Физика | Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі

 Физика | Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі

Мазмұны

КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жылу берілу және жұмыс
1.1.1 Молекулалардың хаостық қозғалысы. Денелердің температурасы
1.1.2 Денелердің ішкі энергиясы және оны өзгерту тәсілдері
1.1.3 Жылудың берілу тәсілдері
1.1.4 Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірліктері
1.1.5 Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Жылу мөлшерін есептеу
1.1.6 Отынның энергиясы
1.1.7 Механикалық және жылу процестерінде энергияның сақталу және айналу заңы
1.2 Заттың агрегат күйінің өзгеруі
1.2.1 Заттың агрегат күйлері. Кристалл денелердің балқуы мен қатаюы
1.2.2 Меншікті балқу және қатаю жылуы
1.2.3 Денелердің балқуының техникада қолданылуы
1.2.4 Кебу (булану). Конденсация
1.2.5 Қайнау
1.3 Жылу қозғалтқыштары
1.3.1 Газдың ұлғаюындағы жұмысы. Іштен жану қозғалтқышы
1.3.2 Бу турбинасы
1.3.3 Қозғалтқыштың пайдалы әсер коэффициенті
1.3.4 Тепловоз депосына экскурсия жасау
2-ТАРАУ. ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА «ЖЫЛУЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫ» ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп физикасының оқу жоспарындағы «Жылу құбылыстары» бөлімінің алатын орны
2.2 «Жылу құбылыстарын» оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану
2.3 «Жылу құбылыстары» бойынша мультимедиялық оқулықтарды пайдалану әдістемесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін, оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын, оқытуга арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиялық программалар. Осы оқытуға арналған программалық құралдардың әртүрлі нұсқаларын әзірлеу әрбір оқытушының негізгі жұмысы болып табылады.
Бүгінгі күні ақпараттық технология кең көлемде оқыту мен педагогикалық ұйымдастыру қызметінде барлық республикалық жоғарғы оқу орындарында қолданылады. Электрондық оқулық көмекші құралдар, компьютерлік тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар, педагогикалық программалық шаралар бұларды оқытушылар өздері құрады және пайдаланады.
Қазіргі кезде білім беруді ақпараттандыру процесінің жүргізілуіне -байланысты осы процесті жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі-электрондық оқулыктар дайында болып отыр. Ал оларды оқыту процесіне қолдану-сапалы білім берудің бірден-бір құралы болып табылады. Себебі тек оқытушының айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Электрондық оқу материалдарын әрбір оқытушының, тіпті болашақ мұғалім-бүгінгі студенттің дайындай білгені жөн.
Сондықтан біз осы мәселелерді ескер— отырып, курстық жұмысымыздың тақырыбын «Орта мектеп физика курсында электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі» деп алуды жөн көрдік.
Зерттеудің мақсаты: Физика сабақтарында «Жылу құбылыстары» тақырыбына әдістеме жасау.
Зерттеудің міндеті: Баяндалатын тақырып немесе құбылыс, иә заңның негізгі физикалық түйінін қамтитын, дәстүрлі оқулықтардың баяндау стилінен өзгеше, мультимедиялық оқулықтарға тән қысқа мәтін даярлау;
-Баяндалатын такырыптың ішкі мазмұнын айқын ашып көрсететін интерактивті суреттер мен медиобьектілер даярлау;
-Тақырыптың материалдарын қаншалықты сәтті игергенін оқушының өзіне тексеруге мүмкіндік беретін тесттік бағдарламалар даярлау;
-Физика ғылымының қалыптасу жолынан, физик-ғалымдардың өмірінен мағұлматтар беретін тарихи материалдар, анықтамалық заңдар және қазақша-орысша физикалық сөздік, формулалар, кестелер, есептер мен зертханалық жұмыстардың нәтижелерін даярлау.
Зерттеудің базасы: МКТУ
Зерттеудің пәні: бейімді мектептерде физика курсын оқытуда «Жылу құбылыстары» мазмұнын қалыптастыру
Зерттеудің нысаны: физика курсын бейімді мектептерде оқыту үрдісі
Физика қазіргі таңдағы табиғат танудың озат ғылымдарының бірі болып табылады. Физиканың ғылым мен техниканың дамуына ықпалы зор. Қазіргі таңда виртуальды білім беру мәселесі кеңінен талап етілуде. Оқушылар белгілі технологияларға сай, олардың өз бетімен білім ала білетіндей етіп жағдай туғызуға тырысу қажет. Оқытудың осындай әдістемесі оқытушының өту тиімді тәсілдерді қолдана отырып, қажырлы еңбек етуін, сондай-ақ оқушылардың да асқан жауапкершілікті сезінуін талап етеді. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жолдары айтарлықтай оң тәжерибе беріп отыр. Атап айтсақ оқушылардың өз бетімен ізденісі, олардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде – зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты, міндеті, пәні, нысаны, базасы тұжырымдалады.
Жылу құбылыстарын оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері деп аталатын бірінші тарауда: жылу берілу және жұмыс, заттың агрегат күйінің өзгеруі, жылу қозғалтқыштары тақырыптары теориялық тұжырымдалады.
Физика сабақтарында «Жылулық құбылыстарды» оқыту әдістемесі деп аталатын екінші тарауда: мектеп физикасының оқу жоспарындағы «Жылу құбылыстары» бөлімінің алатын орны, «жылу құбылыстарын» оқытуда компьютерлік технологияны пайдалану, «жылу құбылыстары» бойынша мультимедиялық оқулықтарды пайдалану әдістемесі тақырыптары қамтылған.
Одан әрі дипломдық жұмыс қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-ТАРАУ ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1. ЖЫЛУ БЕРІЛУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС
1.1.1. Молекулалардың хаостық (жылулық) қозғалысы. Денелердің температурасы
Тақырыпты оқып үйренуге кіріскенде, оқушылармен молекула-кинетикалық теориялардың негізгі ережелерін қайталап және айқындап алу қажет, өйткені бүкіл бөлімді оқығанда соларға сүйенуге тура келеді. Қайталау кезінде газ тәрізді, сұйық және қатты денелерді құрайтын бөлшектердің қозғалыс ерекшелігіне тоқталу қажет. Оқушылар микробөлшектердің (молекулалардың) үздіксіз қозғалыста болатынын естеріне түсіреді. Мысалы, газ молекулалары түзу сызық бойымен қозғалады да, басқа молекулалармен соғыла отырып, өзінің қозғалыс бағыты мен жылдамдығын өзгертеді және келесі соғылуға дейін өзінің қозғалысын қайтадан әрі қарай жалғастырады. Молекулалардың қозғалысы — тәртіпсіз қозғалыс. Мұндай қозғалыс жылу қозғалысы деген атау алды.
Сондай-ақ оқушылардың естеріне бөлшектердің қозғалыс жылдамдығы дененің температурасымен байланысты екенін салады: бөлшектер неғұрлым шапшаң қозғалса, дене соғұрлым көбірек қызған болады.
Жылу қозғалысы жөніндегі ұғымға сүйеніп, температура ұғымын анықтай түсуге көшеді.
Температураның ғылыми анықтамасы жылулық тепе-теңдік ұғымын енгізуді, температуралардың эмпирикалық шкаласын тағайындауға, термометрлік денені және температуралық белгіні таңдап алуды талап етеді. VIII сыныпта оқушылар температура ұғымын «дененің қыздырылу дәрежесі» ретінде қабылдаса, сұйықтық термометрлердің жұмыс істеу принципі мен олармен температураны өлшеп үйренсе болғаны......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру