Поиск по сайту

По Вашему запросу найдено 2500 ответов (Результаты запроса 1 - 50) :

Несие алмай тұрмыстық қажеттілікті қалай қанағаттандыруға болады?

Нарықтық экономика заманында жаңа техника мен тұрмыстық құралдардың маңызы зор. Алайда, қарапайым тұрғындардың кейбір заттарды сатып алуда қалтасы көтермей жатады. Ал несиеден несиеге өмір сүру мәселелерді шешпейтіні анық. Осы тұста қаржыгер маман Әлихан Ғаділбеков қарапайым халық үшін қаржыны тиімді басқару және жаңа несие алмай өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыратын, маңызды нәрселерді несиесіз қол жеткізуге, ақшаны тиімді үнемдеуге көмектесетін бірнеше кеңестер ұсынды.  

Бизнес және қаржы
Толық

Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы

Ұлттық теңге - ұлт мақтанышыМұғалім сөзі:
Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекеше. 1992 жылы 12 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды.
Сабақ жоспары
Толық

Ұлттық валюта – тәуелсіздік нышаны

Мақсаты: Қазақстанның ұлттың ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру.
Білімділік: ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру
Сабақ жоспары
Толық

Несие төленбеген жағдайда, банк жалақыңыздың қанша пайызын ұстап қалады?

Банк өкілдері қарыз алушының жұмыс орнына, туыстарына хабарласып, одан нәтиже болмаса, қарызды жалақысынан ұстап қалып жатады. Бұл қаншалықты заңды? Нақты қандай жағдайларда банк борышкердің жалақысынан ұстап қалуға немесе оның жалақы картасын бұғаттауға құқылы? Осы және өзге де сұрақтарға заңгер Данияр Түймебаев жауап берді деп хабарлады massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңалықтар
Толық

Асыраушы

-Мама! мен ертең мектепке барғым келіп отырған жоқ, бәрібір дұрыс сабақ болмайды. Әдебиеттен беретін апай тапсырма береді де, соткасын шұқылап отырып алады. Берген тапсырмасын жазған, жазбағаныңды да тексермейді. Ал, тарих сабағы мүлдем қызықсыз, оқығың келмейді.
-Қой, о не болғаның балам, олай айтпа,-мамасының күңкіліне құлақ аспаған Ерлан, тез киінді де сыртқа шығып кетті. Ерлан биыл тоғыз бітіреді, соңғы кезде өскенде кім боламын, не жұмыс істеймін, заман қалай болмақ деген сияқты сұрақтар мазалайтынды шығарды. Жалғыз ер бала болғасынба әке— шешесі бетінен қақпай өсірді. Бірақ онымен ол тентек болып кеткен жоқ, керісінше жасына тән емес сұрақтарға жауап іздейтін, ойшыл болып өсіп келеді. Айтпақшы, жасына тән емес сұрақтар деген, қазіргі уақыттағы елде болып жатқан оқиғалар, халықтың хал ақуалдары ерекше ойландырып соған жауап іздейтінді шығарды.
Шынында Ерланның үйі молшылық дегеннің не екенін білмей келеді. Әкесі шопыр, мамасы жұмыс істемейді, әйтеуір ес білгелі ауырудан шықпайды. Ескі бір бөлмелі жұпыны пәтерде өмір сүріп жатыр. Әкесінің тапқаны тамақтарына әрең жетеді. Кейде соның кесірінен үйде айқай да шығып кетеді. Осы үйдің еркегі сен бе, мен бе, деген мамасының айқайы жиі құлақты жаратын болып жүр. Сыныптасы Абай үлкен екі қабатты коттеджде тұрады, папасы сабаққа жиппен әкеледі. Абайдың қалтасы тиын тебеннен құрғамайды. Осы екі жағдайды салыстырып айырмашылығының себебін іздейді, неге?
Тоғызды бітірсем міндетті түрде жұмысқа тұрамын, колледжге түсемін, ақша тауып, үш. қарындасымды оқытамын, пәтерімізді кеңітемін. Қиялға шомып кеткен Ерлан жаяу жүргінші өтетін жолаққа таяп қалғанын бірақ байқады. Соңғы кезде Ақтаудың көшесі көлікке тым толып кетті ме, көше тарма, әйтеуір байқамасаң басып кетулері қиын емес. Кішкентай күнінде, екінші сыныпта оқып жүргенде балдардан асық ұтып алып, жинап балдарға сататын, сөйтіп тиын жинап үйге нан сатып әкелетін. Мамасы айналып, толғанып отырғаны асыраушым менің, деп.
Ерлан шын мәнінде есейуге, қатты асығуды тезірек өз қолы өз аузына жетіп әке-шешесін, қарындастарын қиыншылықтан құтқарғысы келеді. Әсіресі былтыр бірінші қырырқүекте киім, сөмке алатын, қағаз, құрал алатын ақшалары жетпей қиналғандары естен кетер емес. Папалары он шақты күн ауырып жатып қалып, дұрыс ақша шықпаған. Бір мейірімді жандар көмек көрсетіп барлық қажетті оқу құралдарын алып берген болатын. Сондағы бала жүрегі қатайып, өзіне берген серті бар. Ол серті үлкен жұмысқа кіріп, ақшаны көп табатын бастық болу, немесе, Абайдың папасындай кәсіпкер болу. Оның бірден бір жолы сабақты жақсы оқып, жоғарғы оқуға түсу екенін бала жүрегі қанша сезсе де, қазіргі білім деңгейінің төмендігі іштей тежей беретін сияқты. Негізінде Ерлан өте зейінді бала, бірақ қырсық мінезі де жоқ емес. Мектептегі сабақ беретін мұғалімдерге көбінесе көңілі толып көрмепті, тек математикадан беретін апайы ғана ұнайды. Басқа мұғалімдерінің білім деңгейлері төмен бе, әлде өз жұмыстарына жауапты қарамайма, әлде Ерланға беймәлім себептері барма?, әйтеуір уақыт өтсе болғаны дейтін сияқты. Құлағың салбырап сабақта тыныш отырсаң болғаны оң баға алатының кәміл.
Сөйтіп жүріп тоғызыншы сыныпты да бітірді, мамасына колледжге түскісі келетінін айтып еді, қарсы болмады. Өткенде балдардан естіген мұқтаж жанұяларға көмек ретінде оқуға тегін қабылдайды екен, тіпті шәкіртақы да төлейтін көрінеді. Мамасы өкпесін сүйретіп жүріп іліктірді ау әйтеуір, бұйырса құрылысшы болмақ ойы бар. Колледжде оқып жатырғанына да біршама уақыт болды. Сабақ анау айтқандай қиында емес. Мектептегіден қайта оңай сияқты ма, Ерллан көп қиналып жүрген жоқ, өзі құралпы Мейірім атты бала мен бірге жүреді, оның да жанұясының жағдайы мәз емес. Мұның әйтеуір әкесі бар ғой, азды көпті ақша тауып жүрген, ал оның әкесі қайтыс болған. Жалғыз шешесі жұмыс жасап зыр жүгіріп үш баласын асырауда.
-Мейірім, мен кеше балдардан естідім, той болатын мейрамханаларда біз сияқты балдарға уақытша жұмысқа рұқсат етеді екен. Бір той атқарсаң үш мың теңге.
-Ақшасы тым аз екен, оның үстіне түнгі сағат үшке дейін жүретініңді айтсайшы, деп күрсінді Мейірім.
-Жоқтан жақсы ғой, істеп көрсек қайтеді.
Осылайша келіскен екеуі демалыс сайын мейрамханаларда жұмыс жасап жүрді.
• Ерлан күндегісінше сабақтан келсе есік алды абыр, сабыр. Біреулер киіз үй тігіп жатыр. Баласы келді, деп сыбырлайды біреулері. Жүрегі бірдемені сезгендей қатты соғып кетті. Ойына мұрсатта келгені, соңғы кезде шешесінің ауыруы кенеттен меңдеп жатып қалғаны. Жөтелгенде аяқ астынан тұншығып кететін. Еңіреп жылап оң жақта жатқан шешесіне тұра жүгірді. Біреулер ұстап жібермей –жігітсің ғой мықты бол, деп жатса, біреулер мынау індеттен қайтқан сияқты абай болың, деп сыбырлайды. Шынында да, жоқшылық қолын байлаған мамасы аптекадан дұрыс дәрі де ала алмаған болатын. Кетеді ғой, әлде қандай шығар, дейтін. Өзі бұрын көрмеген адамдар толып жүр, бұлар сонда ағайындары ма екен, егер болса осы уақытқа дейін неге көрмеген?.
• Осылайша Ерлан Мамасынан демде айырылды. Әкесі үнемі сапарда жүреді де үш қарындасы жалғыз өзіне қарап қалды. Үлкені алтыншы сыныпта, ортаншысы екінші сыныпта, одан кішісі бала бақшаға баратын еді оғанда апаруға шешесінің жағдайы болмай соңғы айда үйде болатын. Іштей қатайып алған Ерлан қайтсемде оқуымды бітіруім керек, мен жігітпін ғой, бәріне де шыдаймын, деп жігерін қайрап алды. Іздеп жүріп қосымша жұмыс та тауып алды, бір бала бақшаның аумағындағы ағаштарды күнара суарып тұру керек екен, айына жирма мың беретін болды. Жирма мың шәкірт ақысы тағы бар, іштей өзіне разы болған Ерлан күлімдеп қояды.
• Колледжін бітіріп, бір жамағайынының арқасында, қала басындағы құрылысқа жұмысқа кірді. Жұмыстары қиындау бетон құяды, ағаштан қалып құрастырады, биікте жұмыс жасаған да қауіпті екен. Қасындағылар кілең жалдамалы жұмысшылар, өзбек, қалпағы аралас. Шебердің көзі тайып кетсе қалай болса, солай жасауға дайын тұрады. Арттарын түзетіп әлек болады. Бір күні сондай жағдайдың үстіне, бастықтары түсіп қалды. Құрылған қалыпты қайта бұзып жатырған Ерланды тоқтатқан бастығы, -қайсысы мынаны жасаған, мен білмей жүр дейсің бе? Содан талқылау басталды, бәрін тұрғызып қойып кіналы ұстаны тауып алды да жұмыстан қуып жіберді. Кетіп бара жатып жұдырығымен көрсетіп барады екен, ернін тістеп алған, қап бәлем тұра - тұр деген кейіп білдіреді.
Қыстың бір тұтам күні тез батып үйге қайтарда қараңғы түсе бастайды. Сондай бір кеште құрылысты қоршаған шарбақтан шыға бергенде, көк желкесінен бірдеме сарт ете қалды да аспан айналып жүре берді. Көзін ашса ауырухананың бөлмесінде жатыр екен. Сөйтсе сағат тоғыздарда жұмысқа келе жатырған қарауыл көріп қалыпты, есептеп қарасаң үш, төрт сағат ессіз жатқанын анықтау қиын емес. Миы мықтап қозғалған, қатты соққыдан шекесі қанаған, әйтеуір бас сүйегі аман екен, дейді, дәрігерлер есін жинағаннан ойына келгені қарындастары не істеп жүр екен, әкесі де Өзен жаққа кетіп еді, келді ме екен, менің жатып қалғанымды білеме екен, сан сұрақ шарадай басын шақшадай қылды. Соткасының да батареясы отырып қалыпты. Ашып қараса әкесі телдефон соға беріпті, жалмажан әкесіне телефон соқты, әйтеуір үйде екен, қорықып кетпесін, деп болған жәйді толық айтқан жоқ, құрылыста құлап қалып ауыруханаға түстім, қазір жақсымын, бұйырса таңертең үйге барамын, деді. Жатып алып ойға батты: өмір неткен әділетсіз еді, мен оған не істедім, менен көретіндей, бар болғаны қалыпты бұзып қайта жасағаным ба, бағана полиция болған жәйді жазып алып кетіп еді, ұстады ма екен әйтеуір.
Көп ұзамай Ерланды құрылыс шебері лауазымына жоғарлатты. Бастықтарына ұнайтыны, Ерланның бойына біткен жауапкершілігі, адалдығы, бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізбей жамбасы жер искемейтіні. Қазірлері Ерланның жалақысы жоғарылаған, артық ақшасын депозитке салып жинап жүр, оның үстіне үлкен қарындасы да биыл мектеп бітіріп, жоғары оқуға сырттай тапсырды да, бір мекемеге жұмысқа кіріп алды. Құдайға шүкір жағдайлары біртіндеп жақсарып келеді. Тұрғынүй жинақ банкісінен арзан үй алуға талпынуда.
Онбес жасынан жұмысқа араласқан Ерлан бұл күнде әбден піскен еді, арада бес жылдай уақыттың ішінде үлкен құрылыс мекемесінің білдей бас инженер лаузымына көтерілді, қазірлері үйлерін кеңейтіп жаңа шағын ауданнан пәтер де алған еді. Ендігі ойы жатпай, тұрмай өз кәсібін ашу... Бастапқыда өте қиын болды, себебі жұмыс бастау үшін айналдыратын қаржы да керек еді. Мекемесін ресми заңдастырып алғасын, банктен кредит алды, тұрғын үй салуға халықтан қаражат жинай бастады, жер сатып алды, сөйтіп бірте, бірте аяғына тұрып кеткен еді. Алғашқы салған 48 пәтерлік бес қабат үйі, көрген сайын көзіне оттай басылады. Бүкіл күш- жігері, жинаған тәжірибесі, бала кезінен арманы бәрі, бәрі осы үйге сиып кеткендей еді. «Алдыңа айқын мақсат қойсаң бәріде орындалдады», деген осы екен.
Қазірлері қаладағы ең үлкен кәсіпкерлердің бірі, жыл сайын жоқ – жітік бір мүжалсыз жанұяға пәтер кілтін тегін беруде. Ендігі ойы кәсібін кеңейтіп басқа облыстарда тұрғын үй салу. Жуырда қосалқы шаруашылықта ашып қойды, төрт түлік малды жинап санын көбейтпекші. Айтпақшы әкесіне заманауй су жаңа көлік алып берді, әкесі мал шаруашылығы жағында тырбыңдап жүр. Үлкен қарындасы оқуын бітірген, экономист болып қасында жұмыс жасап жүр. Сөйтіп анасының кішкентай асыраушысы үлен белді кәсіпкерге айналды.
Иа, «Алдыңа айқын мақсат қойсаң арманың орындалады»,

Насыреддин Қожырбайұлы

Әңгімелер
Толық

Оңай олжа: алаяқтар кәсіпкерлердің аңғалдығын қалай пайдаланады

Дара кәсіпкерлер мен өзін өзі жұмыспен қамтыған адамдар жиі түрлі «кредиттік делдалдардың» көмегіне жүгініп жатады және де алаяқтарға орташа есеппен қарыз сомасының  10% -ын төлеуге қарсы емес. Бұл IDF Eurasia компаниясының Қазақстанның барлық аймақтарынан 12 мың респонденттердің арасында жүргізген  соңғы зерттеулерінің нәтижесі болды.

Бизнес және қаржы
Толық

Жалған нұсқаулар: телефон алаяқтарының жаңа қулығы

Төтенше жағдайдың енгізілуіне және Интернеттің қосылуына байланысты Қазақстанда орын алған соңғы оқиғаларға байланысты көптеген қазақстандықтар түрлі алаяқтардың алдауына тап болды. Fingramota.kz сізге алаяқтарды кейбір сипаттамалары бойынша қалай тануға болатындығын айтады.

Бизнес және қаржы
Толық

"Қазақстан халқына" қорынан қалай көмек алуға болады? Болат Жәмішев жауап береді

Tengrinews kz тілшісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылған ұйым қалай жұмыс істейтінін білу үшін "Қазақстан халқына" қорының басшысы Болат Жәмішевпен сөйлесті.

Жаңалықтар
Толық

Екінші деңгейлі банктер қалай жұмыс істейді?

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі елімізде төтенше жағдайдың енгізілуін ескере отырып, 2022 жылғы 11 – 19 қаңтар аралығындағы кезеңде екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істеу режимі туралы хабарлады.

Жаңалықтар
Толық

Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтардан бастап не өзгереді

Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірқатар өзгеріс күшіне енеді. Жәрдемақы мен зейнетақы өсіп, ең төменгі жалақы көтеріледі, жаңа салық пайда болады. Осы және өзге де жаңашылдықтар туралы толығырақ Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз.

Жаңалықтар
Толық

Жар (қыз, жігіт) таңдауда есте ұстауға тиіс 15 кеңес

Жастық шақтағы ең терең әрі салиқалы ойлардың төресі –  «жарымды қалай таңдаймын?», «жар таңдағанда неге мән беру керек?» деген сауалдар төңірегінде. Әйтеуір, біріміз Төлегеннің Жібегіндей, Абайдың Әйкеріміндей аруды аңсап жүрміз, ал екінші тарап қиялына Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пен оның сахабалары секілді иманды, парасатты жігіттердің образын сақтап қойған.

Кеңестер
Толық

Білім алуға ақша қалай жинауға болады?

Жоғары білімге инвестициялар - өз балаңыздың болашағына ең жақсы салым.  Fingramota.kz сізге білім беру депозиті дегеніміз не, сондай-ақ оны ресімдеген кезде неге назар аудару қажет екендігі туралы айтып береді.

Бизнес және қаржы
Толық

Қор нарығы: инвестор ол туралы не білуі керек

Әрбір қаржылық тұрғыдан сауатты адам өз ақшасын ақылға салып қайда салуға болатындығы туралы ойланады. Біреу депозиттер ашады, біреу қымбат металдарға немесе жылжымайтын мүлікке инвестиция салады. Ал кейбіреулерде бағалы қағаздар нарығы басымдыққа ие.

Бизнес және қаржы
Толық

Тәуелсіздік 30 жыл туралы эссе, шығарма жинағы

 Өткен күннен алыс жоқ,
Келер күннен жақын жоқ
(қазақтың халық мақалы)


Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.
Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш...... 

Шығармалар
Толық

Сарапшы зейнетке жеткілікті ақшаны қалай жинауға болатынын айтты

Банктік салымдар, облигацияларды сатып алу, инвестициялар, өмірді жинақтаушы сақтандыру (ӨЖС) немесе жылжымайтын мүлікті тапсыру арқылы құрылған жинақтар зейнетке шыққаннан кейін жайлы өмір салтын сақтауға көмектесе алады. "Қауіпсіздік жастығын" сауатты құру туралы "Деньги вперед" компаниясының негізін қалаушы Павел Гужиков айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Бизнес және қаржы
Толық

Қазақстанда тоғыз банк таратылады

Елімізде тоғыз банк таратылу процесінде тұр. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Агенттік лицензиялары кері қайтарып алынған банктерді тарату өндірісінің  тәртібі, процесі және қазіргі жай-күйі туралы мәлімет берді.

Жаңалықтар
Толық

Несиесін төлей алмаған қазақстандық не істей алады: Қаржы нарығын дамыту агенттігі түсіндірді

Елімізде 1 қазаннан бастап Банктер және банк қызметі, сондай-ақ микроқаржылық қызмет туралы заңдарға банктер мен микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) қарыз алушының проблемалық берешегін бірыңғай құқықтық реттеу режимін енгізу бөлігіндегі түзетулер күшіне енді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бизнес және қаржы
Толық

Бұрымды “бұйымтайы”. Отырған қыздарға психолог кеңесі

Бүгін қыздардың ой-өрісі, өмір сүру қағидалары мен отбасын құруға деген көзқарастары өзгеріп,  аруларымыз қай салада болмасын жетістікке жетуде. Заман ағымымен оза шауып жүргендері қаншама. Сол себепті болар, отбасын құруды кері шегеретін немесе теңін таба алмай жүрген бойдақ қыздар саны күн артып көбеюде.  Өкінішті-ақ! Ал, бұл жағдайда бойдақ қыздың ата-анасы, туған-туысы мен таныстарының барлығы дерлік «тұрмысқа қашан шығасың?!», «жасың кетіп барады», “осылай жүре бересің бе?” деген әңгімелерімен бір жағы асықтырып, бір жағы кінәлап, қыспаққа алатыны белгілі. Осы дұрыс па?!

Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер
Толық