Биология | Тиімді әдіс тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану жолдары
Мазмұны
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Әдебиетке шолу
Оқудың әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым
Оқыту әдістерінің тарихы
Жаңаша оқыту – жетістік көзі
Оқыту әдістерінің құрлымы және оның функциялары
Оқыту әдістерін топтастыру
Оқытудың жекелеген әдістерінің сипаттамасы
Интерактивтік оқыту технологиясы
Интерактивтік оқыту түрлері
Интерактивті оқуды ұйымдастырудың міндетті шарттары
Эксперимент нәтижелері мен кепілдемелер
Тиімді әдіс-тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану жолдары, оқыту әдістемесі мен нәтижелері
Зерттеу тақырыбы бойынша педагогикалық тәжірибе жұмысына талдау жүргізу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бітіру жұмысының өзектілігі – қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі білім беру мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды машыққа қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [1], Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдісі мамандар дайындау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап көрсеткендей-ақ, білікті мамандарды даярлау - өзекті мәселелердің бірі [2,3,4].
Болашақ мамандарды даярлау – қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына жататыны белгілі жайт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік – экономикалық міндеттеріне сай, өскелең ұрпақты өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады.
Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, инновациялық педагогикалық технологияларды игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.
Білім саясатының өзекті мәселелері –білім берудің сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білуіміз керек. Сондықтан да мен бітіру жұмысымның тақырыбын: «Тиімді әдіс - тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану жолдары» деп таңдадым.
Зерттеу жұмысының мақсаты - мектептегі «Биология» пәнін оқыту үрдісінде оқушыларға бағытталған педагогикалық технологияны пайдаланып әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып оқыту, оның теориялық негіздерін анықтау мен әдістемелік тиімділігін тексеру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Тиімді әдіс - тәсілдерді биология сабақтарында пайдаланудың теориялық негізін анықтау.
2. «Биология» пәнін оқытуда әр түрлі тиімді әдіс - тәсілдерді пайдаланып оқыту мүмкіндіктерін нақтылау, оны пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу.
3. Тиімді әдіс-тәсілдерді биология сабақтарында пайдаланудың әдістемелік жүйесін негіздеу.
Зерттеу жұмысының нысаны: жалпы білім беретін мектептегі «биология» пәнін оқыту процесі.
Зерттеу жұмысының пәні: Тиімді әдіс - тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану.
Зерттеу жұмысының әдістері: Зерттеліп отырған мәселеге қатысты педагогикалық, психологиялық және әдістемелік еңбектерге талдау жасау; мектептегі оқу-тәрбие процесін бақылау; сауалнама жүргізу; пікірталас, әңгіме өткізу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін тәжрибе арқылы тексеру.
Зерттеу жұмысының болжамы: Тиімді әдіс - тәсілдерді биология сабақтарында қолдана отырып, оқыту үдерісінде кәсіби мамандарды дайындау және әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда дамыту болашақ маманның біліктілігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастырады.
Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: Орта мектеп биология сабақтарында әртүрлі белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқыту үдерісінде кәсіби мамандарды дайындау, теориялық және әдістемелік-тәжірибелік тұрғыда дамыту болашақ маманның біліктілігі мен кәсіби іскерлігін қалыптастырады.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, казіргі білім беру проблемалары, политехникалык жене кәсіптік білім беру, кәсіби педагогика, кәсіпқойлық психологиясы мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.
Зерттеу жұмысының көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтардың, психологтардың, экологтардың еңбектері; ҚР үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.); Қазақстан Республикасы жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ақпараттық-телекоммуникация саласындағы ғылыми еңбектері.
Қазақстан Республикасының Конституциясы «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасыоқулықтар, әдістемелік құралдар, мұғалімдер тәжірибелері [5,6].
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.
Жалпы оқушыларға бағытталған технологияны пайдаланып оқытудың теориялық негізі анықталып, оны пайдаланудың тиімділігі көрсетілді. Практикалық маңызы: жалпыға баға берудің белсенді әдіс тәсілдері.
Зерттеу жұмысының базасы: Алматы қаласы Ж.Жабаев атындағы №161 гимназия.
Зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Белсенді әдіс-тәсілдерді биогия сабақтарында пайдаланудың теориялық негізі.
2. Белсенді әдіс-тәсілдерді биогия сабақтарында пайдаланудың мүмкіндіктері мен тиімділігі.
3. Белсенді әдіс-тәсілдерді биогия сабақтарында пайдалануда оқу материалдары мен кешенді түрде (оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқулықтар, оқу-жаттығу компьютерлік бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар) қамтамасыздандырылады.
Бітіру жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы 47 беттен, кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен 17 суреттен,5 кестеден тұрады.
«Әдебиеттерге шолу» бөлімінде: Белсенді әдіс-тәсілдерді биогия сабақтарында пайдаланудың теориялық негіздері, оқу-тәрбие процесіне ену жағдайы мен маңыздылығы сипатталады.
«Эксперимент нәтижелері мен кепілдемелер» атты бөлімінде «биология» пәнін оқытуда белсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланудың мүмкіндіктері анықталып, тиісті жолдары мен тиімділігін көрсететін эксперимент жұмыстарының мазмұны беріледі.
Бітіру жұмысының қорытынды бөлімінде зерттеу нәтижелері, тұжырымдар жасалынады. болжамды растайтын негізгі қорытындылар және ғылыми-әдістемелік нұсқаулар беріледі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 . Оқудың әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым
Әдіс (методос деген грек сөзінен туады—зерттеу немесе таным жолы), тәсілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсінеді.
Педагогакалық энциклопедия "Оқыту әдістері" — мұғалім мен оқушылар жұмысының тәсілдері, солардың көмегімен білімді, іскерлікті және дағдыны игереді, оқушылардың дүниетанымы қалыптасады, қабілеттер дамиды, — деп жазылған.
Демек, оқыту әдістері бұл мұғалім мен оқушылардын оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекетінің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика түрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.
Сонымен оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды[8].
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне байланысты, өйткені, оқытуда ең бастысы оқушылардың танымдық іс-әрекеті. ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер оқушылардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелср: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қорытылады. Осы ережелердің бәрі оқушылар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады[9].
Оқыту әдісі мақсатына жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатна жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра білуіне, оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардң белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты[10].
"Оқыту әдісі" және "әдістемелік тәсіл" ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі (компоненті, құрамды бөлімдер). Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.
"әдіс" пен "тәсілдің" шекарасы өте жылжымалы, құбылмалы, сондықтан олардың шекарасын анықтау өте қиын. өйткені, әдіс кейде тәсілге, ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады[11]. Мысалы:
1. Егер мұғалім баяндау процесінде суреттерді демонстрациядан көрсетсе, онда демонстрация әдістемелік тәсілге жатады.
2. Оқушылар зерттеу негізінде суреттермен танысып, тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттерді демонстрациялау әдіске, ал баяндау тәсілге жатады.
3. Лабораториялық сабағтың мәнін және мағынасын анықтайтын әңгіме әдіс ретінде қолданылады.
4. Егер оқушылар лабораториялық тапсырманы өз бетінше орындауға кіріссе, ал мұғалім сол дербес жұмыс процесінде тек әңгіме элементтерін қолданса, әңгіме тәсіл ретінде пайдаланылады.
Әдіс және тәсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пәндерді оқытуда қолданылады. Мысалы, тарих сабақтарында хронологиялық әдіс, арифметикада бүтін (тұтас) сандар әдісі,бтология, химияда және физикада лабораториялық, практикалық жұмыстар қолданылады[12].
Оқыту әдістері мен тәсілдері жайындағы зерттеу мәліметтері мұғалімдер арасында әлі де бірыңай түсініктердің жоқтығын көрсетті. әдіс және тәсіл туралы сіздің түсінігіңіз қалай деген сұрққа жауап берген мұғалімдердің 40 проценті әдіс, әдістемелік тәсілмен теңдес, бұл екі ұғым бірдей деп түсіндіреді. Бұған қарағанда, әдістер мен тәсілдер туралы кейбір мұғалімдердің педагогикалық ғылымның соңғы жетістіктерімен таныс емес екені байқалады. Сондықтан мұғалімдердің білімін көтеру жүйесінде бұл проблемаларға ерекше көңіл аударылуы қажет[13].
1.2. Оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар
ХХ-шы ғасырдың 20-жылдарында белгілі педагог-ғалымдар Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский, М.М.Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме, практикалық еңбек, эвристикалық, зерттеу, лабораториялық әдістерін жасады.
30-жылдары М.М.Пистрак, П.Н.Шимбирев, И.Т.Огородников оқытудың жаңа әдістерін осынды. Бұларға әңгіме, әңгімелеу, көрсету, демонстрация, лекция, кітаппен жұмыс, лабораториялық жұмыс жатады.
50-жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінді. Грузин педагогы Д.О.Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге алады. Д.О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін, үшке бөледі: сөздік әдістер; көрнекілікпен жұмыс істеу әдістері; оқыту-практикалық сабақтар әдістері.
50-жылдардың аяғы, 60-жылдардың басында орыс ғалымдары Е.Я.Голант, С.Г.Шаповаленко, Н.М.Верзилин білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлді[14]
Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіну, лекция, кітаппен жұмыс.
Әңгімелеу. Мұғалім оқу материалын бірізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын, сенімді етіп бейнелейді. Фактыға негізделген мәліметтер әңгімелеу түрінде сөз етіледі. әңгімелеуде талдау, жинақтау тәсілдері пайдаланылады. әдетте, әңгімелеу, бастауыш сыныптарда 10-15, ал жоғары сыныптарда 20-25 минутқа созылады. әңгімелеу әдісі көбінесе тіл, әдебиет, тарих, георафия,биология, сабағтарында қолданылады. Сабақтың қалған уақытында оқушылар мұғалімнің басшылығымен әр түрлі жұмыстарды өз бетінше орындайды. Әңгіме әдісі сабақта сұрақ-жауап формасы түрінде қолданылады.
Сондықтан мұғалім алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл оқушылардың білімін тақырып бойынша логикалық бірізділікпен анқтауды қамтамасыз етеді. әңгімені осылай өткізу оқушылардың ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талаптандырады. Оқушыларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбір етеді. әңгіме әдісінің барлық процесі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.
Түсіндіру. Мұғалім оқу материалын баяндауда оқушылардың белсенділігіне, ынтасына, білім деңгейіне сүйенеді, материалдық мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің, ұғымдардың, заңдардың мәнін ашады. Материалды түсіндіруге түрлі құралдарды, есептер шығаруды, жазып алуды кең түрде қолданады, оқушылар баяндау процесінде мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, байымдайды, дәлелдеуге тырысады.
Мұғалім түсіндіру әдісі бойынша оқушылардың іс-әрекетін басқарудың барлық мүмкіншіліктерін пайдалана білсе, онда оқушылар жаңа материалды қабылдай отырып, өткен сабақта алған білімін салыстырады, талдайды. Мұғалімнің басты міндеті оқушылардың танымдық, іс-әрекетінің ішкі процесін сезу, күдікті және қиын мәселелерді күні бұрын болжау, оларды болдырмаудың жолдарын іздестіріп, оқушыларға комектесу.
Практикалық жұмыстар. Бұл әдіс оқушылардың әр түрлі іс- әрекеттерінде қолданылады. Практикалық сабақтар мектеп шеберханаларында, .....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Тиімді әдіс тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар Биология дипломдық жұмыстар, Тиімді әдіс тәсілдерді биология сабақтарында пайдалану жолдары