Қазақ әдебиеті | Абай өлеңдері мен қара сөздерінің өзге тілдердегі тәржімасы
Мазмұны
КІРІСПЕ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
I ТАРАУ
Абай өлеңдерінің орыс және ағылшын тілдеріне тәржімелену
ерекшеліктері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .7
II ТАРАУ
Абай қарасөздерінің орыс, ағылшын тілдеріне аударылу
сипаты. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .22
ҚОРЫТЫНДЫ. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . 42
Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Жұмыстың әдістемесі: салыстырмалы талдау әдісі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Абай өлеңдері мен қара сөздерінің орыс және ағылшын тілдеріне аударылған шығармаларды зерттеп, зерделеу. Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
- ақынның қоғамдық, адамгершілік, әлеуметтік жағдай, өмір шындығы мен заман шындығын бейнелеудегі шығармашылық тұрғысы мен ұлттық ойлау даралығын тәржімеде берілу жолдары;
- ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің аудармаларының сапасын саралау;
- аудармадағы жетістіктер мен қателіктерді көрсету;
- түпнұсқа мәтінімен орысша және ағылшынша тәржімелерді қатар салыстыру.
Жұмыстың мазмұны: Абай өлеңдері мен қарасөздерінің және оның орыс, ағылшын тілдеріне аударылған шығармалар арасында ақын стилі мен өзіндік даралығы салыстырма талдау нәтижесінде бағаланды. Жұмыстың бірінші тарауы ақын поэзиясының өзге тілдерге тәржімелену ерекшеліктеріне арналған. Заман бейнесі мен сол заманның адамының бейнесін суреттейтін Абай өлеңдерін орыс және ағылшын тілдеріне аударылу сапасы туралы айтылады.
Жұмыстың екінші тарауы ақын Абайдың адамгершілік, өмір, дін, оқу, ғылым, өнер сияқты мәселелер жайында жазылған қарасөздерінің өзге тілдерге тәржімелену сипаты туралы айтылған. Аудармашылардың жеткен жетістіктері мен жіберген қателіктері мысалдар арқылы көрсетілген.
Ақынның шығармаларын өзге тілдерге аудару барысында тәржімеде қазақ ұлтына тән сөздерге дұрыс балама табылмай, транслитирация әдісімен аударылған сөздер де кездеседі. Түпнұсқа мәтіні мен тәржіме мәтінінің арасында көркемдік, эстетикалық жағынан сәйкестігі тәржімеде сақталуы қажет. Осы бітіру жұмысымызда Абай шығармаларын өзге тілдерге аудару барысында ақын тіліндегі ұлттық бояуды, түпнұсқаның ойын, мән-мағынасын тәржімеде дәлдікті, нақтылықты сақтап беру қажеттілігі туралы айтылған.
Жұмыстың қорытындысы: Абай өлеңдері мен қарасөздерін өзге тілдерге көптеген аудармашылар тәржімелеген. Осы аудармашылардың ішінен К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаевтың тәржімелері жақсы деңгейде шыққан деуге болады. Алайда, ол аудармашылардың тәржімелері Абай деңгейінде жасалмаған. Абайдың ақындық даралығын, стилін еш аудармашы жеткізе алмаған.
Кіріспе
Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы осы күнгі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі), Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау болысы) Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген руынан тарайды.
Абай әуелі ел ішіндегі дін мектебінде оқып, ауылдағы молдадан хат таниды. Он жасқа келгенде Семей қаласына келіп, оқуға түседі. Семейдегі алғашқы оқытқан молдасы - Ғабүлжаппар деген татар. Одан кейін Ахмет Риза медресесіне түседі. Абай осы медреседе үш жыл оқиды. Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан санағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Дін сабақтарымен қатар, шығыстың ұлы классиктері Науаи, Физули, Саади, Хафиз, Шамси, Сайхали, шығармаларын оқып танысады. Оларды араб, парсы, шағатай, түрік тілдерінде оқыған. Соларға еліктеп бала ақын “Изузи Раушан”,“Физули, Шамси, Сайхали” өлеңдерін жазып, алғашқы ақындық жолын бастайды.
Ахмет Риза медресесінде оқып жүрген кезінде Абай Семейдегі Приходская школада үш ай орысша оқиды. Жасы он үшке келгенде, мұсылманша үш жыл, орысша үш ай оқумен Абайға ары қарай оқудың есігі жабылады. Әкесі Құнанбай Абайды оқудан шығарып алып, ел басқару жұмысына қосады. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан ерте арылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік сөздерін бойына сіңіре береді. Кезі келгенде экспромотты өлең, қалжың сықақ, тіпті кейде ел жұмысына араласқан шешендердің өзін мүдіртіп кетуге тырысады.
Абай Құнанбайұлының жас кезіндегі алғаш өз жанынан суырып салып айтқан өлеңі - “Кім екен деп келіп ем түйе қуған” деп аталатын бір ауыз шумақтан тұрады. Оны ақын он жасында бір әйелге ауызша айтқан. 1864 жылы он тоғыз жасында “Әліп-би” өлеңін жазады. Мұнан кейінгі өлеңдерінің жазылу мерзімі 1870 жылдан басталады. 1884 жылдардан бергі өлеңдерінің жылдары үзілмейді. Әсіресе, көп жазған жылдары – 1886, 1889, 1895 жылдар. 1886 жылы 17 өлең, 1889 жылы 27 өлең (оның 8-ін орысшадан аударған), 1895 жылы 13 өлең жазған.
Абайдың ғылымға, өлең жазуға белсене кірісуі қырық жасынан бері қарай. Оған дейін білім іздеуден қол үзбегенмен, өлеңді тиіп-қашып ғана жазып келсе, қырық жасынан бастап шығармашылыққа түгелдей берілді. Өз айналасындағы ру тартысынан, ескіліктен, надандықтан жеріне бастаған дана ақын өз елін ел етуді ойлайды да, осының жолын іздейді. Ақын солардың барлығына қаламмен күрес ашу деген қорытындыға келеді.
Қазақтың әлеуметтік өміріндегі ескі феодалдық көзқарасқа қарсы күрес ашып, бұл жөнінде көп өлеңдер жазған жылдары 1886 жылдардан басталады. “Ғылым таппай мақтанба”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, “Интернатта оқып жүр” тәрізді, оқу, өнер, адамгершілікке үндеген, “Қалың елім, қазағым”, “Байлар жүр жиған малын қорғалатып”, “Адасқанның алды жөн” сықылды әлеумет өмірінің әр түрлі жақтарына өлеңдері де осы жылдары шығарылған.
Ел арасындағы дау-шар, әр түрлі ру тартысы тәрізді әңгімелерден аулақтап, орыс мәдениетін зерттеп, оны өз халқынын пайдасына асыруға күш салуы, шығармашылыққа берілу, халықтық ірі-ірі мәселелерді көтеріп, өзі айтқандай “Әкесінің ұлы болмай, адамның ұлы болуы” жұрт алдында оның беделін, даңқын бұрынғыдан да күшейте түседі.
Қазақтың ұлы ақыны Абайдың зор еңбегінің бірі – жастарды, әсіресе, болашақ ел өмірімен байланысты ақын-жазушыларды тәрбилеу. Орыс, шығыс, батыс елдерінің мәдениетіне сүңгіп, түбінен керекті маржанын теріп ала білген ақын және елін өнер-білімге үндеп, жастарды оқуға сүйрейді. Балаларын орысша мектептерде оқытып, олардың жоғарғы дәрежелі білімі бар адам болуларын талап етті. Адамгершілік, жақсы мінез-құлыққа тәрбиеледі. Ақындарына өзі тақырып беріп, әр халықтың өмірінен поэмалар жаздырып, өзі олардың сыншысы болды.
Қазақ халқының жаңа әдебиетінің, әдеби тілінің негізін салушы, қазақтың өлең құрылысын бұрынғы қалпынан өзгертіп, әлденеше жаңа түр кіргізуші, өзінің даңқты ұлы еңбектерімен қазақ халқын басқа елдердің мәдениетімен қоян-қолтықтастыруға басшылық еткен, елін мәдениет, білім, өнерге шақырып, сол жолда бойындағы бар асылын аямай жұмсай біліп, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге қалдырған қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1904 жылы 23-інші маусымда дүниеден өткен.
Кемеңгер ақын Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы мұралары туралы алғашқы жазба деректерді “Дала уалаяты” газетінен табамыз. “Дала уалаяты” газетінің 1889 жылғы жетінші және он екінші сандарында Абайдың “Жаз” және “Болыс болдым мінекей” атты екі өлеңі шықты. Бұл екі өлең Көкбай атымен жарияланды. Абай шығармашылығы жайындағы алғашқы ғылыми ой-пікірлер де XX ғасырдың басында туған. Бұл салада Ә. Бөкейхановтың “Киргизский край” (1903 ж.) атты кітаптағы мақаласында келтірілген деректер мен “Семипалатинский листок” газетіндегі (1905 ж.) өмірбаянын айтсақ та болады. Алайда, Абайтанудың бастаушысы болған бұл автордың еңбектері мен соған жалғас жазылған Қ. Ысқақовтың, А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың мақалалары соңғы кезге дейін ғылыми айналымға кірмей жабық күйінде қалып келді. Ал, совет тұсында Абайтану ісін негіздеп, ғылыми жүйеге түсірген – М. О. Әуезов. Осы кісінің ұзақ жылдық еңбегінде де бағаланған, бағаланбай сынға ұшыраған ой-пікірлері аз емес. Бұл салада Ы. Мұстанбаевтың, Ғ. Тоғжановтың, С. Қабыловтың, Қ. Жұбановтың, Б. Кенжебаевтың, С. Мұқановтың, Қ. Жұмалиевтің, Е. Ысмайловтың, З. Ахметовтың, Қ. Мұхамеджановтың, тағы да басқа абайтанушылардың еңбектерін атап көрсетуге болады. [1, 17]
Абай шығармалары шетел оқырмандарына да таныс жеке өлеңдері көптеген елдердің тіліне аударылып, бірнеше рет жеке кітап болып басылған. Ақынның шығармалары орыс, чех, қырғыз, моңғол, қарақалпақ, түрікмен, молдован, азербайжан, украин, араб, белорус, латыш, ханжу, грузин, француз, неміс, ағылшын тілдеріне аударылған.
Ақын шығармаларын орыс тіліне аударған ақын-жазушылар: М. Петровых, Д. Бродский, П. Карабан, А. Жовтис, А. Гатов, В. Звягинцева, Вс. Рождественский, Ю. Нейман, Л. Озеров, П. Шубин, А. Штейнбергер, М. Замаховская, М. Тарловский, К. Липескеров, А. Арго, О. Румер, Л. Руст, Л. Шифферс, А. Глоба, Г. Пагирев, Л. Пеньковский, А. Старостин, С. Ботвинник, М. Зенкович, В. Бугаевский, М. Касаткин, А. Ничай, В. Державин, С. Липкин, Е. Винокуров, В. Шкловский, М. Луконин, Л. Кривощеков, А. Семенов, В. Антонов, Д. Рябуха, Роом, С. Санбаев, Р. Сейсенбаев, К. Серікбаева, Ә. Қодар, М. Сұлтанбеков; сондай-ақ В. Бугаевский “Әзім әңгімесін”, А. Глоба “Ескендір”, “Масғұт” дастандарын, В. Шкловский қара сөздерін, Л. Соболев “Отыз жетінші” сөзін аударған. [2, 459]
Біздің ұсынылып отырған “Абай өлеңдері мен қара сөздерінің өзге тілдерге тәржімеленуі” атты бітіру жұмысымызда, негізінен, ақынның орыс және ағылшын тілдеріне аударылған өлеңдері мен қара сөздері салыстырыла талданды. Қолда бар материалдарды мүмкіндігімізше пайдалана отырып, өзіміздің хал-қадерімізше зерттеу жүргіздік, ой пікірімізді дәлелдеуге күш салдық.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар.
I ТАРАУ
АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНЕ ТӘРЖІМЕЛЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Поэзия аудармасы - өте қиын да жауапкершілігі зор шығармашылық іс, әрі үлкен өнер. Поэзия аудармасында сөзді, тіркесті өлең жолдарын бастапқы мағынасын сақтау негізінде түрлі тәсілдермен аударуға болады. Поэзия тілі оқырманға түсінікті, айқын түрде жетуі тиіс. Поэзияны аудару үшін ақындық айрықша талант, шындалған шеберлік қажет. Ақынның ойлау жүйесін, бейнелеу үлгілерін, поэтикалық стильдік мәнерін дәл жеткізу үлкен талантты талап етеді. Егер проза аудармада бір сөзді артық қосып жіберу немесе мәтін мағынасына үйлеспейтін тіркестерді араластыру сөйлем құрылысын өзгертіп жіберуі мүмкін болса, поэзия аудармасында да артық қолданылған сөз немесе дұрыс аударылмаған өлең жолы поэзияның ішкі мағынасын, ырғағын, жалпы мазмұнын өзгертеді. Поэзияда ақынның болмыс бітімі бейнеленеді, өзінің ойы, жан дүниесі, сыры сипатталады. Ол өз туындысының лирикалық кейіпкерлеріне айналады. Ақынның поэтикалық образдармен, метафораның, халық тілінің бар байлылығымен, терең жан дүниелік толғаныспен, сұлу сезіммен, шалқар шабытпен жазған поэзиясының басқа елдің поэтикалық тілінде жеткізу үлкен шығармашылық іс. Аудармашы ақынның өлеңдегі айтар ойын, көңіл күй сезімін, әр сөзінің астарындағы мағынаны айқын аңғара білуі керек.
Поэзия аудармасын өзіне тән қатал заңы бар. Оған кез-келген аудармашы бара бермейді. Аудармашының іске әбден төселіп, соған құштарлықпен берілген талант қана қиындығына төзе біледі. Аудармашы талантты ақын болуымен бірге, аударма жасайтын тілді және өзінің ұлттық тілін шебер менгерген филолог маман болуы керек. Аудармашы аударылатын поэзиядағы ұлттық дәстүрге, оның тілі мен мәдениетіне тереңдеп енген сайын ақын өлеңдерінің құпия сырларын аша түседі. Аудармадағы ең қиын абыройлы міндеттің бірі-поэтикалық көркемдікті жеткізу. Талантты аудармашы поэзияның көркемдік құндылығын жан жүрегімен ұғынады, түпнұсқаның түрі мен мазмұнының бірлігін сақтап, поэтикалық қуатын толық дәрежеде жеткізеді. Поэзия аудармашысы сол ұлттың тілін білуімен қатар өлең құрылыстың ерекшелігін жақсы менгеруі тиіс. Кейде аудармашы аударма заңдары мен ережелерін жан-жақты білгенімен, тәржімеде айтарлықтай табысқа жете алмауы мүмкін.
Өлең сөзді аударуда аудармашы өз ойын автордың ойымен астастыра, жарыстыра отырып, өзінің ақындық қиялына мейлінше ерік береді. Бұл ерік, әрине, оның түпнұсқадан алшақтатпай, қайта, керісінше, оған мейлінше жақындата түсуге тиісті. Олай болмаған жағдайда аудармашы ақынның аудармасы түпнұсқадан алшақтап, мазмұн жағынан да, пішін жағынан да мүлде басқа туынды болып шығады.
Түпнұсқадағы жекелеген ерекше ұғымдарды, түсініктерді басқа тілде жеткізу аудармашыдан терең білімді, үлкен еңбекті және ақындық талант пен шығармашылық шеберлікті талап етеді. Түпнұсқада көрініс тапқан өмір шындығының мәнісін, ақынның ойлау даралығын, стилін, тіл ерекшелігін білу – аудармашы үшін ең басты шарт. Алайда, шынайы аудармашыға білім сенімді көмекші болғанмен, мандайдан тер ағызғандай адал да тиянақты еңбек, нағыз шығармашылық еңбек жоқ жерде айтрлықтай нәтиже болмайды. Терең білім тиянақты еңбекпен, ал білім мен еңбек ақындық талантпен, шығармашылық шеберлікпен ұштасқанда ғана аударма түпнұсқа деңгейінде, не соған жақын деңгейде көтеріледі.
Абай Құнанбайұлының өлеңдері жанрлық ерекшеліктеріне қарай түрліше көркемдік бейнелеу құралдарының қызметімен ерекшеленеді. Қайсыбір жанрдағы өлеңдер тобында көркемдік бейнелеу құралдары күрделі, ұлттық реңі бай болып келсе, енді бір жанрлық топтағы өлеңдерінің тілі қарапайым, нақты. Алғашқы жанрлық топтағы өлеңдерді басқа тілге аудару аудармашыдан үлкен еңбекті, көп ізденісті талап етсе, кейінгі топтағы өлеңдерді аудару едәуір жеңіл. Алайда, аудармашылық шеберлігі кемел жетілген аудармашылар үшін де Абайдың өлеңдерін тәржімелеу, Абаймен ақындық жарыстыра отырып тәржімелеу оңай емес. Бұған Абай өлеңдерінің аудармалары толық негіз бола алады.
Абай Құнанбайұлының “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңін М. Петровыхтың орыс тіліне және Ричард МакКейннің ағылшын тіліне тәржімелеген аудармаларымен салыстырып көрейік:
Түпнұсқа:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Өзім де басқа шауып, төске өрледім,
Қазаққа қара сөзге дес бермедім.
Еңбегіңді білерелік еш адам жоқ,
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім. [3, 45]
Орысша аудармасы:
Я презрел познание, юноша пустой.
Видел пользу в нем, но шел стезей другой.
Возмужал — наука из-под рук ушла.
Поздно к ней ты устремился, разум мой!
Кто повинен, что остался я ни с чем?
Смолоду учась, я был бы не такой!
Из людских отрад одну зовут — дитя
Обучение детей - наш долг прямой.
Сына отдал в медресе: "Учись, родной!"
Цель не в том, чтобы достался чин большой.
Сам к высотам я стремился всей душой.
В красноречии мне уступал любой.
Но ведь некому здесь оценить мой труд...
Под конец я предпочел всему покой . [4, 38]
Ағылшынша мәтіні:
When I was young I didn't give much thought to
knowledge,
I saw the use, but didn't test it out.
When I grew up, I didn't know how to latch onto it.
I stretched out my hand to it very late.
Who should I blame that I was left with nothing?
If I'd striven in time would I be like this now?
Children are one of the joys of life.
I'm not against teaching children.
I put my son in the madrasah, so that he could
acquire knowledge
and not so that he could gain favour and status.
I myself strove to better myself
In the field of rhetoric I was second to none among the Kazakhs.
But no one can value your works,
and so I preferred in everything the peace of solitude. [5, 21]
Аудармашы М. Петровых тәржімесінде Абайдың өлеңі едәуір өзгерістерге ұшыраған. Дегенмен, аудармашы ақын өлеңінің мазмұнын, оның сезім сырын, ақынның көңіл күйін жіті танып, толық және дұрыс жеткізген. Түпнұсқаның әр сөзін, әр тармағын терең түсіну, соның нәтижесінде өлеңнің мәнін, рухын ұғыну аудармашыны жалаң жадағай аударудан сақтандырып, тиісті шығармашылық табысқа жеткізген. Тәржімешінің басты жетістігі – өлеңнің мазмұнын, ішкі эмоциялық байлығын орыс тілінде белгілі дәрежеде дұрыс бере білуінде. Әйтсе де, аудармшы бұл жерде де өз тарапынан өзгертулер жасаған. Абай осы өлеңінде өзінің ғылым жолын жастай қумағанына, ержеткен соң іздегенде ғылым жеткізбей кеткеніне өкініш білдіріп, сол өкінішін сыр қылып толғайды.
Аудармада ақынның осы сыры қосымша желілермен толықтырылған. Түпнұсқада істің, құбылыстың иесі ақынның өзі болса, аудармада ғылымға кеш ұмтылған ақын емес, оның ақыл-ойы болып шыққан. Түпнұсқадағы “түспеді уысыма”, “қолымды мезгілінен кеш сермедім”, “қолымды дөп сермесем, өстер ме едім” деген сөз тіркестерін өзге тілдерге аудару қиын. Тұрақты тіркес дәржесінде пайдаланылған мұндай тілдік құралдардың мазмұнын тәржімеші орыс тіліне қарапайым, тура мағынадағы тілдік құралдардың тобы арқылы аударған. Өлеңнің мазмұндық желісі де осы бағытта тәржімеленген. Бірақ та, ол түпнұсқаның мағыналық құрылымына, тақырыбы мен идеясына, ондағы мінез табиғатына мүмкіндігінше терең бойлаған. Соның нәтижесінде аудармашы түпнұсқаны сөзбе-сөз немесе жолма-жол аударуға бармай, оның мазмұны мен мағынасын терең жеткізуге жол тапқан. Сонымен қатар, ол түпнұсқаның пішініне тән ерекшеліктерді де сақтауға күш салады. Аудармада жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің, кейбір аударылмай, өзгерістерге, толықтыруларға түскендігіне қарамастан, аудармашының шеберлігі, түпнұсқаның әлеуметтік эмоциялық мазмұнына адалдығы ойдағыдай деңгейде көрініс табады.....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: дипломдык жумыс Абай өлеңдері мен қара сөздерінің өзге тілдердегі тәржімасы дипломдық жұмыс дайын жоба дипломная работа, сборник готовых дипломных работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые дипломные работы проекты на казахском, дайын дипломдык жумыстар казак адебиет жобалар дипломдық жұмыстар