Экономика | Алматы Қанты кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау

 Экономика | Алматы Қанты  кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау

Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................3
1. Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы...........................5
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні....................................................5
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері.......................8
1.3 Еңбек өнімділігіне әсер ететін факторлар.............................................15

2. «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігін талдау...................17
2.1 «Алматы Қанты» кәсіпорынында еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін есептеу......................................................................................................17
2.2 Еңбек өнімділігін көп факторлы талдау және болжау.........................21

3. Еңбек өнімділігін жоғарылату...................................................................25
3.1 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың жолдары........................................25
3.2 Еңбек өнімділігін жоғарылатудың тиімділігі.......................................28

Қорытынды.....................................................................................................32

Пайдаланған әдебиеттер................................................................................33

Қосымша.........................................................................................................34

1.Қазіргі жағдайларда еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы.
1.1 Еңбек өнімділігінің түсінігі және мәні.
Еңбек өнімділігі әртүрлі жағдайлармен анықталынады, соның ішінде жұмысшы өнерінің орташа деңгейі, ғылымның даму деңгейі, ғылымда технологияны пайдаланудың дәрежесі, өндірістік үрдістің қоғамдық комбинациясы, өндіріс құралдарының өлшемі мен тиімділігі, табиғи жағдайлар. Еңбек өнімділігінің индексі бірден аз, бірге тең, бірден көп болуы мүмкін, ол өнім бірлігін өндіруде еңбекті үнемдеу деңгейіне тәуелді. Мысалыға өнім бірлігін өндіруде еңбек шығындары 20%-ке азайса, еңбек өнімділігі 25%-ке көбейеді. Егер өнім бірлігін өндіруде еңбектің шығындары сол қалпында қалса, онда еңбек өнімділігінің индексі 1-ге тең болады. Өнім бірлігін өндіруде еңбек шығындарының көбейуі кезінде еңбек өнімділігінің индексі бірден аз болады. Бұл құрал-жабдықтардың ескіруі кезінде, табиғи жағдайлардың күрделенуі кезінде және т.б. болуы мүмкін. Өнім өндірісінің еңбек сыйымдылығының өзгеруі мен еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің тәуелділігі мынадай гиперболамен көрсетіледі: у=1/х
Еңбек өнімділігі деп отырғанымыз материалдық игіліктерді өндіру сферасында адамдар қызметінің жемісті (нәтижелі) дәрежесі. Демек, еңбек сияқты еңбек өнімділігі де материалды өндіріс сферасына қатысты болады. Еңбек өнімділігі-белгілі бір еңбектің уақыт бірлігінде белгілі бір өнім көлемін өндіру қабілеттілігі. Еңбек өнімділігі материалды өндірістегі еңбек шығындарының тиімділігін сипаттайды және жұмыс уақытының бірлігінде өндірілетін өнім көлемімен немесе өнім бірлігін өндіруге кеткен еңбек шығындарымен анықталынады.
Еңбек өнімділігі-бұл жалпы көрсеткіш. Ол бір жұмысшының немесе өндірістік коллективтің уақыт бірлігінде өндіретін өнім көлемін бейнелейді және өндірістің тиімділігін сипаттайды.
Еңбек өнімділігі-бұл еңбек шығындарының тиімділігі. Ол жұмысшының уақыт бірлігінде өндіретін өнім көлемімен немесе өнім бірлігін құрастыруға кеткен жұмысшының уақыт шығындарының шамасымен белгіленеді.
Еңбектің жеке өнімділігін (берілген өнімді шығаруға кеткен тек тірі еңбектің шығындары) және қоғамдық өнімділігін (өнім өндіруге кеткен жиынтық шығындар: тірі еңбек шғындары, затталған шығындар) ажыратып көрсетуге болады.
Техникалық прогресстің дамуына байланысты затталған еңбек шығындарының үлесі көбейеді, алайда өнім бірлігіне кететін тірі еңбек шығындары мен затталған еңбек шығындарының абсолютті мөлшері қысқарады. Бұл қоғамдық еңбек өнімділігін жоғарылатудың мәні. Қоғамдық еңбек өнімділігі қоғамдық өндірістің тиімділік критерийі болып табылады. Ал жеке еңбек өнімділігіне келетін болсақ, ол бұл функцияны толық мөлшерде орындай алмайды. Мысалыға, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту немесе оның ассортиментін жетілдіру мақсатында еңбек шығындарын ұлғайту қажеттілігі туады, бірақ бұл ұлғайту келесі кезекте сапалы өнімді қолдануда еңбекті көп үнемдейді.
Еңбек өнімділігі өсуінің мағынасы ол өндірісті кеңейтудің негізгі шарты болып табылады. Шығарылатын өнімнің көлемін ұлғайту, жұмысшылардың санын ұлғайту нәтижесінде жетуге болады, егер де әрбір қосымша алынған жұмысшы өнімнің өсімшесін ғана емес, табыстың өсімшесін де берсе.
Жұмысқа алынатын адамдар саны шектеулі болады. Жұмысшылар санының ұлғаюы, яғни әрбір қосымша бірлігі өнімнің сомасына аз мөлшерін қосады да өнім өсімшесі әрбір адам үшін азырақ болады. Сондықтан адамдар саны шекті өнімнің, яғни өнімнің максималды өсімшесімен, максималды мәнімен анықталынады.
Еңбектің шекті өнімі дегеніміз өндіріске қосымша бір еңбек бірлігін енгізу есебінен болатын шекті өнім (МР). Өнімнің көлемін үздіксіз көтеру еңбек өнімділігінің жоғарылауын білдірмейді. Еңбек өнімділігі шекті өніммен анықталынады. Ал шекті өнім (МР) еңбектің шекті өнімі болып табылады. Еңбек өнімділігі еңбек етушілердің өмірлік деңгейін сипаттайды. Өмір деңгейі өндірілген өнімнің жалпы санының өсуі есебінен жоғарылайды. Мемлекет бойынша еңбек өнімділігінің өсу темптерін басқа мемлекеттермен салыстырып отыру керек. Мысалыға АҚШ-та шығарылатын өнім көлемінің өсу темптерінің тенденциясы халықтың жан басына шаққанда 1984 жылы басқа Жапония, Франция, Германия сияқты мемлекеттерге қарағанда жоғары. Бірақ еңбек өнімділігінің өсу темптері бойынша ең төмен. Бұл деп отырғанымыз еңбек өнімділігі өсуінің басты көзі болып жиналатын капитал өсімі табылады. Оның көбеюі құрал-жабдықтардың сандық және сапалық өзгерісін білдіреді. Өз кезегінде бұл-әрбір жұмысшы 1 жұмыс сағытында өнімді көбірек өндіреді деген сөз. Еңбек өнімділігі өсуінің ең жоғары темптері Германия мен Жапонияда, ол экономиканы құрылымдық қайта құру есебінен болды.
Сонымен қатар еңбек өнімділігінің өсуі экономиканың шикізаттық бағытымен байланысты. Мұнай, табиғи газ, түсті металлдар және т.б. шикізат ресурстарының запастары азайғанынан бір жұмысшыға шығатын өнім азаяды.
Нарықтық экономикада орташа өнім (АР) өнім сомасының (Q) еңбектің бір бірлігіне қатынасымен анықталады: АР= Q : L Осылайша кәсіпорындағы өнім саны алғашында динамикалық түрде өседі, содан кейін төмендейді. Бұл орташа өнімге өз әсерін тигізеді. Өндіріске қосымша еңбек бірлігін енгізу есебінен өнімнің сомалық мөлшері өзгереді, бұл еңбектің шекті өнімін көрсетеді: МР=▲ Q :▲ L . МР мәні алғашында жоғарылайды, содан кейін төмендейді.
1.2 Еңбек өнімділігін өлшеудің әдістері мен көрсеткіштері.
Әртүрлі мекемелерде бар резервтерді бағалау және еңбек өнімділігінің деңгейін өлшеу үшін бірнеше жыл бойынша еңбек өнімділігінің динамикасын білу үшін еңбек өнімділігін дұрыс (объективті) өлшеу маңызды болып табылады.
Еңбек өнімділігін өлшеу мен болжау жасау кәсіпорынның ішкі іс-әрекеті болып табылады. Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайында еңбек өнімділігін өлшеу өндірісті тек оперативті жоспарлау кезінде ғана, операциялардың жалғасуын синхрондау мақсатында жүзеге асырылады. Еңбек өнімділігі натуралды, еңбек, құндық түрдегі көрсеткіштермен көрсетілуі мүмкін. Еңбек өнімділігін анықтау, оны жоспарлау және есепке алу үшін екі көрсеткішті пайдаланады: өнім шығару көлемі бұл еңбек өнімділігін сипаттайтын, бір уақыт бірлігінде (минутта, сағатта, күнде, жылда)өндірілтін өнім санын көрсететін көрсеткіш. Бұл көрсеткіш көбінесе ақшалай түрде, кей жағдайда натуралды түрде (дана, тонна, метр) белгіленеді. Келесі көрсеткіш еңбек өнімділігін өлшеу үшін берілген уақыт кезеңінде (ай, квартал, жыл) бір орта тізімдік жұмысшыға орташа қанша өнім өндірілетінін көрсететін көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір жұмысшыға келетін орташа өнім шығару көлемі деп аталады және еңбек өнімділігінің ең тараған және универсалды көрсеткіші болып табылады.
Еңбек өнімділігінің деңгейін бір өнім бірлігіне кететін еңбек шығындары ретінде көрсетуге болады, яғни өнімнің еңбек сыйымдылығы ретінде. Өнімнің еңбек сыйымдылығы-өнімнің бір бірлігіне кететін негізгі өндірістік жұмысшылардың жұмыс уақытысы немесе белгілі бір жұмысты минутта, сағатта, жұмыс күндерінде орындауды көрсететін экономикалық көрсеткіш. Өндірістің еңбек сыйымдылығы-өнеркәсіптік өндірістік персоналдың өнім бірлігін өндіруге кететін еңбек шығындары. Бұл көрсеткіш адам-сағатпен (норма-сағат) өлшенеді. Еңбек сыйымдылығының келесі көрсеткіштерін ажыратады.
Өндірістік еңбек сыйымдылығы-өнім өндіру процесіне тікелей және жанама қатысатын, барлық жұмысшылардың еңбек шығындарының сомасы. Өз кезегінде өндірістік еңбек сыйымдылығы технологиялық еңбек сыйымдылығына, көлік-қойма жұмыстарының еңбек сыйымдылығына және жөңдеу-қызмет көрсету жұмыстарының еңбек сыйымдылығына бөлінеді.
Технологиялық еңбек сыйымдылығы еңбек құралдарының сапалы өзгерісімен байланысты барлық орындаушылардың еңбек шығындары. Көлік-қойма жұмыстарының еңбек сыйымдылығы еңбек құралдарын, дайын өнімді тасымалдаумен және сақтаумен айналысатын барлық орындаушылардың еңбек шығындары. Жөңдеу-қызмет көрсету жұмыстарының еңбек сыйымдылығы өндірісті жөңдейтін және оған қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың еңбек шығындары.
Басқарудың еңбек сыйымдылығы-қызметкерлердің, мамандардың, басшылардың еңбек шығындары.
Берілген кәсіпорында бүкіл өнеркәсіптік өндірістік персоналдың (ӨӨП) еңбек шығындары бұл толық фабрика-заводтық еңбек сыйымдылығы. Ол өндірістік еңбек сыйымдылығынан және өндірісті басқарудың еңбек сыйымдылығынан тұру керек.
Қойылған мақсаттарға байланысты еңбек өнімділігін өлшеудің келесі негізгі әдістерін қолдануға болады: натуралды, еңбектік, құндық.
Еңбек өнімділігін өлшеудің ең қарапайым әдісі-натуралды. Мұнда натуралды өнім бірлігі (дана, тонна, метр) адам-сағат, адам-күн, адам-жылда істелген уақыт қатынасымен анықталынады. Натуралды әдіс кәсіпорын ішіндегі еңбек өнімділігін өлшеу кезінде кең қолданылады: жұмыс орындарында, бригадаларда, жеке учаскілерде, әсіресе біртекті өнім өндіретін салаларда. Егер цех бір бағыттағы өнімді өндірсе, бірақ бір белгісімен ерекшеленетін болса, онда өнім шығару көлемі шартты бірліктермен (шартты-натуралды әдіс) анықталынады. Мысалыға отынның әр түрлерін өлшеу үшін, бір өнім бірлігін шартты түрде 1000 калорий етіп белгілейді. Бірақ бұл әдісті қолданудың тәжірибелік мүмкіндіктері шектеулі, себебі кәсіпорындар әр текті өнімді шығарады. Сонымен қатар еңбек өнімділігін натуралды түрде өлшеген кезде өнім сапасы, еңбекті үнемдеу нәтижелері ескерілмейді.
Еңбек өнімділігінің деңгейін еңбектік әдіспен өлшеу өндірілетін өнімнің еңбек сыйымдылығы туралы мәліметтерді қолдануға негізделген: өнім көлемі жұмыс уақытының бірлігімен бағаланады, содан кейін нақты істелген уақытқа жатқызылады. Сонымен, өнім саны мен оны өндіруге кеткен еңбек шығындары арасында тікелей байланыс қалыптасады. Еңбектік әдіс өнімнің дайындық деңгейіне (бұйым, жартылай фабрикат, аяқталмаған өндіріс) байланыссыз барлық өнім түрлеріне қолданылады. Бірақ бұл әдістің бірнеше кемшіліктері бар. Біріншіден, ол еңбекті нормалау жақсы ұйымдасқан кезінде ғана еңбек шығындары мен оның нәтижелері тура өлшеуді қамтамасыз етеді. Бұл әдіс нормалардың тұрақтылығын талап етеді, бірақ ол еңбек үрдісінің ұйымдастырушылық техникалық шарттарын жетілдіру кезінде ұдайы өзгеріп отырады. Екіншіден, осы уақытқа дейін белгілі бір жұмыс түріне немесе жұмыс функцияларына еңбек сыйымдылығының сенімді нормативтері жоқ.
Тәжірибеде көп тараған әдіс құндық (ақшалай). Ол өндірілетін өнім көлемінің құндық көрсеткіштеріне негізделген. Құндық әдіс кезінде еңбек өнімділігін өндірілген өнім көлемін ӨӨП-дың орташа тізімдік санына бөлу арқылы есептелінеді. Еңбек өнімділігін өлшеудің құндық әдісі әртүрлі түрлерін қамтиды, ол өндірілген өнімнің әртүрлі құндық түрлеріне байланысты (тауарлық, жалпы, өткізілген, таза, нормативті-таза). Жалпы, тауарлық, өткізілген өнім бойынша есептелінетін еңбек өнімділігінің көрсеткіштері ұқсас артықшылары мен кемшіліктері бар. Басты кемшіліктері ол өнімділік деңгейінің өткен еңбек шығындарының тірі еңбек шығындарына қарағанда шартталуы. Жалпы өнім бойынша есептелінетін өнімділік мөлшеріне шығарылатын өнімнің ассортиментінің өзгеруі, басқа кәсіпорындардан алынатын кооперирленген жеткізу көлемінің өзгеруі, аяқталмаған өндіріс көлемі, өнімге бағалардың әртүрлілігі мен динамикалығы теріс әсер етеді.
Аяқталмаған өндіріс көлемі біршама тұрақты және онша үлкен емес, көптеген кәсіпорындарда еңбек өнімділігі тауарлық өнім арқылы анықталынады. Бірақ егер кәсіпорын өнім шығаруға көп еңбек шығарып оны толық дайын күйде жеткізбесе, онда дайын тауарлық өнім бойынша еңбек өнімділігін өлшеу нақты өнімділік деңгейін төмендетеді.
Өткізілген өнім бойынша еңбек өнімділігін өлшеу бұл тұтынушыға жіктелген және толық төленген дайын өнімді есепке алу. Бұл жағдайда кәсіпорын жұмысының тиімділігі ұжым қызметіне тәуелсіз себептермен анықталады. Жетілдірілген әдістерді іздеу таза өнім мен оның әртүрлерін пайдалануға алып келді.
Таза өнім-өндірістің материалды шығындарын алып тастағанда кәсіпорынның көтерме бағалардағы құны. Таза өнімнің шартты-таза өнім мен нормативті таза өнім түрлері бар. Шартты-таза өнім өзіне амортизация сомасын қосады. Шартты-таза өнімді өндірісті жоспарлауда және еңбек өнімділігін жоспарлауда қолдану мүмкіндігі көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындарда тексеріліп, күтілетін нәтижелер берген жоқ. Бұл нақты бұйым бойынша рентабельділіктің үлкен айырмашылықтарына байланысты. Көтерме бағасындағы пайда бөлігінің үлкен тербелістеріне байланысты өнім өндірісінің әртүрлі рентабельділігі таза өнім динамикасына және көлеміне тауарлы өнім көлеміне қарағанда жоғары деңгейде әсер етеді. Демек, таза өнім бойынша есептелінетін еңбек өнімділігінің көрсеткіші көтерме бағадағы пайда бөлігіне жоғары деңгейде байланысты болады.
Таза өнімді нормативті әдіспен жоспарлау кезінде алғашқы кезектегі рентабельділігі жоғары бұйымдарды шығару ұмтылысы түседі, себебі жеке өнім түрлері бойынша пайда мөлшері орташаланады. Осы кезеңге дейін өнім өндіруді көлемін өлшеуді әртүрлі әдістері туралы сөз болды, яғни оның негізінде есептелінетін өнімділік көрсеткіші. Алайда, өнімділік көрсеткіші тек бұл көрсеткішке ....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру