Балық туралы Мақал-мәтелдер жинағы ✍️


Басқа: 8
Мақал-мәтелдер жинағы: 33
Жұмбақтар жинағы: 35
Балаларға арналған тақпақтар: 7
Ақын өлеңдері жинағы: 31
Жаңылтпаштар жинағы: 2
Қанатты сөздер жинағы: 9
Туындылар: 2
Әңгімелер жинағы: 9
Ертегілер жинағы: 6
Анекдоттар, әзілдер жинағы: 3
Эсселер жинағы: 1

Қадірліге халық үйір,Терең суға балық үйір
©  Самет Оқанұлы
Балық суда бағаланбайды.
Балық өзі өскен суын қимайды.
Қонақ пен балықтың үш күннен кейін иісі шыға бастайды.
©  Еврей халқы
Қонақ пен балық үш күннен соң иістене бастайды.
©  Жебірей
Еңбексіз тоғаннан балық ала алмайсыз.
Аудың  алдынан балық аулама.
Қолынан келген қашаумен де балық аулар.
Су басынан тынады,Балық басынан шіриді. 
Үлкен теңізде үлкен балық болады.
Балықтың өзі суда,Көзі сыртта.
Үлкен балық кішілерін жеп бітіреді.
Ақымақ балық үшін ілмек дұшпан, балықшы емес.
Үлкен балық үлкен суда жүзеді.
  Балықты – аузынан, ақымақты – сөзінен ұстайды.
Балық ала алмаған суды былғайды.
Балық берсең, байлап бер,
Басын-көзін шайнап бер.
Балық жеген тоқ болар,
Дәрмені жоқ болар.
Балықтың тірлігі суменен.
Бақсыз балықшы телегей-теңізден де балық ұстай алмайды.
Ажалсыз балық құрғақ жерде де өлмейді.
Қайыр ет те, теңізге өт:
Халық білмесе,
Балық білер.
Балықтың өзі суда,
Көзі сыртта.
Балық жегің келсе, балағыңды түр.
Бақыраш сайын балық асылмас.