Қазақ тілі | Тіл таңдау және оның қолдану салалары: социолингвистикалық талдау

 Қазақ тілі | Тіл таңдау және оның қолдану салалары: социолингвистикалық талдау

Мазмұны

КІРІСПЕ........................................................................................ 4
1. ТІЛ ТАҢДАУДЫҢ ҚОҒАМДАҒЫ ОРНЫ
1.1.Тіл таңдау және тілдік жағдай мәселелері.................................. 7-13
1.2.Тіл таңдау кезіндегі жеке тұлғаның ана тілінің орны.............. 13-21
1.3.Тіл таңдау мен тілдік сәйкестік ұғымдарының
байланыстығы............................................................................... 21-29

2. ТІЛ ТАҢДАУ - ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫС
2.1.Қазақстандағы тілдердің мәртебесі........................................ 29-36
2.2.Тіл таңдау және оның қолдану салалары:
социолингвистикалық талдау............................................... 36-44
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................... 44-45
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................. 46-47
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Бітіру жұмысымызда тіл таңдау мәселесін және оның қолданылу салаларын қарастырамыз. Зерттеу нысаны қоғамдағы тіл таңдау және оның қолданылу салалары болғандықтан, оның анықтамасын кең көлемде аша отырып, тілдік таңдау салаларын өмірдің әртүрлі жағдайында пайдалануын қарастыра келіп, тіл таңдау мәселесін нақты мәліметтер негізінде бір жүйеге біріктіру арқылы қарастыруды мақсат еттік.
Тіл таңдау қоғамның кез-келген адамына тиесілі құбылыс. Себебі, әрбір адамның ең бірінші қарым-қатынас құралы тіл деп танимыз. Мысалы: кез-келген тұлға қызмет бабында, оқу орындарында, көшеде, көпшілік жерлерде, дүкенде, теледидар көргенде, газет-журнал оқығанда міндетті түрде тіл таңдайды. Қоғамда бірнеше тілдер қатар өмір сүріп жатқан кезде, бір немесе бірнеше тілге таңдау жасалатыны анық.
Тіл адамның негізгі қарым-қатынас құралы болғандықтан тіл таңдау қоғамда ерекше орны бар құбылыс. Тіл таңдау тілдің белгілі бір жағдайларға байланысты қолданысқа алынуы, тұлғаның тілге көзқарасы кезінде анықталады. Көпұлтты мемлекеттерде тіл таңдау тілдік саясат мәселесі болып тұр. Сондықтан, осы бітіру жұмысымыздың өзектілігі қазіргі өмір сүріп отырған қоғамымыздағы тіл таңдау мәселесі, тілдің қолданылу салалары төңірегінде. Республикамыздағы қалалық және ауылдық елді мекендер халықтарының тіл таңдау құбылысы, тіл таңдағандағы негізгі алға қойған мақсаттарының өзектілігі қарастырылды. Қоғамдағы үстемдікке ие, таңдаудағы негізгі тіл пайыз көрсеткіші бойынша анықталды.
Тіл таңдау кезінде үстемдікке ие болатын тіл қоғамның көп бөлігі сөйлейтін, ол тілдің саяси және экономикалық жағдайы, өмірдің барлық салаларында қолданыс таба білуі есепке алынады.
Зерттеу нысаны - жаңа этнодемографиялық және геосаясат жағдайлары ықпалымен қарқынды өзгеріп жатқан Қазақстан Республикасындағы тіл таңдау мәселесі; тіл таңдау және оның қолданылу салаларын кең көлемде зерттеп анықтау.
Зерттеудің пәні - Қазақстан Республикасының аумағындағы қалалық және ауылдық елді мекендердегі тіл таңдау көрсеткіштерін бақылау.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Сауалнама жүргізу, статистикалық, талдау, сипаттау. Қоғамдағы тұлғалардың тұрғылықты орындары, қызметі, жас ерекшеліктеріне байланысты тіл таңдауды анықтайтын әлеуметтік зерделеу барысында алынған сараптау әдісі. Қалалық және ауылдық елді мекендер арасындағы тіл таңдау құбылысын салыстырмалы әдіс арқылы бердік.
Жұмыстың мақсаты: еліміздегі тіл таңдау құбылысына баға беріп, тіл таңдаудағы ерекшеліктерді анықтап, қолданыс аясы кең, басым тілді көрсету.
Жұмыстың міндеті: қоғамдағы қолданыс аясы кең тілді анықтауды мақсат етіп, алдымызға төмендегідеуй міндеттер қойдық:
• қостілді немесе көптілді қоғамдағы тұрғындардың ана тілінің алар орны;
• Қазақстан Республикасының аумағындағы тілдік жағдай мәселесін қарастыру;
• тіл таңдаумен тілдік сәйкестік терминдерінің байланыстылығын ашып қарау;
• еліміздегі қатар қолданыстағы қазақ және орыс тілдерінің мәртебесін анықтау;
• республика аумағындағы қалалық және ауылдық елді мекендердегі тіл таңдаудағы айырмашылықтар мен ерекшеліктерді ашып қарау;
Жұмыстың тұжырымы: жұмыс барысында алдымызға қойған міндеттерді зерделей келіп мынадай тұжырымдарға келдік:
• қоғам көп тілді немесе қостілді болған жағдайда кез-келген тұлға өзінің ана тілімен қоса өмірдің әр түрлі салалары қажет ететін қосалқы тілдерді де таңдауға мәжбүр. Елімізде түрлі ұлттар тұрады, әр қайсысы өзінің ана тілімен қоса мемлекеттік қазақ тілін және қолданыс аясы кең орыс тілін тең дәрежеде қолданатыны байқалды;
• қазақстан республикасындағы тілдік жағдайдың экстралингвистикалық және жеке лингвистикалық факторлардың ерекшеленуі қызығушылық тудыратыны анық. Қазақ елінің тілдік жағдайы генетикалық және типологиялық жағынан әр түрлі тілдердің бар болуына ғана емес, бір кеңістікте екі үлкен тіл қазақ және орыс тілдерінің бірге қызмет етуімен байланысты;
• тіл таңдаумен тілдік сәйкестік ұғымдары бір-бірінен ажырамас бөлшектер ретінде қаралады. Тіл таңдау жасалынғанда, міндетті түрде тілдік сәйкестік ұғымы қатар жүреді. Тұлға тілді таңдағанда өзіне сәйкестендіріп, тілдік сәйкестік жасау арқылы тілдік таңдауды жүзеге асырады;
• республикамызда мемлекеттік тіл мәртебесіне қазақ тілі ие болғанымен, орыс тілінің қатар қолданыста екені белгілі. Тіл таңдау кезінде өзге ұлттардың ана тілі және қоғамда белгілі орны бар тілдерге қоса орыс тіліне таңдау жасау басымдылық танытып тұрғаны анықталды;
• жұмыстың барысы қалалық жерлерде орыс тілінің алар орны жоғарғы көрсеткіште екенін көрсетсе, ал ауылдық елді мекендерде тіл таңдаудағы қазақ тілінің пайыз көрсеткіші тым жоғары екені байқалды.
Бітіру жұмысымызда осы қойылған міндеттер мен шығарылған тұжырымдарды кең көлемде аша отырып зерттеу жасадық. Қоғамымыздағы өмірдің әртүрлі салаларында тұлғалардың өз қажеттіліктерін өтеуге негізгі қызмет етуші тілдер қазақ және орыс тілдері екені байқалды.
Жұмыстың құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады

1 Тіл таңдау - әлеуметтік құбылыс
1.1 Қазақстандағы тілдік жағдай.

Тіл таңдау кез-келген тұлғаның тілге деген көзқарасы негізінде,белгілі жағдайға байланысты тіл таңдауы кезінде анықталады.
Тілдік жағдай (ағылшын тілінен Language situation) қоғамда тілдің нақты қолданылуы, тілдің өмір сүру формалары белгілі–бір этникалық қауымдастықта аумақтық және диалекті, жаргондар, койнелердің жиынтығы. Яғни, бір тарихи кезеңге, мемлекет, әкімшілік саяси құрылымдар немесе аймақтық бірлестіктер, аймақтар шегінде тұратын қоғамға (этнос, саяси-этностық қауымдастық) қызмет ететін тілдер мен тіл варианттарының иерархиясы[10,21].
Қоғамдағы тілдік жағдайды қалыптастыратын және өзгертетін тіл қызметіне қоғамның әсер ету негізгі әдіс–тәсілдерінің ішінде тілдік саясат ең маңызды фактор болып табылады. Құрылымдық-¬тілдік саясат тіл қызметінің кеңейуіне, қолдану аяларына, әлеуметтік-коммуникативтік рөлдің жоғарылауына, әдеби тілдерді жасау мен дамытуға бағытталған.
Тілдік саясат түрлері тілдік жағдайлар түрлеріне байланысты өзгеріп отырады:
1. Тілдік саясат монотілдік мемлекет жағдайында.
2. Тілдік саясат полиэтникалык мемлекет жағдайында.
3. Тілдік саясат берілген мемлекет шеңберінен тыс.
Мультилингвалды аудандарда тілдік саясатты плюрализм, интеграция, ассимиляция, сегрегация ерекшелетеді. Егер мемлекеттік саясат мультименгвалды қоғам консолидациясына, ұлтаралық қатынастардың толеранттылығы мен тұрақтылығына, барлық этникалық және тілдік топтардың теңдігіне (бұл принцип «ҚР тілдер туралы» заңда көрсетілген) бағыттала отырып, сонымен қатар тілдік саясаттың нақты бағдарламаларының мақсаты қоғамдық-саяси өмірдің салаларында тілдерді қызмет жағынан бөлінуін өзгерту не сақтау болып табылса, яғни жалпы мемлекеттік және ұлтаралық қатынас үшін тіл таңдау құқығы болса, плюрализм мен интеграция бірге жүреді. Сол үшін көпұлтты мемлекеттердегі тілдік саясаттың басты мәселесі-мемлекеттік (ресми) тілді таңдау, сонымен қатар миноритарлы этникалық топтар тілдерінің мәртебесін анықтау. Тілдің мәртебесі - мемлекет өткізіп жатқан тілдік саясаттың негізін құрайтын белгілі бір тілдің құқықтық қызметін реттеу деп түсінеміз. Мемлекеттік немесе ресми тілді таңдаудағы факторларға тілдік қоғам саны, олардың елдегі саяси және экономикалық жағдайы және белгілі бір тілдің өмірдің барлық салаларында коммуникативтік құрал ретіндегі даму дәрежесі жатады. Тілдік жоспарлау кезіндегі тіл таңдауға әсер ететін негізгі факторларды Н.Б.Вахтин мен Е.В.Головко топтастырған:
1. Әлеуметтік-демографиялық факторлар (тіл саны, осы тілдерде сөйлейтін адам саны және олардың географиялық таралуы).
2. Тілдің географиялық «орналасуы».
3. Тілдік факторлар (тілдердің генетикалық жақындығы, олардың салыстырмалы «қарапайымдылығы», модернизация дәрежесі, өйткені қазіргі заман талабына сай келмейтін, тілдер ресми тіл мәртебесіне ие бола алмайды, сонымен қатар ол мемлекет тілдерінің көпшілігінен алыстап кеткен тілдерге жатады).
4. Әлеуметтік-психологиялық факторлар (адамдардың әр тілге қатысы: мысалы 1991 жылға қарай Латвия халқының көпшілігі орыстардан тұрып, орыс тілін 100% меңгерсе де, зерттеушілер айтуынша орыс тілі Латвияның ресми тілі мәртебесіне көтеріле алмаған, өйткені «кеңестік жаулаушылыққа» қатыстырылған).
5. Саяси факторлар (мысалы, Орта Азия халықтарының бұрыңғы араб графикасының орнына латинизация мен кирилизациялануы).
6. Діни факторлар.
Тілдік саясатты жүзеге асыру, әлемдік тәжірибе бойынша, бірнеше кезеңнен тұратын процесс болып табылады. Алғашқы кезеңде тілдік саясаттың мақсаттары мен міндеттері қалыптасады, заң негізінде ұлттық саясат пен тілдік саясаттың мемлекеттік концепциялары дамытылады, тілдік таңдау туралы шешім қабылданады. Тілдік саясаттың болашағы зор, оның шеңберінде өткізіліп жатқан іс-шаралар тілдік жағдайды өзгертеді. Бірінші кезеңде маңызды болып табылатын нәрсе -тілдік болжам.
Тілдік саясаттың екінші кезеңіне белгіленген мақсаттарға дайындау жатады, оған қалыпты лингвистикалық нұсқа таңдау, оны заңдастыру кіреді және тілдік жоспарлауды құрайды, яғни белгілі бір субьектілердің тілдік тәртіптеріне тіл қызметін ауыстыру, құрылымын реттеу, қалыпты жағдайлар жасау, саяси, білім беру, экономикалық, қоғамдық және лингвистикалық институттар арқылы тілдің мемлекет шекарасынан тыс таралу мақсатында нақты шаралар қолдану. Маңызды ңәрсе, тілдік саясатты ресми мемлекеттік мекемелер ғана емес, тәуелсіз ұйымдар да жасай алады. Мемлекеттік деңгейде бұл кезең тілдік қызмет саласындағы заңдарды қабылдау мен осы саладағы халықаралық міндеттерге қосуды ұсынады. Биліктік емес деңгейде екінші кезеңде өкіметке қатысты талаптарды қабылдау және ғылыми-зерттеу мен мәдени білім беру шаралары өткізіледі. Бұл кезеңмен тілдік бекіту байланысты, ол дегеніміз белгілі бір тілдің пайдалану аяларын сақтау, кеңейту не шектету туралы шешім қабылдау, одан кейін халықаралық міндеттер мен ішкі заңдылық нормаларын тәжірибеге имплементациялау басталады.
Соңғы кезең-тілдік құрылыс мұнда тілдік саясат мүшелер ұсынатын жаңалықтарды бекіту үшін әлеумет мүшелерін көндіруге бағытталған күш жұмсайды. Қоғам мүшелері ұсыныстарға келісім беруі мүмкін не тіпті келіспеуі мүмкін.
Ұсыныстардың қабылдану дәрежесі жасалып жатқан тілдік саясаттың әрекеттілігіне баға беруге мүмкіндік жасайды, сонымен қатар ел немесе аймақтың тілдік дамуын болжайды. Осы мәселенің ұлттық-тілдік аспектісін көпұлтты мультилингвалды қоғамды консалидациялау үшін әлеуметтік-экономикалық және конфессионалды аспектілермен байланыстыру қажет.
Кез келген мемлекеттің тілдік саясатының негізінде тілдік ортаны реттейтін заң актілерін қабылдау кезеңінде бар қоғамның этнотілдік мінездемесін және әкімшілік орта, білім беру жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында тілдің пайдалануын анықтайтын мақсаттар мен міндеттерді түсіну керек. Осы жағдай тілдік жағдайды тілдік жоспарлаудың теориясы мен тәжірибесіне керекті өзекті ұғым мен категория етіп бағалауға міндеттейді. Аймақтағы тілдік жағдайды түсіну үшін келесі сипаттар пайдаланады: тілдік саясат ерекшеліктері; тілдік заңдастыру мінездемесі, тілдердің ресми мәртебесі; қалыптасу тарихы мен тілдік жағдайдың сыртқы факторлары, тілдің сандық құрамы (көп жағдайда қала мен ауыл диаспораларында әртүрлі тілдер басым болады, қызметтік тілдер, т.б. ерекшеленеді): тілдердің демографиялық және қызметтік қуаты, олардың саны мен қатынасы; тілдік ұстанымдар (тасушылардың тілдік бағыты, жоғарғы дәрежелілігі, үйренуге құштарлығы, т.б.): тілдердің лингвистикалық себептері (функционалдық стильдердің болуы мен тұрақтылығы терминалогиялық жүйелердің дамуы, жазу дәстүрлерінің ұзақтығы, қаржылық және институттық қамтылуы (сөздіктер оқу құралдарын, кадрларды дайындау орны мен жүйесінің болуы), т.б.).
Әр елде, кейде әр аймақта тілдік жағдай қалыптасуының және пайда болуының өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін, мысалы, Қазақстан халықтары үшін өмірдің әкімшілік, экономикалық, мәдени және т.б. салаларында қатынас құралы ретінде орыс тілі үстем болған. Ана тілі тұлғааралық қатынастарда және оқытуда пайдаланған. Бір жағынан Кеңес Одағының құлдырауынан кейін орыстардың көп бөлігінің Қазақстаннан кетуі және керісінше, шет елдерінен туған жеріне оралмандардың қайтып келуі елдегі тілдік жағдайды күрт өзгертті. Оның бәрі титулды тілдерді қайта өркендеуі мен таралуымен тығыз байланысты. Этникалық және мәдени сәйкестендірумен өркендеу арқылы түсіндіріледі. Ақыр аяғы ол тілдік ортаны реттейтін заң актілерінің мінезін анықтайтын елді: барлық жаңа тәуелсіз мемлекеттерде мемлекет құрайтын ұлт тілдеріне мемлекеттік тіл мәртебесі берілген, сонымен қатар бірқатар елдерде орыс тілі ресми тіл және ұлтаралық қатынас тілі деп есептеледі.....
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру