География | Азиядағы жаңа индустриялы елдер
[b] Мазмұны
КІРІСПЕ
1 Азиядағы жаңа индустриялы елдерге экономикалық-географиялық сипаттама
1.1 Географиялық орны мен табиғат жағдайлары, тарихи
қалыптасуы ................................................................................................8-13
1.2 Халық, еңбек ресурстары және демографиялық проблемалары ..13-17
2 Азиядағы жаңа индустриялы елдер экономикасы
2.1 Азиядағы жаңа индустриялы елдердің экономикасының дамуындағы жетістіктер .....................................................................18-23
2.2 Туризмнің қазіргі даму жағдайы ...................................................23-24
Қорытынды………….............................................…....................................25-26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …….......………..............……..................27
Қосымша .........................................................................................................28-30/b]

1.1 Географиялық орны мен табиғат жағдайлары, тарихи қалыптасуы
1-сызба. Азияның төрт жолбарысы
Тайвань
Ел атауы: Тайвань Республикасы;
Жер көлемi: 36 мың шаршы шақырым;
Халық саны: 21 миллион адам;
Астанасы: Тайбэй қаласы;
Ақша бiрлiгi: жаңа тайвань доллары.
Тайвань аралы Қытай жағалауынан 166 шақырым қашықтықта орналасқан. 349 шақырым ұзындық пен 144 шақырым ендiкте созылып жатқан аралдың жалпы жер көлемi 35563 шаршы шақырымды құрайды. Тайваньның маңындағы Пенгху, Ланью, Лиучиу, Кинмен, Матсу аралдары осы республиканың қарамағына қарайды. Ал аралдағы Юйшань тауы (биiктiгi - 3952 метр) солтүстiк-шығыс Азиядағы Тибеттен кейiнгi ең биiк тау болып есептеледi. Жалпы Тайвань өсiмдiк және жануар әлемiне мейлiнше бай болғанымен, экономиканы көтеру жылдарында батыс жағалаудағы табиғи ортаның бүлiнуiне жол берiп алады. Осының әсерiнен да аралдағы көптеген жануарлар дүниесi жойылып кеткен. Бiрақ соған қарамастан бүгiнде аралда 67 қорық пен 6 ұлттық саябақ бар. Тайвань негiзiнен субтропиктi белдеуде жатқандықтан, жауын-шашын мөлшерi өте жоғары. Ел астанасы - Тайбэй қаласы. Қала шетелдiк туристердi зәулiм құрылыстарымен тартады. Биiктiгi 508 метр Тайбэй-101 құрылысы әлемдiк рекордты ұстап келген Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы «Петронас» аталатын егiз-сарайдан 50 метр биiк. ХҮII ғасырға дейiнгi Тайвань аралы жөнiндегi деректер Қытай тарихында өте мардымсыз. Ғасырдың басында аралға испан және голландиялық зерттеушiлер алғаш табан тiресе, 1950 жылы Португалия саяхатшылары жаңа мекенге Формоза (Көрiктi арал) есiмiн еншiлейдi. Ал 1661 жылы орталық Қытайдан қашып келген Чжэн Чэнгун аралды нидерландылықтардан тартып алады да, араға жиырма жыл сала, Тайваньға Қытайдан 200 мың адам қоныс аударады. Осылай арал Қытайдың отар елiне айналып, Фуцзянь провинциясына қосылады. 1886 жылы Тайваньға өз алдына провинция дәрежесi берiлгенiмен, тоғыз жылдан кейiн арал Пескадор, Рюкю аралдарымен бiрге Жапонияға берiлдi. Бұл әрекет 1894-1895 жылдары болған Қытай-Жапон соғысы нәтижесiнде бекiтiлген Симоносек келiсiмi бойынша жасалған болатын. Жапония Тайваньға өз тiлiн енгiзумен қатар, елдiң денсаулық саласын, ауыл шаруашылығы мен энергетикалық қорларын, сонымен бiрге транспорт-коммуникация саласын да көтердi. Ал II дүниежүзiлiк соғыс уақытында Тайвань Жапонияның Тынық мұхитына енетiн тiрек нүктесi қызметiн атқарған. 1945 жылы арал Қытайға қайтарылды. Алғашқы жылдары ел губернаторы Чэньнiң билiгiне қарсы болған тайваньдықтар көтерiлiске шыққанымен, Қытайдағы азаматтық соғыс коммунистердiң жеңiсiмен аяқталған тұста билiкке келген Чан Кайши Тайваньды «үлгiлi провинция» етiп көрсету арқылы аралды инфрақұрылымдық жағдайын жақсартып тастайды. Чан Кайши Тайваньда аграрлық реформа жүргiзедi. Осы реформа негiзiнде де кедей, дамуы жағынан артта қалған аралдық провинциядан өндiрiстi, тұрақты даму жолына түскен Тайвань республикасы жетiлiп шықты[1].
Сингапур
Ел атауы: Сингапур Республикасы;
Жер көлемi: 0,6 мың шаршы шақырым;
Халық саны: 4,6 миллион адам;
Астанасы: Сингапур қаласы;
Ақша бiрлiгi: АҚШ доллары.
Аңызға сенсек, Суматра ханзадасы аралға аяқ басқаны сол екен, теңізде арыстан басты тіршілік иесін байқайды. Содан бері арыстанбасты балық туралы аңыз осы кезге жеткен. Қызыл көзді арыстан аралды жауларынан қорғап, тіпті күлге айналдырып жіберетін қасиетке ие болған көрінеді. Содан да аралға Sіnga Pura деген атау берілген. Санскрит тілінен аударғанда ол “арыстан қала” дегенді білдіреді. Егер Сингапурға бара қалсаңыз, қаланың ең көрікті жеріне, судың жағасына аузынан су атқылаған арыстанбасты, балық құйрықты мүсінді көресіз. Бұл ХІV ғасырдан жеткен мистикалық жануардың құрметіне қойылған белгі әрі мемлекеттің символы да. Жай символ емес, өркениетті¬ліктің айбыны деп қарастыруға да болар. Қалай болған күнде бұл құбылыс кім-кімді болса да бей-жай қалдырмасы анық.
Малакка түбегінің оңтүстігінде орналасқан Сингапур мемлекеті Оңтүстік-Шығыс Азия¬дағы аралдық мемлекет болып табылады. Сингапур атауы аралға, осындағы өзенге және қалаға да қатысты аталады. Тұтастай аумағы 697,1 шаршы шақырым (ұзындығы – 42, ені – 23 шақырым) ғана. Халқының саны 4,2 миллион адам болса, сонда әрбір шаршы шақырымға 4884 адамнан келеді. Бұл Сингапур әлемдегі халқы ең тығыз орналасқан мемлекеттердің бірі деген сөз. Мұнда малай тілі – мемлекеттік, ал қытай, тамил және ағылшын тілдері ресми. Аралдың байырғы тұрғындары – малайлықтар. Аралды ағылшындар отарлап алғаннан кейін сауда-саттық қарқын алған. Қытай, Үндістан, Еуропа және өзге де елдерден көптеген адам осында қоныс аударып, орныға бастаған. Қазіргі таңда арал халқының 76,2 пайызын – қытайлықтар, 13,8 пайызын – малайлықтар, 8,3 пайызын – үнділер және 1,7 пайызын өзге ұлт өкілдері құрайды. Соның ішінде 32 пайызы – будда, 22 пайызы – даосизм, 15 пайызы – мұсылман, 15 пайызы христиан және 4 пайызы үнді дінін ұстанады. Сондықтан да болар, Сингапур президенті С.Натан Қазақстан Пар¬ламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед¬жановпен болған әңгімесінде арал тұрғында-рының мәдениеті мен өзге де ерекшеліктерін ескере отырып, сингапурлық біртектілік құру қажеттігі жөнінде жан-жақты айтып берді. Мұндағы билік басындағылардың құрамы түрлі ұлт өкілдерінен тұрады. Мысалы, Сингапур президенті тамил болса, үкімет басшысы – қытай, ал парламент спикері –– малай.
Сингапурлықтар арасында дініне, ұлтына, түр-түсі мен өзге де ерекшеліктеріне қарамас¬тан, адамның жақсы қасиеттерін бағалайтын түсінік қалыптасқан. Қоғам арасында “жақсы адам” деген бағаға ие болған адам ғана билік табалдырығынан жоғары көтерілетіндей жүйе құрылған десе де болады. Яғни, білікті де білімді, таза да алғыр адам ғана жоғары лауа¬зым¬дарға иек арта алады. Тағы бір айта кетер¬лігі, мұнда мемлекеттік шенеунік жеке секторда жұмыс істейтін менеджерлерден жалақы алып тұрады. Баспана мәселесі де 85 пайызға дейін шешімін тапқанға ұқсайды. Әрбір ауданда қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп, тұрғын үйлердің күтімі жергілікті атқарушы органдардың мойнына жүктелген. Күтім дұрыс болуы үшін баспана иесіне басыбайлы жекешелендіріліп те беріледі екен. Егер біреу-міреу пәтер алғысы келсе, онда ол 2,6 пайыз¬дық үстемемен 30 жылға дейін шарт жасасуы керек. Оны осындағы Тұрғын үйді дамыту жөніндегі комитетіне келіп рәсімдеуге болады. Басымдық балалы отбасыларға беріледі. Екінші дәрежедегі банктердегі үстеме 3,5 пайыз болса, сингапурлықтар оның өзін көпсінетін көрінеді. Ал бізде 15 пайыздық үстемемен 15 жылға ғана ипотекалық несие берілмеуші ме еді?.. Осы ретте айта кетерлігі, мұнда зейнетақы қорындағы ақшаға пәтер сатып алуға мүмкіндік жасалған. Бірнеше адам қосылып, бір пәтер сатып алуына да болады. Мысалы, қаланың шеткері жағындағы 100 шаршы метрлік пәтер бағасы 97 мың АҚШ доллары көлемінде көрінеді. Жоғары жалақы алатын елде бұл айтарлықтай ауыртпалық түсірмесе керек.
Қолы мен ары таза емес пенделер қайда болмаған. Аралда жемқорлыққа қарсы күрес бюросы жұмыс істейтін көрінеді. Аталған құрылым тікелей премьер-министрге бағын¬ғанымен, егер оның заңсыз әрекеттерін байқап қалса, онда үкімет басшысының ісін тексеру үшін бюро президентке жүгіне алады. Бірде әлгі бюроның бір қызметкері күдікке ілігіп, тексере келгенде оның заңсыз әрекеттері анықталған. Содан кейін барып бюроның бұрынғы директоры өзі бастап, қызметкер¬лерімен жалған мәліметті анықтайтын детектордан өздерін толық тексеруден өткізіпті. Басты мақсат – ¬жаңағыдай абыройсыз істің екінші рет қайталанбауы. Әрине, жемқорлыққа барған адам Сингапурда оңай жазадан құтыла алмайды. Заңсыз жолмен талан-таражға түскен қаржы түгел дерлік мемлекетке қайтарылады. Мемлекет аударған оның зейнетақы қорындағы жинақталған қаржы да өндіріліп алынады. Одан қалса, дүние-мүлкі тәркіленіп, айыпты 7-8 жыл жазасын өтеу орындарына жіберілуі мүмкін. Жазасын өтеп келгеннен кейін де оған ешқашан мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне жол берілмейді. Әрине, атақ-шеніне қарамастан, мұндай қатаң жазалаулардан кейін ешкім лас тірлікке бара қоймайтыны өзінен-өзі түсінікті де[2].
Корея Республикасы
Ел атауы: Корея Республикасы;
Жер көлемi: 99,6 мың шаршы шақырым;
Халық саны: 48,3 миллион адам;
Астанасы: Сеул қаласы;
Ақша бiрлiгi: корей вонасы.
Корея түбегінің оңтүстігінде орналасқан Корея Республикасының құрамына Жапон және Сары теңіздегі 3 мыңдай ұсақ аралдар енеді. Бұл аралдардың тек 400-ден астамында ғана тұрақты қоныстар бар, ең ірісі – Чеджудо аралы. Жағалау бойымен континенттік қайраң жолағы созылып жатыр, мұнда судың тереңдігі 100 м-ден аспайды. Жағалауда балық қрына бай, соңғы жылдары мұнда мұнай барлау жұмыстары жүргізілуде.
Ел аумағының 70 ℅-ға жуығын аласа таулар алып жатыр. Гранитті жартастар мен кішігірім сарқырамалар таулы өңірге айрықша сән береді. Сейсмикалық жағдай көршілес Жапониямен салыстырғанда тұрақты, ел аумағында сөнбеген жанартаулар жоқ және күшті жер сілкінулер болмайды. Кішігірім жазықтар елдің батысы мен орталығында және өзендердің сағасында орналасқан, олар көбінесе күріш егуге қолайлы. Корея жері пайдалы қазбаларға кедей; тек вольфрам кенінің дүниежүзілік маңызы бар. Сонымен қатар кварц, алтын мен темірдің, мырыштың шағын кен орындары кездеседі.
Географиялық орнының ерекшелігіне байланысты ел аумағында ылғалды шығыс Азиялық муссондық климат тән. Жазғы муссон мол жауыш-шашын әкеледі, оның 70 ℅-ы маусым мен қыркүйек аралығында түседі. Чеджудо аралында жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 1500 мм-ге жетеді. Күшті нөсерлермен қоса, жаз кезінде күшті ыстықтар да байқалады; 1943 жылдың тамызы мен 1994 жылдың шілдесінде ауа температурасы +40ºС-қа жетеді. Қыс кезінде суық, құрғақ ауа райы орнайды. Корейлердің негізгі кәсібі – күріш егу. Бірақ оншақты жылда бір рет болатын «құрғақшылық» (жылдық жауын-шашын 1000 мм-ден кем жылдар) күріш шаруашылығына зиянын тигізеді.
Корея өзендері қысқа болғанымен мол сулы, жазғы муссон кезінде су тасқындары жиі болады. Кезінде өзендердің су жолы ретіндегі маңызы зор болған, елдегі ірі қалалардың көбі өзен бойындағы порттар негізінде қалыптасқан. Қазіргі кезде өзен сулары күріг егістігін суаруға пайдаланылады. Ел аумағында 4 мыңнан астам өсімдік түрі кездеседі. Жазықтарда қоңыржай белдеудің жалпақ жапырақты ормандары, ал оңтүстік жағалауда мәңгі жасыл өсімдіктер тобы (жапон камелиясы, мәңгі жасыл емен, бензой ағашы) өседі. Өзен аңғарларының биіктігі 10 м-ден асатын бамбуктерді кездестіруге болады. Халық тығыздығының жыл сайынғы артуы табиғи ландшафтылар аумағын тарылтып келеді[3].
Гонконг
Ел атауы: Гонконг;
Жер көлемі: 1075 шаршы шақырым;
Халық саны: 5,8 миллион адам;
Астанасы: Гонконг;
Ақша бірлігі: гонконг доллары.
Жарты тәуелсiздiктiң аз жылында халқының әл-ауқатын көтерiп, озық елдердiң есебiне тiркелген мемлекеттер қатары көп емес. Оның iшiнде дүние тарихында бодауға берiлiп, бақуатты елге айналып шыға келген Гонконг пен Тайванның алатын орны ерекше. Аждаһа бейнелi алып Қытайдың қолтығына сұғынып жатқан шағын ғана қала-мемлекеттiң тәлейiне тоқсан тоғыз жыл бойына ағылшын жұртының дәргейiне бас ұру жазылыпты. Гонконг тек 1997 жылдың 1 шiлдесiнде ғана Ұлыбританияның Қытаймен жасасқан 99 жылдық жалға алу мерзiмiнiң аяқталуына орай Қытай қарауына толықтай көшiп, арнайы әкiмшiлiк аудан болып бекiтiлдi. Дегенмен Ұлыбритания отары боламын дегенше тарихи, шығыстық Сянган атын сақтап келген қаланың тарихы сонау ХҮI ғасырдан бастау алады. Ал Тайвань 50 жыл Жапонияның қоластында күн кештi. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс бiтiсiмен Қытайға керi қайтарылған аралдық елдiң екпiндi даму үдерiсiне түскенi белгiлi. Екi елдiң де өнеркәсiптiк экономикасынан Қазақстан үшiн алар үлгi мол. Гонконг Дунцзян өзенi сағасы тұсынан Оңтүстiк Қытай теңiзiнiң оңтүстiк-шығыс жағалауы бойымен созылып жатыр. Қаланы айнала орналасқан бiрнеше аралды қоса есептегендегi Гонконгтың жер көлемi 1097 шаршы шақырымды құрайды. Осындай алақандай аймақты алты миллион адамның мекендейтiнiн ескерсек, Гонконгтағы халықтың қоныстану тығыздығы әлем бойынша жоғарғы нүктеде екенiне көз жеткiзуге болады. Айта кетерлiк жайт, Сянган халқының 95 пайызы – этникалық қытайлықтар. Соған қарамастан, елдегi ең көп қолданылатын тiлдер – ағылшын мен қытай тiлiнiң катонездiң диалектiсi болып табылады. Гонконг ресми түрде Коулун түбегi, Гонконг аралы, «жаңа мекендер» және «алыс аралдарға» бөлiнген. Ал бұл кiшiгiрiм аралдардың жалпы саны 260-ты құрайды. Оның iрiлерi – Чеунг Чау, Ламма, Лантау, Пенг Чау, Чек Лаб Кок және басқалар. Елдiң әкiмшiлiк орталығы – Сянган қаласы. Сонау 1839 жылы Қытайдың Кантон қаласынан қысым көрiп қуылған ағылшын есiрткi сатушылары ол кезде тұрғындарының саны 4 мыңнан аспайтын осы Сянган аралына қоныс тебедi. Ал өз адамдарына қысым көрсеткенi үшiн Британ үкiметi қытайлықтарға қарсы әскери шабуылдар ұйымдастырып, жеңiске жету арқылы 1842 жылы Гонконгты өз меншiгiне өткiзiп алады. Тек араға 56 жыл салып, Ұлыбритания мен Қытай арасындағы жердi жалға беру келiсiмiнiң нәтижесiнде, жоғарыда аталғандай, 99 жыл британдықтардың бодауында болған Гонконг 1997 жылы қайтарылып, Қытайдың арнайы әкiмшiлiк ауданына айналды[4].
1.2 Халық, еңбек ресурстары және демографиялық проблемалары
Адам – планетамыздың басты баға жетпес байлығы. Адамзат факторының қоғам өміріне барлық саласындағы алатын орны маңызды.Сол себепті оны зерттеп білудің мәні де зор.
Халық – елдің тек басты өндіргіш күші ғана емес, сонымен бірге көптеген ұлттардың бірлестіні. Халық ұғымының бірнеше мәні бар.
1-диаграмма. Азиядағы жаңа индустриалы елдердегі халық саны
Гонконг – жалпы халық саны 5,8 млн. адам. Бұл елде урбандалу дәрежесі өте жоғары. Урбандалу – 93℅-ы құрайды. Халықтың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 8 адам. Ұлттық құрамын төмендегі диаграммадан көруге болады.
2-диаграма. Гонконг халқының ұлттық құрамы
1111
Мұнда: 1. Халықтың 95℅-ын – қытайлықтар, 2. Өзге де ұлттар – 5℅-ын құрайды.
Гонконгта халық арасында ұстанатын діндер ала-құла таралған. Оны төмендегі диаграмада көруге болады.
3-диаграма. Гонконгта әлемдік діндердің таралуы
Мұнда: 1. Халықтың 74℅-ы –буддизм, 2. 8℅-ы – христиан, 18℅-ы - өзге де діндерді ұстанады.
Корея Республикасы – жалпы халық саны 48,3 млн.адам. Халық тығыздығы 1 км² 484 адамнан келеді. Халықтың 79℅-ы қалада тұрады. Ең ірісі – Сеул, оның тұрғындарының саны 11,2 млн. адам, яғни ел халқының 23℅-на жуығы.
Халықтың ұлттық құрамы біркелкі: ел тұрғындарының 99℅-ын корейлер құрайды. Оны төмендегі диаграммадан көруге болады.
4-диаграма. Корей халқының ұлттық құрамы
Мұнда: 1. Халықтың 99℅-ын – корейлер, 2. Өзге де ұлттар – 1℅-ын құрайды.
Бұл халық үшін өте сирек кездесетін құбылыс. Бұған мемлекеттің түбекте орналасуы, ұлттық менталитет себепші болды. Ежелден бері корейлер әулеттерге бөлінеді, әр әулеттің шежіре кітабы бар болады. Қазіргі кезде шетелдерде 5,5 млн. адамнан астамкорейлер бар. Олардың басым бөлігі Қытай, АҚШ пен Жапония азаматтарын құрайды. Дегенмен соңғы жылдары репатриация үрдісі жүруде.
Кореяда жергілікті ұлт өкілдерінен басқа, қытайлардың шағын тобы және елге жұмысқа келген шетел азаматтары тұрады. Корея ресми түрде 1994 жылдан бері көршілес елдердің азаматтарын келісімшарт бойынша жұмысқа қабылдай бастады. Олардың арасында қытайлар, непалдықтар, пәкстандықтар, вьетнамдықтар және т.б. бар. Соңғы жылдары Кореядағы шетел жұмысшылары қатарын Қазақстан азаматтары да бар. Ел халқының табиғи өсуі 7℅-ға жуық. Медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, жалпы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығы адамның өмір жасының ұзаруына себепші болды. Мысалы, қазіргі кезде бұл көрсеткіш ер адамдар үшін 72, әйелдерге 79 жасқа жетті. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, жасы 65-тен асқан адамдар саны артуда, олар ел халқының арасында 6℅-ы құрады. Керісінше 14 жасқа дейінгі балалар саны азайып кетті. Халықтың жыныстық құрамында ер адамдар санының артуы байқалуда; жаңа туған сәбилер бұл арақатынас 110:100-ге тең.
Кореяда денсаулық сақтау жүйесі өте тиімді ұйымдастырылған. Қатардағы медицина орталықтарымен қатар, арнайы шығыс медицинасының орталықтары ашылған. Медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істейді. Халықтың жоғарғы білім алу көрсеткіші жөнінен Канада мен АҚШ-тан кейінгі үшінші орынды алады. Кореяның әр адамның 100 мың тұрғынға шаққанда 4,5 мыңнан астам жоғары білімді азамат келеді.
Еңбек нарығында соңғы онжылдықта түбегейлі өзгерістер жүрді. Еуропа елдерімен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі өте төмен (5℅). Қазіргі кезде еңбекпен қамтылған 21 млн-ға жуық адамның 66℅-ы өндірістік емес салада жұмыс істесе, өнеркәсіпте 23℅-ы, қалған бөлігі орман және ауылшаруашылығында, барлық кәсіпшілігінде жұмыс істейді. Қазіргі кезде Корея Республикасы шетел жұмысшыларын қабылдауда; бұл елдің кәсіпорындарында арнайы .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: курстык Азиядағы жаңа индустриялы елдер жумыс курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар жобалар География курстық жұмыстар, Азиядағы жаңа индустриялы елдер