Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы


Сабақтың тақырыбы: Ұлттық теңге - ұлт мақтанышы
Сабақтың мақсаты:
1) Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру.
2) Тәрбиелік: Оқушыларды рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз қазақ елінің жетістіктерін, тарихын білуге тәрбиелеу.
3) Дамытушылық: Оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
1) Ұйымдастыру кезеңі
а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Мұғалім сөзі:
Еліміздің ұлттық валютасы теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада, еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекеше. 1992 жылы 12 қарашада еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды. 1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналымға енді. Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді. Алғашқы валюта Англияда " Харрисон және оның ұлдары" компаниясында жасалса, алғашқы тиындар Германияда жасалды. Теңгенің бірінші бетіне қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері басылды. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді.
1 тапсырма.
Сұрақ - бізден, жауап - сізден.
1. Ақша тарихын зерттейтін ғылым.
2. Ұлттық валюта дегеніміз не?
3. Қазақстан теңгесі қай жерде басылды?
4. Алғашқы тиындар қай жерде жасалды?
5. Ұлттық валюта - теңге айналымға шыққан мерзім.
6. 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?
7. Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім?
2 - тапсырма: Төменде аталған елдердің валюта атауларын жазыңыз.
1. Ресей ___________
2. Қытай ___________
3. Қырғызстан ___________
4. Өзбекстан ___________
5. Үндістан ____________
6. Германия _____________
7. Египет _____________
8. Англия _____________
9. АҚШ ______________
10. Түркия ______________

3 тапсырма: Берілген қағазға ұлттық валюта - теңгенің ерекшелігі болады деген 5 суретті сал.
4 тапсырма:
Берілген теңгеде бейнеленген тұлғаны тап!
1 теңге -
10 теңге -
100 теңге -
3 теңге -
50 теңге -
20 теңге -
5 теңге -
5 тапсырма: Мақал - мәтелдегі қалып кеткен орынға төмендегі сөзді жаз.
( дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
1. _____ тиыннан өсер.
Жылқы құлыннан өсер.
2. Есепсіз ______ жоқ.
3. Алтын тапсаң _______ ал.
4. Ақша кетуге тырысады,
_________ ұстауға тырысады.
5. Тамшыдан тама берсе _______ болар.
6.______ оңай, жинау қиын.
7. Ақша ашпайтын _________ жоқ.
8. _______ да сұрауы бар.
9. Ақшада ____ жоқ.
10. Ар - намысы таза адамның _______ аз болады.
6 тапсырма: Шешендік өнер: "Мен ақшасыз өмір сүре аламын ба?"
Қорытынды:
Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемлекеттік нышандардың қатарына жатады. Ұлттық валюта - теңге біздің еліміздің тәуелсіздігін жариялаған уақыттан бастап болған айрықша мəнді оқиғалардың бірі болып табылады. Ұлттық валютаны енгізу елімізде жеке ақша - кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді.
Қазақстан валютасын қолдау туралы Халықаралық валюта қорымен, Бүкіл дүние жүзілік, Еуропалық және Азия даму банкілерімен, сондай – ақ әлемнің бірқатар дамыған елдерінің үкіметтерімен келісімге қол жетті.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылы,
№52 Б. Аралбаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің
мұғалімі Оразгелдиева Ботакөз

[url=https://bilimsite.kz/engine/go.php?url=aHR0cHM6Ly9kaXNrLnlhbmRleC5jb20vaS8zdzdQck5oMlBGMmt4Zw%3D%3D]15 қараша ұлттық валюта күніне арналған презентацияны жүктеу[/url]

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу