..…… ..……..33
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
II-3. Банктерді тарату Республикасының Ұлттық Банкі туралы» және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңдарына сәйкес Ұлттық Банк екінші деңгейдегі банктерге және олардың филиалдары мен өкілдіктеріне қатысты бақылау, қадағалау және реттеу функцияларын жүргізетін және өзінің (Ұлттық Банктің) берген лицензиясы негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын барлық банктердің міндетті түрде орындалуға жататын нормативтік актілер шығаратын бірден - бір мемлекеттік мекеме болып табылады.
Сондықтан Қазақстан Республикасында банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етіп, мемлекеттің ақша – кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдау, сондай – ақ банк салымшылары мен кредиторларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық Банкке екінші деңгейдегі банктерді бақылайтын, қадағалайтын және реттейтін құқықтар берілген1.
Банкілік қадағалау банк қызметін реттеуді, қадағалауды, сондай – ақ бақылауды жүзеге асыруға жағдай жасайтын құқықтық нормативтік актілерге сүйенеді.
Қазақстан Республикасында банктердің қызметін реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын құқықтық нормативтік актілерін үш деңгейге бөлуге болады.
Бірінші деңгейге Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы», Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Қазақстан
_______________________________________________________________
1 «Түркістан» газеті. № 36 2002 ж.
Республикасында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы», және Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы», «Аудиторлық қызмет туралы», «Банкроттық туралы», «Валюталық реттеу туралы», «Төлемдер және ақша аудару туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңдарды жатқызады.
Екінші деңгейге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қабылдаған нормативті құқықтық актілері - қаулылары, ережелері мен нұсқамалары жатады.
Ал үшінші деңгейге банкілік қадағалауды жүзеге асыратын Ұлттық Банкінің заңдар мен жекелеген ережелерді түсіндіру үшін бағдарламалық құжаттарды жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік актілері негізінде банктер үшін міндетті шектерді белгілеп, банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Республикада нарықтық қатынастар қалыптасып, экономика одан әрі дамыған сайын банк жүйесі де өте жоғарғы қарқынмен дамып келе жатыр. Осыған сәйкес мемлекет банк жүйесіне, сондай - ақ банктерді реттеу мен қадағалауға қатысы бар жоғарыда аталған құқықтық нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылады.
I Тарау. Банк жүйесіндегі банкілік қадағалау.
1.1 Банк қызметін қадағалау мен бақылау
Банк жүйесінің экономикадағы алатын ролі мен орнының маңызы зор. Сондықтан банк – кредит саласын мемлекеттік органдар тарапынан реттеу мен қадағалауды қажет етеді. Әрбір мемлекеттің банк қызметін ретттейтін өз бақылау жүйесі мен құқықтық актілері бар.
Банкілік қызмет белгілі бір тәуекелге барумен тығыз байланысты. Қазіргі банк жүйесінің тәуекелсіз мәні жоқ десе де болады. Банк әртүрлі операцияларды тәуекелге бара отырып іске асырады, тек тәуекелдің масштабы әр деңгейде болуы мүмкін.
Банктер өз іс - әрекетін жүзеге асыру мақсатында жеке және заңды тұлғалардан ақша – қаражатын тартып, өз акционерлері мен клиенттеріне, салымшылары мен қарыз берушілеріне дивидендтер төлеп отыратындықтан, банк қызметінде жеке және заңды тұлғалардың әртүрлі мүдделері тоғысады. Банк қызметінде осы жағдайлардың бәрін қадағалауды қажет етеді.
Банктік қадағалаудың негізгі мақсаты банк клиенттерін әртүрлі тәуекелден құтқару, салымшылардың салымдарын қорғау және банк салымдарын қорғау үшін құрылған сақтандыру қорлары мен үкіметтің жеке қорларын жойылудан қорғау, сондай – ақ мемлекеттің ақша – несие саясатын жүргізуіне және экономиканың дамуына қолдау жасау.
Сонымен қатар банктік қадағалаудың міндеті халықтың, мемлекеттің, клиенттер мен банк құрылтайшыларының мүддесі үшін банк қызметіндегі заңдар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы банк жүйесі мен жекелеген банктердің жұмысын жетілдіру, дамыту болып табылады.
Республикада банкілерді қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заң нормаларымен реттеледі.
Республикада банктердің қызметін бақылау мен қадағалау кешенді әдіс – тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдылықтарының сақталуына, сондай – ақ банктердің ұйымдастыру және қаржылық – шаруашылық іс - әрекеттерін бақылап отыруға бағытталған.
Банктік қадағалау процесінде реттеу және ревизиялық (тексеру) әдістері қолданылады.
Реттеу әдісі кең таралған әдіс болып табылады. Реттеу әдісі Қазақстан Республикасының Банк заңдарымен және Ұлттық Банк тарапынан қабылданған нормативтер мен ережелер арқылы, сондай – ақ Ұлттық Банкке есеп беру барысында жүзеге асырылады.
Бақылау, реттеу және қадағалау процестері банктің қызметі басталар алдында – ақ, яғни банктерді құру кезеңдерінен басталады, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банк және банк қызметі туралы» Заңында көрсетілген Ұлттық Банк тарапынан талаптар қойылудан басталады.
Банктерді бақылау процесіне:
ақпараттарды ашу, яғни банктер Ұлттық банк алдында тоқсандық, жылдық және операциялық және де басқа да шығыстары, сондай – ақ анықталған нысанда өзінің іс - әрекеттері туралы есеп беруге міндетті;
кейбір талаптарды белгілеу мен өтімділік талаптар, бұл нормативтер коэффиценттер түрінде болады, коэффиценттер директивті, яғни міндеттеу түрінде болады да банк қызметі мен қаржы жағдайына талдау жасап, баға беру үшін қолданылады;
белгіленген талаптар, капиталдың жеткілікті болуы;
тәуекелдікті шектеу;
кредиттеу рессурстарына бақылау жасау.
Ревизиялық (тексеру) әдіс Ұллтық Банк тарапынан банктердің қаржы – шаруашылық әрекетіндегі кемшіліктер мен заң – нормаларының бұзылғандығын табу үшін жүргізіледі. Банк қызметін бақылау мен қадағалауда тексеру әдісі банк қызметінің заңды, сенімді әрі тұрақты болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Банк қызметін реттеу белгілі бір банкке қатысты; сондай – ақ банктер тобына да қатысты жүзеге асырылады.
Банк қызметіне бақылау мен қадағалауды халықаралық ұйымдар, мемлекет, аудиторлық және құрылайшылар тарапынан жүзеге асырылады.
Халықаралық ұйымдар тарапынан банк қызметіне бақылау мен қадағалауды Халықаралық Валюталық Қор (МВФ), Әлемдік Банк т.б. ұйымдар жүргізеді. Олар Республика экономикасының нарық рельсіне түсу үшін өздерінің берген несиелерімен қатар белгілі бір талаптар қояды, атап айтқанда инфляцияны белгіленген шекке дейін төмендету, банк реформасын іске асырарда олардың берген кеңестерін есепке алу. Осылай олар мемлекеттің экономикалық дамуын бақылап қана қоймай, бүкіл банк жүйесімен қоса жеке банктердің қызметін де бақылайды.
Мемлекеттік бақылау ведомстводантыс және ішківедомствалық болып бөлінеді. Ведомствадантыс банктерге бақылауды салық инспекциялары, қаржы – бақылау комитеті, құқық қорғау органдары жүргізеді. Олар банктің қызметін әртүрлі бағытта: шаруашылық, ағымдық, бухгалтерлік есебінің жай – күйін заң және нормативтік актілердің сақталуын, ақша – кредит саясатының дұрыс жүргізілуін т.б. тексереді.
Банк қызметін ішківедомствалық бақылау мен қадағалау банк жүйесінің жоғарғы сатысы – Ұлттық Банк, оның қадағалау Департаментімен жүзеге асырылады.
Аудиторлық бақылауды арнайы және тәуелсіз аудиторлық мекемелер, бақылау палаталары, ассоциациялар жүзеге асырады. Аудит банк қызметін тәуелсіз, бейтарап түрде бақылайды. Аудиторлық бақылауға кеңірек тоқталып кетсек. Ол ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңының 11 – бабына сәйкес аудит жүргізу міндетті лицензияцалауға жатады. Банк қызметінде сыртқы аудит келісімді, ақылы түрде, арнайы лицензиясы бар арнайы тәуелсіз аудиторлық ұйымдармен немесе тәуелсіз, лицензиясы бар жеке аудиторлармен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 57 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының территориясында банк аудитін жүргізуге лицензияны тек Ұлттық Банк қана беруге өкілетті.
Кез – келген аудиторлық қызметті жүргізе алатын заңды немесе жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банк қызметіне аудит жүргізу үшін лицензия беруге Ұлттық Банкке өтініш жасауға құқылы.
Банк қызметіне аудит жүргізу үшін лицензияны Ұлттық Банк өзінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес береді.
Осы Заңның 57 - бабына сәйкес банктерге аудит мынандай мақсаттармен жүргіледі:
жүргізілген банк операцияларының есепте және есеп беруде дер кезінде, толық және дәлме – дәл көрсетілуі;
жүргізілген банк операцияларының Банк Заңдарына, қолданылып жүрген Ұлтық Банктің қалыптық құқықтық құжаттарына сәйкестігі;
жүргізілген банк операцияларының оларды жүргізудің жалпы шарттарына сәйкестігі, сондай – ақ банк операцияларын жүргізу тәртібінің банктің ішкі ережелеріне сәйкестігі.
Аудиторлық ұйым немесе аудитор өзінің тұжырымдамаларын банктің Директорлар кеңесі мен Басқармасына табыс етілетін есебінде баяндайды.
Банктің қаржылық жағдайы туралы аудиторлық ұйымдардың немесе аудиторлардың қорытындылары жеке құжат ретінде тіркеліп, оның көшірмесін міндетті түрде Ұлттық Банкке таныстырады.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңының 59 – бабы бойынша, егер аудиторлық ұйымдар немесе аудиторлар тексерілген банкке немесе оның құрылтайшыларына тікелей немесе жанама қатыстылығы бар болса;
аудитордың немесе аудиторлық ұйымның басшы немесе тексеру жүргізуші қызметкерлерінің кез – келгенінің жақын туысы немесе зайыбының жақын туысы - тексерілетін банкінің басшы қызметкері болса;
аудиторлық ұйымдардың немесе аудитордың тексерілетін банк алдында ақшалай міндеттемесі бар болса, аудиторлық ұйымның немесе аудитордың жүргізілген тексеру туралы есебі немесе қорытындысы барлық жағдайда жарамсыз болып табылады;
аудиторлық ұйымдардың немесе аудитордың банк қызметіне аудит жүргізуге Ұлттық Банктің лицензиясы болмаса;
аудиторлық ұйымдардың немесе аудитордың жасаған аудиттерінің есеп, қорытындылары Ұлттық Банк белгілеген стандарттарға немесе банк қызметіне аудит жүргізудің нәтижелерін рәсімдеу тәртібінің талаптарына сай келмесе, сондай – ақ қолданылып жүрген заңдарда көзделген өзге де жағдайларда аудиторлық ұйымдардың немесе аудитордың жасаған аудит жүргізу жөніндегі есебі, қорытындысы жарамсыз деп танылады.
Ішкі аудитке келетін болсақ, 1998 жылы 5 маусымда қабылдаған «екінші деңгейдегі банктердің ішкі аудитын (бақылауын) ұйымдастыру Ережесін бекіту туралы» Ұлтық Банктің қаулысына сәйкес ішкі аудиттың (бақылаудың) мақсаты банктің және оның клиенттері мен кредиторларының заңды мүдделерін қорғау, ол үшін банк қызметкерлерінің заңдылықтар мен кәсіптік стандарттарды сақтауына бақылау жасау, сол сияқты банк операцияларының қажетті деңгейде жүргізілуі мен банктік қызметтің тәуекелдігін төмендету, сондай – ақ банктің материалдық – қаржылық құндылықтарын сақтаудың қауіпсіздігін тексеру.
Банк қызметіне құрылтайшылардың бақылау жасауы бірнеше нысанда жүргізіледі: ревизиялық комиссияның бақылау жасауы; акционерлердің бақылау жасауы.
Акционерлер банк қызметіне тікелей бақылау жасауға, қаржы жылының аяқталуына байланысты олардың жұмыстарының нәтижелері туралы банк басшыларынан қажетті ақпараттар алуға құқылы. Банк қызметіне бақылау жасау үшін акционерлер эксперттер мен аудиторлар жалдай алады.
Ал Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз кезегінде Қазақстан Республикасы Президентіне жылдық есеп беріп отырады. Сондай – ақ Қазақстан Республикасының жиынтық қаржы балансын жасау үшін Қазақстан Республикасының Қаржы Министірлігіне Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық балансы және қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беріп отырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметіне жыл сайын Ұлттық Банктің Басқармасы тағайындайтын тәуелсіз аудиторлық ұйым тексеріс жасап отырады, кез - келген мемлекеттік органның тексерісі Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен немесе тапсыруымен ғана жүзеге асады.
Шет мемлекеттерде әр елдің өзінің банк қызметін бақылау мен қадағалау жүйесі бар.
Ресейде банктерге қадағалау мен реттеуді Ресейдің Орталық Банкі атқарады. Орталық банк - банк қызметін қадағалау мен реттеуді өзі тікелей немесе және арнайы қадағалау органы арқылы жүзеге асырады. Орталық Банк банктер үшін банк операцияларын жүргізу ережесін, сондай – ақ бухгалтерлік есеп пен экономикалық нормативтер белгілейді. Орталық Банк аймақтарда банкілік қадағалауды жүргізуді өзінің аймақтық басқармалары мен филиалдары арқылы жүзеге асырады.
Англияда соңғы уақытқа дейін банк қызметін реттейтін заңдар болған жоқ, банк қызметін бақылау жабық және формалды емес түрде жүргізілді.
Англияның банктері акционерлік копанияларға арналған жалпы заңмен реттеледі. Дегенмен 1979 жылы банк қызметін міндетті лицензиялау туралы заң шықты, сондай – ақ депозиттерді сақтандырудың жалпы ұлтттық қоры құрылды2.
Банктік заң 1987 жылы үлкен ссудаларды берудің ережелері мен банктердің қосылу, аудиторлық тексеру тәртібін белгіледі.
Соған қарамастан, бүгінде Ұлыбританияда банк қызметін бақылау басқа елдерге қарағанда қатал емес.
Америка Құрама Штатында банк қызметін реттеу екі басты мақсатты көздейді. Біріншісі банктердің құлауын алдын алып тұрақтылығын қамтамасыз ету болса, екіншісі капиталдың аздаған, шағын мекемелердің қолында жинақталуына шектеу жасау және ақша рыногына монополиялық бақылау жасауды болдырмау.
АҚШ – та банктердің құлауын алдын алуды реттеудің екі түрі бар: біріншісі жоғары тәуекелге апаратын және банктердің өтімділігін төмендететін операцияларға заңмен шектеу қою, екіншісі банк депозиттерін сақтандыру жүйесі.
АҚШ – та заң банк филиалдарын ашуға территориялық жағынан шектеу қояды, сондай – ақ капиталдың бір жерге жинақталуына да шектеу қоя отырып, ақша рыногындағы бәсекелестікке қолдау көрсетеді.
Осы жүргізілген саясаттың нәтижесінде Батыс Европа мен Азиядан өзгешелігі АҚШ – та филиалдары мүлде жоқ, шағын банкілер өмір сүріп отыр. Бүгінде АҚШ – тағы бүкіл банкілердің жартысының филиалдары жоқ.
АҚШ – та банктердің жұмыстарына қадағалау жасау үшін өте жетілдірілген бақылау жүйесінің органдары құрылған.
_________________________________________________________________
2Денги. Кредит. Банки. / Под редакцией Сейткасимова Г.С. /, Алматы,
2000 г.
Мәселен, ұлттық банктер жүйесіне бақылау жасауды ақша айналымының бақылаушылары (ары қарай КДО), ал штаттар банкілерінің жүйесіне – штаттардың банктік департаменті жүзеге асырады.
КДО – қазынылық (казначействолық) орган. Оған 4,9 мың ұлттық банкілер бағынады. Ұлттық банктер дегеніміз – федералды өкіметтен рұқсат алған банктер. КДО ұлттық банк құруға рұқсат береді, оларға үнемі бақылау мен тексеру (ревизия) жүргізіп отырады, банктердің бөлімшелер ашуы туралы және олардың қосылуы (сляние) туралы берген өтініштерін қарайды.
Сонымен қатар банктерге бақылауды жүзеге асыратын органдарға - Федералдық Резервтік Жүйе (ары қарай ФРС) мен депозиттерді сақтандырудың федералдық корпорациясы (ары қарай ФКСД) жатады.
ФРС үш деңгейлі жүмыс органдарынан – басқарушылар Кеңесінен; 12 федералдық резервтік банктерден; ФРС –қа мүше 6 мыңдай банктерден тұрады. Оның басты критерйі осында, яғни жергілікті банктердің мүдделерімен есептесе отырып, басқаруды шамадан тыс орталықтандыруға жол бермеу.
Сондай – ақ ФРС – қа 1056 штаттық банк тікелей бағынады. Штаттық банктер дегеніміз – штат өкіметінен рұқсат алған банктер. Бұдан басқа ФРС заң бойынша банктік холдинг – компанияларға қадағалауды жүзеге асырады.
Елдің бүкіл ақша және банк жүйесінің тұтқасы ФРС – тің басқарушылар Кеңесі. Ол мемлекеттің ақша және банк жүйесіне жалпы басшылығы мен бақылауына жауап береді, сондай – ақ ақша – кредит саясатының барлық сұрақтарын шеше алатын және жүзеге асыра алатын қажетті өкілеттіктерге ие.
ФКСД – тәуелсіз федеральді ведомство болып есептелінеді. Ол ФРС – қа мүше емес сақтандырылған штаттық банктерге бақылау жүргізеді. ФКСД негізінен депозиттерді сақтандырумен айналысады, бірақ кез – келген банкіні тексере алады.
Штаттардың банктік департаменті (БДШ) штаттық банктерге банктік операциялар жасауға рұқсат береді және оларды тексеріп отырады.
Сонымен қатар кейбір кредиттік мекемелер тобының жұмысын бақылап отыратын үкіметтік емес органдар да бар. Мысалы, Америкалық банкирлер ассоциациясы, тәуелсіз банкирлер ассоциациясы.
Германияда банктерге бақылауды – банктердің үстінен бақылау жасайтын орган Федералдық ведомство жүзеге асырады. Ол өзінің жұмысын Орталық банкпен келісімді түрде атқарады.
Францияда банктерге қадағалауды Франция Банкінің банк басқармасы жетекшілік ететін бірнеше комитеттер атқарады. Соның бастысы банктерді реттеу Комитеті. Ол банктерге капиталдың жеткіліктігіне, несие саясатына, өтімділігіне, төлем қабілетіне т.б. байланысты операцияларға стандарттар белгілейді3....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру