География | Канада мемлекетіне экономикалық географиялық сипаттама

 География | Канада мемлекетіне экономикалық географиялық сипаттама

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………..........3
І – тарау Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
І.1 Пайдалы қазбалары мен климаты……………………………………………4
І.2 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері……………………………...7

ІІ – тарау Халық шаруашылығына жалпы сипаттама
ІІ.1 Шаруашылығының мамандануы……………………………………………..9
ІІ.2 Өнеркәсіп кешені……………………………………………………………12
ІІ.3 Ауыл шаруашылығы…………………………………………………………17

ІІІ – тарау Көлік кешені мен ішкі айырмашылықтары.Сыртқы экономикалық байланыстары
ІІІ.1 Көлік жүйесі …………………………………………………………………19
ІІІ.2 Ішкі экономикалық айырмашылықтары………………………………….20
ІІІ.3 Сыртқы экономикалық байланыстары ………………………………….25

Қорытынды…………………………………………………………………..........27 Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша......


І – тарау Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
І.1 Пайдалы қазбалары мен климаты
Канада табиғат жағдайлары мен ресурсқа өте бай, табиғат ландшафтысы Ресей жеріне ұқсас.Канада да пайдалы қазбаларға өте бай. Оның көптеген пайдалы қазбалары игерілуі қиын арктикалық аудандарда жатуына байланысты әрі тың күйінде. Пайдалы қазбалары отын – энергетика , металлургия және бейметаллургия. Дүние жүзінде қорлардан және бағалы метал, темір рудасы, уран, мұнай және табиғи газ, калий тұзы және асбест, бағалы көмір ресурстары да бар. Бұл индустралды дамыған елдер сол АҚШ үшін минералды шикізат көзіне айналуына ықпал етті.
Канаданың жергілікті аудандарында шикізат және энергия ресурстарына бай. Кордильерде - түсті және бағалы металдар, көмір және су ресурстары; ішкі аймақтарында - көмір, мұнай, табиғи газ және калий тұзы; Лаврентий таулы қыратында - метал және су ресурстары, Аппалач зонасында – түсті және бағалы металдар, хромит және асбест, су ресурстары және көмір. Соңғы жалдары канадалық Арктикалық архипелагында жергілікті мқнай, табиғи газ және түсті металлургия алаптары ашылған.
Климаты
Канада - қоңыржай континентті. Мемлекеттен 4 климаттық провинция өтеді: полярлық, субарктикалық , қоңыржай және таулы. Территориясының үлкен бөлігін қатал климат шаруашылықты дамытуға қиындатады. Ұлы жазықта 240-500 мм, Тынық және Атлант мұхитының жағалауындағы аудандарда 1000-2000 мм жауын – шашын болады. Оңтүстік бөлігінде жүзім, жүгері, солтүстігінде өсімдіктер жылыжайда өсіріледі.
Мемлекетте су ресурстарының қоры өте сол. Жылына тұщы су қоры 12,9 мың км3 . Канада тұщы су қорынан дүние жүзінде Бразилия және Ресей Федерациясынан кейінгі үшінші орында тұр. Көлдеріне өте көп өзендер құяды. Үлкен транспорт және энергетикалық маңызы бар, Ұлы көлдерге Әулие Лаврентий өзені құяды. Басқа басты су жүйелері - Ұлы Канада көлі, Маккензи, Атабаска, Нельсон, Саскачеван, Черчил өзендері.
Әртүрлі табиғат ландшафттары суық және қоңыржай белдеу. Полярлық және солтүстікке қарай суббореалдық облыс, оңтүстіккк дейін тундра, тайга және тундралық зоналар орналасқан.
Солтүстігінде тундралық торфты глейлі топырақ, орталығында және солтүстігінде сұрғылт, оңтүстігінде қара қызғылт және қара топырақтар таралған. Аллювиалды топырақты интенсивті қолданылады оңтүсттік аудандарда, қара топырақтың мақсаты ауыл шаруашылығында пайдаланады.
Жер көлемінің жартысына жуығын самырсын жапырақты ормандарда кездеседі. Ағаштың жалпы қорынан Канада Ресей және Бразилиядан кейін ағашты жан басына шаққанда дүние жүзінде бірінші орын алады.
Батысында дуглассия, кедр, ситхин шыршасы, шығысында қайың, жапырақты пихта, үйеңкі, үйеңкі жапырағы - Канаданың ұлттық эмблемасы. Жануарлар әлеміне өте бай. Терісі бағалы аңдарды аулауға тиым салынады. Жергілікті жерде сельдр, тантус, треска және т.б. балықтар бар. Теңіздерден балық аулау бойынша Канада он бесінші орында. Атлант мұхитынан ең көп балық ауланады және экспортқа шығарыла
І.2 Халқы және оның орналасу ерекшеліктері
Иммиграция – басты фактор. Халықтары жаппай иммиграция әсерінен құралған. Иммигация халықты ң этникалық құрамына да шешуші ықпал етті. Канада халық құрамының ала- құлалығымен көзге түседі. Канада тұрғындарының жартысы ағылшын тілінде сөйлейді. Бұлар канадалық ағылшындар халықтың 1/3 не жуығы канадалық француздар, олар француздардың тұңғыш мекендеген аудандарында Квебек провинциясында тұрады және осы уақытқа дейін өздерінің ұлттық ерешеліктерін сақтап келеді. 1991 жылы балалар 15 жасөа дейінгі халықтың 20,7% құрады, 15-64 жас 70%, 67,6- 65 жас 11,7% құраған. Соңғы жылдары ерлердің саны солтүстік аудандарда басымдау. Канадада мемлекеттік тіл екеу: ағылшын және француз тілдері, екі мемлекеттік дін - англикан және католик діндері уағыздалады. Елдің саяси және экономикалық өмірінде канадалық ағылшындар жетекші рөл атқарады. Мұның өзі бірнеше рет ұлт араздығына әкеліп соққан болатын. Канадалықтардың 2/3- сі АҚШ шекарасының өн бойындағы 300- 400 км аралықтағы жерлерде тұрады. Ел территориясының 2/3 астамын алып жатқан Канаданың солтүстік бөлігінде 20-25 км2 жерге бір адамнан келеді. Оңтүстікте 1 км2 10-50 адамды құрайды. Канада жоғары урбандалған мемлекет. Халқының 78% қалаларда тұрады. Канада сондай – ақ Ұлы көлдер ауданында да орналасуда сәулет өнеріне және қалалар бейнесіне ағылшын ықпал байқалады. Ағылшын типіндегі парктер мен коттедждер және үйдің алдында міндетті түрде болатын қамқорлықпен күтілетін көгал жері бар тұрғын аудандары көп. Ауылдық жерлерде фермерлік типте орналасу тән. Үш миллионер қала Торонто ( 4,3 млн ) , Монреаль ( 3,3млн ) және Ванкувер ( 1,8 млн адам ) қалалары

ІІ – тарау Халық шаруашылығына жалпы сипаттама
ІІ.1 Шаруашылығының мамандануы
Канада нарықтық экономикаға көшкен жоғары дамыған елдер сияқты постиндустриалдық даму кезеңіне өтті. Ол дүние жүзінде жалпы ұлттық табыс көлемі бойынша сегізінші орында ( 1994 жылы 570 млрд. доллар ), өнеркәсіп өнімінің құны бойынша – жетінші, сыртқы сауда айналымы бойвншв алтыншы орында тұрады. Жалпы ұлттық табыс көлемң бойынша жан басына шаққанда АҚШ– ты ғана алға жібереді ( 20 мың $ 23 мың $ қарсы ) . Бұл ел ауыл шаруашылық және өнеркәсіп тауарларын басты өндіруші елдер тобына жатады. Канадаға өндірістің жоғары көлемі, дамыған еңбектің географиялық бөлінуі, энергиямен жақсы қамтамасыз етілуі тән. Экономиканың басқа секторларына қарағанда өндірістік емес сала басым. Экономиканың құрылымы жайында экономикалық белсенді халық пен жалпы ұлттық табысына қарап білуге болады.
Канаданың мамандануы шикізат бағытының рөлі айтарлықтай басым. Тау– кен өнрекәсібі, энегетика мен ауыл шаруашылығы , орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдерін дүне жүзілік тауарлар саудасында жетекші орын алады. Канаданың дүние жүзілік шикізат экспортындағы үлесі 7% болса, өндірістің 17%– ы тиеді. Өңдеу өнеркәсібінің үлесі басқа дамыған елдерге қарағанда төмен. Сыртқы сауда Канаданың шаруашылығында АҚШ– қа қарағанда рөлі зор ( ЖҰТ– ң ¼ 1/10 мен салыстырғанда ). Алайда Канаданың дүние жүзілік нарыққа тәуелділігі күн сайын артып келеді: шикізат салалары ¼ – ден 2/3 – ге дейін өнімдер. Дүние жүзілік нарықтағы бәсекелестерінің пайда болуы (ОАР, Австралия ) және дамушы елдердің дүние жүзілік нарықта басымдылығын арттыруы жағдайды ушықтыруда. Канаданың сыртқы саудасында АҚШ– тың басымдығы ( тауар айналымының ¾ ) және елдің экономикасында шетелдік капиталдың ( жалпы ұлттық табыстың ¼ – не тең ) басымдығы байқалуда. Канаданың шетелдік капиталға, ең алдымен американдық капиталға тәуелділігі ( соңғысына шетелдік капиталдың 65% – ы тиесілі ) әлеуметтік – экономикалық географияға екі есе ықпал етуде. Бір жағынан шетелдік инвестициялар ақша құйылған аудандардың экономикалық өсуіне, еңбекпен қамтамасыз етілудің жоғарылауына, тұтыну нарығының кеңеюіне, құрал – жабдықтар импортының ұлғаюына, еңбек өнімділігін арттыруға көмектесті. Екінші жағынан, өндірістің аяқталмаған құрылымы, экономикалық әлсіздігі, дүние жүзілік нарықтың ауытқуына, АҚШ экономикасындағы жағдайларға тәуелділігі, ұлттық экономиканың жоғарылауына , шетелдік технология мен құрал – жабдыққа тәуелділігінің артуы мен саяси дербестіліктің шектелуіне әкеп соқты.
Экономикалық өмірдің оңтүстік АҚШ– пен шекаралас бөлігінде шоғырлануы қолайлы табиғат жағдайларымен, ағылшын – американдық отарлау бағытымен, американдық капиталдың әсері мол жерлер басым. Солтүстік территорияларды игеру қатал климат жағдайларымен, пайдалы қазбалардың бай кен орындарының орналасуы, кәсіпкерлердің шикізат ресурстарын экстенсивті жолмен алуға тырысуымен байланысты. Бай табиғат ресурстары кәсіби мамандардың болуы және « америкаландырылған » тұтыну нарығы АҚШ компанияларының ерекше қызығушылығын тудырды. Канада АҚШ – тың басты шикізат көзі және американдық экспорттың басты тұтынушысына айналды. Мұнда инвестицияның 1/5 –і АҚШ – тың үлесінде, әсіресе өңдеуші өнеркәсіпке – автомобиль шығару, электр құрал – жабдықтары, мұнай өңдеу, химия өнеркәсібіне тиесілі. Ең тығыз байланыстар әскери – өндірістік салада орнаған. Географиялық еңбек бөлінісі жақында қабылданған Солтүстік Америкалық еркін сауда келісіміне сәйкес тұрақты қатынастар орнаған. Канада мемлекетінде «америкаландыруды» жақтаушылар мен «канадландыруды » жақтаушылар арасында күрес жүруде. Ұлттық капитал өнеркәсіптің қара металлургия, ағаш өңдеу, целлюлоза – қағаз, жеңіл өнеркәсіп, мұнай – газ және .......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру