Жігіт туралы  ✍️


Басқа: 3
Мақал-мәтелдер жинағы: 220
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 322
Қанатты сөздер жинағы: 39
Құттықтаулар, тілектер жинағы: 8
Баталар жинағы: 16
Туындылар: 1
Әңгімелер жинағы: 67
Ертегілер жинағы: 5
Поэмалар: 3
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 22
Аңыздар жинағы: 13

Ат қартайса, есекке үйір,
Жігіт қартайса, төсекке үйір.
Бүркітін мақтағанның ұясын сұра, жігітін мақтағанның нағашысын сұра.
Түлкі алмас қыран жоқ, құсбегісі кезіксе,
Жақсы болмас жігіт жоқ, ақылшысы кездессе.
Жiгiттiң халыққа жаққаны –
Шырақ жаққаны.
Өзiм бiлем деген жiгiттiң,
Басына ойран салғаны.
Көп бiледi деген жiгiттiң,
Басына қорған салғаны.
Баспас ат, өтпес пышақ – жұрт айтады.
Жігітті осы екеуі қартайтады.
Жасында жігіт оқталады,
Қартайғанда тоқталады.
Екі ел екі тарап болса, екі жігіт қатын алады.
Білтесіз шырақ жарық шашпас,
Әрекетсіз жігіт ілгері баспас.
Әдепсіз жігіт жүгенсіз атқа ұқсайды.
Адаспаймын деген жігітті қараңғы түн адастырады.
Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан.
Жігітке намыс – қымбат, ар – ауыр.
Жылқы жаюға жылпос жігіт жарайды.
Жаман әйел төсегінен белгілі,
Жаман жігіт есебінен белгілі.
Тыртақай жігітке,
Жыртақай әйел кез болар.
Жiгiттiң екi өнерi бар:
Атқанда – жыққан, ашқанда – оқыған.
Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас,
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт ьи болмас.
Жігіт жүзге жеткен елді,
Жүзі қара кемітеді.
Ер жігітке өлім бар да, қорлық жоқ.
Жауға аттанар жігіт, төл атын мінеді.
Жаман жігіт
Жолдасын жауға алғызар,
Өзін ұятқа қалғызар.
Ер жігіт үш ақ үй тігеді
Үш қара үй тігеді.
Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.
Төске айылдың батқанын
Иесі білмес, аты білер;
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмес, жат білер.