meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Ана туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 94
Жұмбақтар жинағы: 8
Балаларға арналған тақпақтар: 129
Ақын өлеңдері жинағы: 708
Жаңылтпаштар жинағы: 3
Қанатты сөздер жинағы: 55
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 37
Туындылар: 3
Әңгімелер жинағы: 52
Ертегілер жинағы: 4
Поэмалар: 6
Шығармалар жинағы: 17
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 7
Аңыздар жинағы: 11
Эсселер жинағы: 9

Ана сүтіменен көрмесе,
Тана сүтіменен көрмес.
Анасы пысық — жұқпаны жұқа жасар,
Баласы мешкей — қат-қаттап қосып асар.
Алып анадан туады,
Ат биеден туады.
Алдырған анасының қойнын ашады.
Қасапшы анасына да сүйек сатады.
Өгей ана міншіл,
Жетім бала кекшіл.
Ананың жаны –
Судың толқыны.
Анасы ащы алма жесе,
Баласының тісі қақсайды.
Атасы бірдің арасындағы араздақ өшпейді,
Анасы бірдің арасындағы татулық көшпейді.
Мысықтың баласы дәл анасындай мияулайды.
Анасы жұқалап нан жапса,
Баласы бұтарлап асайды.
Баласы жыламаса,
Анасы жұбатпайды.
Жақсы жеңгең – жарты анаң.
Түн қаншама қараңғы болса да,
Анасынан қызын ажыратуға болады.
Анаң өлсе,
Өгей шешенің қабағына қарамағанда қайтесің.
Адалдық ана сүтінен де абзал.
Су анасы - бұлақ, сөз иесі - құлақ.
Сақау баланың тілін шешесі біледі.
Алып - анадан, ат - биеден.
Елің - панаң,
Жерің - анаң.
Алты бала таппай ана аталмайды,
Бес бала таппай белгілі әйел болмайды.
Адам ең қатты сүйіктісін,
Ең жақсы түрде жанұясын,
Ең ұзақ анасын жақсы көреді.
Балаға —
Ата қорған, ана құрбан.
Кешірімділік — анадан,
Кішіпейілділік — данадан.
Дана,
Дананы да туған ана.