Халық туралы  ✍️


Басқа: 1
Мақал-мәтелдер жинағы: 145
Балаларға арналған тақпақтар: 4
Ақын өлеңдері жинағы: 321
Қанатты сөздер жинағы: 124
Баталар жинағы: 2
Туындылар: 4
Әңгімелер жинағы: 34
Ертегілер жинағы: 1
Шығармалар жинағы: 4
Аңыздар жинағы: 2
Эсселер жинағы: 1

Жiгiттiң халыққа жаққаны –
Шырақ жаққаны.
Халық келiп-кеткендi сыйламайды,
Қиылып қызмет еткендi сыйлайды.
Көктi тiреуге болмайды,
Көптi мiнеуге болмайды.
Көзсiз күнелтсең де,
Көпсiз күнелте алмайсың.
Көптiң мүлкiн көргенсiз алар.
Аңдысқан ауыл болмас,
Ерегескен ел болмас.
Абыройды ақ отау жапты.
Алтын, күміс жауған жерден де
Туып-өскен ел артық.
Аспандағы бұлтқа қарама,
Жердегі жұртқа қара.
Айырылған ел азады,
Қосылған ел озады.
Айырылсаң үйіріңнен,
Қолың кетпес бүйіріңнен.
Адассаң, еліңмен адас.
Арқадағы ноғайды
Қой бақтырған Құдай-ды.
Айдап салдан аз өлді,
Көре келден көп өлді.
Халықтың қартын сыйлауы,
Еліңнің салтын сыйлауы.
Қайыр ет те, теңізге өт:
Халық білмесе,
Балық білер.
Қалада халық бар,
Халықта ғұрып бар.
Жорғаң қатты болса, төске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.
Көпшіліктен береке кетпес.
Берекелі жерден мереке кетпес.
Кеңес қылған ел азбас,
Кеңінен пішкен тон тозбас.
Ел айырылса - көбіне,
Жол айырылса - кеңіне.
Көпті жылатқан көп жүрмес.
Көпті сөкпе,
Кенді төкпе.
Халық қатесіз сыншы.