Биология | Биология пәнін жеке тұлғаға бағытталған технология негізінде оқыту жолдары
Мазмұны
КІРІСПЕ......................................................................................................... 3
І.
Әдебиеттерге шолу.......................................................................................
6
1.1 Жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып
оқытудың теориялық негіздері ...................................................................
6
1.2 Жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып
оқытудың практикалық маңызы ............................................................
8
1.3 «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін
оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны
пайдаланудың маңызы ................................................................................
2
ІІ
2.1
ІІІ ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ .......................................
Зерттеу әдістері ............................................................................................
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУ........................................... 1818
20
3.1 «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін

пайдаланудың жолдары ..............................................................................
20
3.2 «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнінен
өтілетін тақырыптарды оқытуда жеке тұлғаға бағытталған
технологияны пайдаланудың мүмкіндіктері ............................................
22
3.3 «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін
оқытуда жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып
оқыту әдістемесі мен нәтижелері................................................................
26
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................
37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................ 39
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Қай елді, халықты болсын, прогреске бастайтын жол-білім жолы. Егемендік алған Қазақстанның болашағы жастарға байланысты. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамып өркендеуіне байланысты дарынды жастарды тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымына үлкен сын болуда. Сондықтан да жастарды білімге құштарлыққа, ізденуге, талпынуға тәрбиелеу арқылы баланың қабілет-қасиеттерін ашып көмектесу керек.
Өйткені, осындай жастар ғана егемендігіміздің ертеңін баянды ете алады; қазақ елінің ертеңіне қызмет ете алады.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру саясатының негізгі міндеттерінің бірі «Халықтың барлық жіктерінің сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз ету» екендігі, оны іске асырудағы мектеп бағдарламасы баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағыттау қажеттілігі атап көрсетілген [1].
Бұл міндетті іске асыру үшін аталған құжатта: «Оқу процесі:
- өз бетінше білім алу және оны практикада қолдану қажеттігі мен дағдысын қалыптастыруға, танымның ғылыми тәсілдеріне мақсатты және жүйелі түрде баулуға;
- оқушыны жеке тұлға және қызмет субъектісі ретінде дамытуға, өмірлік құнды бағдарларын қалыптастыруға;
- ұлттық мәдениетті құрмет тұтуға тәрбиелеуге және басқа да мәдени бастаулардан нәр алуын бойында қалыптастыруға;
- нарықтық экономика мен сапаның негізгі түсініктерін және оларды практикада қолдана білуді қалыптастыруға;
- жалпы негізгі білім беру сатысында бейіналды даярлықты және жалпы орта білім беру сатысында бейінді оқытуды қамтамасыз етуге бағытталатын болады», - делінген.
Мұның өзі бағдарламада атап көрсетілгендей, «оқытуды ұйымдастыру қағидаттарын және оқушының білім-білікті, дағдыны енжар «алушы» рөлін танымдық процестің белсенді субъектісіне өзгертуді» міндеттейді.
Көрнекті ғалым-психологтар мен педагогтар В.В.Давыдов, П.Я. Гальперин, Н.Ф.Талызина және басқалар өздерінің ғылыми зерттеулерінде жастардың білімге деген ынта-жігерін қалыптастырудың мол мүмкіндіктерін ашып береді. Білім берудің негізгі бөлігі оқушының өз бетінше жұмыс жүргізе алуында болып отыр. Мұның өзі оқу процесінің ұйымдастырылуы мен оқыту әдістемесінің жетістіктерімен сабақтас болады [2,3].
Қазіргі кездегі білім беру ісі дүние жүзілік білім беру кеңістігіне енуге бағытталып отырғандықтан, бұл реттегі жұмыстарға педагогика ғылымының теориясы мен практикасында елеулі өзгерістер енгізілуі тиіс. Осы ретте Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [4], Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартында (Негізгі қағидалар) [5], Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында [6], Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы [7] мен тағы басқа соңғы кезде қабылданған ресми құжаттарда білім беру ісін ізгілендіру мен демократияландыру бағытындағы ережелер енгізілген. Осы және т.б. құжаттарда жалпы білім берудің ұлттық мақсаты мен оған қол жеткізуге жетелеуге тиіс міндеттер мемлекеттік білім беру саясатының негізгі принциптеріне сәйкес, қазақ халқының ұлттық-тарихи және этникалық дәстүрлері мен оқушылардың жалпығаламшарлық ауқымда ойлай алуына бағытталған жалпыадамзаттық құндылықтарды ескере отырып анықталған.
Соңғы кездегі экономикасы мен саясатындағы, мәдени өміріндегі өзгерістер болашақ жас ұрпақты тәрбиелеуде шығармашыл, өз көзқарасы бар, дүниежүзілік мәдениетті танып білетін, кәсіби жоғары білікті адамдар дайындау қажеттігін қоюда.
Мектептерде соңғы кезде бұл бағытта біршама жұмыстар жүргізілгенмен, әлі де болса, жеке тұлғаны ізгілік бағытында және нақты өмірге бейімді тәрбиелеу бағытына тек жаттап оқитын оқушылар мен белсенділікке талпындыратын әдістерді пайдалану және нақты өмір жағдайын ескермей оқыту ісі жалғасуда. Бұл қазіргі қоғам сұранысын қанағаттандырмайды.
Кез келген оқыту технологиясы оқытушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық-әдістемелік білімді, үлкен шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді.
Қазіргі кездегі әдістемелік, педагогикалық және ғылыми еңбектерде «педагогикалық технология» ұғымына анықтама берілген, оның түрлері топтастырылған, пайдалану мүмкіндіктері жайлы жарық көрген көптеген еңбектер бар [8-10].
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технологиялар, атап айтқанда, В.В.Давыдов пен Д.Б. Элькониннің дамыта оқыту технологиясы [12], Ж.У.Кобдикова, Н.Н.Нұрахметов [13], т.б. технологиялары мектеп практикасына енгізілуде.
Шын мәнінде, педагогикалық технологиялар тарихын, олардың пайда болуы, мақсат-міндеттері, қолдану тәжірибесін зерделеп-талдау, ой елегінен өткізу оқытушыларға құнды педагогикалық біліммен қарулануға мүмкіндік береді.
Оқыту барасында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін жақсартады. Бұл проблеманы зерттей келе, педагогикалық технологияны пайдалану қажеттігі мен оны пайдалануда қол жеткізіліп жақтан тиімділігі арасында алшақтық байқалады. Педагогикалық технологияның ғылыми негіздерін білмей, оның тиімділігіне көз жеткізбей, кездейсоқ, оқтын-оқтын пайдалану дұрыс нәтижеге әкелмейтіндігін практиканың өзі көрсетіп отыр.
Біздің республикамызда мектептегі биология курсының пәндерін, соның ішінде «Биология. Адам және оның денсаулығы» (8-сынып) пәнін оқыту технологияларының мектептердің білім беру процесінде пайдаланылуына талдау жасау негізінде және жүргізген сауалнамаларға сүйене отырып, қазіргі кездегі бұл процестің өте баяу жүруі, кейде шалағай пайдалану бұл бағыттағы істі жетілдіруді, оның маңызы мен мәнін дұрыс ұғынып, пайдалануды қажет етеді деген ойға келдік.
Сондықтан да біз бітіру жұмысымыздың тақырыбын: «Биология пәнін жеке тұлғаға бағытталған технология негізінде оқыту жолдары» деп таңдадық.
І. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1. Жеке тұлғаға бағытталған технологияны пайдаланып оқытудың
теориялық негіздері
Оқушылардың өз бетімен істейтін жұмысының маңызы туралы алғашқы мәліметтер көне Грекияның бірқатар ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. Білім алу процесіндегі жеке адамның өз ізденісіне ұлы грек философы Аристотель (б.з.б. 384-322 жж.) ас үлкен мән берген. Ол «Риторика» атты еңбегінде балаға зорлап ешнәрсе түсіндірудің мүмкін емес екендігін толық негізбен тұжырымдаған.
Аристотельдің ойынша, білімді жетістікпен игеру баланы оқу процесінде қанағат пен қуанышқа бөлесе ғана мүмкін болады [14].
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінің маңызы туралы мағлұматтар Ян Амос Коменскийдің (1592-1670) де еңбектерінде айтылған. Ол білім алуда балалардың өздерінің еңбектенуі пайдалы да қажет екенін уағыздады. Өзінің «Ұлы дидактика» [15] деп аталатын іргелі еңбегінде оқытушы аз оқытып, оқушы өзі көп оқитындай жағдайды зерттеу қажеттігін айтады. Я.А. Коменский балалардың қабілеттілігін барынша дамытып, ойлана білуге үйретіп, ең бастысы баланың білім мен оқуға деген ынтасын дамытуды барынша жақтады.
Я.А. Коменский оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруға, олардың білімге деген белсенділігін дамытуға толық мүмкіндіктер беру жолдарына баса назар аударған. Осылайша Я.А. Коменский оқу процесінде оқушыларды белсенділікке, дербестікке дайындаудың психологиялық, педагогикалық мәселелерін шынайы талдаудың алғашқы қадамын жасауға тырысты.
Оқушының өз бетімен істейтін жұмысына педагогикалық энциклопедияда мынадай анықтама беріледі: «Оқушылардың өзі істейтін жұмысы олардың сыныпта не сыныптан тыс, мұғалімнің тікелей көмегінсіз орындалатын жеке және ұжымдық оқу әрекетінің жиынтық түрлері».
Мұндай тапсырмаларды орындау оқушылардан белсенді ой қызметін, әртүрлі танымдық мәселелерді өздігінен шешуді, бұрын меңгерілген білім-білікті қолдануды талап етеді. Өзіндік жұмыстардың әр түрін орындау нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділігі және ізденімпаздығы арта түседі.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде бұл ұғымға әртүрлі анықтамалар береді.
Кейбір ғалымдар оқушының өз бетімен істейтін жұмысын оқытудың әдісі деп қарастырады, профессор Т.Сабыровтың пікірінше, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысы жеке өз алдына оқыту әдісі бола алмайды, себебі, өздік жұмыстардың өзі әртүрлі әдістер арқылы іске асады [16].
Біздің көзқарасымыз бойынша, В.П. Беспалько анықтағандай, өз бетімен орындайтын жұмыс адамның белгілі бір жұмысты өз бетімен ешкімнің көмегінсіз орындауы болып табылады. Оқушының өзіндік жұмысы күрделі әрекет болғандықтан бір ғана белгімен сипаттауға келмейді [17].
Бұл мәселелерге XVIII ғасырдың ойшылы Жан-Жак Руссо да көңіл бөлді. «Өзінің қателіктеріне (баланың өз тәжірибесін артық бағалауына, жүйелі білім алуды жете бағаламауына) қарамастан, оқытудың балалар дербестігін, дамытуға ықпал жасауына, олардың айналадағы көрінген заттар мен оқиғаларды «зерттеу» қабілеттілігі туралы ой салады».
Ғалым балаларды оқытудың негізгі міндеттерінің бірі олардың өз бетімен білім алуға тырысуы, ойлау қабілетінің дамуы, дұрыс та анық идеяның қалыптасуы деп таныды. «Мәселе ғылымды оқытуда емес, оны дәніктіруге, ол ғылымдарды сүйетін болсын, одан кейін оған оқып, білім алудың әдісін үйрету керек».
Ж.Ж. Руссоның ойынша, білім берудің басты міндеттері оқушылардың дербестігін дамыту, байқап-ұғына білуге үйрету. Алайда бұл міндетті жүзеге асыру тиісті жағдайлар жасуды қажет етеді. Бұл жағдайлар балаларға дербестікке тырысуға, таным белсенділігіне табиғи талаптануын дамытуға мүмкіндігін бере алатындай болуы керек.
Баланың ой және адамгершілік күшін тәрбиелеу міндетін және белсенділігін дамыту үрдісінде орындау XVIII ғасырдағы француз ойшылдары дербес ойлана білуді, білімге деген белсенділікті дамытуды оқыту үрдісінде қалыптастыруды жақтады [15].
Батыстың озат, прогресшіл педагогикасы теориясының басты ерекшілігі- оқушының дербестігі идеясын қорғауында «Білім дайын күйінде берілмей, оқушылардың өздері зерттеп және текесеретін материал ретінде берілсе, баларды дамыту, шын мәнінде, қамтамасыз етілетін болады» деген нық сенім.
Ал оқытудың ең жоғарғы принципі мынандай: «тәрбиеленушіңді шындықты өз бетімен зерттеуге талпындыр» немесе «тәрбиеленушіні шындықты іздеу үстінде дамыту үшін танымға баулы». Педагогтар тұжырымдап берген бұл қағида оқушының оқу материалын зерттеу процесінде дербестік теориясын одан әрі дамытуға сөзсіз ықпал жасады.
К.Д.Ушинскийдің (1824-1871) ойынша, оқытушының мақсаты оқушыларға керекті білім беруде ғана емес, оларда жаңа білімді өздігінен алсам деген құштарлықты дамытып, дербестік қабілетін қалыптастыру, пайдалы білімді кітаптардан іздеп, тауып қана қоймай, қоршаған дүниеден, өмір құбылыстарынан да таба білу құралдарымен қаруландыру.
Ғалым оқушылардың өз бетімен ойлана білуге дамытудың қажеттігін ерекше атап көрсеткенін мына сөзінен байқаймыз: «... балалар мүмкігдігінше өз бетімен еңбектенсін, ал мұғалім олардың дербес еңбегіне басшылық жасап, оған материал беріп отырсын». Оқушылардың дербестігін дамыту үшін К.Д. Ушинский мынадай әдістерді ұсынады: оқулықпен жұмыс, жаттығулар орындау, өз істерін өздерінше байқау. Ол: «баланы кітап бойынша әңгімелесе білуге дағдыландыру, соған құмарландыру, мектептің ең басты міндеттерінің бірі»,-деді [18]....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык Биология пәнін жеке тұлғаға бағытталған технология негізінде оқыту жолдары жумыс дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар жобалар биология дипломдық жұмыстар, Биология пәнін жеке тұлғаға бағытталған технология негізінде оқыту жолдары