Саясаттану | ҚАЗАҚСТАН МЕН КАНАДАНЫҢ БАЙЛАНЫСТАРЫ

 Саясаттану | ҚАЗАҚСТАН  МЕН  КАНАДАНЫҢ  БАЙЛАНЫСТАРЫ

Мазмұны
Кіріспе...………………………………………………………………………….......3
І – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
І.1 Канаданың қазіргі экономикалық жағдайы..................................................4
І.2 Отын - энергетика кешені................................................................................7
І.3 Өңдеу өнеркәсібінің салалары........................................................................9
ІІ – тарау Канаданың халықаралық қатынастары
ІІ.1 Канаданың сыртқы экономикалық байланыстары...................................11
ІІ.2 Канада мен Қазақстанның қарым-қатынастары........................................12
А. Екі ел арасындағы байланыстың қысқаша тарихы...............................12
Ә. Канада - Қазақстан тараптарының кездесулері.....................................15
Б.Канадылықтар Қазақстан туралы...............................................................19
В. Қазіргі күндердегі инициативалар...........................................................23
Қорытынды…………………………………………………………………..........34
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Канада Солтүстік Американың солтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі бойынша бүкіл дүние жүзінді Ресей Федерациясынан кейін екінші орын алады. Оның құрлықта АҚШ - пен ғана шекарасы бар. АҚШ- пен көршілестігі - Канаданың саяси және экономикалық – географиялық жағдайын анықтайтын шешуші белгі. Шекараларының сумен ұласып жатуының үлкен маңызы бар. Ұлы көлдер жүйесін Атлант мұхитымен жалғастырып жатқан Әулие Лаврентий өзені елдің басты « теңіз қақпалары » қызметін атқарады және Африка Еуропа құрлықтарына баруға болады. Тынық мұхит арқылы Аустралияға баруға болады. Географиялық орны қолайлы. Оңтүстік және солтүстік батысында АҚШ – пен, теңіздер арқылы солтүстігінде Ресеймен, шығысында Гренландия аралымен шектеседі.
Канада табиғат жағдайлары мен ресурсқа өте бай, табиғат ландшафтысы Ресей жеріне ұқсас. Бұл жерде территорияның өте нашар игерілген жерлер өте көп. Жер көлемінің жартысына жуығы ағашты канадалық қалқан үлкен бөлігі – Лаврентий таулы қыраты , көлдер, қатал климаттың жерді игеруге кедергі келтіреді. Батыс және шығыс бөлігінде таулы жүйесі орналасқан. Оңтүстік шығысында Аппалач тауы, батыста Кордильер тауы. Оңтүстік бөлігі ғана игерілген. Елдің қатал табиғат жағдайлары Канаданың солтүстігі мен солтүстік батысында шаруашылық ісімен айналысу орын алмаған.
І – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
І.1 Канаданың қазіргі экономикалық жағдайы
Канада нарықтық экономикаға көшкен жоғары дамыған елдер сияқты постиндустриалдық даму кезеңіне өтті. Ол дүние жүзінде жалпы ұлттық табыс көлемі бойынша сегізінші орында ( 1994 жылы 570 млрд. доллар ), өнеркәсіп өнімінің құны бойынша – жетінші, сыртқы сауда айналымы бойвншв алтыншы орында тұрады. Жалпы ұлттық табыс көлемң бойынша жан басына шаққанда АҚШ– ты ғана алға жібереді ( 20 мың $ 23 мың $ қарсы ) . Бұл ел ауыл шаруашылық және өнеркәсіп тауарларын басты өндіруші елдер тобына жатады. Канадаға өндірістің жоғары көлемі, дамыған еңбектің географиялық бөлінуі, энергиямен жақсы қамтамасыз етілуі тән. Экономиканың басқа секторларына қарағанда өндірістік емес сала басым. Экономиканың құрылымы жайында экономикалық белсенді халық пен жалпы ұлттық табысына қарап білуге болады.
Канаданың мамандануы шикізат бағытының рөлі айтарлықтай басым. Тау– кен өнрекәсібі, энегетика мен ауыл шаруашылығы , орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін дүне жүзілік тауарлар саудасында жетекші орын алады. Канаданың дүние жүзілік шикізат экспортындағы үлесі 7% болса, өндірістің 17%– ы тиеді. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі басқа дамыған елдерге қарағанда төмен. Сыртқы сауда Канаданың шаруашылығында АҚШ– қа қарағанда рөлі зор ( ЖҰТ– ң ¼ 1/10 мен салыстырғанда ). Алайда Канаданың дүние жүзілік нарыққа тәуелділігі күн сайын артып келеді: шикізат салалары ¼ – ден 2/3 – ге дейін өнімдер. Дүние жүзілік нарықтағы бәсекелестерінің пайда болуы (ОАР, Австралия ) және дамушы елдердің дүние жүзілік нарықта басымдылығын арттыруы жағдайды ушықтыруда. Канаданың сыртқы саудасында АҚШ– тың басымдығы ( тауар айналымының ¾ ) және елдің экономикасында шетелдік капиталдың ( жалпы ұлттық табыстың ¼ – не тең ) басымдығы байқалуда. Канаданың шетелдік капиталға, ең алдымен американдық капиталға тәуелділігі ( соңғысына шетелдік капиталдың 65% – ы тиесілі ) әлеуметтік – экономикалық географияға екі есе ықпал етуде. Бір жағынан шетелдік инвестициялар ақша құйылған аудандардың экономикалық өсуіне, еңбекпен қамтамасыз етілудің жоғарылауына, тұтыну нарығының кеңеюіне, құрал – жабдықтар импортының ұлғаюына, еңбек өнімділігін арттыруға көмектесті. Екінші жағынан, өндірістің аяқталмаған құрылымы, экономикалық әлсіздігі, дүние жүзілік нарықтың ауытқуына, АҚШ экономикасындағы жағдайларға тәуелділігі, ұлттық экономиканың жоғарылауына , шетелдік технология мен құрал – жабдыққа тәуелділігінің артуы мен саяси дербестіліктің шектелуіне әкеп соқты.
Экономикалық өмірдің оңтүстік АҚШ– пен шекаралас бөлігінде шоғырлануы қолайлы табиғат жағдайларымен, ағылшын – американдық отарлау бағытымен, американдық капиталдың әсері мол жерлер басым. Солтүстік территорияларды игеру қатал климат жағдайларымен, пайдалы қазбалардың бай кен орындарының орналасуы, кәсіпкерлердің шикізат ресурстарын экстенсивті жолмен алуға тырысуымен байланысты. Бай табиғат ресурстары кәсіби мамандардың болуы және « америкаландырылған » тұтыну нарығы АҚШ компанияларының ерекше қызығушылығын тудырды. Канада АҚШ – тың басты шикізат көзі және американдық экспорттың басты тұтынушысына айналды. Мұнда инвестицияның 1/5 –і АҚШ – тың үлесінде, әсіресе өңдеуші өнеркәсіпке – автомобиль шығару, электр құрал – жабдықтары, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібіне тиесілі. Ең тығыз байланыстар әскери – өндірістік салада орнаған. Географиялық еңбек бөлінісі жақында қабылданған Солтүстік Америкалық еркін сауда келісіміне сәйкес тұрақты қатынастар орнаған. Канада мемлекетінде «америкаландыруды» жақтаушылар мен «канадландыруды » жақтаушылар арасында күрес жүруде. Ұлттық капитал өнеркәсіптің қара металлургия, ағаш өңдеу, целлюлоза – қағаз, жеңіл өнеркәсіп, мұнай – газ және көмір өнеркәсібі сияқты салаларпда өз үлесін сақтап отыр. Американдық және канадалық капиталдың араласуы жүріп жатыр.
І.2 Отын - энергетика кешені
Елде энергетика мен тау – кен өнеркәсібі, түсті металлургия мен энергияны көп қажет ететін салалар, экспортқа шығатын шикіізат өнімдерін шығару салалары жақсы дамыған. Өңдеуші өнеркәсіп салалары ішінен машина жасаудан басқа ағаш өңдеу мен целлюлоза қағаз өнеркәсібінің, сонымен қатар тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған. Канадада индусрияландыру деңгейі жоғары.
Өндірілетін энергия көлемі бойынша Канада жетекші елдердің қатарына жатады, ал тұтыну бойынша жан басына шаққанда АҚШ –тан және басқа дамыған елдерден асып түседі. Отын – энергетика кешенінде ¾ –і сұйық және газ тәріздес отынның үлесінде, 1/8 –і көмір және 1/7 –ін атом энергиясы мен гидроэнергия құрайды. Соңғы 20 жылда мұнай өндіру мөлшері ауытқып жатыр ( 1995 жылы 89 млн. т ), табиғи газды өндіру 158 млрд. м3 –ға дейін өсті (дүние жүзіндн үшінші орын ). Шығыс провинциялары мұнайды импорттайды.
Электроэнергия өндіру көлемі бойынша ( 540 млрд. кВт с ) дүние жүзіне алтыншы орында , ал ол жан басына шаққанда ( 18,5 мың кВт с ) Норвегия мен Исландиядан кейінгі 3 –ші орында. Энергияның көп мөлшерін (3/5) СЭС – тер береді. Ішіндегі ең ірілері – « Ла Гранд Ривер » және « Черчилл» СЭС – тері. Ірі ЖЭС – тері Торонто мен Ванкуверде . Электроэнергияның 1/5 – ін Онтарио, Квебек және Нью – Брансуик провинцияларында орналасқан АЭС – тер береді.
Тау – кен өнеркәсібі – елдің экономикалық базалық салаларының бірі, экспортта маңызды рөл ойнайды. Құны бойынша тау – кен өнімдерінің мына түрлері : мұнай, табиғи газ және оның субөнімдері, алтын, көмір, мыс, мырыш, никель, темір кені, уран, калий тұздары. Канада мырыш рудаларын және асбест өндіруден бірінші орында, никель рудаларын және калий тұздарының өндірілуі бойынша – екінші, платиноидтардан үшінші, төртінші орын мыс кені мен күміс өндіруден, қорғасын кені мен алтын өндіруден бесінші, темір кені бойынша жетінші орынды алады.
Ірі тау – кен зауыт орталықтары елдің оңтүстік аудандарында орналасқан: Садбери ( никель, мыс ), Салливан ( қорғасын, мырыш ), Флин – Флон ( мыс, мырыш ), Норанда ( мыс). Пайдалы қазбаларды өндіру сонымен бірге батыста және халық аз қоныстанған солтүстік аудандарда дамып келе жатыр. Мұнай өндіру көемі бойынша Канада дүние жүзі елдерінің алғашқы ондығына кіреді. Өндіру аудандары негізінен елдің батыс бөлігінде шоғырланған: Альберта және Саскачеван провинцияларындағы Пембина, Редуаотер, Зама – кен орындары. Бұл кен орындарынан шығысқа және қиыр батысқа трансканадалық мұнай және газ құбырлары жүргізілген ( жергілікті құбырлардың тығыз жүйесін есептемегенде ).


І.3 Өңдеу өнеркәсібі
Өңдеу өнеркәсібі өндірістің жоғары концентрациясы мен капитал көптігімен ерекшеленеді, алайда еңбектің өнімділігі бойынша басқа дамыған елдерден қалып қояды, соның ішінде АҚШ – тан. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымында экономикалық бірінші реттік секторындағы дамыған салаларымен тығыз байланысты салалар жетекші орында.
Машина жасау өнеркәсібінде өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін адамдардың 30% жұмыс жасайды, бұл басқа дамыған елдерден қайда төмен. Ең басты сала американдық капитал басым көліктік машина жасау Онтарио провинциясының оңтүстік бөлігіне орналасқан. Ауыл шаруашылығының машина жасау, энергия күші құрал – жабдықтарын , тау – кен өнеркәсібі мен орман шаруашылығына қажетті құрал – жабдықтар шығару да дамыған. Станок жасау нашар дамыған. Машина жасаудың басты орталықтары – Торонто, Монреаль, Уинсор, Гамильтон, Оттава, Галифакс, Ванкувер. Ұлттық капиталға тиесілі болған қара металлургияның жағдайы тұрақтануы. Шойын өндіру 8 – 10 млн. т, қалайы – 13-15 млн.т .Басты орталықтары Приозерье – Гамильтонда........
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру