Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер
Егеменді еліміз халқының денсаулығы ол Ұлттың негізін сақтаушы қазына — байлық десек қателеспеген болар едік. Ал ауытқыған денсаулықты емдеу де, тікелей дәрі–дәрмектің тигізер әсері байырғы кезден-ақ жалпыға мәлім. Дәрілердің жасалу табиғаты екі түрлі. Алғашқысы, яғни ерте кезден бері адам қоғамымен бірге жасалып келе жатқан жолы, табиғи өсімдіктердің әр түрлі шипалы әсеріне негізделген. Екіншісі, арнайы технологиямен даярланатын, табиғаты синтетикалық-химиялық препараттар. Соңғысының өндірістік жолы мейлінше күрделі де және көп қаржыны қажет ететіндігі мәлім. Сондықтан да, дәрілерді бұл жолмен даярлау ел экономикасына ауырлық түсіреді. Ал оған қосымша физиологиялық тұрғыдан синтетикалық препараттардың адам ағзасына тигізер кері әсері айтарлықтай, керісінше дәрілер өсімдіктер шикізатынан алынса, онда оның жасауы немесе даярлау технологиясы әрі жеңіл, сонымен қатар адам ағзасына тигізер кері әсері мүлдем аз болатыны белгілі. Өйткені оның әсер етуші биологиялық белсенді құрамы табиғи органикалық заттар болғандықтан, адам ағзасына үйлесімді, өзінен-өзі сіңіріледі.
Дәрілік өсімдіктер түрлерін интродукциялауда көңіл аударарлық басты кезеңнің бірі, ол оның үлкен тіршіліктік айналымындағы онтогенездік ерекшелігін зерттеу [1]. Сонымен өсімдікті тұқымынан өсіп қалыптасқан үлгі дарағының құрылымдық өзгерісін 3-4 жылдар аралығында ырғақты түрде бақылау қажет деп санайды.
Құрылымдық анализ тәсілін қолдану — онтогенез теориясын қалыптастыруда жастық кезеңдердегі морфологиялық критериясын бөліп ерекшелеуді, анатомиялық критериялармен толықтыруға мүмкіндік береді. Өсімдік онтогенезінің әр кезеңіндегі оның жер асты және жер үсті мүшелерінің анатомиялық құрылысын зерттеу, оларға дәрілік әсерлі ББЗ қай мүшеде, ең көп жиналатындығын анықтауға, сонымен бірге мәліметтерді фармакология-лық мақалаларды негіздеуге мүмкіндік береді. Өсімдіктің жастық кезеңдерінің сипатын, құрылымдық ерекшеліктерін ажыратуда Т.А. Работнов [2], И.Г.Серебряков [3; 4], А.А. Уранов [5] және олардың ізбасарларының басты тәсілдемелік нұсқауларын басшылыққа алу қажет.
Өсімдік онтогенезінің ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері тек ғылыми қызығушылық ғана емес, сондай-ақ белгілі бір пайдалы түрді мәдениленді-руде де табысты болжауға болады [1].
Сонымен қатар, тұқым шаруашылығының практикасында бір дарақтағы 1000 тұқым салмағы өсімдіктің толық жарамдылығының маңызды көрсеткіші болып саналады. Бұл салмақ түр немесе сорт үшін өсімдіктің эволюциялық даму процесінде, кез келген жағдайда өзін - өзі туындылаудың кепілі, бір қалыпты сақтау үшін қалыптасқан. Бірақ аса қолайсыз өсу жағдайында 1000 тұқым салмағы төмендейді.
Тұқымды жинау амалы сол өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты. Өсімдіктер тұқымының пісіп жетілу мерзімі бойынша 2 топқа: 1-тұқымның пісіп-жетілуі бір мезгілде жүреді; 2-тұқымның пісіп-жетілуі созыңқы мерзімде өтеді. Тек, жиын-терімдік жетілу белгілерін анықтау үшін олардың пісуіне қарай бөлектеп жинау жүргізіледі [6].
Сондай-ақ вегетативтік көбею мүмкіндігі зерттеледі. Көпжылдық өсімдік-тердің вегетативтік көбею қабілеті, оған аналық өсімдіктің барлық қасиетін толық қайталап, тез көбейетін мүмкіндік береді. Өсімдіктің вегетативтік көбеюі, оның тұқымымен көбеюі қиындаған жағдайда ерекше маңызға ие болады. Бұл үшін тамыр атпаларын, вегетативтік өркендерді қалемшелеуді, партикуляциялау, аналық түпті бөлу және т.б. клондау амалы зерттеледі. Сонымен клондайтын өсімдіктің оңтайлы жасын және тиімді қасиеттерін анықтауға басты мән беріледі. Бұл көрсеткіштерді дұрыс анықтаған жағдайда бір вегетациялық маусымда 70-100 дейін отырғызылатын бірлік алуға мүмкіндік болады [7].
Мәдилендірілетін дәрілік өсімдіктердің шикізаттық негізін кеңейту бірқатар себептерге байланысты экономикалық тиімсіз, бұдан басқа табиғаттағы көптеген эндемдік өсімдіктер қоры қазіргі уақытта күрт қысқарып, азаюда. Сондықтан оңтайлы экологиялық аймақтарда дәрілік өсімдіктерді мәдени жағдайға енгізу негіздерін қалыптастыру және шаруашылықта бағалы өсімдіктер популяциясын сұрыптау-интродукцияның актуальды мақсаты. Дәрілік өсімдіктерді интродукциялаудағы зерттеу, үш кезеңді қамтиды [8].
Бірінші кезең — экспедициялық жолмен бастапқы далалық және отырғы-зылуға арналған материалдарды жинау. Табиғи дәрілік өсімдіктердің табиғат жағдайындағы биологиялық ерекшеліктерін зерттеу-сондай-ақ түрдің табиғи ареалын және оның құрылымын анықтау жұмыстарын орындау.
Екінші кезеңде — өсімдікпен атқарылатын жұмыстар тікелей интродук-циялық питомникте жүргізіледі. Көшетікке өсу ортасының ауа райының жағдайына байланысты даму ырғақтылығын, төзімді де, өнімі мол аналық дарақтарын сұрыптау, олардың көбею (вегетативтік және тұқымымен) жолдары; онтогенезі, жастық құрылымдық ерекшелігі, маусымдық шикізаттық және ББЗ массасының жинақталу динамикасын, шикізатты жинаудың оңтайлы мерзімін анықтау мәселелері зерттеледі.
Үшінші кезең — жаңа дәрілік дақылды эксперименттік база жағдайында өндірістік тәжірибелік тексерістен өткізуді және агротехникалық шараларын анықтауды, сонымен қатар тұқымдық материалды көбейтуді, ауру қоздырғыш зиянкестерден қорғауды және де дәрілік өсімдіктерді егудің экономикалық тиімділігін қамтиды. Мұндағы маңызды көрсеткіш биология-экономикалық бағалау болып табылады.
Биология — экономикалық бағалау деп, осы түсімділігі және сапалығы жоғарғы экономикалық жағынан тиімді өнім беруі, демек сол үшін өсірілген деп түсінген жөн. Демек, дәрілік өсімдікті мәденилендіргенде немесе интродукцияланғанда ол барынша ойдағыдай дамуы мүмкін де, бірақ соған қарамастан онда негізгі мақсатқа қажетті ББЗ болмауы немесе оның сапалығы біршама төмен болуы мүмкін [9]. Қазіргі кезге дейінгі өсімдіктерден алынған дәрілік препараттар қоры дүниежүзі халықтарының ұзақ тарихында күнделікті іс жүзінде пайдалану және ғалымдардың ізденіс жұмыстарының нәтижесінде жинақталған.
ХХ ғасырдың басында адамдардың дәрі ретінде қолданылатын заттарының 80% дәрілік өсімдіктерден алынған болса, оларды бірте - бірте синтетикалық әдіспен алынған заттар антибиотиктер және гормональды препараттар ығыстырды. Бірақ та ғылым мен техниканың орасан жетістіктеріне байланысты синтетикалық әдіспен көптеген дәрілер алынғанына қарамай, өсімдіктерден алынған табиғи дәрілік препараттардың ғылыми медицинада алатын орны ерекше [10].
Дәрілік қасиеті бар ББЗ өсімдік организмінің әр түрлі мүшелерінде оның белгілі бір даму кезеңдерінде жинақталады. ББЗ бір өсімдіктің түрінде оның жапырақтарында, сабақтарында, ал екінші бір өсімдіктердің гүлдерінде немесе жемістерінде, ал үшіншісінде тамырында немесе қабығында жинақталады. ББЗ мөлшері өсімдіктің вегетациялық даму фазасының әр түрлі кезеңдерінде тұрақты болмай өзгеріп отырады. Сондықтан дәрілік өсімдіктерді дұрыс пайдалану үшін олардың әрбір мүшелерінің онтогенезіндегі өсіп қалыптасу ерекшеліктерін біліп, жинау қажет. Бұл тұрғыдан өсімдік мүшелерінің ішіндегі ең нашар, жеткіліксіз зерттелгені, әрине, оның жер асты мүшелері: тамыры, тамырсабағы, түйіні және пиязшықтары. Сондықтан әрбір ББЗ жер астындағы мүшелерінде жинақталатын дәрілік өсімдіктердің онтоморфогенездік ерекшеліктерін білу-дәрілік өсімдіктердің биологиясын толығырақ меңгеріп, оларды ғылыми тұрғыдан зиянсыз, тиімді пайдалану өте қажетті де, өзекті мәселе болып саналады.
Бұрынғы кеңес одағы елдерінің территориясында өсетін өсімдіктер түрлерінің саны 20 мың шамасында, оның 2,5 мың түрінің дәрілік қасиеті бар [11]. Қазақстанда кездесетін дәрілік өсімдіктерді шартты түрде 4 топқа бөлуге болады [12].
Мемлекеттік фармакопея комитеті қолдануға рұқсат еткен түрлер.
Болашағы бар түрлер — химиялық құрлысы және клиникалық қасиеттері әр түрлі дәрежеде зерттелген түрлер.
Халық медицинасында қолданатын түрлер.
Әр түрлі халықтың фольклорында келтірілген түрлер.
Қазақстанда ресурстық және фитохимиялық зерттеу жұмыстары жоғары дәрежеде жүргізілгендіктен жалпы фармакопиялық түрлер санын толықтыруға болады. Осы уақытқа дейін Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің жер асты мүшелері онтоморфогенездік тұрғыдан арнайы зерттелмеген. Тек қана кейбір өсімдіктер тамырлары туралы жазылған мақалаларда, кітаптарда кейбір дәрілік өсімдіктердің тамырларының морфологиясы туралы шамалы болса да мәліметтер кездеседі [14-27]. Күрделігүлділер тұқымдасының Қазақстан флорасында 148 туыстығы, 879 түрі өседі [28]. Күрделігүлділер өкілдерінің тамыры мен тамырсабағында ББЗ негізінен: инулин, эфир майлары, илік заттар және дәрумендер жиі жинақталатындығы айқын. Бұл келтірілген ББЗ ресми және халық медицинасында қазіргі таңда халық арасында барынша кең таралған ауруларға: несеп айдауға, сусамыр, әр түрлі қабынуға, қақырық түсіргіш, қатерсіз-қатерлі ісіктерді және басқа да ауруларды емдеуге кеңінен қолдалынады [29]. Десек те, Республика флорасында кездесетін күрделігүл-ділер тұқымдасы өсімдіктерінің дәрілік қасиеті бар 2,7% іс жүзінде емдеу саласында қолдалынады [30]. Демек, бұл Республикада қазіргідей дәрілік препараттар тапшылығы айқын жағдайда аталмыш тұқымдас түрлері биологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе екендігін көрсетеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Сацыперова И.Ф. Изучение особенностей онтогенеза, как один из необходимых этапов интродукции травянистых полезных растений // Сборник статей Рациональное использование растительных ресурсов Казахстана. - Алма-Ата, 1986. - С. 3-4.
2. Работнов Г.А. Жизненный цикл многолетних травенистых растений в луговых ценозах // Труды Бот. инст. АН СССР. Сер. 3. - 1950. - Вып. 6. - С. 204-208.
3. Серебряков И.Г. Морфология вегетативных органов высшых растений. – М.: Советская наука, 1952. - 391 с.
4. Серебряков И.Г. Экологическая морфология растений. – М.: Высшая школа, 1962. - 317 с.
5. Уранов А.А. Онтогенез и возрастной состав популяции цветковых растений. - М.: Наука, 1967. С. 3-8.
6. Саева В.Г. Семенная продуктивность травянистых растений при интродукции // Семенная продуктивность и вегетативное размножение растений при интродукции. - Кишинев, 1982. - С. 17-25.
7. Лешенко С.Р., Аидон К.И. Семенное и вегетативное размножение декоративных культур // Семенная продуктивность и вегетативное размножение растений при интродукции. - Кишинев, 1982. - С. 14-17.
8. Майсурадзе Н.М., Угнивенко В.В. Задачи интродукции лекарстенный растений и пути их решения // Рациональное использование растительных ресурсов Казахстана. - Алма-Ата, 1986. - С. 173-177.
9. Мухитдинов Н.М., Паршина Г.Н., Айдосова С.С. К методике изучения особеностей онтогенеза травянистых лекарственных растений // Вестник КазГУ. Сер. биологическая. - 2001. - №7(14). - С. 3-6.
10. Шретер А.И. Поиски и изучение новых лекарственных растений. - М.: Знание, 1980. - 64 с.
11. Кузнецов А.П., Торохова М.В., Гизатуллина Л.И. Сокровища зеленой аптеки. - Алма – Ата: Ғылым, 1991. - 76 с.
12. Мухитдинов Н.М., Паршина Г.Н., Мырзакулов П.М. Расширение ассортимента лекарственных растений - возможность сохранения природных ресурсов естественных и технических наук // Вестник КазГУ. Сер. биологическая. - 2001. - № 1. - С. 59-79.
13. Кукенов М.Н. Лекарственные растения Казахстана и их использования. - Алматы: Ғылым, 1996. - 396 с.
14. Аметов А.А. Корневая система растения естественних фитоценозов аридной зоны Алма - Атинской области // Корневая система растений пустынь Казахстана. - Алма – Ата, 1973. - С. 40-116 .
15. Аметов А.А. Особенности развития корневой системы растений лесного пояса Терскей Алатау // Экоморфоз корневой системы растений в природных сообществах и в культуре. - Алматы, 1984. - С. 17-33.
16. Аметов А.А., Байтулин И.О. Корневая система растений субаридной умеренной зоны Алма - Атинской области // Корневая система растений пояса северных склонов Зайлийского Алатау. - Алма – Ата, 1980. - С. 5-80
17. Аметов А.А., Джардемалиев А.Ш. Корневая система растений прилавков северных склонов Зайлийского Алатау // Экоморфоз корневой системи растений в природных сообществах и в культуре. - Алма-Ата, 1984. - С. 34-48.
18. Байтулин И.О. Корневая система растений аридной зоны Казахстана. - Алма – Ата: Наука, 1979. - 143 с.
19. Байтулин И.О., Джардемалиев А.Ш. Корневая система растений лесного пояса северных склонов Зайлийского Алатау // Корневая система естественых фитоценозов Казахстана. - Алма – Ата, 1980. - С. 6-79.
20. Бегенов А.Б. Особенности распространения корневой системы растений осыпей Зайлийского Алатау // Биоэкологические основы использования растительного покрова Казахстана. - Алма – Ата, 1987. - С. 77-89.
21. Бегенов А.Б. Корневая система растений альпийского пояса Зайлийского Алатау // Корневая система растений естественных фитоценозов Казахстана. - Алма – Ата, 1986. - С. 167-212.
22. Байтулин И.О. Корневая система растений естественных фитоценозов Казахстана. - Алма – Ата: Наука, 1980. - 235 с.
23. Мухитдинов Н.М. Подземние органы растений и биомасса растительных сообществ субальпийского пояса Зайлийского Алатау // Особенности флоры Тянь-Шань. - Алма – Ата, 1980. - С. 60-72.
24. Мухитдинов Н.М., Калматаев О.К. Распространения и биомасса подземных органов растений кустарниково-разнотравного пояса Зайлийского Алатау // Экоморфоз корневой системы растений в природных сообществах и в культуре. - Алма-Ата, 1984. - С. 118-132.
25. Мухитдинов Н.М., Айтакова С.Т. Онтоморфогенез вегетативных органов некоторых полезных видов растение среднегорья Зайлийского Алатау // Изучение онтогенеза интродуцировонных видов природных флор в ботанических садах. - Киев, 1992. - С. 114-120.
26. Мухитдинов Н.М., Айтакова С.Т. Морфогенез подземных органов Trіfolіum pratense, Orіganum vulgare в онтогенезе // Изучение онтогенеза растений природных и культурных флор в ботанических учереждениях Евразии. - Киев, 1994. - С. 153-157.
27. Мухитдинов Н.М. Экологи - морфологические особенности корневой системи растений на солонцах и солонцеватых почвах. - Алматы: Қазақ университеті, 1996. - 163 с.
28. Абдулина С.А. Список сосудистых растений Казахстана. - Алматы: Ғылым, 1999. - 187 с.
29. Путырский И.Н., Прохоров В.Н. Универсальная энциклопедия лекарственных растений. - Минск – М.: Книжный дом, 2000. - 654 с
30. Мухитдинов Н.М., Паршина Г.Н. Лекарственные растения. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 308 с.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру